Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 07:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Кіріспе......................................................................................................................3
І.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі....5
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты.............5
1.2 Кәсіпорынның қаржы және оларды талдау міндеттері.................................8
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері...........................11
ІІ. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................14
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау...........................................................18
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау..................................................22
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау........................................28
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау...........................................................31
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау..................................36
ІІІ. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................................................................................36
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру................................................................................39
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру............................................................................42
3.3 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру........................................................44
Қорытынды............................................................................................................46
Қолданылған әдебиеттер .....................................................................................48
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі....5
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты.............5
1.2 Кәсіпорынның
қаржы және оларды талдау міндеттері....................
1.3 Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың әдістері......................
ІІ. «Халлибуртон Интернэшнл
Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын
талдау........................
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы кәсіпорынның мүліктік
жағдайын талдау........................
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
талдау........................
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
талдау........................
2.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................
2.5 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін
талдау........................
ІІІ. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары.....................
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.......................
3.2 Кәсіпорынның қаржылық
іскерлік белсенділігін
3.3 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер ..............................
Кіріспе
Қоғамда
қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен
емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан
туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және
есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің
мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды
өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен
артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты
ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта
да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі
қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден
шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде
оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша
айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз»)
меншік жағдайында кеңінен орын алған
ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,
басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп,
ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру
- нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің
кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының
негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады.
Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра
отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін
қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары
жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның
қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті,
ғылыми негізделген үшін оның қаржылық
жағдайын талдау қажет. Тек терең және
ұқыпты тал-дау негізінде ғана оның қызметін
объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту
және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға
бағытталған басқару шешімдерін қабылдау
үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге
болады.
Отандық
талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау
мәселесі аз зерттелген, сондықтан
оның прогрессивті әдістері әзірше бізде
ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр.
Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық
нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең
ақырында еліміздің экономикалық өсуіне
кері әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жинаған мәліметтерімді үш бөлім бойынша топтастырып, жеке тоқталып өттім. Бірінші бөлімінде кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі мен оның маңыздылығы, мақсаттары мен міндеттері, не үшін қажеттілігі, маңызы талданып, көрсетілген. Ал екінші бөлімде талдау объектісі ретінде «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы алынды. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен айналысу болып табылады. Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінен ұсыныстар жасалды.
І. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттері талдаудың теориялық негізі
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі – бұл талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым – қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестіктерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономсикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгені бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдаланумен, сондай – ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым – қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т.б.) өзара қарым - қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден – бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорының қаржылық жағдайы басқасына қарағанда жақсы болуы тиіс.
Қаржылық талдау – ол келесі мақсаттары бар қаржылық сипаттағы ақпаратты жинақтау, трансформациялау және қолдану әдісі:
Әрдайым өзгермелі ішкі және сыртқы кәсіпкерлік ортада кәсіпорынның жетісті қызмет ету және даму, өз активтерімен пассивтерінің тендігін сақтау, өз төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын әрдайым сақтау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесілер үшін қажет:
Нарықтық экономикада кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның экономикалық қызмет бойынша оның серіктестеріне, қаржы – салық органдары үшін де маңызды. Меншік иелері кәсіпорынның қаржылық жағдайын нарықта кәсіпорынның тұрақты жағдайын қаматмасыз ету және оның капиталының табыстылығын жоғарлату үшін талдайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы, оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді. Егер көрсетілетін қызмет түрлерінде қойылған міндеттер жетісті жүзеге асырылса, онда бұл кәсіпорынның қаржылақ жағдайына оң әсерін тигізеді және керісінше, өндірістің және өніс өткізудің құлдырауы нәтижесінде түсім көлемі және пайда сомасы азайып, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі. Осылай, тұрақты қаржылық жағдайы кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын факторлардың барлық кешенін сауатты және тиімді басқарудың нәтижесі.
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның пайдасы мен зиянын, актив және пассив құрылымындағы көрсеткіштерді, дебитор және кредиторлармен есептеулерді объективті және дәл бейнелейтін басты көрсеткіштерді алу.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның бірден – бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
1. Өтімділік (төлем қабілеттілігі);
2. Пайдалылық(табыстылық);
3. Активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының
құралуы түрлі көздер бойынша
жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы
болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті
және оларға теңестірілген қаржылар
есебінен құрылады және шаруашылықты
жүргізудегі нәтижелілігімен
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.