Лекция по "Инвестициям"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:46, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Инвестиции"

Содержание работы

Инвестиция және инвестициялық қызмет түсінігі
Инвестициялық қызметтің объектілері, субъектілері және салалары
Инвестициялар сыныптамасы

Файлы: 1 файл

1 лекция ФИКИ.doc

— 108.50 Кб (Скачать файл)
  1. Жоғары табысты инвестициялпар. Күтілетін таза инвестициялық пайда деңгейі инвестициялық нарықтағы осы пайданың орташа нормасынан мәнді түрде асатын инвестициялық жобалар мен қаржылық құралдарға капитал салымын сипаттайды.
  2. Орташа табысты инвестициялар. Бұл топтың инновациялық жобалары мен инвестицилаудың қаржылық құралдары бойынша таза инвестициялық пайданың күтілетін деңгейі инвестициялық нарықта қалыптасқан инвестициялық пайданың орташа нормасына сәйкес келеді.
  3. Төмен табысты инвестициялар. Инвестициялау объектісінің бұл тобы бойынша таза инвестициялық пайданың күтілетін деңгейі әдетте бұл пайданың орташа нормаснан әлдеқайда төмен болады.
  4. Табыссыз инвестициялар. Олар инвестор инвестициялық пайда алумен байланыстырмайтын инвестициялау объектілерін білдіреді. Мұндай инвестициялар әдетте әлеуметтік, экологиялық және экономикалықтан тыс өзге де әсерлер алуды көздейді.

Инвестициялық тәуекелділік деңгейі бойынша инвестициялар келесі түрде бөлінеді:

  1. Тәуекелсіз инвестициялар. Бұл капиталды немесе күтілетін табыстылықты жоғалтудың нақты тәуекелі жоқ немесе таза инвестициялық пайданың есептелген нақты сомасын алу кеплдігінің болуы бойынша инвестициялау объектілеріне қаражаттар салымын сипаттайды.
  2. Төмен тәуекелді инвестициялар. Тәуекел деңгейі орташа нарықтық тәуекелден төмен болатын инвестициялау объектілеріне капитал салымын сипаттайды.
  3. Орташа тәуекелді инвестициялар. Бұл топтың инвестициялау объекктілері бойынша тәуекел деңгейі орташа нарықтық тәуекел деңгейіне сәйкес болады.
  4. Жоғары тәуекелді инвестициялар. Инвестициялау объектілерінің бұл тобы бойынша тәуекел деңгейі әдетте орташа нарықтық тәуекелден мәнді түрде жоғары болады. Бұл топта ерекше орынды алып-сатарлық инвестициялар алады.

Кәсіпорын инвестицияларының өтімділік деңгейі бойынша келесі негізгі түролері қарастырылады:

  1. Жоғары өтімді инвестициялар. Ағымдағы нарықтық құны бойынша еш жоғалтуларсыз ақша нысанына жылдам ауыса алатын (әдетте бір айға дейінгі мерзімде) кәсіпорынның инвестициялау объектілері жатады. Кәсіпорынның жоғары өтімді инвестицияларының негізгі түрі ретінде қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жатады.
  2. Орташа өтімді инвестициялар. Бір айдан алты айға дейінгі мерзімді орташа нарықтық құны бойынша еш жоғалтуларсыз ақша нысанына ауыса алатын кәсіпорынның инвестициялау объектілері жатады.
  3. Төмен өтімді инвестициялар. Біршама уақыт өткеннен кейін ғана (жарты жыл және одан жоғары) орташа нарықтық құнын жоғалтпай ақша нысанына ауыса алатын кәсіпорынның инвестициялау объектілері жатады.Төмен өтімді инвестициялардың негізгі түрлеріне аяқталмаған инвестициялық жобалар, ескірген технологиялы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жеке көпке танымал емес кәсіпорындардың қор нарығында онша айырбасталмайтын акциялары жатады.
  4. Өтімді емес инвестициялар. Өз бетінше өткізіле алмайтын кәсіпорын инвестицияларының түрлері жатады (тек бүтін мүліктік кешен құрамында инвестициялық нарықта сатылуы мүмкін).

Инвестицияланатын капиталдың меншік нысаны бойынша жеке, мемлекеттік және аралас инвестициялар болып бөлінеді.

Жеке  инвестициялар жеке тұлғалардың, сонымен қатар мемлекеттік емес меншік нысанындағы заңды тұлғалардың капитал салымын сипаттайды.

Мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік кәсіпорындардың, сонымен қатар түрлі деңгейдегі мемлекеттік бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар қаражаттары есбінен капитал салымын сипаттайды.

Аралас  инвестициялар кәсіпорынның инвестициялау объектілеріне жеке, сондай-ақ мемлекеттік капиталдың салымын білдіреді.

Инвестициялық процесте капиталды пайдалану сипаты бойынша бірінші ретті инвестициялар, реинвестициялар және дезинвестициялар қарастырылады.

Бірінші ретті инвестициялар меншікті, сондай-ақ қарыз қаржылық ресурстары есебінен инвестициялық мақсаттар үшін жаңадан қалыптастырылған капиталды қолдануды сипаттайды.

Реинвестициялар алдында таңдалған инвестициялық жобалар, инвестициялар тауарлар немесе инвестициялаудың қаржылық құралдарын жүзеге асыру процесінде алдын-ала босату арқылы капиталды инвестициялық процесте қайталап пайдалануды білдіреді.

Дезинвестициялар – инвестициялық капиталды инвестициялық процесте оның кейінгі пайдалануынсыз инвестициялық айналымнан алу процесі (мәселен, кәсіпорын залалдарын жабу үшін). Оларды кәсіпорынның теріс инвестициялары деп сипаттауға болады.

Капиталды тартудың аймақтық көздері бойынша отандық және шетелдік инвестициялар деп бөлінеді.

Отандық инвестициялар аталмыш ел резиденттерінің инвестициялаудың түрлі объектілеріне ұлттық капиталдың (үй шаруашылықтары, кәсіпорындар немесе мемлекеттік органдар) салымын сипаттайды.

Шетелдік  инвестициялар аталмышь елдің иневстициялау объектілеріне бейрезиденттердің (заңды және жеке тұлғалары) капитал салымын сипаттайды.

Инвестицияланатын капиталдың аймақтық бағыттылығы бойынша ішкі және халықаралық нарықтағы инвестициялар болып бөлінеді.

Ішкі  нарықтағы инвестициялар аталмыш ел аумағындағы резиденттердің, сондай-ақ бейрезиденттердің капитал салымын сипаттайды.

Халықаралық нарықтағы инвестициялар (немесе халықаралық инвестициялар) аталмыш ел резиденттерінің оның ішкі нарығының шщекарасынан тыс жүзеге асырылатын капитал салымын сипаттайды.

Салалық бағыттылығы бойынша инвестициялардың сыныптамасына сәйкес салалар шеңберіндегі және қызмет сфераларындағы инвестициялар болып бөлінеді.Инвестицияларды сыныптаудың мұндай нысаны инвестициялық процесті ел көлемінде мемлекеттік реттеумен, сонымен қатар кәсіпорынның нақты және қаржылық инвестициялау процесінде жеке салалардың инвестициялық тартымдылығымен байланысты.

 


Информация о работе Лекция по "Инвестициям"