Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:09, курсовая работа
Саяси ғылымдағы шиеленістердің әртүрлі жағдайларына қатысты проблемалардың жиынтығын зерттейтін ғылыми және оқу проблемалары сипатындағы жаңа жеке пән шиеленістану деп аталады.
Жалпы тұрғыдан алғанда шиеленіс қарама-қарсы топтардың бір-біріне қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі, әртүрлі сипаттағы пайымдаушылық, келіспеушілік, ымырасыздық Саясаттану зерттеулерінің нысандары болып саяси билік, саяси мақсат мәселелерімен тікелей және жанама қатысты, саяси сипаттағы шиеленістер саналады.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЯСИ ШИЕЛЕНІСТЕР МЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ҚОҒАМ
ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Саяси шиеленіс туралы түсінік ........................................................
1.2 Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері ............
1.3 Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары ........................
1.4 Саяси шиеленістер және оппозиция ................................................
1.5 Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі .......................
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3) Федерация шеңберінде автономиялар құқығының әртүрлілігі. Мысалы, КСРО жағдайында автономияның 4 түрі болды: одақтас республикаға – 15, автономиялық республика – 20, автономиялық облыс – 8 және автономиялық округ – 10. Тәуелсіздік идеясы тұсында автономиялардың осындай әрқилы мәртебесі дискриминация ретінде қабылданды. Одақтас республикалар мен автономиялардың құқығы бірдей болмай алшақ тұрды, ал автономиялық облыстар мен округтердің Конституциясы болған жоқ. Оларда тұратын халықтардың ұлттық мүдделері мен құндылықтарын қорғау мүмкіндіктері әрқилы болды.
4) Халықтың ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясын мемлекет деңгейінде талдау. Ұлттық мәдениет және психология саласы дербес құбылыс. Мемлекет бір саяси режимнен екіншісіне өтуі мүмкін. Сөйтсе де бұдан халықтың психологиясы өзгермейді. Ф.Энгельс айтқандай, “ұлттың ұлттық тегі” өзгерістерге бәрінен аз тартылған. Осы заңдылықты еске алмайынша мемлекеттің нәтижелі ұлттық саясатының болуы мүмкін емес.
Ұлттық фактордың тарихи тұрақтылығы, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы және этнос өмірі арасындағы қатынастардың қайшылыққа соқтыру қаупі бар. Яғни, ұлттық қатынастар саласында жалпы және жеке танылған даму тенденциялары, заңдары қызмет етеді. Сондықтан оларды танып-білу өте күрделі, сол себепті күтпеген жерден кездейсоқ туындаған шиеленіс болып көрінеді.
5) Экономикалық факторлар, бастапқыда біз айтып өткеніміздей, шиеленістердің негізгі себептерінің бірі, ол материалдық игіліктердің жеткіліксіздігінен туындайды. Кейбір қағидадағыдай “таза ұлтшылдық” болмайды, ұлтаралық шиеленістердің себептері экономикалық мәселелерге тіреледі. Мысалы, елді орталыққа және провинцияларға бөліп, шет аймақтардың экономикасының артта қалуына жол берілсе, әсіресе осы шет
аймақтар ұлттық азшылық сипатында болатын болса бұл ұлтаралық шиеленіс тудыруы мүмкін.
Ұлттық қатынастарды үндестікпен дамытудың жолдарын талдағандағы ең басты мәселе - ұлттар ынтымақтастығының негізі, ол қоғамды демократияландыру болып табылады. Ұтымды ұлттық саясат жүргізудің барлық басқа да жолдары қоғам өмірін демократияландырумен байланысты. Себебі, әлемдік тәжірибе бойынша демократиялық принциптер жеке тұлғаның ұлттық-этникалық жағынан қиянат көрмеуіне кепілдеме береді. Ынтымақты ұлтаралық қатынастардың жоғарыда айтылған жолдары айқын бағдарланған ұзақ мерзімді және тұрақты сипат алуы тиіс. Алайда, біздің өмірімізге ақиқатпен қарағанда, әлемдегі әртүрлі мемлекеттерде ұлтаралық шиеленістер орын алған фактілер көп кездесіп отыр. Сондықтан бұндай жағдайларға саяси болжам жасайтын мекемелердің ұсыныстарын сарапқа салып, ұлтаралық шиеленістерді шешудің төмендегі әдістері ұсынылады:
1. Біріккен экономикалық орталықтандырылмаған инфрақұрылым ынтымақтастығын құру (келісім).
2. Мәдени инфрақұрылым келісімін құру (консенсус): қостілділік, ұлттық мәдениет қоғамдары, халық шығармашылығы фестивалдары. Қазақстан жағдайында – бұл Қазақстан халықтарының форумы, халықтар бірлігі мен келісімінің Ассамблеясы. (Қазақстан халқы Ассамблеясы), Қазақстанда өткізілген әлемдік және дәстүрлі діндер мен конфессияларының жетекшілерінің съездері.
3. Аймақ ашықтығын ұлғайту: ішкі байланыстарды кеңейту, экономикалық, мәдени және өзге де байланыстарды (туризм, спорт, ғылыми) дамыту, яғни, “біздер - олар” принципіне өзіндік үлгіде қарсы тұру. Мысалы, Қазақстанда басқа мемлекеттің қалаларымен ашық көлік қатынасын ашу т.с.с.
4. Шиеленісті шешуде үшінші жақтың қатысуы. Шиеленіс асқынып, қарсыластар бірімен-бірі татуласпаған жағдайда “үшінші соттың” қатысу қажеттілігі туады. БҰҰ, ЮНЕСКО, ел басшыларының аумақтық, мемлекетаралық шиеленістерді реттеуге қатысуы.
5. Ұлтаралық қатынастарды ізгілендіру. Шиеленісушілер арасындағы келіссөздерге жұртшылықты, жазушыларды, ғылым мен өнер қайраткерлерін, әйелдерді, ақсақалдарды, дін қызметшілерін қатыстыру. Әсіресе, олардың бірлескен майдан құрып, нәсілшілдікке, құқық пен адам бостандығын бұзушылыққа қарсы күресуі оңды нәтиже береді.
6. Саяси-әкімшілік әдістері. Ол федерализм мен аймақтық автономияны құруды жақтайды. Мемлекет территориясында заң актілері аз ұлттық халықты кемсіту тұрғысынан қабылданса, пайда болған шиеленісті аймақтық әкімшілік құрылымына өзгеріс енгізуі арқылы реттеуге болады. Мысалы, Ресей жағдайындағы автономиялардың жаңа деңгейлерінің пайда болуы. Татарстан, Башқортстан, Бурят, Якут (Саха), Қалмақ және басқалары.
4. Саяси шиеленістер және оппозиция
Қоғамдағы саяси шиеленістер деңгейі көп жағдайда легитимді (заңдастырылған) оппозицияның қалыптасуына байланысты. Бұл демократиялық режимнің ажырамайтын бөлігі. Шет елдік саясаттанушылар “демократияның бал айы” деген ұғым енгізіп, оппозициялық демократиялық күштердің табысқа жетулерін оппозицияның легитимді болуымен байланыстырады.
Қазақстан жағдайындағы саяси оппозиция мәселелері біздің ғылымымызда әлі дежеткілікті зерттелген жоқ. Саяси пікірталастық, көп партиялылық және оппозиция ұзақ уақыт бойы саяси өмірге зиян келтіруші құбылыс деп саналды. Тоталитарлық жүйенің күйреуі, қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси күштер мен олардың саяси құрылымдары пісіп жетілді. Саяси тәжірибеде, авторитарлық режимдер
жағдайында пікір-таластықты шектеу қоғамдағы шиеленісті және дағдарыстыжағдайлардың туындауына, өкіметке деген сенімсіздіктің артуына әкеліп
соқтыратыны белгілі. Оппозициялық құқық –ашық саяси күреске құқығы бар саяси партиялардың, бірлестіктердің өзара іс-қимыл жүйесінің болуы. Мұндай жағдайларда саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің арасында өкіметтік билік үшін белгіленген уақыт аралығында заң арқылы бәсекелесіп, саяси шиеленістерді болдырмай ескі биліктің заңмен алмасу мүмкіндігін тудырады. Бұның бәрі мемлекет Конституциясы шеңберінде болатын саяси күштерге қажетті қарсы мүдденің және саяси мекеме ретіндегі ресми түрдетанылған оппозицияның қалыптасқан жағдайында өтуі мүмкін. Тоталитаризмнен демократиялық саяси жүйеге өту сатысы ұзаққа созылатын және қиыншылыққа толы күрделі процесс. Ол бірқатар шарттарға негізделген. Атап айтқанда, бұған қоғамдағы саяси күштердің өзара іс-қимылын, саяси мәдениеттің даму деңгейін, саяси өмірдің барлық салаларындағы қажетті жаңартулар енгізудегі саяси биліктің шешім қабылдау деңгейін жатқызуға болады. Қазақстанның бұрынғы бірпартиялық жүйеге бейімделуі себебінен біздің қоғамымыздың әртүрлі жіктерінің саяси мүддесінің бәсеңдігінен, адамдардың барлық саяси жағдайларға бейім еместігі сипатына орай саяси пікірталас және көппартиялық жүйе құру жолында көптеген қиындықтарды жеңуге тура келеді.
Саяси тәжірибе мен ғылымда оппозицияның әртүрлі сипаттағы түрлері мен белгілері бар. Атап айтқанда, өкімет жүйесіндегі қатынас тұрғысында -локальды және турашыл; қимыл орны бойынша –парламенттік және парламенттік емес; қимыл сипаты бойынша – жүйелі және кездейсоқ оқиғаға негізделген оппозиция. Парламенттегі оппозиция саяси міндеттердің үлкен көлемін жүзеге асыруды көздейді, олар: үкіметке және ол жетекшілік ететін органдарды бақылауды жүзеге асыру, үкімет саясатын немесе үкімет бағдарламаларын сынау, бағдарламадағы баламалы саясатты талдау, қабілетті саясатшыларды іріктеу, олардың парламентте “тұсауын кесу” және үкімет алмасқан жағдайда оларды “көлеңкелі кабинетке” енгізу. Кез-келген оппозицияның тиімділігі қоғамда алатын орнына, оның ішінде бірлестіктердің, бостандығын заңды түрде нығайтуға, парламенттік азшылықтың құқығын қорғауға, парламенттік шешімдерді немесе парламент қабылдаған заңды актілерге тосқауыл қоюға тұрғындардың белгілі бір топтарының қоғамдық пікірін жұмылдыру арқылы парламенттік оппозиция жағына тартуға байланысты. Осындай оппозициялық бастамалар мен талаптар заңдастырылған жағдайында ешқандай әлеуметтік, оның ішінде ұлттық топтардың мүдделері ескерусіз қалмайды. Нәтижесінде демократиялық режим жағдайында оппозиция аталған мақсаттар бойынша үкіметтік шешімдер қабылдауға қол жеткізе алады. Шетелдік саясатшылар парламенттегі күштердің барлық мүмкіндігін жұмсау арқылы атқарушы өкімет органдары мен олар қабылдаған шешімдердің легитимдігін пайдалануы үшін “оппозициялық құрылым” жүйесін қалыптастырады.
Ықпалы күшті оппозицияның
болмауы және өкіметтің төмен
легитимдігі саяси жүйенің
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда саяси күштердің өзара қатынасының өркениетті сипатын қамтамасыз ететін саяси мәдениет, саяси процестердің тұрақтылығы мен өзгерістерінің органикалық тұтастығы; қоғам мен мемлекет, әлеуметтік жіктер мен топтар, халықтар мен ұлттар, азаматтар мен мемлекет арасындағы келісілген өзара қатынас маңызды роль атқарады.
5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
«Консенсус» сөзін латыншадан аударғанда «келісім», «бірауыздылық», «бірігіп қатысу» деген ұғымды білдіреді.Консенсустың негізгі шарты болып өзінің жеке мүддесіне жетудің алғышарты ретінде өзге мүдделерді мойындау саналады, яғни консенсус көп жағдайларда адамгершілік принциптеріне негізделеді. Келісушілік – екі немесе одан да көп көзқарастың және кез-келген қатынастағы мүдделер бағдарының бірлігі. Саяси консенсус – шиеленісті мәселелердің неғұрлым маңызды салалары бойынша белгілі бір қауымдастықта жасалатын өзара келісім. Саясаттану ғылымында консенсус мәселесі жеткілікті түрде, терең зерттелген. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде оны зерттеуге әлемдік философияның Конт, Локк, Дюркгейм, Вебер, Тард, Кули, Шилз, Хабермас, Шюц тәрізді аса көрнекті өкілдері өз үлестерін қосты. Консенсус -Аристотельдің «орташылдық» тұжырымдамасындағы қарама-қарсы пікірлердің арасындағы ортақ пікір ретінде қалыптасты, яғни шеткі, алшақ позициялардан шығуды нұсқап, орталыққа ортақ келісімге ұмтылуды сипаттайды. Аристотель бұл қағидасын екі жақтың қарым-қатынасы негізінде қалыптасатын үшінші ортақ күштің пайда болу табиғи заңдарымен, орталыққа тарту күштері негізінде тепе-теңдікті сақтайтын аспан күштерінің қозғалысымен түсіндіреді. Ол кейін осы табиғат заңдары ретінде орташылдық идеясын әлеуметтік салаға, қоғамға таратты. Оның «үздік қоғам дамыған орташа таптан тұрады, ал кедейшілік көп болған жағдайда мемлекеттің
жаулары да көп болады» деген қағидасы әлеуметтік қатынастар теориясына қосылған көрнекті ғылыми үлес болып табылады. Орташылдыққа ұмтылу қазір де әлемдік көлемде белгілі саяси бағыт болып табылады. Бұл бағыт ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзінде көптеген халықаралық ұйымдар құруға, әртүрлі құрлықтардағы мемлекеттер консолидациясы мен интеграциясын қалыптастыруға негіз болып, КСРО мен Шығыс Еуропа елдері идеологиялық ынтымақтастық одағының қайта құрылуына себеп болды.
Консенсустік немесе центристік саясат қоғамдағы дамушы күштердің өзара қарым-қатынасын анықтайды. Консенсус әдісін қолдану мемлекеттік билікті ұйымдастыруда да қолайлы. Құқтық тұрғыдан алғанда консенсус жалпы ерік ретінде неғұрлым тиімді заңдарды қабылдау үшін қажетті алғышарт. Консенсустың келесі маңыздылығы ол демократияның болашақтағы қалыптасу деңгейін анықтауы. Демократияның осы замандық тәртібі көпшіліктің қалауы негізінде шешім қабылдау принципіне негізделген. Алайда, дауыстарды “иә” және “жоқ” сипатындағы механикалық санақ, қарапайым есептеу принципіне ғана негізделген дауыс беру жүйесінде көпшілік үстемдігі әміршілдігі сақталады. Сол себепті адамзат бүгін де демократияның келешектегі әдістері мен деңгейі әлі де пісіп-жетілген жоқ, сондықтан демократияның болашақ үлгісін ойлап табу керек деп есептейді.
Көпшілік қалауы принципі қазірдің өзінде өзара саяси қарсылықты күшейтіп, мемлекетті күйзеліске жеткізу жағдайы көп кездеседі. Көпшілік принципінің ең басты кемшілігі - азшылық пікірін түгелдей жоққа шығару болып саналады.
Көпшілік үстемдігі – демократияның негізгі шарты екені анық, бірақ бұл әділдік принципінің бұрмалануы. Сол себептен, консенсустің міндеті азаматтардың ортақ мақсат үшін өз ойын ашық білдіретін әртүрлі пікірлерді, ұсыныстарды, идеяларды жинақтау.
Консенсустың нәтижелі болуы азшылықықа ешқандай қысым жасалмауына, озбырлық күш қолданбауға тікелей байланысты.Себебі көпшіліктің өзінің де қателесуі мүмкін, ал азшылықтың айқын саяси шешім ұсынуы мүмкін. Мысалы, Кеңес өкіметі тұсындағы «халық жаулары» атанған қазақ зиялыларының жалпы халық саны бойынша алғанда азшылықты білдіргені тарихтан белгілі. Бірақ азшылық болғанның өзінде КСРО бойынша олардың саны 10 миллионнан асқан еді.
Тағы бір мысал: БҰҰ-ның бүкіл қызметіне (осы ұйым құрылғаннан бастап) талдау жасалғанда, Бас Ассамблеяның көптеген резолюцияларының тиімсіздігіне себеп болған олардың жалпы көпшіліктің шешімімен қабылдануынан екені анықталды.Себебі көпшілік принциппен қабылданған шешімнің барлық кезде нәтижелі бола бермейтіндігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымында тіпті бір ғана мемлекет мүддесіне қарсы қабылданған шешім ақыр соңында ұтымды болып шықпайтыны белгілі. Қазіргі таңда БҰҰ-ның көптеген мүшелері осы замандық жағдайларда саяси тиімді шешімдерді қабылдауға апаратын бірегей жол—ол консенсус әдісі деген тоқтамға келді, статистикалық деректер де осыны көрсетеді. Мысалы, Бас Ассамблеяның 13-ші сессиясында консенсус әдісімен барлық 112 резолюцияның 39-ы (35%) қабылданса, ал 40-шы сессияда 259 резолюцияның 184-і (70%) осы жолмен қабылданды.