Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Бюджет- ақшалай қатынастар жүйесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе- теңдігіне қол жеткізуге көбіне- көп бюджеттік реттеу құралдары сәкес келеді. Бюджет экономикалық ықпал ету әдісі ретінде экономикалық өсуді ынталандырады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттік бюджеттің түсінігі және оның құрылымы ..............................5
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылу принциптері..............................................................................................................7
1.3Шетелдердегі бюджет жүйесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері...............9

ІІ. Қазақстан Республикасының ұлттық экономикадағы мемлекеттік бюджет ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын қаржыландырудағы рөлі.......................................................................................10
2.2 2010-2011 жыдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау..........13
2.3 Қазақтандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен рөлі................................14

ІІІ. Ұлттық және жүйедегі мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және жетілдіру шаралары
3.1 Мемлекеттік бюджет жүйесінде кездесетін мәселелер...............................16
3.2 Бюджеттік жүйесін шешу жолдары...............................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................22

ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ мемлекетт бюджет.doc

— 154.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

І. Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық  негіздері

1.1 Мемлекеттік бюджеттің  түсінігі және оның құрылымы ..............................5                                                                                                                                              

1.2 Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі  және оның құрылу  принциптері..............................................................................................................7

1.3Шетелдердегі бюджет жүйесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері...............9

 

ІІ. Қазақстан Республикасының  ұлттық экономикадағы мемлекеттік бюджет ерекшеліктері

2.1 Мемлекеттік бюджеттің  кірісін  толтырудағы және  шығындарын қаржыландырудағы рөлі.......................................................................................10

2.2 2010-2011 жыдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау..........13

2.3 Қазақтандағы  мемлекеттік  бюджеттің орны мен рөлі................................14

 

ІІІ. Ұлттық және жүйедегі мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және жетілдіру шаралары

3.1 Мемлекеттік  бюджет жүйесінде кездесетін  мәселелер...............................16

3.2 Бюджеттік  жүйесін шешу жолдары...............................................................18

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................20

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................22

 

ҚОСЫМША

 

КІРІСПЕ

 

Бюджет- ақшалай  қатынастар жүйесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе- теңдігіне қло жеткізуге көбіне- көп бюджеттік реттеу құралдары сәкес келеді. Бюджет экономикалық ықпал ету әдісі ретінде экономикалық өсуді ынталандырады.

Қазақстан Республикасының  Бюджеттік кодексінің 4- бабында  бюджетке келесідей түсінік берілген: « Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры ».Бюджеттің формасы-қаржылық жоспар, материалдық негізі- орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым- қатынас, заңнамалық белсендіруі- заң.

«Бюджет» деген  көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей  түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:

- ол өз алдында  жеке бір экономикалық категория;

- ол мемлекеттің  ақша қаражаттарының орталықтандырылған  қоры;

- ол экономиканы  реттеуге арналған құрал ( бюджеттік  механизм арқылы );

- ол мемлекеттің  негізгі қаржы жоспары;

- ол барлық  бюджеттік қарым- қатынасқа қатысушылар  міндетті түрде

   орындайтын  заң.

Бюджет экономикалық қарым- қатынасқа негізделгендіктен  объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың суюъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттіліктерге байланысты.                                   

1991 жылы қабылданған  « Бюджет жүйесі туралы »  Қазақстан Республикасының заңы  республикамыздың бюджет жүйесін қайта ұйымдастырудағы аса маңызды құжат болды деп білеміз. 1991 жылы 17 желтоқсанда қабылданған жаңа заң Қазақстан Республикасының бюджеті қалыптастыруының негізгі қағидаларын, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың салық төлеу, басқа да төлемдер мен бюджеттен қаржы бөлу жөніндегі бюджет қарым- қатынасын айқындады. Бұл заңның негізгі ұстыны мемлекеттің бюджет жүйесі бөліктерінің- республикалық және жергілікті бюджеттердің дербестігі болып табылады.

Облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандардың, поселкелік, селолық және ауылдық  бюджеттер жергілікті бюджетке жатқызылды.

1995 жылы 30 тамызда  Қазақстан Республикасының екінші  Конституциясын қабылдау, экономикалық  және саяси жағдайлардағы өзгерістер, нарықтық экономикаға көшу, 1995 жылы Салық кодексінің қабылдануы, Қазынашылық органдардың құрылуы 1996 жылғы 24 желтоқсанда « Бюджеттік жүйе туралы » Қазақстан Республикасының екінші заңын әзірлеу және қабылдауға себепші болды. Бюджет жүйесінің негізгі реформалары осы Заңмен енгізілді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатта болады. Мемлекет шарушылықтың басым слаларын қаржыландыруға, бүкіл қоғам масштабында  әлеуметтік- мәдени іс- шараларды өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы шығындарын жабуға керекті орталықтанған ресурстарды қажет етеді. Сондықтан, құнды үлестірудің ерекше бөлігі рнтінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық міндеттемелерді орындайды, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Қаржылық қатынастардың  жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің  де қаржы тәрізді ерекшеліктері  бар: бюджеттік қатынастар үлестірушілік  сипатта болады, ақшалай нысанда  жүргізіледі.

 

 

І. Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері

 

1.1Мемлекеттік  бюджеттің түсінігі және мемлекеттің  экономикасында алатын   орны

 

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатта болады. Ол жеке үлестіруші сфера ретінде  объективті түрде қоғамдық өндіріспен белгіленеді. Мемлекет шаруашылықтың басым салаларын қаржыландыруға, бүкіл қоғам масштабында әлеуметтік- мәдени іс- шараларды өткізуге қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы шығындарын жабуға керекті орталықтанған ресурстарды қажет етеді.Сонымен құнды үлестірудің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық міндеттемелерді орындайды; жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Қаржылық қатынастардың  жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің  де қаржы тәрізді ерекшеліктері бар: бюджеттік қатынастар үлестірушілік сипатта болады, ақшалай нысанда жүргізіледі, мақсатта ақшалай қаражат қорлардың құрылуы мен пайдалануымен қатар жүреді. Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың қаржы ұғымынан ерекшк арнайы спецификасы бар[1; 584].

Мемлекеттік бюджет құндық үлестірудің спецификалық сферасы  ретінде мынадай ерекеліктерге  ие:

  1. жалпы қоғамдық өнім құнының бөлігі мемлекетке жинақталуы мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланудың ерекше үлестірушілік қатынастардың экономикалық нысанын білдіреді.
  2. ұлттық шаруашылық салалары, территориялары экономика секторлары, қоғамдық қызмет сфералары арасында құнды қайта бөлуге бағытталған.
  3. тауарлы нысандағы қоғамдық өнімнің қозғалысымен байланысты емес жүзеге асырылатын құндық үлестіру стадиясан білдіреді

Мемлекеттік бюджет кез- келген экономикалық категория  ретінде өндірістік қатынастарды белгілейді және соған сәйкес мтериалы- заттық сипаттқа ие: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталық ақшалай  қаражат қорларына яғни бюджеттік  қорға материаландырылады.Бюджеттік қор- құндық үлестірудің белгілі сатыларынан өтіп және кеңейтілген дайы өнірістің қажеттілігін қанағаттандыруға, тұрғындардың әлеуметтік- мәдени қызмет көрсетулерін, қорғаныс және басқаруды жүзеге асыру үшін мемлекетке түсетін қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың объективті экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың құрылуы мен қолданылуы құнның үлестірушілік және қайта үлестірушілік қозғалысының процесін сипаттайды[2; 79].

Экономикалық  категория ретінде мемлекеттік  бюджет мемлекет пен қоғамдық өндіріске қатысушылар арасында қоғамдық өнім құнының үлестірілуі мен қайта үлестірілуі процесінде орталықтанған ақшалай қаражат қорлардық құрылуы және оны кеңейтілген ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдаланудың ақшалай қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік бюджет қаржы тәрізді үлестірушілік және бақылаушылық функция атқарады. Аталған функция іс- әрекеті бюджеттік қатынастардың ерекшелігі арқылы анықталады.

Бюджет ұдайы  өндірістік процесте маңызды экономикалық, әлеуметтік және саяси рөл атқарады. Халық шаруашылығының неғұрлым прогрессивті, басым салаларын бюджеттік қордан қаржыландыра отырып бюджет ұлттық табыстың салалар арасында қайта үлестірілуін де басты басты рөл алады. Бюджет арқылы рентабельділігі жоғары салалардың табыстары рентабельдігі салаларға қайта бөлінеді. Бюджеттік қор есебінен өндірістік емес сфера ұйымдары мен мекемелерін ұстау жұмысшы күшінің ұдайы өндірісінде маңызды, үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, бюджет арқылы әкімшілік территориялар арасында, табыс қайта бөлінеді, жеке шаруашылық субъектілері бюджетті қаржыландыра алады. Сөйтіп, бюджет арқылы Ұлттық табыстың 30-40 проценті қайта үлестіріледі.

Бюджеттік қорлар шаруашылық субъектілірі иелігіндегі  ақшалай қорлар үлесін қысқарта отырып, жекелеген салалардың экономикалық белсенділігін сақтап қалады және керісінше, бюджеттік қаржыланбдыру, субсидиялар қоғам қажеттілігіне сай келетін басым, маңызды салалардың дамуына қосымша мүмкіндік береді. Субвенциялар мен трансферттер территориялар арасында Жалпы Ұлттық Өнімнің қайта үлестірілуінде басты рөл атқарады.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстан  Республикасының бюжет жүйесі  және оның құрылу  

 

Бюджеттік жүйе- мемлекеттің қаржы жүйесінің  негізгі буыны болып табылады. Бюджеттік жүйе дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға бюджеттің барлық түрлерінің жиынтығы. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық- мемлекеттік құрылымымен анықталады. Унитарлық құрылымда нкі буынды бюджеттік жүйе қолданылады: орталық бюджет және жеогілікті бюджет. Ал федеративтік жүйеде орталық бюджет ( одақтық, федералдық, республикалық ) федерация мүшелерінің бюджеттері және жергілікті бюджеттен тұратын үш буынды жүйе қолданылады. Екі жағдайда дп бюджеттің әртүрлі деңгейдегі ерекшеліктері және дербестіктері бар, бірақ әлеуметтік- экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне сәйкес орталық бюджеттің төменгі бюджетке қатысты реттеуші рөлі сақталады. Қазақстан республикасының бюджеттік жүйесінің құрамын келесі суреттен көруге болады ( Қосымша Г).

Бюджет жүйесі біртұтастық, толықтылық, нақтылық, жариялық принциптеріне негізделеді.

  1. Біртұтастық приципі бюжет жүйесінің орталықтандырылуының ұйымдастырушылық- экономикалық деңгейін білдіреді. Біртұтастық принципі, әсіресе, КСРО-ның бюджеттік жүйесінде нақты көрінген. Біртұтастық мемлекет аумағындағы мемлекеттік табыстардың ортақ жүйесі болуымен және мемлекеттік шығыстардағы бір түрлілігінен көрінеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлаудың ұйымдастырыдлу мен әдістемесінің біртұтастығына және әлеуметтік- экономикалық болжамдармен өзара байланысына кепіл болады. Бұл принциптің міндеті бюджеттік қаражаттардың қозғалысына Парламент тарапынан бақылауды бекіту болып табылады. Біртұтастық принципі бірыңғай құқықтық базамен, бір ақша жүйесінің болуымен, бірыңғай бюджеттік сыныптау мен құжаттаманы қолданумен қамтамасыз етіледі. Бюджеттік жүйенің біртұтастығы бюджеттің барлық деңгейлерінің өзара қатынасына негізделеді және бірыңғай әлеуметтік- экономикалық, сонымен қатар салық саясатымен жүзеге асырылады.
  2. Толықтылық принципі үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте шоғырлануын, барлық жиналатын түсімдер мен жасалатын шығыстар, әрбір бабында барлық түсімдер мен мемлекеттің шығындары көрсетілген бюджеттің құрылуын білдіреді. Әлемдік тәжірибеде бұл принцип қазіргі кезде онша маңызды болып табылмайды. Ал Қазақстанда мемлекеттік қаржылық қорларды құрудың орталықтанған тәсілдері қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс зейнетақы қорлары, әлеуметтік сақтандыру қорларының қаражаттары қосылған.
  3. Нарықтылық принципі бюджеттік тізімдеменің жалғандығының алдын алу мен шектеуге қажет. Ол мемлекеттің қаржылық операцияларын бюджеттен нақты көрсетілуін, бекітілген суммаларын бюджеттік бағыттардың атқарылуы мен сәйкестігін қарастырады. Нақтылық даму бағдарламалары мен болжамды көрсеткішіне негізделген барлық табыс көздері мен шығыстарын бағыттарының есептеулерінінің негізділігімен анықталады.
  4. Жариялық принципі бюджеттің құрамы мен құрлымымен, дефицит және оны жабу жолдары мен қоғамды таныстыру үшін бюджеттің кірістері ме шығыстарының мәліметтерін баспаға шығаруды білдіреді.

    Жергілікті  бюджеттің қалыпты және тиімді  қызмет еуінің басты шарты  блып дербестік және баланстылық  табылады.

Бюджеттік дербестік  бюджет жүйесінің барлық буындарының  өзіндік және заңмен бекітілген кіріс көздері мен заңдермен белгіленген билік органдарының өкілеттілігінде бюджеттік қаражаттарды пайдалану құнын қамтамасыз етеді.

Бюджеттік баланстылық  бюджеттік-қаржылық саясаттың басты  талабы болып табылады. Белгілі бір  органдар мен бюджетті әзірлеу мен бекітуде бюджет тапшылығының шекті мөлшері тағайындалады. Бюджеттік дефиитті ақшалай қаражаттардың ремиссиясы арқылы жабу заң бойынша рұқсат етілмейді. Бюджеттік тапшылықты табудың негізгі нысандарына: мемлекеттік зайымдар шығару жіне несиелік ресурсстарды пайдалану жатады. Дефицитті азайту немесе жою мақсатында секвестр қолданылады. Секвестр – мемлекеттік шығыстарды барлық баптары бойынша ( тек баптардан басқа

белгілі бір  процентке пропорционал азайту. Қорғалған  баптардың құрамы республика Парламентімен  және жергілікті билік органдарымен анықталады.

Қазіргі уақытта  Қазақстан Рсепубликасының бюджет жүйесі 3 мыңға жуық жергілікті бюджет, оның ішінде 21 облыстық, облыс қарамағындағы 50 қалалық, аудандар қарамағындағы 38 қалалық, қалалар қарамағындағылар 42 аудандық, 2396 ауылдық бюджеттерден тұрады [6-121 б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

1.3 Шетелдердің  мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы

 

      Әр елдің бюджет жүйесінің  құрамы мемлекеттің ұлттық-мемлекеттік  құрылымымен анықталады.  Ресей  Федерациясының Конституциясына (71 және 31 баптар) және Бюджеттік кодексіне (10-бап) сәйкес бюджет жүйесі 3 деңгейден тұрады:

  1. федералдық бюджет мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
  2. Ресей Федерациясы субъектілердің бюджеті мен аймақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
  3. жергілікті бюджет.

Ресейдің бюджеттік  жүйесі федералдық бюджет, 21 республикалық  бюджет, 55 аймақтық және облыстық бюджет, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының  бюджеті, автономды облыстардың 1облыстық бюджеті, 10 округтік және бюджет және 29 мыңға жуық жергілікті бюджеттен тұрады (Қосымша Д ).

Ресей Федерациясының бюджеттік  кодексіне сәйкес (48 бап) салықтық түсімдерді бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша  бөлгенде Ресей Федерациясы субъектілерінің  бюджетінің түсімдері жалпы бюджеттің 50 процентінен кем болмауы керек. Бюджет жүйесінің буындарының арасында негізгі бюджеттік салықтардың бөлінуін келесі кестеден көруге болады      (Қосымша А) [1-35б.].

Информация о работе Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері