Лекция по "Инвестициям"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:46, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Инвестиции"

Содержание работы

Инвестиция және инвестициялық қызмет түсінігі
Инвестициялық қызметтің объектілері, субъектілері және салалары
Инвестициялар сыныптамасы

Файлы: 1 файл

1 лекция ФИКИ.doc

— 108.50 Кб (Скачать файл)

Лекция 1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі  инвестиция

    1. Инвестиция және инвестициялық қызмет түсінігі
    2. Инвестициялық қызметтің объектілері, субъектілері және салалары
    3. Инвестициялар сыныптамасы

 

    1. Инвестиция және инвестициялық қызмет түсінігі

 

«Инвестициялар  туралы» ҚР Заңына сәйкес (8 қаңтар 2003 жыл, № 373-ІІ) инвестициялар – бұл лизинг келісім-шартын жасаған мезеттен бастап лизинг затын, сонымен қатар оларға құқықтарды, инвесторлар тарапынан заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салған капиталын немесе кәсіпкерлік қызметте қолданылатын бекітілген активтердің ұлғайтылуын қоса алғанда мүліктің барлық түрлері (жеке тұтыну үшін арналған тауарларды қоспағанда).

Басқа сөзбен айтқанда, инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүлікті және зияткерлік құндылықтарды барлық түрлері, соның ішінде:

  1. өңдеусіз өткізуге арналған және импортталатын тауарларды қоспағанда, жылжымалы және жылжымайтын мүлік және мүліктік құқық;
  2. акциялар және коммериялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары;
  3. облигациялар және өзге де қарыздық міндеттемелер;
  4. инвестициялармен байланысты ақша қаражаттарына, тауарларған, қызметтерге және өзге де келісім-шарт бойынша талаптар;
  5. авторлық құқықтық, патенттерді, тауар белгілерін, өнеркәсіп үлгілерін, технологиялық процестерді, ноу-хауларды, нормативтік-техникалық, архитектуралық, конструкторлық және технологиялық жобалық құжаттарды қоса алғанда зияткерлік қызметтің нәтижеріне құқықтар;
  6. лицензиялау немесе мемлекеттік органмен ұсынылған өзге де нысанға негізделген қызметті жүзеге асыруға кез-келген құқықтар;
  7. Қазақстан Республикасы аумағында алынған және қайта инвестицияланған пайда.

Инвестициялық қызмет (инвестициялау) – бұл табыс алу және меншікті капиталды ұлғайту мақсатында шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын қаражаттар салымы.

«Инвестициялар  туралы» ҚР Заңына сәйкес, инвестициялық қызмет – бұл коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына қатысу бойынша немесе кәсіпкерлік қызметте қолданылатын бекітілген активтерді құру және ұлғайту бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

Инвесторлар – инвестициялық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар.

Инвестициялық жоба – жаңа өндіріс құру, әрекеті етіп отырған өндірісті кеңейту және жаңартуға жасалатын инвестицияларды қарастыратын іс-шаралар кешені.

Ұлттық инвестор – Қазақстан Республикасының тұрғылықты азаматы болып табылатын жеке тұлға, және (немесе) Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын ҚР-ның заңды тұлғасы.

Шетелдік инвестор – шетел заңды тұлғалары, шетел азаматтары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, сонымен қатар шетелде тұрғылықты тұратын, және азаматтығы бар елде шаруашылық қызметті жүргізу үшін тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтар.

ҚР заңды тұлғасы – бұл ҚР заңнамасына сәйкес ҚР аумағында құрылған (соның ішінде шетел қатысуы бар кәсіпорын) заңды тұлға.

Шетелдік заңды  тұлға  - Қазақстан Республикасынан тысқары шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсіпорын, ұйым, ассоциация және т.с.с.).

Шетел қатысуы  бар кәсіпорын – ҚР заңнамасына сәйкес ҚР аумағында құрылған және шетел немесе бірлескен кәсіпорын нысанындағы заңды тұлға.

Шетелдік кәсіпорын – ҚР заңнамасына сәйкес ҚР аумағында құрылған, толығымен шетел инвесторының меншігіндегі шетел қатысуы бар кәсіпорын.

Біріккен кәсіпорын – ҚР заңнамасына сәйкес ҚР аумағында құрылған, мүлігінің бір бөлігі (акция, үлес) шетел инвесторына тиесілі шетел қатысуы бар кәсіпорын.

Шетел инвестициялары – ҚР заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар, сонымен қатар ҚР заңды тұлғаларына шетел инвесторлары осы заңды тұлғаларды шешімдерін анықтауға құқықғы бар қарыздар (несиелер) ұсыну, және лизинг туралы ҚР заңнамасымен қарастырылған шарттарда лизинг затын ұсыну.

Тікелей шетел  инвестициялары – жаңадан құрылған және әрекеттегі ҚР заңды тұлғаларына жүзеге асырылатын, оларға қатысты шетел инвесторларының шешімдер қабылдауға құқығы болатын инвестициялар.

Шетелдік тікелей инвестициялары (ШТИ) – бұл бір ел шаруашылық бірлік-резидентінің екінші елде орналасқан кәсіпорын қызметіне тұрақты әсер етуді (әдетте кәсіпорынның 10 пайыздан кем емес үлесін иелену арқылы ұзақ мерзімді қатынастар орнатуы) алуға ұмтылуын айқындайтын халықаралық инвестициялық қызметтің санаты.

Қоржындық шетел  инвестициялары – шетел инвесторларымен жүзеге асырылатын инвестициялардың өзге түрлері.

Инвестицияларды келесі бағыттар бойынша бөлуге болады:

  • қаржылық активтерге инвестициялар;
  • қаржылық емес акивтерге ирнвестициялар.

Қаржылық  емес активтерге инвестициялар келесі элементтерді қамтиды (1-сурет):

 

 

 

 

 





 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Қаржылық емес активтерге инвестициялар элементтері


1.2 Инвестициялық  қызмет объектілері, субъектілері  және салалары

Қазақстан мемлекеттің инвестициялық қызмет объектілеріне мыналар жатады: негізгі қорлар, бағалы қағаздар, несиелер, ғылыми-техникалық өнімдер (2-сурет).

Инвестициялық қызмет субъектілері – инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жеткізушілер, заңды тұлғалар (банктер, сақтандыру және делдалдық ұйымдар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестің өзге де қатысушылары. Жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік, сонымен қатар мемлекеттік және халықаралық ұйымдар инвестициялық қызмет субъектілері бола алады. Инвесторлар инвестициялар нысанындағы меншікті, қарыз және тартылған қаражаттар салымын жүзеге асырады және оларды мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

 


Сурет 2. Инвестициялар  нарығының объектілері мен субъектілерінің  өзара әрекеттесуі

Инвестициялық қызмет субъектілері инвестициялық  салады әрекет етеді, онда инвестициялар  нақты жүзеге асырылады. Инвестициялық  сала құрамына мыналар жатады:

  • күрделі құрылыс саласы, онда салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына салымдар жасалады. Бұл сала тапсырыс беруші-инвесторларды, мердігерлердің, жобалаушылардың, жабдықтар жеткізушілерді, жеке және кооперативтік тұрғын үй құрылысындағы азаматтардың және инвестициялық қызметтің өзге де субъектілерінің қызметін біріктіреді;
  • инновациялық сала,  мұнда ғылыми-техникалық өнім мен интеллектуалдық әлеует жүзеге асырылады;
  • қаржылық капитал айналысының саласы, яғни ақша, қарыз капиталы және түрлі нысандағы қаржылық міндеттемелер.

 

    1. Инвестициялар сыныптамасы

Кәсіпорын инвестициялары келесі негізгі сипаттамалары бойынша жіктеледі (3-сурет):


 



 




 


 














 




 




 






 


 








 

Сурет 3. Кәсіпорын  инвестицияларының сыныптамасы


Жоғарыда берілген сурет негізінде әрқайсысына  жеке тоқталамыз.

Капитал салымының объектілері бойынша кәсіпорынның нақты және қаржылық инвестициялары болып бөлінеді.

Нақты (капитал құрушы) инвестициялар негізгі құралдардың қайта өндірісіне, инновациялық материалдық емес активтерге (инновациялық инвестициялар), тауарлы-материалдық құндылықтар запастарының өсіміне және кәсіпорынның операционды қызметін жүзеге асырумен немесе еңбек және персонал тұрмысын жақсартумен байланысты инвестициялаудың өзге де объектілеріне капитал салымын сипаттайды.

Қаржылық  инвестициялар инвестициялаудың түрлі қаржылық құралдарына, негізінен табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға капитал салымын сипаттайды.

Инвестициялық процеске қатысу сипаты бойынша тікелей және тікелей емес болып бөлінеді.

Тікелей инвестициялар инвестордың инвестициялау объектісі мен капитал салымын таңдауға тікелей қатысуын білдіреді. Әдетте тікелей инвестициялар капитал салымын өзге кәсіпорындардың жарғылық капиталына тікелей салу жолымен жүзеге асырылады.

Тікелей емес инвестициялар өзге тұлғалар (қаржылық делдалдар) арқылы инвестордың капитал салымын жүргізуімен сипатталады.

Қайта өндіру бағыттылығы бойынша жиынтық, реноваиялық және таза инвестициялар болып бөлінеді.

Жиынтық инвестициялар белгілі бір кезеңдегі негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта өндіруге инвестицияланған капиталдың жалпы көлемін сипаттайды.

Реновациялық  инвестициялар негізгі құралдар мен амортизацияланатын материалдық емес активтердің қарапайым қайта өндірісіне инвестицияланатын капитал көлемін сипаттайды. Сандық тұрғыда реновациялық инвестициялар әдетте белгілі бір кезеңдегі амортизациялық шегерімде сомасына теңестіріледі.

Таза  инвестициялар негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қайта өндірісін кеңейтуге инвестицияланатын капитал көлемін сипаттайды.  Сандық тұрғыда таза инвестициялар кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі амортизацияланатын капиталдық активтерінің барлық түрлері бойынша жиынтық инвестициялар сомасынан амортизациялық шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі көлемін білдіреді.

Табысқа тәуелділік дәрежесі бойынша туынды және автономды инвестициялар болып бөлінеді.

Туынды  инвестициялар таза табыс көлемінің динамикасымен оны тұтыну және жинақтау механизмі арқылы тікелей корреляцияланады.

Автономды инвестициялар таза табыстың қалыптасуы және бөлінуіне байланысты емес факторлар әрекетінің әсерінен туындаған капитал салымын сипаттайды. Мәселен, технологиялық прогресс, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі және т.б.

Инвестор-кәсіпорынған қатысы бойынша ішкі және сыртқы инвестициялар болып бөлінеді.

Ішкі  инвестициялар инвестор-кәсіпорынның өзінің операционды активтерін дамытуға капитал салымын сипаттайды.

Сыртқы  инвестициялар өзге кәсіпорындардың нақты активтеріне капитал салымын енемесе өзге шаруашылық субъектілерімен эмиссияланатын инвестициялаудың қаржылық құралдарына капитал салымын блдіреді.

Жүзеге  асыру кезеңі бойынша кәсіпорынның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялары болып бөлінеді.

Қысқа мерзімді инвестициялар бір жылға дейінгі кезеңдегі капитал салымын сипаттайды. Кәсіпорынның қысқа мерзімді инвестицияларының негізі болып қысқа мерзімді қаржылық салымдар табылады.

Ұзақ  мерзімді инвестициялар бір жылдан жоғары кезеңге жасалатын қаржы салымдарын блдіреді. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестицияларының негізгі нысаны негізгі құралдар қайта өндірісіне күрделі салымдары болып табылады.

Жүзеге асырылу сәйкестігі бойынша тәуелсіз және өзара тәуелді болып бөлінеді.

Тәуелсіз инвестициялар кәсіпорынның жалпы инвестициялық бағдарламасында (инвестициялық қоржын) автономды түрде (инвестициялаудың өзге объектілеріне тәуелсіз) жүзеге асырылуы мүмкін инвестициялау объектілеріне (инвестициялық жобалар, қаржылық құралдар) капитал салымын сипаттайды.

Өзара тәуелді инвестициялар реттілігі немесе кейінгі қолданысқа берілуі инвестициялаудың өзге объектілеріне тәуелді және тек олармен кешенді түрде жүзеге асырылуы мүмкін инвестициялау объектілерңн капитал салымын білдіреді.

Табыстылық деңгейі бойынша инвестициялардың келесі түрлері бар:

Информация о работе Лекция по "Инвестициям"