Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:09, курсовая работа
Саяси ғылымдағы шиеленістердің әртүрлі жағдайларына қатысты проблемалардың жиынтығын зерттейтін ғылыми және оқу проблемалары сипатындағы жаңа жеке пән шиеленістану деп аталады.
Жалпы тұрғыдан алғанда шиеленіс қарама-қарсы топтардың бір-біріне қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі, әртүрлі сипаттағы пайымдаушылық, келіспеушілік, ымырасыздық Саясаттану зерттеулерінің нысандары болып саяси билік, саяси мақсат мәселелерімен тікелей және жанама қатысты, саяси сипаттағы шиеленістер саналады.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЯСИ ШИЕЛЕНІСТЕР МЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ҚОҒАМ
ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Саяси шиеленіс туралы түсінік ........................................................
1.2 Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері ............
1.3 Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары ........................
1.4 Саяси шиеленістер және оппозиция ................................................
1.5 Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі .......................
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақ – орыс халықаралық университеті
Пәні: «Саясаттану»
Тақырыбы: «Саяси шиеленіс туралы түсінік»
Орындаған: Танатарова З.А
2013 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЯСИ ШИЕЛЕНІСТЕР МЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ҚОҒАМ
ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Саяси шиеленіс туралы
түсінік ..............................
1.2 Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері ............
1.3 Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары ........................
1.4 Саяси шиеленістер
және оппозиция ..............................
1.5 Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі .......................
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
САЯСИ ШИЕЛЕНІСТЕР МЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1. Саяси шиеленіс туралы түсінік
Саяси ғылымдағы шиеленістердің әртүрлі жағдайларына қатысты проблемалардың жиынтығын зерттейтін ғылыми және оқу проблемалары сипатындағы жаңа жеке пән шиеленістану деп аталады.
Жалпы тұрғыдан алғанда шиеленіс қарама-қарсы топтардың бір-біріне қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі, әртүрлі сипаттағы пайымдаушылық, келіспеушілік, ымырасыздық Саясаттану зерттеулерінің нысандары болып саяси билік, саяси мақсат мәселелерімен тікелей және жанама қатысты, саяси сипаттағы шиеленістер саналады.
Саяси шиеленістер туралы зерттеулер өзінің терең тамырларын ежелгі философтардан алады. Бүкіләлемдік тарихта бұл мәселелер біздің дәуірімізге дейінгі YІІ-YІ ғасырлардағы Қытай философтарының, Ежелгі Грекиядағы Анаксимандр мен Гераклиттің теориялық пайымдауларынан мәлім. Гераклиттің күрес жалпыға ортақ және “барлығы күрес арқылы және қажеттіліктер бойынша өтеді” деп түйіндегені белгілі. Осыған ұқсас ойларды басқа үлгіде Сократ, Платон, Полибий және басқалары да топшылады. Қоғамдағы шиеленістерді зерттеуге Н.Макиавелли көп көңіл бөлді. Ол әртүрлі деңгейдегі шиеленістерді сараптай отырып, олардың қоғамдық процестердің дамуындағы жағымды сипатын атап көрсетеді. Алайда, ХYІІІ ғасырдың соңына дейін саяси шиеленісті зерттеуші ойшылдар оны ең алдымен мемлекеттің реттеуші қызметі санап, үстемдік ету мен бағыну мәселелеріне жатқызды.
Шиеленісті әлеуметтік құбылыс ретінде алғаш рет Адам Смит “Табиғат және байлық себептері туралы зерттеулер” (1775 ж.) атты еңбегінде талдады. «Шиеленістің негізінде, - деп атап көрсетті Смит-- қоғамның таптарға бөлінуі (капиталистер, жер иелері, жалдамалы жұмысшылар) және қоғам дамуының маңызды қозғаушы күші ретінде саналатын экономикалық қарсыластық жатыр». Сол сияқты, Гегельдің қарама-қарсылықтың күресі туралы ілімі шиеленістерді зерттеу үшін маңызды роль атқарады. Гегель шиеленістің негізгі себептерінің бірі деп бір жағынан “байлықтың жинақталуы”, екінші жағынан “таптық еңбекке қатынастағы” әлеуметтік алшақтықты көрсетеді.
Шиеленістер теориясының дамуына, осы ілімнің мазмұнына айтарлықтай үлес қосқан ХІХ ғасырдың соңымен – ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтану ғылымы болды. Биология ғылымының ықпалында болған әлеуметтану шиеленістерді Ч.Дарвиннің табиғи іріктеу теориясынан алады, әлеуметтанудағы психологиялық қатынастарды негіздеу шиеленіске әлеуметтік-психологиялық көзқарасты таратуды алып келді. Кейін әлеуметтану шиеленістерге төмен баға беретін функционализмнің күшті ықпалында болып, шиеленістер мәселесі әлеуметтанудан ығыстырылғандай жағдайға жетті. Алайда, ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап әлеуметтік шиеленістерді қоғамның ішкі өміріне ықпалы бар құбылыс ретінде қараған арнаулы еңбектер пайда бола бастады. Л.Козердің (АҚШ) “Позитивті-функционалды шиеленіс”,Р.Дарендорфтың (Германия) “Қоғамның шиеленісті моделі”, К.Боулдингтің
(АҚШ) “Шиеленістің жалпы
саясаттанушылардың шиеленісті мәселесін зерттеудегі таным аппаратын және осы мәселені зерттеудегі символика - логикалық талдауда үлкен жетістіктерге жеткені аңғарылады. Әлеуметтік шиеленістің шығуы мен оның себептері, даму бағыты, шешу әдістері осы зерттеушілердің еңбектеріндегі ең басты құндылық. Жалған бағалардан, деректер мен айғақтарды өз бетінше таңдаудан сақтандыратын нақты, сызба түріндегі модельдер бейнесінде берілді. Әлемнің осы заманғы дамыған елдеріндегі әлеуметтік шиеленістер туралы концепциялардың кеңінен таралуы және ұтымды пайдаланылуы,
сондай-ақ оларды жасаушылардың қоғамдағы жоғары беделі бұл концепциялардың негізінен әлеуметтік таптардың абстрактылы мүдделеріне қатыссыз, жалпыадамзат көкейіндегі мүддені және олардың тікелей қажеттілігін көздейтіндігінен көрсетеді. Мысалы, АҚШ-та саясаттану беделді қоғамдық ғылымдардың біріне айналып, шиеленістерді реттеу, шиеленіс жағдайларын меңгеру теориясы ретінде қалыптасты. Оның практикалық маңызы әлеуметтік құбылыстарды қоғамдық танымды реттеу үшін таным деңгейі шеңберлерін жоғары алып, саяси шиеленістерді шешудің ғылыми
жолдарын қалыптастыру. Шиеленістанудың даму эволюциясындағы көрнекті зерттеулер қатарына Е.Б.Черняктың “Ғасырлық шиеленістер” (Мәскеу, 1988) кітабын жатқызуға болады. Ғалым бұл еңбегінде саяси шиеленіс мәселесін бүкіләлемдік тарихи материалдар негізінде зерттеген. Ежелгі Рим мен ерте христиандықтың, Византия мен Араб халифатының, ортағасырлық папа мен империяның қақтығыстарына, сондай-ақ түрік анычарлары мен герман ландскнехтері,британ пираттары мен испан инквизиторларымен болған соғыстарға, ал жаңа дәуірде – реакцияшыл күштер мен әртүрлі әлеуметтік қақтығыстарға кең көлемде талдау жасайды.
2. Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері
Әлеуметтік шиеленістердің себептері қандай? Бұл сұраққа «әлеуметтану және саясаттану ғылымдарында әлеуметтік шиеленістердің негізгі көзі материалдық игіліктердің, құндылықтардың жетіспеуі және билік үшін күрес» деген жауап беріледі. Әлеуметтік шиеленістің жалпы себебі - адамдардың бірі басқарып, тәртіп беретін, ал екіншілері бағынуға және нұсқауды орындауға мәжбүр болатын “императивтік үйлестірілген ассоциациялардағы” теңсіздік жағдайы болып есептеледі. Басқаша айтқанда, шиеленістер билік мәселелеріне байланысты туындайды. Аталған ассоциациядағы үстемдік қылатын “әлеуметтік тап” осы өкіметке бағыныштылар тарапынан кедергілерге ұшырайды. Ал қатынастар тәртібін реттестіретін басқару мен ұйымдастыру қызметі, Дарендорфтың пікірінше, адамдардың бірі билік құратын, басқаратын, ал екіншісі бағынышты болатын, орындайтын “әлеуметтік таптарға” бөлінетін адамдардың әлеуметтік теңсіздік шиеленістің түпкі себебі. Осыған байланысты ол коммунистік-маркстік ілімді адамдар арасындағы антагонизмді білмеу
“әлеуметтік ойсыздық” немесе “утопия” деп жариялады. Мойындау керек, адам жаратылысының, қоғамдық топтар мен ұжымдардың “жоғарыға” және “төменге” бөлінуі, олардың арасындағы жойылмайтын араздықтың, шиеленістердің қайнар көзі болуын дәлелдеу қоғам дамуы тарихында ашылған жаңалық болып табылмайды.
Батыстық саяси ғылым авторларының көпшілігі «нәтижесінде шиеленістер адамдардың түсінігімен анықталады» деген пікірге келіп тіреледі. Шиеленістерді туғызатын себептер ретінде: жеке және қоғамдық құндылықтардың үйлеспеуі, адамдардың өз мақсаттары мен әрекеттерінен күткен нәтижелер арасындағы айырмашылықтар, адамдардың іс-қимылдары тұрғысында бірімен бірі тіл табыспауы, түсінбестіктер, коммуникация процесіндегі логикалық қателіктер мен семантикалық қиындықтар, ақпараттар тапшылығы мен сапасыздығы саналады. Бұл тұрғыда әлеуметтік-саяси қақтығыстар “шиеленісуші пікірлердің” түйісуі ретінде тұжырымдалады, ал оның негізгі себебі болып адам психикасының жетілмеуі, нақты іс-әрекет пен ол туралы деректер арасындағы сәйкессіздік саналады. Шиеленістер
себептерінің өзара қатынасын
сипаттайтын “сезімдер мен
бойынша (саяси, әскери, экономикалық, сауда, қаржы, кеден және басқалары), көлемі бойынша (халықаралық, аймақтық, жергілікті) және т.б. болып бөлінеді. Шиеленіс түрін көп жағдайда оның құралдары, амалдары, қалыптасу және шешу жолдары айқындайды. Айта кету керек, барлық қоғамға бірдей шиеленістер мәселелерін зерттейтін саяси институттардың қалыптасқан жүйесі жоқ. Әлеуметтану және саясаттану ғылымдары жоғары дәрежеде дамыған деп саналатын елдердегі саяси институттар шиеленістердің әрқилы түрлерін дер кезінде шешіп қана қоймайды, сонымен бірге оларға алдын-ала болжам жасайды.Өкінішке орай, әлемнің көптеген елдерінде осындай ғылыми орталықтар жоқ, соның салдарынан саяси шиеленістер бақылаудан шығып кетіп, асқынуға дейін барса, кейбір жағдайда қантөгістік сипат алуы да мүмкін.
Саяси шиеленістер өзінің дамуы барысында әртүрлі кезеңдерден өтуі мүмкін, осыған сәйкес олардың алдын алу үшін әртүрлі іс-шаралар қолданылуы тиіс. Бірінші кезең шиеленіс негіздерінің орын алуы, шиеленіс әлі болмаса да оның себептерінің жинақталуы. Мысалы, ұлтаралық қатынастарда тұрғылықты жерде құқықтық қолдау алмаған стихиялық демографиялық процестер немесе белгілі бір этностардың өзіндік санасының өсуі. Екінші кезең – біліну кезеңі. Шиеленіс жоқ, алайда әрқилы топтардың талаптары, қарсылықтары айтыла бастайды. Үшінші кезең – көріну кезеңі. Алғашқы дүмпулер, алғашқы қақтығыстардың басталуы. Осыдан кейінгі басқа кезеңдер, мысалы, ашық қарсылық білдіру, қақтығыс кезеңінің болуы да мүмкін. Ал шиеленістің ең соңғы кезеңі – бұл ушығу кезеңі. Соңғысы қарсылық көрсетуге адамдардың үлкен шоғырын жұмылдырумен, шиеленіс аймағының ұлғайтуымен ерекшеленеді, “өркениеттілік” түрінен қарулы күреске көшіп, қарсыласқан екі жақтың да өмір-тіршілігіне нұқсан келуі мүмкін. Адамдардың үлкен шоғыры тартылып, ушығу сипатындағы шиеленістерге бұрынғы Югославия провинцияларындағы соғыс, Ауғанстандағы әскери қақтығыстар, грузин-абхаз-осетин, СУАР шиеленістері және т.б. соғыстар жатады. Саяси ушығу кезеңіндегі шиеленістер көбінесе бір қоғамның ішінде кең орын алады. Мысалы, қылмыскерліктің ұйымдасқан түрі өсуі, сыбайлас жемқорлық, армиядағы әлімжеттік жасау. Шиеленістің мұндай түрлерінің жеңіл және тез шешілуі қиын, себебі олар ұзақ жылдар бойына қордаланған. Олар алғашқы кезде байқалмайды, іштен асқына береді. ТМД мемлекеттерінің кейбіреуінде бұл аяқ астынан пайда болғандай көрінуі мүмкін, алайда олардың түбірі ондаған жылдар бұрын тамырланған болатын.
Саяси шиеленістердің негізгі себептері – материалдық игіліктердің, құндылықтардың, биліктің жеткіліксіздігі кез-келген, тіпті дамыған қоғамның өзіне де тән құбылыс. Сондықтан әлеуметтік шиеленістерге әдеттегіден тыс жағдайға (аномалияға) қарағандай қарауға болмайды. Керісінше, әлеуметтік шиеленіс ақыр соңында саяси қарым-қатынастарды жетілдіреді. Адамзат тарихының ең ерте кезеңінде тіпті мемлекет сияқты саяси институттарды туындатып, дамытуға ықпал жасаған әлеуметтік шиеленістер болды. Шиеленістердің ұдайы шешіліп отыруы қоғамдағы қарама-қайшылықтарды жою үшін мекемелердің қарқынды дамуына жол ашады. Егер қоғам ішіндегі шиеленісті факторлар болмаса және әлеуметтік қатынастар орнықты, ешбір мінсіз үндесіп тұрса, ол кезде шиеленістерді ауыздықтау мен реттестіру функцияларын атқаратын саяси институттардың пайда болуын және олардың қызметтерінің қажеттілігін немен түсіндіруге болады? Бұның ең қысқа жауабы: шиеленісуші әлеуметтік топтар мен таптар арасындағы билік айтушы, араша болушылар (арбитр) ретінде мемлекет , саяси билік, саяси жүйе пайда болды. Сондықтан әлеуметтік шиеленіс – қоғамның саяси дамуының негізі болып табылады.
3. Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары
Шиеленістердің көптеген түрлерінің ішінде әлемде неғұрлым кеңінен таралған жә- не неғұрлым өткірі болып ұлтаралық қатынастардағы шиеленістерсаналады.Әлемдік көлемде олар әрқилы аймақтарда орын алуда. Дүниежүзіндегі адамдардың көпшілігі көп ұлтты мемлекеттерде өмір сүреді. Бүгінде әлемде 2 мыңнан астам ұлттар мен ұлыс тар, этникалық топтар, 200-ден астам тәуелсіз мемлекеттер бар. Олар диалекті лер імен қоса үш мың тілде сөйлейді. Бірқатар елдерде (әзірге көп те емес) ұлтаралық шиеленістерге болжам жасайтын арнаулы институттар жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы өзінше мамандандырылса да нақты қоғамдық себептерге негізделген қызметтерінің ең жалпы бағыттарын атауға болады, олар:
1) Ұлттық сана-сезімнің өсуін есепке алу. Ұлттық өзіндік танымның дамуы халықтың саяси және мәдени деңгейінен туындайды. Көптеген халықтардағы интеллигенцияның, студенттердің, ұлттық кадрлардың үлес салмағының жедел өсуі олардың ұлттық өзіндік танымының жоғарылауын “бағдарлайды”. Осы аталған әлеуметтік этникалық топтардың мүддесіне құқықтық қолдаудың қағыс қалуы шиеленісті жағдайға соқтыруы мүмкін.
2) Демографиялық процестер