Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 14:18, реферат

Описание работы

Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр. XVIII-XIX ғасырларда экономикалық теория ғылыми пән ретінде «саяси экономия» деп аталған.XIX ғасырдың соңғы отыз жылдарында саяси экономия «экономикс» курсымен ауыстырылды. Ағылшын тілді елдерде бұл пән осы атпен дамуда. Бүгінгі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

Файлы: 1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_ (1).doc

— 2.72 Мб (Скачать файл)

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек - бұл  қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Мұндай күрделі проблемаларды  шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары  - бұл тауарлар  мен қызметтер  жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрлі болады:

1. «Табиғи» - өндірісте  қолдану үшін  әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.

2. Материалдық» - бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.

3. «Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық,  кәсіптік-біліктілік және мәдени  білім беру» параметрлері бойынша  бағаланатын еңбекке қабілетті  халық.

4. «Қаржылық» - қоғам өндірісті  ұйымдастыру үшін  ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.

Кез келген қоғамға тән  табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға  қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды  құрайды.

Өндіріс факторлары - бұл  өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының  нарығы ресурстарға деген сұраныс  өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі  субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды  бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды - жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да  ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.

Еңбек - тікелей өндіріс  процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік - «еңбек»  факторының  бір түрі, табысты  өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.

Нарықтық экономикада  өндірістің әрбір факторы оның  меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда,  өндіріс «қоғамдық процесс»  саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы  қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

 

4.3. Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері

Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс  аясындағы салалардан және материалдық емес  салалардан қалыптасатын экономиканың салалық құрылымдарының жиынтығынан тұрады. Бірінші топтағы салаларға мыналар жатады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік пен байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтандыру және т.б. Екінші топқа кіретіндер: мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.

Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық экономикалық құрылым болады. Нақты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл экономикалық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар, мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шығыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып саналады.

Экономикалық аудандар құрылымына, нақтылы ауданның жекелеген сала кәсіпорындарының, оның табиғи ресурстарымен, жол қатынастарымен және экономикалық-географиялық жағдайларымен үйлесетін шаруашылық кешендерін немесе аумақтық-өндірістік кешендерін құрайды. Макроэкономикалық мақсаттарды шешетін экономикалық өсу негізінде қоғам мүшелерінің өмірлік қызметінің оңай жағдайларын қамтамасыз етуі ұлттық экономиканың мақсаты болып саналады.

Макроэкономикалық мақсаттар  ұзақ мерзімдік немесе қысқа мерзімдік болуы мүмкін, оған қол жеткізу үшін мемлекет саяси құралдар жиынына иелік етуі тиіс. Оған елдің бюджет, салық, несие, ақша, валюта жүйелері жатады,олар саясаттың монетарлық және фискалдық екі түрі арқылы көрінеді. Бірінші, ақша-несие және валюта жүйесі тұтқаларын пайдаланумен байланысты, ал екіншісі - салық жүйесін манипуляциялау жүйесі арқылы байланысады.

Бұрынғы және қазіргі  ұрпақтардың  еңбегімен жинақталған  материалдық игілік ұлттық саясатты бағалаудың басты өлшемі болып саналады. Байлық - бұл адамдар нені бағалайды, соның барлығы, яғни материалдық қана емес, сонымен бірге материалдық емес: табиғи ресурстар, кәсіптік білім, адамның қабілеті, бос уақыт болып саналады. Қоғамдық байлықты заттай және ақшалай формада көз алдыға елестетуге болады. Қазіргі уақытта адамдардың байлығын бағалау өзгеруде. Бұл көпшілік жағдайда, нормативтік категория және қандай да бір байлықты бағалау адамның пайымдауынан тыс өзге байлық өмір сүрмейді. Былай деп айтуға болады: байлық - бұл адамның таңдауын кеңейтетіннің барлығы немесе оның балама мүмкіндіктері. Төсекте сал болып ауырып,   жатқан миллионерді бай деп айтуға бола ма, жоқ па?

Халықтың жан басына шаққанда қоғамдық өнімнің өсу қарқыны макроэкономикалық даму көрсеткіштерін бағалаудың басты өлшемдері болып саналады. Дәл осы экономикалық өсудің қарқынынан, қоғамдық өнімді көбейту және қарқынын арттырудан ұлттық экономиканың тиімділік деңгейі көрініс табады,демек, аталмыш қоғамның экономикалық дамуының таңдап алынған моделдері, түрлері мен әдістері көрініс табады.

Ұлттық экономиканың жұмыс істеуінің нәтижелері, белгілі бір кезеңдердегі материалдық-заттық, интегралдық немесе жалпы нәтижелер, көп жылдық нәтижелер - ұлттық экономиканың жинақталуы болып саналады.

Ұлттық экономиканың материалдық-заттық нәтижелері - қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ) - белгілі бір  кезеңдегі   бүкіл кәсіпорындар өндірген материалдық игіліктер (өнімдер). Бұл жерде басты орынды ұлттық жалпы өнім (ҰЖӨ) алады.

Ұлттық жалпы өнімнің  құрамына өндірістің өндірілген бүкіл  құралдарының, тұтыну заттары мен  қызметтерінің құны, сондай-ақ шетел аумағында аталмыш ел субъектілерінің өндіріс факторларын пайдаланудан алған кірістері кіреді.

Ұлттық жалпы өнімді дұрыс өлшеу үшін оған шетелде  өндірілген өнімдер  құны (салықтар мен басқа төлемдерді алып тастағаннан  кейінгі) - түпкі өнімдер кіреді. Түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ) - бұл тікелей тұтынуға арналған.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) - амортизациялық аударымдарды шегеріп тастағандағы, жаңадан жасалған құнына сәйкес барлық салалар өнімдерінің жиынтығы.

Одан жанама салықтарды шегеріп тастағаннан кейінгі (сатудан салықтар, акциздер, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер мен кеден баж салықтары) таза ұлттық өнім сомасы ұлттық табысты (ҰТ) білдіреді. ҰТ - бұл өндіріс факторының иелеріне жататын: жер, капитал және еңбек, жеке тұтынуға жұмсалатын шығындар - жиынтық табыс. Ол сондай-ақ  бюджетке түсетін табыс салығы, өндірістік емес салалардағы қызметтерге жұмсалатын шығындар, корпорацияның пайдалары, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарналар түрінде қайта бөлінеді. Ұлттық табыстың акциялар мен трансфертке дивиденттер мен жиынтықтағы қалған бөлігі ғана жеке табысты құрайды және ол тұтынуға пайдаланады.

Экономикалық әдебиеттерде адам қажеттіліктерін бастапқы (төменгі) және қайталама (жоғары) (Американ экономисі А.Маслоу және оның пирамидасы) қажеттіліктерге бөлу жиі пайдаланылады. Бірінші қажеттіліктерге жататындар - тамақ, сусын, киім, түс және т.б.

Екіншіге - адамның рухани, жеке қызметімен байла-нысты қажеттіліктер - өзін-өзі айқындау,  білім беру, өнер-дегі, ойын-сауықтағы, қоғамдық құрмет қажеттіліктері.

Адам, қоғам қажеттіліктері өзгеріссіз қалмайды, олар адамзат өркениетінің эволюциясымен қоса дамып отырады және қоғамдық өндіріс құрылымы - материалдық және материалдық емес деп айқындайды. Шектеулі ресурстардан жасалған материалдық және материалдық емес байлықтар бір тауарды, бір қызметті, бір өндіріс түрін таңдауды білдіреді. Сондықтан да экономикада не сатып алынады сол ғана талданбай, сонымен бірге неден бас тартады (өндірілмейді) солар да талдауға жатады.

Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның әл-ауқат деңгейі бірқалыпты  болу үшін қолда бар ресурстарды тиімді жұмсауға  мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады. Бұған әрбір мүмкін варианттардан алынатын пайданы салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Баламалы пайда варианты баламалы құнды құрайды.

Сөйтіп, қандайда бір  формадағы пайда қоғамның әл-ауқат деңгейін қамтамасыз етеді. Әл-ауқат деңгейі - ел азаматтарының тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етушілік дәрежесін, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз өмір сүруге қажетті өмір жағдайларымен  қамтамасыз етушілік дәрежесін көрсетеді.

БҰҰ сарапшылары былай  деп санайды, әл-ауқат деңгейі  үш негізгі көрсеткіш:

  1. Өмірдің орта параметрі;
  2. Сауаттылық деңгейі;
  3. Халықтың жан басына шаққандағы кірістері-нен тұратын адам дамуының индексімен сипатталады.

Өмір сапасы - материалдық  игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, білім алу, мәдениетке мүмкіндігі, дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесі және қоршаған орта жағдайын енгізе отырып, адамдар өмір сүретін жағдайлардың кешенді сипаттамасы.

Сөйтіп, адам қажеттіліктері  абсолютті және салыстырмалы, бастапқы және қайталама, жоғары және төмен, тікелей және жанама, нағыз және болашақтағы болып бөлінеді.

4. Өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық игіліктердің үздіксіз айналысы.

Экономикалық даму - бұл өзіне сандық және сапалық өсуді біріктіретін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторлардың тұтастай кешенінің өзара байланысты әрекеті. Қазіргі экономика ХІХ ғасырдың соңындағы экономикадан өзгеше көрінеді, өйткені меншік қатынастарында ұлттық табысты бөлуде маңызды өзгерістер болды, әлеуметтік қорғау саясаты мен ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу  саясаты пайда болып қалыптасты.

Экономикалық даму  процесін дұрыс түсіну үшін экономиканың барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс процесімен байланысын қарастыру қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылар бір-біріне жалғасып қана қоймай, уақыт ағыны сияқты болып тұрады.

Өндіріс нақты заттай өнім жасайды: өндіріс құралдары және тұтыну заттары. Бұл - машиналар, құрал-жабдықтар, нан, ет, маталар, киім, яғни адамның өмір сүруіне және дамуына қажеттердің барлығы.

Жыл ішіндегі өнімдерді бөлу сол  елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы:  нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.

Айырбас (айналым) еңбек бөлінісі  және мамандану негізінде жүзеге асырылады, сондықтан да, бұл біртұтастық бір формада өзінің еңбек нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің мүмкін жолдары болып табылады. Бұл - «ақша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу - сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.

Тұтыну - кез келген өндірістің түпкі  мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс пен шаруашылық қызметі  өзінің мағынасын жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасын жоғалтады.

Тұтынудан соң оны жаңамен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс - бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі  ешқашан да үзілмейді.

Осы төрт фазаның барлығы  бір мезгілде жүзеге асырылады, өйткені осы фазаның біреуінің тоқтауы тізбектің ажырауына және қоғамның құлдырауына әкеледі. Ұдайы өндіріс процесі төмендегі 4.1 кестеде көрсетілгендей жүзеге асырылады:                                              

4.1 кесте

Қоғамдық ұдайы өндірістің жалпы кестесі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестеде көрініп тұрғандай, бөлу фазасы мен тауарлар айырбасынан  соң олардың барлығы тұтынылмайды, яғни әдеттегідей тауарлардың бір бөлігі резерв, қосалқы қор түрінде жинағыштарда сақталады және қажеттіліктің туындауына қарай пайдалануға түседі.

 

4.4. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс

Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады.

Информация о работе Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі