Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 14:18, реферат

Описание работы

Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр. XVIII-XIX ғасырларда экономикалық теория ғылыми пән ретінде «саяси экономия» деп аталған.XIX ғасырдың соңғы отыз жылдарында саяси экономия «экономикс» курсымен ауыстырылды. Ағылшын тілді елдерде бұл пән осы атпен дамуда. Бүгінгі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

Файлы: 1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_ (1).doc

— 2.72 Мб (Скачать файл)

Кәсіпкердің қаралып  отырған қызмет түрі материалдық, еңбек, қаржы ақпараттық ресурстарды пайдаланумен тығыз байланысты. Сондықтан да тәуекелділік бұл ресурстарды толықтай немесе кейбір бөліктерін жоғалту қаупі жөнінде болуы мүмкін. Бұдан басқа тәуекелдің апатты аймағы да болады. Мұндағы шығынның ең көп мөлшері кәсіпкер мүлкінің құнына тең келеді. Бұл жағдайда кәсіпорын қарызын төлеуге дәрмені болмай, күйрейді.

Сондықтан да ол өзі төлеуге дәрмені жетпей, мүлкін сатып, кәсіпорынды жабуға мәжбүр болады, оны кәсіпкерліктің формалары мен ерікті экономикалық түрлерінен көруге болады.

 

5.2. Фирма және кәсіпкерлік

 

1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері. Кәсіпкерліктегі тәуекел

2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктері

3. Фирма - нарықтық қатынастар жүйесінде. Фирма теориясы

4. Фирманың жетілген  және жетілмеген бәсеке нарығындағы  экономикалық тепе-теңдігі

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда, нарық атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу  үшін экономикалық тәуекелге баратын  меншік иесі ретінде сипаттады.

 Кәсіпкерлік тәуекелі әлеуетті қауіп-қатерлі болады. Ресурстарды  жоғалту немесе ресурстарды  тиімді пайдалану жолымен белгілегенге қарағанда табысты кем алу қаупімен сипатталады. Былайша айтқанда, тәуекелділік кәсіпкерлерге белгіленген жоспарға, жобаға қарағанда қосымша шығын жұмсау қаупінің төнуі.

Егер тәуекелділік ресурстарды  жоғалту немесе кірісті азайту қаупімен анықталатын болса, онда абсолютті  түрде анықтаумен, оны материалдық-заттай формасында немесе ақша формасында да өлшеуге болады.

Сөзсіз, тәуекелділік ықтималды  категория, бұл мағынада алғанда ғылыми тұрғыдан неғұрлым негізделген және белгілі деңгейде шығын болуы ықтимал, сонымен қатар оны өлшеуге де болады.

Тәуелділікті жан-жақты  талдап, бағалағанда абсолютті және салыстырмалы түрде мүмкін болатын шығындар көлемінің әрқайсысының пайда болуының ықтималдығын жеке қарастырған жөн.

Ықтималды қисық сызықты  сызу -  тәуекелділікке баға берудің  алғашқы сатысы. Бірақ та шамамен мұны кәсіпкерлікке келтіру аса күрделі міндет болып табылады.

Тәуекел – айтып өткендей кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, пайыздық.

Енді тәуекелділіктің кейбір негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтелік. Осы мақсатпен шығын көлеміне байланысты тәуекел жасау аймағын бөлу қажет.

Егер шағын қуат болмайтын  болса, онда оны тәуекел жасалмайтын  аймаққа жатқызуға болады.  Ал, тәуекел жасау аймағына – кәсіпкерлік  қызмет түрінің экономикалық жағынан пайдалылығының болуын жатқызуға болады. Мұнда, әрине, шығын болады, бірақ, оның мөлшері алынатын пайдадан аз.

Келесі неғұрлым  ең қауіпті болатын – қиын-қыстау аймағы.

Мұнда шығын көлемі алынуға  тиісті пайдадан асып кетуі де мүмкін, тіптен бұл аймақта кәсіпкерлік іске жұмсалған барлық шығындардың орыны толмай қалу жағдайына жетуі де мүмкін Мұндай жағдайда кәсіпкер өз ісінен зиян шегіп, барлық шығынды өз мойнына алады.

Жоғарыда аталған мүдделерге байланысты шағын кәсіпкерлікке  қатысты мемлекет саясаты екі бағыттан тұрады: бірінші – дамуды қолдау, екіншісі – мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді қосу.

Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің  «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік  қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы» Жарлығы оң ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай кезек күттірмес мәселелер ауқымы айқындалған:

- шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттар құру;

- шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдау;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);

- шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу – ол үшін кәсіпкерлікті дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру.

Қазіргі уақытта Ақмола мен Қостанай облыстарынан басқа  барлық аймақта іс жүзінде шағын  кәсіпкерлікті қолдау жөнінен құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылған.

«Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдар дайындалып, қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.

Осы заңдар бойынша шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.

Шағын кәсіпорындардың  кейбір салаларындағы қызметтерді экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда статистикалық есеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер, яғни жалпы ұғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар табысты болып келеді екен.

Кәсіпорындардың  және оларда жұмыс істейтін жұмыскерлер  санының тұрақтамауы, шағын бизнестің  тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәсіпкерлердің өндірістен және инвестициядан  «қашуы» сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер, қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады. Мәселен, оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржылық қаражаттың шектеулігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық  және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік  құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процестерді бақылау және оларды теңестірудің  жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық,  жергілікті ұлттық экономиканың айрықша секторы түрінде бүтін секілді өмір сүріп, дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген.

Шағын кәсіпкерліктің бірсыпыра сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың өзіндік сипаты ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:

<p class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439

Информация о работе Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі