Ақшаның пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 11:23, реферат

Описание работы

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Содержание работы

Кіріспе ............................................................................................................... 3
I. Ақша жүйесі және ақша айналымы
1.1.Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі......................................................4
1.2.Ақша түрлері.................................................................................................7
1.3.Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы.................................................................................................................13
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы.........................................................................17
2.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы................20
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы.............21
2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы .......................................................24
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік...................................................................27
3.2. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта...................................................................................................29
Қорытынды .............................................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер .............................................................................................................................32

Файлы: 1 файл

акша.docx

— 69.76 Кб (Скачать файл)

Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол  және қолма-қолсыз ақшалар болып  бөлінеді. Сондай-ақ:

өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен  байланысты ақша айналымы;

таурлы емес сипаттағы есеп айырысулармен  байланысты ақша айналымы;

ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден  өтті және металл, қағаз, несие ақшалар  көмегімен жүзеге асырылды.

Құн заңы және оның айналыс аясында  пайда болу формасы, яғни ақша айналысының  заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан  барлық қоғамдық формацияға тән болып  келеді. Құн формаларының дамуына  талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

Оның пікірінше, ақша айналысының  заңының мәні ақшаның айналыс  қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын таурлар бағасы ақша айналысының  жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы  жүрген тауарлар мен олардың бағасының  деңгейі мен ақша айналысының  жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

Ақша айналысы заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын  анықтайды            

Тауарлардың бағаларының сомасы

                Ата =


Ақша айналымының саны

Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның  төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап  етуде.

Айналысқа қажетті ақша санын мынадай  бейнелеуге болады:

СТБ – НТБ + МТС - ӨТС

                            АҚ =


АОС

мұндағы А – айналысқа қажетті  ақша саны;

Стб – сатылатын тауарлар бағасының  сомасы;

Нтб – несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;

Мтс – міндеттемелер бойынша  төлемдер сомасы;

Өтс -  өзара өтелетін төлемдер сомасы;

Аос – айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.  

 Осындай жағдайларда айналысқа  қажетті ақша санына өндірістің  дамуының шарттарына тәуелді  болып келетін әр алуан факторлар  ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы  тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға  деген қажеттілік тауарлар және  көрсетілген қызметтер бағаларының  деңгейіне байланысты да анықталады.

Айналысқа қажетті ақша санына мыналар  кері ықпал етеді:  

несиенің даму дәрежесіне, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа  аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

ақша айналысының жылдамдығы.

Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы  ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын  монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса, онда айналысқа қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып  отырады.

Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын  банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолма-қол ақшалар айналысы қағаз  ақшалар айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

Ақша айналысын қолдап отыру  шарттары мен заңдары мынадай  екі фактордың өзара әрекет етуімен  анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген  қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы  ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті  ақшадан артық болса, онда ақшаның  құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып  алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.                       

 

 

2.2. Ақшаның металдық  теориясы және металл ақша  айналысы

 Ақшаның металлдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың  алғашқы қорлануы кезеңіндегі  меркантилистер жатады. Оларға қағамның  байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен  қатар ақшаны бағалы металлдармен  бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз  байлығы алтын мен күміс, яғни  бұлар өзінің табиғаты бойынша  нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фашистік  сипатта, себебі бұл теорияның  пайымдауынша ақшаның рөлінде  алтын, күміс сияқты кез келген  бағалы металл бола алады, ал  адамдардың тауар шаруашылығындағы  өндірістік қатынастарын сипаттайтын  ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.

Ресейде металлдық теорияның өкілі  атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының  негізі – ақшаға тек нағыз бір  ғана ақша деп қарау керек деген  қөзқарасы бар. Сперанский ең мықты  ақша материалы – күміс деп  санады. Объективті түрде, металдық жүйенің  негізінде жаңа төлем әдістері мен  формалары қалыптасты, олар несиеге  негізделді.

Неміс экономистері ақша деп тек  қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын  Орталық  банктің банкноталары да аталады  деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф  және М. Дебре, ағылшын экономисі  Р. Харрд халықаралық айналысқа  алтын стандартын енгізу идеясын  ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында  жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің  орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың  экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын  стандарты қайта оралуы мүмкін деп  санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды  түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын  стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының  өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл  ақша бірлігі құнының тым аса  ұлғаюына әкеліп соқтырып,  қасиетінің  жоғалуы т.б. пайда болды.

Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың N мөлшеріне берілген құжат  ретінде біртіндеп иелерінің  эмиссиялық орталыққа, Оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген  сенімсіздік, соғыстар және басқа да жағдайлар классикалық алтын  стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда  қарапайым тауар болса да алтын  ерекше орында тұрады.

Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі  экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды  инфляциядан сақтау құралы ретіндегі  қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды  өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін, адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады.

Көпестер классының бөлінуімен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның  қалыптасуындағы соңғы кезеңді  сипаттайды.

Монета –  ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

Монета бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық  құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында  мынадай түсініктемелер бар:

Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.

Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.

Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен, күміс монетаның  түсіне қарап шыққан.

Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар  пайда бола бастады. Олар айналыста  алтын монеталарды ығыстырып  шықты. Қағаз ақша айналысындағы  ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын  монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі  сынамасы бар металдан жасайды.

2.3. Ақшаның номиналистік  теориясы және қағаз ақша айналысы

Ақшаның номиналистік теориясы мерконтилистердің  металлизмге қарсы іс-әрекеті  болып табылады. Тауар өндірісі мен  айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнота түріндегі  несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстырубіртіндеп орын алды. Ақшалар  мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың  металдыққұрамын белгіледі.

Номинализмнің негізгі ережесі  төмендегідей:      

ақша идеалды есеп бірлігі болып  саналады және олардың көмегімен  тауарлардың айырбас құны анықталады;

Бұл бірлік ешқандай да ішкі  құнға  ие емес;

Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас  құралы ретінде қарастырылады. Адам Смиттің айтуынша, ақша – бұл  айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге  ие деп санайды:     

қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;

басқа тауар сатып алу мүмкіндігі.

Номинализмнің мәні неміс экономисі  Кнапптың еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:    

ақша – құқық тәртіптің өнімі, мемлекеттік бтліктің туындысы;

ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің  төлем күшімен жасалған төлем  белгілері болып табылады;

ақша негізгі қызметі – төлем  құралы.

Кнапп ақшаның мәні оның материалдық  белгісінде емес, оларды пайдалану  барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.

1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс  тұсында номинализм әрі қарай  дами түседі. Сөйтіп, Дж. М. Кейнс  алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы”,  “арбаның бесінші дөңгелегі”  деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға  қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз  етіп отыратын қағаз ақшаларды  жатқызды. Ол қағаз ақшалардың  алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының жеңісі деп  қарастырды. Кейнс барлық өркениетті  ақшалар пайда болуы металл  айналысының объективті заңдылықтары  мен капитализм тұсындағы тауарлы  өндірістің дамуымен сипатталатын  ақша айналымына деген қосымша  қажеттіліктерімен байланысты.

Сырттай қарағанда, қағаз белгілері  мемлекет тарапынан жасалған – толық  құнды ақшаның орнын алмастырушылар  тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды  құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есебінен пайда болды.

Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:

Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің  дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген  шаруашылықтық қажеттілігінен әлде қайда төмен.

Монеталардың тозуы және бүлінуі.

Мемлекеттік билік пен жалған монеталарды  жасаушылардың монеталарды бұзуы.

Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды  жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік  Америка өзінің тәелсіздігі үшін соғыста қаржыландыру көптеген мөлшерде “континентальдық ақшалар” шығарды.

Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп  бөлінуі нетижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.

Қағаз ақша – мемлекетің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға  айырбасталмайтын, еріксіз номиналға  ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын  және күмістің белгілері ретінде  пайда болды.

Қағаз ақшалар толық құнсыз болып  келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте  аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып  алу қабілетін сақтайды.

 Егер нағыз ақшалар айналыста  өзінің меншікті құнының арқасында  жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс  процесінде нарықтық құнға ие  болады. Мемлекет сол елдің шеңберінле  ғана оларға еріксіз өзіндік  құн белгілейді. Бұл жерде ол  ерікті түрде ақша бірлігінің  номиналды құнын белгілеп, кез-келген  купюрды шығаруы мүмкін. Осылайша, Қазақстанда 1993 жылы ең ірі  купюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюрлар шығарылған болатын

Алтынның белгілері ретінде  қағаз ақшалар пайда болды.Ақша бірлігінің ресми алтындық құрамы мемлекетпен  ерікті түрде белгіленіп, бірақ оның құны көрсетілмеді.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды  толық номиналдық бағасы бойынша  алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс  саласындағы ақшаның қызметтерін  толық құнды ақшаларыдң қызметтері арқылы атқарады.алтын стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар  қорлану қызметін де атқара бастады.

Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына байланысты олар өздерінің  жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы  әр түрлі себептерге байланысты болады:бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес щығыстарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынын алтынға дүниежұзілік ақша ретінде сұраныстың ұлғаюы; еңбек  өнімділігінің төмендеуі және тауао  массасының қысқаруы, т.б.

Мұның бәрі бағаның өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан  қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны  көтеріп отырады. Халық тұтынатын  тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе  береді. Баға – жалақы – баға  деген тізбек айнала береді.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға  тән нәрсе.                       

2.4. Ақша массасы және  ақша базасы

Ақша айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы  мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы