Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 13:35, дипломная работа

Описание работы

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Содержание работы

І. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
1.1. Жұмыссыздықтың түрлері, оның себептері және формалары
1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және Оукен заңы
ІІ ТАРАУ Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және бағалау
2.2 Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау
2.3 Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау
ІІІ ТАРАУ Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 ҚР тұрғындарын жұмыспен қамтуға мемлекеттің саясаты
3.2 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері
3.3 ҚР-дағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары
І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау..............
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс........................................................
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы............................................................
V. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы................................................................................................................
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары.......17
VІ. ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру.......................
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту............................................

Файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 190.05 Кб (Скачать файл)

Сонымен, жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен  еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ  жұмыс істей алады және жұмыс  іздеп жүрген адам. Ал халықаралық  еңбек ұйымының анықтамасы бойынша, жұмыссыз деп - табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам табылады.

      

         1.3  Жұмыссыздық деңгейі және  Оукен заңы

 

Экономика ресурстарды қаншалықты жақсы қолданатынына  байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурстардың бірі  жұмыс күші және оны тиімді пайдалану – экономикалық саясаттың маңызды мақсаты. Жұмыссыздық  деңгейі – экономикалық белсенді халық ішіндегі жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз  түрінде). Статистика агенттігі ай сайын  жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды. Жұмыс күші – жұмыссыздар  мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл  жұмыс күшінің жалпы санындағы  жұмыссыздардың пайыз түріндегі  анықталуы. Демек,

                 Жұмыс күші =  жұмыс істейтіндер  саны + жұмыссыздар саны

                 Жұмыссыздық деңгейі =  жұмыссыздар саны * 100 %

                                                             жұмыс күшінің жалпы саны   

Ол Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) әдісі бойынша және әр     мемлекеттің  арнайы заң нормаларымеен  есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл –  мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенттігі  шұғылданады. Статистикалық мәліметтерде  соңғы кезде екі көрсеткіш  есептелініп жүр: жұмыссыздықтың ресми  және жалпы деңгейі.

Жұмыссыздықтың масштабын азайту мақсаты ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделді. Өйткені  жұмыссыздықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсаты қойып  керегі де жоқ. Толық жұмысбастылық  кезендегі жұмыссыздық деңгейі  уақытша жән құрылымдық деңгейлерінің  қосындысына тең. Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде  жұмыссыздық деңгейі циклдық  жұмыссыздық нольге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық  кезіндегі жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың  табиғи деңгейі” деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “экономикалық  өндірістік әлуеті” деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі  жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табағи деңгейі. Еңбек күші нарықтары тепе–теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Бірақ еңбек рыногының бұл жағдайында кәсіптік біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін.

Жұмыссыздық нарықты қатынастардан  туады, сондықтан ол экономикадағы  өзгеріспен тығыз байланысты. Жұмыс  істейтіндер өзгеріс тауарлары  мен көрсетілген қызмет түрлеріне  байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар  – атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық  деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ  көлемінің төмендеуіне әсерін тигізді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен  ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік. Мұны ең бірінші болып осы экономист  Артур Оукен зерттеген. Оның есептеуі бойынша, егер ЖҰӨ 2,7% өссе, жұмыссыздық  деңгейі өзгермейді; ал ЖҰӨ қосымша  тағы 2% өссе жұмыссыздық деңгейі  бір пайызға азаяды және керісінше, ЖҰӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық  деңгейін көтереді. Оукен заңы жұмыссыздық  деңгейі мен ЖҰӨ арасында байланысты көрстеді:

                                 Y-Y*

                               ¾¾¾   =  - ß (u-u*)

                                   Y*

Мұндағы       Y – нақты өнім көлемі;

                      Y* – потенциалды ЖҰӨ;

                      u – нақты жұмыссыздық деңгеййі;

                      u* - табиғи жұмыссыздық деңгеййі;

                      ß – эмпирикалық коэффициент.

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. Мемлекет пен  кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы  әлеуметтік саясатын талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы  жұмыссыздық жағдайын талдау  және бағалау

 

Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агенттігінің мәліметтері  бойынша 2008 жылы Қазақстанның халық  саны 15,2 млн адамды құрады, соның  ішінде 8,6 млн (56,6%) қала және 6,5 млн (42,8%) ауыл халқы. Экономиканың тұрактануы еңбек  нарығында жұмыс күшіне сұраныстың өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуының  артуына нақты алғышарттар жасайды. Халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 15 және одан ересек жастағы саны 2008 жылы 7,9 млн адамнан асып жығылды. Республика экономикасының әртүрлі  саласында өткен жылы 7,3 млн. адам жұмыс істеді. Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 79,2 мың адамға немесе 1,1%-ке артық. Жұмыс  істеушілердің жартысынан астамы (3,8 млн, адам) - ерлер, 48% (3,5 млн. адам) - әйелдер. Жұмыс істейтін халықтың едәуір бөлігі қалалық жерлерде шоғырланған - 4,1 млн. адам немесе жұмыс істейтіндердің жалпы  санының 56,2%. Ауылдық жерлерде 3,2 млн. адам немесе 43,8% жұмыспен қамтылған.

Еңбек нарығында жыл сайын жұмыссыздық  деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. 2008 жылы оның деңгейі 8,1% болды, бұл алдыңғы  жылға қарағанда 0,3 пайызға төмен. Еуростаттың деректері бойынша  Еуропада  жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы 8,4% құрады (Германияда - 9,5%, Польшада - 17,2%, Чехияда - 7,8%,  Латвияда - 8,3%,  Литвада - 6,8%).

Жұмыссыз халықтың саны (табысты  кәсібі жоқ, жұмыс іздеуші және оған дереу кірісуге дайын адамдар) өткен  жылы 640,7 мың адамды құрап, 2005 жылға  қарағанда 18,1 мың адамға (2,7%) қысқарды. Жұмыссыздардың жалпы көлемінен  қалалық жерлерде 402,7 мың адам (62,8%), ауылдық жерлерде - 238,1 мың адам белгіленді. Қалалықтарда жұмыссыздық        деңгейі - 9%, ауылдықтарда - 7% болды.

Еңбек нарығында бәсекеге қабілеті төмен адамдар бұрынғысынша әйелдер  мен жастар (15-24 жас) болып отыр. Әйелдердің сандық басымдығы байқалады.

Жұмыссыздық деңгейі біліміне қарай  ерекше көрінеді. Өткен жылы жоғарғы  білімі бар жұмыссыздар 4,5%-ті, кәсіптік орта білімі барлар -7,5%-ті, жалпы орта білімі барлар- 10,4%-ті құрады. Жұмыссыздардың жалпы көлемінде кәсіптік орта және жалпы орта білімі барлар басымдық танытады - тиісінше 25%-ті және 39,8%-ті құрайды. Бұл ретте жұмыссыз әйелдерде  білім алу деңгейі жоғары: жоғарғы  білімі барлар жұмыссыздардың ішінде олар 60%, кәсіптік орта білімі барлары - 66% болып отыр.

 

 

 

 

 

Сурет 1

 Қазақстан  Республикасында 2001-2005 жылдары жұмыссыздық  көлемі мен деңгейі

2007 жылы олардың саны 99,5 мың адам  немесе ерлерге қарағанда 36,8%-ке  көп болып, 370,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі әйелдерде  9,6%, ерлерде - 6,7% болды. Жалпы жұмыссыздардың  ішінде жас адамдардың үлесі  - 28,6% немесе 183,5 мың адам болды.  Жастардың жұмыссыздық деңгейі  - 13,4%, бұл оның елдегі орташа  шамасынан 5,3 пайыздық шамада  көп. Анықтама үшін: 2005 жылы Еуро-аймақ  елдерінде жұмыссыздық деңгейі  ерлерде 7,4%, әйелдерде - 10%, жастардың  жұмыссыздығы (25 жастан төменгілер) -17,8% болған.

 

 

Кесте 1.

Жұмыссыз халықты  жынысы және жасы бойынша бөлу

 

 

2003

2004

Барлығы

соның ішінде

Барлығы

соның ішінде

еркектер

әйелдер

еркектер

әйелдер

Жұмыссыздар барлығы

соның ішінде:     

690,7

283,8

407,0

672,1

281,4

390,7

15-24 жас аралығында

193,1

94,9

98,2

188,5

91,8

96,8

25-54

467,1

172,4

294,8

457,1

175,6

281,4

55-64

30,2

16,3

13,9

26,5

14,0

12,5

65 және одан асқандар

0,4

0,3

0,1

-

-

-

 

2005

2006

Барлығы

соның ішінде

Барлығы

соның ішінде

еркектер

әйелдер

еркектер

әйелдер

Жұмыссыздар барлығы

соның ішінде:     

658,8

281,1

377,7

640,7

270,6

370,1

15-24 жас аралығында

191,6

96,3

95,3

183,6

94,7

88,9

25-54

436,3

169,5

266,8

426,0

159,8

266,2

55-64

30,9

15,2

15,7

31,1

16,1

15,0

65 және одан асқандар

-

-

-

-

-

-


 

2006 жылы 501 мың жұмыссыз немесе 78,2% адамның экономика саласының  әртүрлі саласында еңбек қызметі  тәжірибесі болды. Олардың негізгі  бөлігі (21,7%) бұрын ауыл шаруашылығында  жұмыс істегендер. Сауда саласында  табысты кәсіппен жұмыссыздардың 14%, өнеркәсіпте-10%, құрылыста-7,3%, көлік  пен байланыста-5,4%, білім саласында-5,2% шұғылданған.

 

 

 

Сурет 2.

2002-2006 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі

 

Жұмыссыз ерлердің қатары негізінен  бұрын аграрлық секторда, құрылыста, көлік пен байланыста жұмыс істеген  адамдар есебінен, ал әйелдер қатары - денсаулық сақтау, білім, сауда, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс  істегендер есебінен толықты.

Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың  теңсіздігі, тиісті біліктіліктегі жұмыстың жоқтығына байланысты жұмыссыздарға  сұраныстың жоқтығы еңбек нарығындағы  ахуалды күрделендіре түседі. Өткен  жылы 235,6 мың жұмыссыз немесе олардың  жалпы санының 36,7% "ыңғайға келетін" не кез келген жұмыстың жоқтығын атап көрсеткен. Таратылуы, штаттың қысқаруы немесе жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты кәсіпорындар мен  ұйымдардан жұмыстан шығып қалған адамдар  биылғы жылы 138,2 мың адамды немесе бүкіл  жұмыссыздардың 21,6%-ін құрады. Өз еркімен 85,3 мың адам (13,3%) жұмыстан шыққан. Оқу  орнын бітіргеннен кейін 82,8 мың  адам немесе 12,9% жұмыссыз қалған.

Соңғы жылдары ұзақ мерзімді жұмыссыздық  деңгейінің төмендеуі байқалады. 2006 жылы оның деңгейі 4,3% болды. Бұл 2005 жылғы  көрсеткішке қарағанда 0,8 пайыздық шамаға төмен. Алайда ұзақ уақыт бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамдардың үлесі әлі де едәуір. Биылғы жылы 229,4 мыңнан аса адамның жұмысы (кәсібі) болмады. Бұл олардың жалпы санының 37,3% болады. Бір және одан ұзақ бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар  ішінде әйелдер басымдық танытады - 67%. ¥зақ мерзімді жұмыссыздық ерлерде 3,1%-ке, әйелдерде - 5,6%-ке жетті.

1 айдан 6 айға дейін жұмыс  іздеп жүргендер 246,7 мың адам  не-месе барлық жұмыссыздардың 38,5%-і  болды, 6 айдан 12 айға дейін жұмыс  іздеп жүргендер тиісінше 116,1 мың  адамды және 18,1%-ды құрады. 114,2 мыңнан  аса адам бұрын еш жерде  жұмыс істемеген, бұл жұмыссыздардың  жалпы санының 18,6%.

Жұмыссыз халыкңың жартысына дерлігі (48,3%) жалдамалы қызметкерлер ретінде  жұмыс іздестіруде. Олардың 67,5%-і  мемлекеттік ұйымдарда, 24,2% - мемлекеттік  емес ұйымдарда жұмыс істеуді  қалайды, 51% кез келген жұмысты істеуге  дайын.

Жұмыспен қамту проблемасы шағын  қалалар мен тоқыраған ауылдық  өңірлерде аса өткір болып  отыр. Республикада еңбек нарығының  жай күйінің мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде  жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың  тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың кәсіптік – біліктілік құрылымының сәйкессіздігі  және халықтың еңбек ұтқырлығының ттөмен болуы себепті жергілікті еңбек  нарықтарындағы жұмыс күшінің бір  мезгілдегі тапшылығы жағдайында қазіргі  уақытта Қазақстанда оған сұраныстың жеткілікті екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі  органдардың ай сайынғы бос орындар  банкі 15-17 мың бірлікті құрайды. Бірақ  кәсіптік белгісі бойынша жұмыс  күшіне сұраныс пен ұсыныстың  сәйкессіздігінен айына бір бос  жымыс орнынан есеппен 7-10 жұмыссыз үміттенеді.

2.2 Кәсіпорынның жұмыссыздыққа  қарсы жүргізетін әлеуметтік  саясатын талдау

 

Жұмысбастылықты жақсарту және жұмыссыздықты  төмендетудің негізгі бағыттары  жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына әсер ету жолымен жүзеге асырылады (3 сурет). Әр бағыт пен шараларды  жүзеге асыру аймақтық және кәсіпорын  деңгейінде сәйкес экономикалық механизмдардың құрылуын қажет етеді.

Жұмыс күшіне сұраныстың қалыптасыу жұмыс берушінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарына бағынады. Оның басты ұстанатын мақсаты  – пайда табу үшін өзі басқаратын кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету.

Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі  бағыты – жұмыс орындарын сақтау және модернизациялау, жаңа жұмыс орындарын  құру және артық және тиімсіздерін жою. Бұл шаралар аймақтық және жергілікті басқару орындарының қолдауымен әрекет ететін кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

Екінші бағыт – кәсіпкерліктерді дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын  құру. АҚШ тәжиребесінде шағын  кәсіпорындар арқасында он жаңа жұмыс  орындары ішінен сегізі құрылады. Жаңа кәсіпорындарды құрумен қатар жұмыс  күшіне сұраныстың кеңейюіне әрекет ететін ірі кәсіпорындарда ішкі кәсіпкерлікті  дамыту да әсер етеді.

Үшінші бағыт – ақы төленетін  қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл  бізге шетелдік тәжиребеден келген. Жұмыссыздарға жергілікті басқару  органдарының иелігіндегі обьектілерде құрылыспен, жөндеу, жинастыру, қызмет көрсетумен байланысты уақытша жұмыс  берумен түсіндіріледі. Бұл бағытты  пайдалану аясы оның кәсіпорындарда таралуы есебінен кеңеюі мүмкін. Бұл  жағдайда кәсіпорын өзінің тікелей  міндеттеріне кірмейтін жұмыстар шеңберін анықтайды.

Төртінші бағыт – еңбек потенциалын  пайдалану мүмкіндігі шектелген  тұлғалар үшін жұмыс орындарын құру. Бұл бағыт бойынша тапсырыстарды  орындау кезінде жұмыстардың  мазмұны мен сипаты жеке адамның  физикалық мүмкіндіктерінің шектеулігін  ескеру керек.

Жұмыс күші ұсынысының қалыптасуы жұмысшының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын көрсетеді. Оның ұстанатын басты  мақсаты – мазмұны бойынша, еңбек  шарты мен еңбекақы бойынша қанағаттандырылатын  жұмысқа орналасу.

Жұмыс күші ұсынысын қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі бағыты –  кәсіптік – квалификациялық тұрғысынан оның сапасын жақсарту, дамыту және жетілдіру. Басты назар кәсіпкерлер, менеджерлер, маркетинг бойынша  мамандар және басқа да нарықтық инфрақұрылым қызметкерлерінің дайындығына және біліктілігін жоғарлатуға аударылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдары