Саяси сана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 08:16, реферат

Описание работы

Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекегтік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Адам және саясат
2) Адам және оның саясатқа қатысуы
3) Саяси сана

Файлы: 1 файл

САЯСИ САНА 11.doc

— 83.50 Кб (Скачать файл)

Саяси мәдениет осы аталғандармен  ғана шектелмейді. Ол саяси іс-қызметті де қамтиды. Оған адамның саяси жүйеге қатынасы және т.б. жатады. Әр түрлі  елдерде бұл мәселе¬лерге көзқарас та, олардың шешімі де біркелкі емес. Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан қашпауға, оларды басқара білуге немесе одан әрі өрбітпеуге, әлеуметтік «қопарылысқа», сілкініске жеткізбеуге үйретеді.

Қоғамдық жағдайларға, сонымен  қатар көпшілік арасында кең тараған  ереже, қалып, үлгілерге байланысты саяси мәде¬ниет әр түрлі болады. Мұны мәдениеттің әр түрлілігі дейді.

Оны ғалымдар әр алуан жіктейді. Солардың ішінде ең көп тараған Г. Алмонд пен  С. Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген  кітабында келтірілген жіктеуі. Олар Алманияның, АҚШ-тың, Англияның, Италияның, Мексиканың саяси жүйелерін талдай келіп, саяси мәдениетті патриархалық, азаматтық және қоғамшыл етіп үш түрге бөледі. Бірақ ол көбінде аралас болып келеді.

Қоғамның жеке топтарының саяси  мәдениеті де пайда болады. Оны  субмәдениет дейді. Мысалы, Алматы мен Шымкент тұрғындарының саяси ойлауы мен өзін-өзі ұстауында шамалы ғана өзгешелік байқалса, Қазақстан мен Балтық жағалауы республикаларының саяси мәдениетінде елеулі айырмашылықтар бар. Бұрынғы КСРО-ны тұтасымен алсақ та соны байқауға болады.

Саяси мәдениетті қалыптастыруда ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл  міндетін заң шығару, атқару және сот  орган¬дары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттық саяси рәміздердің қалыптасуын  қатаң қадағалайды. Айталық, республиканың  туын, елтаңбасын, әнұранын, ақшасын, т.б. қалыптастырады. Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғам¬дық ұйымдар, әсіресе партиялар да қатысады. Саяси мәде¬ниетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды да қосады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда ақпарат құралдары көп рөл атқарады. Қазір олардың биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Дамыған өркениетті елдерде бизнес те саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсат¬ты түрде қатысушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе АҚШ-та өзгеше көзге түседі.

Кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға әскер де қатысады. Мәселен, бұрынғы Пруссияның, Алманияның, тіпті оның бергі жағында бұрынғы  Кеңес Одағының саяси мәдение¬тінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады.

Саяси мәдениеттің жалпы міндеті  – белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше  жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Солардың бірі – саяси әлеуметтену, яғни саяси  процесті жасаушы адамдардың белгілі бір ереже¬лер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлес¬тіктердің біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім алу, балалар және жастар саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін.

Бұрынғы Кеңес Одағында саяси мәдениеке  нұқсан келті¬рілгені белгілі. Ал Одақ ыдырағаннан кейін кейбіреулер  мем¬лекеттік басқару органдарының толық саясатсыздандыры¬луына, идеологиясыздандырылуына шақыруда. Президент Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «соңғы уақытта көзқараста алаң¬датарлық тенденциялар байқалуда, ал ол мәдени, саяси құн¬дылықтардан жұрдай жас ұрпақтың өсіп, ержетуіне әкелуі мүмкін. Қоғамдық пәндердің екінші дәрежедегі қатарға құлды¬рауы практикасымен келісуге болмайды». Керісінше, халық демократиялық жолмен даму тәсілдерін, бұрынғы тоталитар¬лық тәртіпті болдырмау әдістерін жақсы білуі керек. Сондықтан күні кешегі құбыламыздың – Мәскеу, Меккеміздің – Кремль, құранымыздың – СОКП-ның тарихы, мешітіміздің – партияның саяси ағарту үйлері болғандығын есте сақтай отырып, оның ауылының келмеске кеткендігін де қанағат тұтқандығымыз жөн.

Жалпы алғанда адамның ел ішіндегі және басқа елдердегі жағдайлар жөнінде жақсы хабардар болуы – оның саяси мәдениетінің жоғары, тұрақты болуының кепілі.

Халық арасында мәдениеттілік саясатты жүргізгенде мына мәселелерге мән  берілгені жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің саяси құқығын, еркі мен міндеттерін  білуі, мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, саяси мәселелерді шешу, қоғам мен мемлекеттік басқарудың түрлері жөнінде хабардар болу, мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу, өкімет пен саясат жөнінде білімі болу және т.с.с. Егер өз мемлекетінің және басқа елдің тарихын, олардың қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы түсінігі болса, тіпті орынды болмақ.

Мәдениеттік саясатты жүргізудің тісілдері  мол. Оған ең алдымен оқу-ағарту жүйесін  жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады. Қазір БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, жер шарының 700 миллионға жуық ересек халқы сауатсыз.

Мәдениеттілік саясатты жүргізуде  ғылымдарды дамытудың рөлі зор, әсіресе  қоғамдық ғылымдар адамдарға өздерінің  саяси қатынастарының қожасы болуына, әлеуметтік тұрмысы¬ның заңдылықтарын  меңгеруге көмектеседі. Бұл ғылымдар өмірді жаңа негізде құруға, қоғамдық қатынастарды жетіл¬діруге, әлеуметтік-экономикалық процестердің болжамын жа¬сауға кең өрістер ашады.

Адамның саяси дамуы, оның ішкі дүниесінің толымдылығы, дүниетанымы мен адамгершілік келбетінің қалыптасуы әде¬биет пен өнердің өркендеу деңгейіне байланысты.


Информация о работе Саяси сана