Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 13:35, дипломная работа

Описание работы

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Содержание работы

І. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
1.1. Жұмыссыздықтың түрлері, оның себептері және формалары
1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және Оукен заңы
ІІ ТАРАУ Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және бағалау
2.2 Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау
2.3 Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау
ІІІ ТАРАУ Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 ҚР тұрғындарын жұмыспен қамтуға мемлекеттің саясаты
3.2 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері
3.3 ҚР-дағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары
І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау..............
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс........................................................
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы............................................................
V. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы................................................................................................................
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары.......17
VІ. ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру.......................
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту............................................

Файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 190.05 Кб (Скачать файл)

І.  Жұмыссыздық туралы  жалпы  түсінік және оның теориялары

       1.1. Жұмыссыздықтың түрлері, оның  себептері және формалары 

       1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен объективті  негізі

1.3  Жұмыссыздық деңгейі және  Оукен заңы

ІІ ТАРАУ Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа  қарсы әлеуметтік саясатын талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы  жұмыссыздық жағдайын талдау  және бағалау

2.2 Кәсіпорынның  жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау

2.3 Жұмыссыздыққа қарсы  мемлекеттің әлеуметтік саясатын  талдау

ІІІ ТАРАУ  Қазақстан  Республикасында жұмыссыздыққа  қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру  жолдары

         3.1 ҚР тұрғындарын жұмыспен қамтуға  мемлекеттің саясаты

3.2 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты  реттеу әдістері

3.3 ҚР-дағы жұмыссыздық  мәселелерін шешудің жолдары

І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы  рөлі

1.1 Еңбек  нарығының қалыптасу механизмі  және теориялық талдау..............

1.2 Еңбек  нарығына сұраныс пен ұсыныс........................................................

1.3 Еңбек  нарығы және еңбек биржасы............................................................

V. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау

2.1 Қазақстан  Республикасында еңбек нарығының  қалыптасуы және дамуы................................................................................................................

2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері,  тенденциялары.......17

VІ.  ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары

3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру.......................

3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз  етуді дамыту............................................

 

Кіріспе

 

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан  экономикасында  күрделі  де  қарқынды  өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Қазақстанда  еңбек  сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс  салаларын  қалыптастыру  және  дамыту; ауыл шаруашылық  шикі заттарын терең  технологиялық  өңдеу  және  түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде  қолдап – дамыту  мақсаты және міндеті  анықталған. Бұл міндетті  іске асыру: 

  • біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
  • екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және  жалпы экономика тиімділігі артады;
  • үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРААУ.  Жұмыссыздық туралы  жалпы  түсінік және оның теориялары

    1.1 Жұмыссыздықтың түрлері  мен формалары

 

Жұмыссыздық күрделі экономикалық категория  ретінде бірнеше топтарға жіктеледі. Әдетте, жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрлері ажыратылады. Амалсыз  жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді және ол қолынан келеді, бірақ оған жұмыс  табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде  күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс  істемегенді қалап, айлығы ұсынылған  жалақыдан жоғары жұмыс орнын  іздеуді жалғастырады.

Көптеген  экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты  мына негізгі типтерге бөледі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық және технологиялық.

Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардаың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылары белгілі квалафикациясы бар жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы информация болмағанда немесе осы информация тым қымбат болғанда жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздық дәрежесі жаңа жұмыс істеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1-3 айға дейін).

Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық    өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың                      арасындағы профессионалдық-квалификациялық және территориялық                    сәйкессіздік - құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымында өзгерістер туындап, жұмысшы күшінің тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы  бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан алты айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Құрылымдық  жұмыссыздықтың бір формасына технология және жаңа жабдықтар енгізуімен байланысты технологиялық жұмыссыздық пайда  болып, ол адамдарды машинамен алмастырған  кезде, яғни адам күші қажеттіліктен  айырылғанда туындайды.

Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларды жыл бойында еңбекк сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.

Циклдық жұмыссыздық. Бұның нгізін экономикалық құлыдраумен және сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығырылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.

Осымен  қатар, нақты және жалған жұмыссыздық  болады. Бірінші жағдайда, адамның  еңбекке қабілеті мен ықыласы  болады, бірақ еңбек нарығында  түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды.                 Екінші - әртүрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды  сипаттайды. 

Жұсыссыздық ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке – маусымдық  және фрикциондық жұмыссыздық жатады.

Көріну сипаты жағынан жасырын  және ашық жұмыссыздық түрлерін ажыратады. Жасырын жұмыссыздыққа - берілген уақыт  кезінде экономикалық белсенді халық  санына кірмейтін адамдар жатады. Алайда, егер де ұсынылған жұмыс  олар үшін қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр. Ашық жұмыссыздыққа - жұмыс істмейтін, бірақ еңбек  қатынасы кәсіпорынмен ресми түрде  үзілмеген (осы себепті жұмыс  істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды. Тағы да бұған қоса конверсиялық, экономикалық, тоқырау, жоспар арасындағы жұмыссыздық түрлері болады. Конверсиялық армияның әскери өндіріске кешен салаларындағы қысқартуға байланысты болады. Экономикалық – нарық коньюнктурасының ауытқуына тауар өндірушілердің бәсекелестік күресте жеңілуіне байланысты болады және бұл жұмыссыздықтың түрі тұрақты сипатта болады. Жоспар арасындағы жұмыссыздық мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай қалса болады. Ал тоқырау жұмыс істегісі келмейтіндерге және де уақытша жұмыс істей алмайтындарға байланысты.

      Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.

      АҚШ Конгресінің экономикалық  статистика комиссиясының жүргізген  зертеуінің мәліметі бойынша  қазір  шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың  болуның ерекше себептері бар  екен. Батыс елдерінің мамандары  жұмыссыздықтың нысандарын екі  үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне – жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне – жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын – жұмыссыздықты ( фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.

      Біздің елдегі жұмыссыздықтың  негізгі нысандары жасырын және  фрикциондық  болып табылады. Нарық қатынастарының жасырын  және фрикциондық болып табылады. нарық қатынастарының қалыптасу  барысында жасырын жұмыссыздық  ашық жұмыссыздыққа  айнала  бастады. 138 мыңға таяу адамы бар  160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап  тұрды. Осындай кәсіпорындардын  2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен  босатылды, 25 мың адам еріксіз  демалысқа жіберілді. Жұмыссыздықтың  зардабын бәсендететін факторлардың  бірі  ғылыми – техникалық  прогресс. ҒТП, жаңа қосымша   жұмыс күшін қажет ететін жаңа  өндіріс түрлері мен шаруашылық  салаларын тудырады, ол материалдық  өндіріс саласында еңбек етуге  қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен  қамтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми  – техникалық революция жағдайында  жұмыспен қамтуды тұрақты   түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

 

 

 

                 1.2  Жұмыссыздықтың мәні мен  объективті негізі

 

Жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Ересек адамдарды  еңбек нарығының қатысуышысы  ретінде бірнеше негізгі категорияларға бөледі. Еңбекке қабілетті адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек  етуге қабілеті бар адамдар. Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі  олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс  істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдардаы бөліп қарау керек. Нарықтық емеске - мемлекеттің әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын  адамдардың қатарына экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.

Жұмыс күшіне жұмыспен жұмыспен қамтылғандар мен  жұмыссыздар жатады. Жұмыс күшінің  құрамына кірмейтіндер жеке категория  болып бөлінеді. Осыларға жұмысы жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына сәйкес келмейтіндер жатады. Осындай адамдарға  еңбек нарығында жұмыс істеуге  бейімділігі жоқ деп болжау жасалады. Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ әртүрлі себептермен жұмыс  істеуден бас тартқан адамдар  категориясы болады, бұл былайша  айтқанда, жұмыс табудан күдер  үзген адамдар. Адамдардың осы категориясы  жұмыссыздарға кірмейтін адамдарға  жатады.

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген                       әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер  еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі  психикалық жүк көтереді. Қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т.б. Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашанда болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықтық экономиканың қалыпта қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.

Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, әрі  жұмыссыздар қатарына кімді жатқызу  керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және тағы да басқа сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл  мәселелер шиеленісе түсті, өткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне  байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.

Қазақстан Еңбек Кодексінде кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені  жазылған. Соған қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін  бағалау өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызылатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті  себеппен жұмыспен қамту жөніндегі  қызмет орындарында тіркелмейді. Оған себеп-осы қызмет орындарының жұмысқа  орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын  білмеуі және тағы солай сияқты. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын  көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы  мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін  шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің  ынтасымен өндіріс біраз уақыт  тұрып қалады. Қызметкерлер жұмыс  істеушілер қатарында есептелінеді, ал шынында жұмыссыз болып келеді. Мұндай адамдар өзін-өзі және жақын  адамдарын белгілі кәсіпорынға  жататындығымен жұбатады. Бұл құбылысты  жұмыстан босамаған қызметкерлер жұмыссыздығы деп атауға болады. Ең соңында жұмыссыздық  деңгейін есептерде біраз адамадардың  көлеңкелі секторда істейтіндігі ескерілмейтіндігін айта кеткен жөн.

Информация о работе Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары