Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2014 в 16:43, реферат
Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылыардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын, халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтынушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1.Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері.....................................4
2. Қаржы инвестициялары...........................................................................6
3. Инвестициялардың тиімділігін бағалау.................................................8
4. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау..........11
5. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері..............................................................................................13
6. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі.....................................................................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ……………………............................................................16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................17
Бюджеттің шығыстарының құрамына
кіретіндер: жобаны бюджеттік қаражаттандыруға
тікелей бөлінген қаражаттар; ұлттық,
аймақтық және басқа да банкілердің жобаны
іске асыруға жеке қатысушыларға берген
несиесі. Олар қарызға беріледі де бюджет
арқылы жабылады; отын мен энергия
тасмалдаушылардың нарықтық бағасына
қосымшаға бөлінген тікелей бюджеттік
ассигновациялар; жобаны іске асыру
барысында жұмыссыз қалған адамдарға
жәрдемақылар төлеу; мемлекеттік бағалы
қағаздар бойынша төлемдер; шетелдік
және өз еліміздің қатысушыланрына, инвестициялық
тәуекелшілдіктен мемлекеттік, аймақтық
кепілділік; жобаны іске асыру барысында
туындауы мүмкін қатерлердің әсерлерін
кетіруге бюджеттен бөлінген қаражаттар
. Бюджеттің кірістерінің құрамына кіретнідер:
қосымша құн салығы, жобаны іске асыратын
шетел және Қазақстан кәсіпорындарының
бюджетке төлейтін арнайы салығы мен басқа
да салық төлемдері; жобаны іске асырудың
барысында қаржылық жағдайында әсер еткен
басқада кәсіпорындардан түскен салықтық
түсімдердің көбеюі; жоба бойынша шығарылған
өнімдерден бюджетке түскен кедендік
баж алымы мен акциздер; Жобаны орындауға
шығарылған бағалы қағаздардан иүскен
эмиссиялық табыс; Жобаны қаржыландыру
үшін шығарылған акциялар мен басқа да
бағалы қағаздардан түскен дивиденд;
Қазақстан және шетел жүмысшыларының
жоба бойынша орындағаны үшін алған еңбекақысынан
бюджетке түскен табыс салығы; Жер,
су және басқа да табиғат ресурстарын
қолданғаны үшін;жобаны орындау барысында
геологиялық –барлау жұмыстарын жүргізуге
берілген лицензия үшін бюджетке түскен
төлемдер; Жоба бойынша объектілер
салып, іске қосуға, барлауға конкурстар
мен тендерлер өткізуден түскен табыс;
Жобаны орындауға бюджеттен бөлінген
несиеге қайтару; Жобаға байланысты,материалдық,отын-
4. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
Қазақстандағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң (28 ақпан 1997ж) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі –инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен кемсілерден тұрады: -инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері; -жеңілдіктері мен артықшылықтары жүйесін белгілеу; -Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, біріңғай мемлекеттік органның болуы.Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты-экономиканың басым секторларында тауар өндірісін,жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамассыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі :бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының берген кепілдері,сондай-ақ,келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады.Ол Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру;инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамассыз ету;инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»заңды дамытуға байланысты ҚР Президенті 1997ж сәуір айының 5-ші жұлдызында тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасын басым секторларының тізімі жөнінде жарлық шығарды .Бұл секторларға жататындар:
5. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері.
Инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең Инвестициялық қызмет –дегеніміз «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс -әрекеттерінің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады:
а)күрделі құрылыс;
ә)иновациялық сфера;
б) қаржы капиталын пайдалану сферасы;
в)қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады.Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады. Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер шығындары ж.б, айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б) айналым қорларынан тұрады. Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельдік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек. Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельдік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау жәнет жүзеге асыру, осы іс -әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.
6. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай-ақ республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсаты мен инвестицияларды басқарудың заң шағаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың бір тұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, «Шетел инвестициялары туралы»заң (1991ж), «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже»(1993ж). «Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж) «Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі» ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж) «ҚР-дағы инвестициялық қорлар туралы» ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж)және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданады.Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады;жұмыс орындарын құру,инфрақұрылымды дамыту,елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциялын дамытудың өсу қарқыны мен әр тараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін,олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикадағы инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бір қатар негізгі кемшіліктерін анықтады.Олар мына төмендегіге салды:Шетел инвесторларымен жұмыс тәжрибесінің жоқтығы;несиелер бөлу,әсіресе,алғашқы кезеңде,оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамассыз етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу;Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің жетіспеушілігі; Шетел несиелерін беру мен олардың масатты қолдануын бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның жоқтығы; әлеуметтік, өндірістік, нарықтық, инфрақұрылымының жетілімегендігі,нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман қызметкерлерінің жетіспеушілігі. Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамассыз ету кіреді.Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды.Ынталандыру құрамына кемсілер кіру қажет: шетел мен отандық инвестролар үшін қолайлы климат жасау;жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық жобаны әлеуметтік –экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын –ала міндетті сарапшылаудан кейін, жарыс (конкурстық) негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халық –аралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік –коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейтті. Инфрақұрылымға салынған капиталдығы инвестицияның экономикалық өсуі мен өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдің мысалын тарих әлі білмейді. Сондықтан республикада жақын болашақта шамамен мемлекеттік инвестициялық ресурстардың 70% -ы өндірістік инфрақұрылымының кәсіпорындары мен объектілерін қолдауға бағытталынды. Бұл қаражаттар көбінесе әрекеттегі кәсіпорындар мен импортты алмастырушы өндірістерді реформалаумен байланысты жобаларды қаржыландыруға бағытталынды. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнер кәсіптік, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының,машина жасаудың,құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай,химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңбрінде жүзеге асыру қарастырылады.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
1.Жоспарлау
2.Бағдарламалау
3.Бюджетті дайындау
4.Орындау
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай –ақ, әр бір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған. Инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы инвестиция дегеніміз не екенін ұғынып, содан соң оның мәнін,мазмұнын, объектілерін және субъектілерін ашып түсінік беріп өттім. Себебі, менің тақырыбымның негізгі түйіні инвестиция деген ұғымға негіз болатын. Енді тақырыбымды аша отырып, өз ойымды айта кетейін. Азаматтар мен кәсіпорындардың, қаржы институттарының, мемлекеттердің арасында алуан түрлі әрі күрделі экономикалық процестер мен өзара қарым-қатынастар қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында ішкі және сыртқы нарықта капиталды көдейту мақсатында тиімді салым салу немесе инвестициялау—аса күрделі, маңызды мәселе. Кең мәнінде инвестиция дегеніміз —мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың пайда табу мақсатында жаңа кәсіпорындарды құруға, кеңейтуге, қайта құруға, техникалық қайта құралдандыруға, жылжымайтын мүлікті,сондай-ақ акциялар мен облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын ақша қаражаттары,мүліктік және интеллектуалдық құндылықтары. Инвестицияның экономикалық табиғаты кеңейтілген ұдайы өндіру процесінің заңдылығымен байланысты және оның мәні қосымша қоғамдық өнімнің бір бөлігін қоғамың өндірістік күші жүйесінің барлық элементтерінің саны мен сапасын көбейту үшін пайдалану болып табылады. Ғалымдар инвестициялау түсінігімен ең алдымен құрал-жабдықты, технологияны байланыстырады, сонымен қатар бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу процесінде қарастырады. Мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеліп орындалуы бар белгілі бір процесі болып табылады. Осы процестің әлеуметтік-экономикалық салалары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамассыз ететін белгілі бір механизм ретін бағалауға болады. Тақырыпты инвестиция негізінде қолдана отырып, үлкен мәлімет алдым деп ойлаймын, мәліметпен қатар түсінік ала отырып мен осы курстық жұмысымды қорытып аяқтаймын.