Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2014 в 16:43, реферат
Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылыардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын, халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтынушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1.Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері.....................................4
2. Қаржы инвестициялары...........................................................................6
3. Инвестициялардың тиімділігін бағалау.................................................8
4. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау..........11
5. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері..............................................................................................13
6. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі.....................................................................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ……………………............................................................16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................17
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
1.Инвестициялардың маңызы,
мәні және түрлері.......................
2. Қаржы инвестициялары..........
3. Инвестициялардың тиімділігін
бағалау.......................
4. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау..........11
5. Мемлекеттің инвестициялық
қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері....................
6. Қазақстан Республикасындағы
инвестицияларды мемлекеттік басқару
жүйесі........................
ҚОРЫТЫНДЫ…………………….............
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылыардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын, халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтынушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.
Экономика құрлымын реформалау Қазақстанның қазіргі және келешек мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен мемлекеттік инвестициялық саясат негізінде жүзеге асырылады.Жинақталған қорлану деңгейінің жеткіліксіздігін, қозғалыстағы нарық капиталының болмауы, қаржы-несиелік ресурстарының шектеулігі инвестициялық саясат сипатын және оның іске асырылуының кезеңдігін қатаң түрде алдын-ала анықтайды. Инвестициялық саясаттың бастапқы кезеңдеріне тоқталатын болсақ онда мынадай міндеттер қойылған болатын. Бірінші кезеңнің міндеттері (1996-1998ж) макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу және өндірістік қорлану көздерін кеңейту үшін жағдайлар жасау еді. Екінші кезеңнің міндеттері (1998-200ж) өндірістің жандануы және экономикалық өсудің басталуы үшін алғы шарттар жасау болып табылады қаржыландыру көздерінің барлық түрі бойынша күрделі қаржыландыру үлесін 2000 жылға дейін ішкі жалпы өнімдерінің 26-27%дейін жеткізу, ал ол 1995 жылы 20% болған еді. Жұмыс жасап тұрған өндіріске күрделі қаржы салуды, оның даму қажеттілігіне және өзіндік құралдармен қалыптасуына есеп жасай отырып кәсіпорындар өздері жоспарлайды.. Құралдардың едәуір бөлігі темір жолдар мен әуе жолдары қатынастары объектілерінің құрылыстарына салуға көзделеді. Республиканың экспорттық қуатын көтеру үшін шетелдік капитал қатыстыруымен Батыс Қазақстан-Құмкөл, Атырау-Новоресей экспорттық мұнай құбырлар құрылып жұмыстары жалғастырылады. Маңғыстауда жаңа мұнай өңдеуші зауыт салынады, Атырау, Павлодар және Шымкенттегі зауыттар реконструкцияланып жәңе кеңейтіледі. Транспорт және байланыс саласында Қазақстанның халықаралық транспорттық магистральға шығу саясаты жалғастырылады. Өз құралдарымыз және жапондық инвестиция бойынша «Достық» станциясы салынады. Европалық даму банкісі несиелері есебінен Ақтаудағы теңіз порты қайта конструкяиланып, Алматыда аэропорт конструкцияланды. Қорыта келгенде, бұл курстық жұмысының мақсаты-инвестицияның мәні мен маңызын ашу.
1.Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметінің және нәтиежесінде пайда құрылатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық ұзақ мерзімді жұмсалымы. Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары—мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор,
өзінің өндірістік капиталының көлемін—өндірістік
негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады.Екінші
жағдайда инвестор бағалы қағаздардан
дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын
ұлғайтады. Сонымен қатар, инвестициялар
тікелей және жанама болып бөлінеді.Қазақстан
Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қорғау» заңы бойынша инвестициялар—республиканың
тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және
арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған
инвестициядан басқа барлық инвестиция
түрлері. Жанама инвестициялар—қоржындағы
инвестициялар, басқаша айтқанда құнды
қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.Инвестициялық
қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың
атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің
инвестициялық қоржынында жетекші рольге
ие болып отырған меншік инвестицияларға
және қайталама өтімді резервтер дейтінге,
яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік
міндеттемелерге бөлінеді. Инвестицияның
негізгі түрлері.Әр бір фирманың іс-әрекетінің
маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар
болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы
жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжрибеде мұндай инвестициялардың
түрлері: —табиғи активтерге инвестициялар;
—ақша активтеріне инвестициялар; —материалдық
емес активтерге инвестициялар; Табиғи
активтерге —өндірістік ғимараттармен
құрылымдар, қызмет уақыты бір жылдан
асатын әр түрлі машиналармен жабдықтар
және өндіріс процессінде қолданылатын
басұа да мүліктер жатады. Ақша активтеріне—басқа
да жеке тұлғалардан ақша қаражатын алуға
болатын құқық жатады.Мысалы,банкіде—
Кәсіпорындардың өндірістік—шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік—эконмикалық потенциялын сақтау және әр қарай дамыту.Кәсіп орындардың бұл саладағы іс-әрекеті—инвестициялық іс-әрекет деп аталады.Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы» бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады. Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процесстің қатысушылары жатады.Тапсырыс берушілерге—инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаның іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» заңдармен және де «Банкорттық жайлы», «Бағалы қағаздар нарығы жайлы» , « Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:
2. Қаржы инвестициялары.
Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындарды, кәсіпорындарға үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқада борыштық міндеттемелер, нарық экономикадағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады. Капиталды берудің формасы мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар ьорыштық және борыштық емес болып бөлінеді. Борыштық бағалы қағаздар-заттай емес активтерге берілген салым ретінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа қарызға берілген қаражат болып есептелінеді. Қарыз алуға алған қарызды белгілі бір белгіленген уақытта қайтаруға міндеттенеді.
Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысу үшін бағалы қағаздарды-акцияларды сатып алады. Акция-акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын,осы қоғамдарды және т.б дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі.Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестицилық жобаларды тақарады.Акциялар эмиссиясы-дегеніміз акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу,компанияның жарғы капиталын көбейту. Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты нақтайды.Қарыздық міндеттемелерге-облигациялар, мемлекеттік заемдар, банкілердің депозиттік және сақтау сертификаты, вексельдер жатады. Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді.Олар –опциондар, фъючерстік келісімдер. Опцион –еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құқығын беретін бағалы қағаздар. Қаржылық фьчерс –белгілі бір базистік активті болашақта тіркелген бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісім. Бағалы қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орнына берілетін бағалы қағаздардың сертификаттары бағалы қағаз болып есептелмейді. Олар бағалы қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамен , қандай сомаға бағалы қағаз сатып алынғаны көрсетіледі. Сертификаттың бір түріне –жамбо –сертификат немесе номиналдық құны өте жоғары аса ірі сертификат жатады. Мысалы:Швеицарлық жамбо –сертификат аса ірі акцияларды (1000 дана ) біріктіреді де, сомасы наминал бойынша 100 мың швейцарлық франк болады. Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқада да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдан көп), қысқа мерзімді(1 жылдан аз)қаржылық инвестициялар болады.Көрсетілген активтерге қаражат құюшылар –инвестролар,ал бағалы қағаздар шығарушылар –элименттер деп аталады.
Инвесторлардың негізгі мақсаттарына жататындар: -Салымдардың қауіпсіздігі;
-Салымдардың табыстылығы;
-Салымдардың өсуі;
-Салымдардың өтімділігі.
Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп,олардың тиімділігі жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып,талдау нәтижелерін салыстыра отырып,талдау нәтиежесінде анықтау қажет. Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі.Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру.Ол үшін инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады: Негізгі талдау аспектілері: Техникалық талдау.Инвестициялық жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау. Коммерциялық талдау (маркетингтік) Инвестицилық жобаны іске асырғаннан кейін, шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау. Институционалдық талдау –жобаны іске асырудың ұйымдық –құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау. Осы ортаны мемлекеттік ұйымдардың талабына сай келтіру; тағы бір басты жай –фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру. Әлеуметтік (әлеуметтік –мәдени) талдау жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу. Қоршаған ортаны талдау –жобаның қоршаған ротаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы анықтау және ондай кері әсерлерді болғызбау әдістерін қарастыру. Қаржылық талдау. Экономикалық талдау.
3. Инвестициялардың тиімділігін бағалау.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді.Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 наурыз 1994 ж бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді. Осы методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік –қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтиежелерін; бюджеттік тиімділік –жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; Экономикалық тиімділік –жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтиежелерді анықтауда қолданылады. Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындармен толтыратын нәтиежелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептелінеді. Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың –инвестициялық, операциялық, қаржылық іс -әрекеті қаралып, есепке алынады.Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады. Нақты ақшалардың ағыны –инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс -әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма.
Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) –инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс -әрекеттен болған ақша қаражаттарының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаны қабылдаудың қажетті критерий ретінде нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептеледі. Ал егер сальдо (қалдығы) –жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат алуы тиесілі.Инвестицицялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді. Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаржаттар болған жағдайда ғана анықталады.
Инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:
Бюджеттік тиімділіктің көрсеткіштері –жобаны іске асырудың нәтижелерінің жергілікті және аймақтық бюджеттің кірісі мен шығысына әсерін анықтайды. Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып –бюджеттік әсер (эффект) есептелінеді. Интегралдық бюджеттік әсер –жылдық дисконтталған бюджеттік әсерлердің қосындысы түрінде еспетелінеді немесе бюджеттің интегралдық шығыстарынан асып түсуі түрінде қарастырылады.