Инвестициялар: түсінігі және олардың жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.

Содержание работы

I.Кіріспе…………………………………………………………………………………….......3
1.Инвестиция және оның теориялары
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі………………………………………………………….....3-7
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар…………..…8-10
1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі……………………………………………..11-12
2. Халықаралық инвестициялардың экономикадағы рөлі.
2.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері...............................................................................................................13-18
2.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының дамуы.............................19-21
2.3 Халықаралық инвестиция нарығы.......................................................................................22
2.4 Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.......................................23
Қорытынды.............................................................................................................................24-25
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................................................26

Файлы: 1 файл

новая курсовая.doc

— 228.00 Кб (Скачать файл)

Нарықтық қатынастар жағдайы кәсiпорын  мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiндi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарылату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды. 

Кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап тұжырым жасау өзектi мәселе болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек артық болмайды, яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін қолданатыны өзекті мәселе.

Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың  жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң  өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда. .[12; 29-47 бет]

Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар – бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал – жабдықтар; лицензиялар, соның ішінде, тауарлық белгіге беретін; несиелер; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс – әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатында жұмсалатын зияткерлік құндылық.

Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы. 

Ал  В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн  мағынасы бойынша “күрделi салымдар”  және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.

Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс – әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады.

Сонымен қатар, инвестициялардың өзіне  тән ортақ сипаттарын айтып өтуге болады: олар әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие (бұл – нақты инвестицияларға қатысты; қысқа мерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады); инвестициялық іс – әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтік – экономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді.

Сол себепті, қабылданатын инвестициялық  шешімдер техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру жағынан негізделген  болуы қажет. «Инвестиция ұғымын түсіну» деген сөздің мәні осында. Батыстың экономика ғылыми инвестициялар теориясын микро және макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда ғылымдардың негізі деп қарастырылады. Микроэкономикалық тұрғыдан алғанда, инвестициялар теориясында кәсіпкерлерге оңтайлы инвестициялық саясат құрудың ғылыми негізделген нақты әдістерін ұсына отырып, кәсіпорын деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдау үдерісі инвестициялық теориясының негізі болып табылады. Макроэкономикалық тұрғыдан (теорияның негізін қалаушы Д. Кейнс) инвестиция проблемасы мемлекеттің инвестициялық, табыстар мен жұмыспен қамту саясаты тұрғысынан қаралады.

Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы  инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің  төмендегі факторларымен тежеліп отыр.

Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға  болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).

Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің  жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп  отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік  жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ. Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген. Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәукелділіктерін компенсациялайды. Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды. Бесіншіден – жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады. Алтыншы – тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

Бүгінде, халықаралық сарапшылардың  бағалауы бойынша, Қазақстан әлемнің  шет елдік инвестициялар үшін ең тартымды 20 елдің қатарына кіреді. Тікелей шет елдік инвестицияларды тарту Индексінің рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 2008 жылы 141 елдің арасынан 23-ші орынды иеленді. Дүние жүзілік «Doing Business» Банкіның рейтингі бойынша Қазақстан 2009 жылдың ішінде жоғары қарай он орынға көтерілді.

Алдағы жылдары экономиканың басым  секторларына отандық және тiкелей  шетелдiк инвестициялардың ағынын ынталандыру, мемлекеттiк инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн ұтымды ету және арттыру  саясаты мен iшкi жинақ ақшаны жұмылдыру  жалғасатын болады. .[13; 132-157 бет]

Елдiң инвестициялық тартымдылығын  арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшiн қолданыстағы нормативтiк  құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс  жалғасатын болады.

Басым өндiрiстердiң инвестициялық  тартымдылығын арттыру шеңберiнде мемлекет iске асыратын одан арғы шаралар мыналарға:

-  миноритарлық акционерлердің  құқықтарын қорғауды күшейтуге;

-  кәсiпорындарды тiркеудiң жеңiлдетiлген  жүйесiн енгiзуге;

-  қызмет түрлерiн лицензиялаудың  транспаренттiк жүйесiн құруға;

- қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жылдамдатуға (ISО-9000, ISО-14000);

-  Ұлттық инновациялық жүйенiң  экономикалық дамуын басқарудың  жаңа жүйесiн дамыту жөнiнде  жұмыстың жалғасуына;

-  мемлекеттiк даму институттарының  жұмысын үйлестiрудi күшейту жөнiндегi iс-әрекеттi, олардың қызметiнiң ашықтығын арттыруды жандандыруға;

- инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегi инвестициялық сауда өкiлеттiктерiнiң желiсiмен бiрге экспорттың жылжуы жөнiндегi мамандандырылған құрылымын құру;

- отандық бизнестiң, әсiресе экспорттаушылардың мүддесiн ескере отырып, iрi халықаралық жобаларды синдицирленген қаржыландыруда қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету бөлiгiнде халықаралық қаржы институттарымен бiрге жұмысты жандандыру;

Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсаукесерi және шетелдiк, оның iшiнде трансұлттық компанияларды iздеу жөнiнде жұмыстарды жалғастыруға бағытталады. .[14; 456-457 бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2.3 Халықаралық инвестиция нарығы.

 

Халықаралық инвестиция нарығында  еуронарықтың үлесі күннен-күнге артып келеді. Алғашында еуронарық XX ғасырдың 50-жылдарында Еуропа жерінде пайда болып, қазіргі танда бүкіл дүниежүзін қамтып отыр. Бірақ жетекші орын әлі де Еуропа еншісінде. Оның ең ірі орталығы — Лондон. Оның үлесіне еуропалық қаржының 1/5-і келеді. Бұл көрсеткішке мүмкіндігі жағынан Жапония мен АҚШ жақындайды. Әсіресе Токио мен Нью-Йоркте орналаскан ішкі офф-шорлық орталықтар күшеюде. Нью-Йорктегі бұл орталық 1981 жылы, ал Токиода 1985 жылы ашылды. Офф-шорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүниежүзінің кез келген бөлігінде, сол елдің банк және салық жүйесі бақылауынан тыс, ел экономикасынан тәуелсіз, дербес жағдайда жүргізіледі. Еуропа, Жапония, АҚШ-тан кейінгі ірі қаражат орталықтарына — Сингапур мен Сянган, сондай-ақ Кариб теңізі аймағындағы елдер: Багам және Кайман аралдары, Панама жатады.

Қазақстан экономикасының дамуында егемендік  алғаннан бастап, шетелдік несиелер мен  инвестициялар белсенді пайдаланыла  бастады. Ресми көмек ауқымында  Қазақстан 2,8 млрд доллар көлемінде  несие туралы 49 келісім жасады. 1993—1999 жылдары оның 1,7 млрд доллары игерілді. Республикаға көрсетілген көмектің 53%-ы Әлемдік Банкке, 18,3%-ы Азиялық Даму банкіне, 17,3%-ы Жапония мемлекетінің үлесіне тиеді. Ал тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының келуі 10 млрд доллардан асты. Жарияланған деректер бойынша, инвестиция құрылымының 49%-ын тікелей, 1%-ьш портфельдік инвестиция, ал 28%-ын несие, 22%-ын халықаралық қаржы ұйымдарының заемы құрайды. Тікелей инвестицияның 60%-ы мұнай өндіру мен өңдеуге, 10%-ы түсті металлургия, 5%-ы газ өндіру саласына, ал қалған белігі қара металлургия, пайдалы қазбаларды барлау, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және жаңа технологияларды енгізу мен ғылымды қолдау салаларын дамытуға салынды. Шетелдік инвестицияның Қазақстан экономикасына салыну мөлшері бойынша 1-орынды Жапония — 25,4%, 2-орынды АҚШ — 21,5%, 3-орынды Ұлыбритания — 17%-ын иеленеді.

ТМД және Балтық жағалауы елдері бойынша  халықаралық несиелік рейтинг берілген елдер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі 2-орын алады. Әлемдік Банктің мәліметі бойынша, дүниежүзілік несиелік рейтингте Қазақстан алғашқы 20 мемлекеттің қатарына енгізілген.[15; 244-245 бет]

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2.4 Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.

 

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар. Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

- экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;

- дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;

- инвестициялар: тікелей және портфельдік.

Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі. Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді. Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі.Олардың 2 нысаны бар:

- тікелей; 

- портфельдік. 

Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне  тәуекел ала отырып, республика экономикасына  шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен  басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу. Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

Тікелей инвестиция алушы елдерге қарыздық міндеттеме алғызбайды, сонымен бірге шетелден басқару және техникалық тәжірибелер алуға мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым түседі. Тікелей инвестиция әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас және фирмалар тарапынан оған мыналар жатады:

-өзі үшін тұрақты нарықты  тікелей қамтамасыз ету немесе  үшінші ел нарығына шығатын басқыш ретінде қолдануы;

Информация о работе Инвестициялар: түсінігі және олардың жіктелуі