Қазтұтынуодағы
Қарағанды
Экономикалық Университеті
Реферат
Жүйе ретіндегі
ұлттық экономика
Орындаған:ТПП-21к тобының студенті
Смаилова Л
Тексерген:Сүйіндіков Ж.С
Қарағанды-2013 жыл
Мақсаты: қоғам дамуындағы ұлттық
экономика және оның көрсеткіштері
құрылымының, мемлекеттің жиынтық
қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық
өнім көрсеткіштерінің мәнін түсіндіру,
оларды өлшеу әдістерімен таныстыру,
нарықтық ұлттық байлықтың құрамы мен
құрылымын қолданудың қажеттілігін,
орны мен рөлін анықтауға бағыттау,
сонымен қатар қоғам дамуындағы
экономикалық өсу типтері мен
факторлары негізінде экономикалық
өсудің қарқынын түсіндіру, олардың
нарықтық экономикадағы қолдануы мен
рөлін анықтауға бағыттау.
Дәріс жоспары:
ұлттық экономиканың құрылымы.
жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім:
есептеу әдістері.
ұлттық табыс: өндіру, бөлу, қайта
бөлу.
макроэкономикалық тепе- теңдіктің
теориясы.
экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері
және факторлары.
«Қазақстан-2030» Президент Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына
жолдауындағы Қазақстан экономикасы
дамуының басымды бағыттары.
Дәріс тезистері:
Ұлттық экономика ұзақ мерзімді,
қысқа мерзімді мақсаттардың және соғай
орай фискалдық саясаттың стратегияларын
зерттейді және олардың негізгі
зерттеу объектісі болып табылады.
Ұлттық экономика макроэкономикалық
көрсеткіштерді анықтау, экономикалық
тәртіп пен экономикалық саясатты зерттейді.
Ұлттық экономиканың негізгі мақсаттары
келесідей: экономикалық өсу; экономикалық
тиімділік; бағаны тұрақтандыру;
экономикалық еркіндік; табыстардың
әділ салынуы; экономикалық қамтылу
кепілдігі; сыртқы сауда байланысын
нығайту.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс
екі типте болады: экстентивті
және интенсівті.
Экстенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс
бұрынғы техникалық негіздегі өндіріске
қосымша еңбек пен материалдық-
заттай ресурстарды қосу арқылы жүзеге
асады, бірақ жұмыскерлердің біліктік
деңгейі бұрынғыша қалады.
Интенсивті түрде өндіріс
өте тиімдірек, техникалық жағынан
жетілген өндіріс- құрал жабдығымен
және кәдімдігідей білікті кадрларды
қолдану арқасында жүзеге асады.
Интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндірісте
өнімді жақсы техника мен технологиялар
қолданады, сондықтан жұмыс күшіне
деген тұтыныс қысқарады, бірақ
оның біліктілік деңгейі мен
сапасына талап күшейеді. Сондықтанда
ұдайы өндірістің интенсивті
жолы тауар мен қызмет көрсету
өндірісі саласының және материалдық
емес игіліктер (білім, денсаулық
сақтау, мәдениет және т.б.) саласының
ашылуына кең мүмкіндіктер жасайды.
Қоғамдық өндірісті интенсификациялау
материалдық өндіріс пен қызмет
көрсету саласымен шектелмей,
сонымен қатар материалдық емес
игіліктер мен қызмет көрсету
саласын да қамтиды. Ұдайы өндірістің
интенсивті типы көптеген түрлер
мен бағыттарда жүзеге асады.
Оларды қамтамасыз ету үшін
мыналар қажет:
техниканы жаңарту мен өндірісті
модернизациялау;
ресурстарды дұрыс қолдану
және үнемдеу;
кадр біліктілігін көтеру
және оны үнемдеу;
еңбек тәртіптілігін күшейту,
еңбекке мотивацияны күшейту;
табиғатты қорғау шаралары;
басқаруды жетілдіру;
сыртқы экономикалық байланыстарды
нығайту;
өндірісті гуманизациялауды
көтеру.
Өндірісті гуманизациялау дегеніміз-
өндірісте адамға қалыпты материалдық,
құқықтық, ұйымдық- экономикалық жағдайлар
жасау.
Интенсификацияның төмендегідей түрлері
бар:
ресурсты сақтаушы, мұнда бір
өнім бірлігіне шығынды үнемдеу
арқылы жүзеге асады, сөйтіп
ол мына бағыттарды қамтиды:
еңбекті сақтау; материалды сақтау;
энергияны сақтау; қорды сақтау;
табиғатты сақтау.
ресурсты сыйымдылау, мұнда
бір өнім бірлігіне шығынды
арттыру байқалады.
бейтарап түрде, мұнда шығынның
өсуі өнімнің өсу қарқынымен
бірдей болады
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық
көрсеткіштердің ең маңыздысы:
жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім,
жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық
өнім, ұлттық табыс болып табылады.
Белгілі бір мерзім аралығында
ұлттык экономиканың қызмет етуінің
нәтижесіне жалпы сипаттама беру
үшін макроэкономикалық көрсеткіштер
колданылады.
Жалпы ішкі өнім - елдің аумағында
орналасқан барлық отандык және шетелдік
өндірушілердің бір жыл ішіндегі
ақшалай соммасы.
Жалпы ұлттық өнім - тек осы мемлекеттің
аумағында орналасқан барлық отандық
өндірушілердің ғана емес, сонымен
қатар шет мемлекеттерде қызмет
көрсететін, осы елдің өндірушілерінің
де бір жыл ішінде өндірген түпкі
тауарлар мен қызметтерінің ақшалай
сомасы.
Таза ұлттык өнім = ЖІӨ- амортизация;
Ұлттық табыс = Т¥Ө - жанама салық;
Ұлттық табыс - әлеуметтік сақтаңдыру
жарнасы- корпорациялар табысына салық-корпорациялар
пайдасын қайта бөлу - транспорт
төлемдері + дивидендтер + алынған пайыздар
= жеке табыс
«Қазақстан-2030» президент Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауындағы
Қазақстан экономикасы дамуының
басымды бағыттары.
Біздің салауатты экономикалық
өсу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттің белсенді
рөліне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделеді.
Мемлекеттің белсенді рөл атқара
отырып, экономикаға араласуының
шектеулі болуы. Экономикалық
реформалардың табысы мен олардың
жекелеген учаскелерде тежелуі
мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды
талап етеді. Мемлекет жекеше
сектор басты рөл атқаратын
нарықтың заңды шеңберлерін құра
отырып, экономикада маңызды, бірақ
шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни,
меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес
нарық пен монополияға қарсы
күресті реттеудің сенімді құралдарын
құруға, фискальды және монетарлық
саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау
жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды,
білім беруді, денсаулық сақтауды
дамытуды қамтамасыз етуге және
мықты экономикалық саясат жүргізуге
бағытталған құқықтық және нормативтік
база жасауды көздейді.
Біздің еліміз алдына қойған
мақсаттарға қол жеткізу үшін
мынадай ұзақ мерзімді жеті
басымдықты іске асыру қажет:
Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық
тұтастығын толық сақтай отырып,
Қазақстанның тәуелсіз егемен
мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз
ету;
Ішкі саяси тұрақтылық пен
қоғамның топтасуы. Қазақстанға
бүгін және алдағы ондаған
жылдар ішінде ұлттық стратегияны
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
ішкі саяси тұрақтылық пен
ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта
беру;
Шетел инвестициялары мен
ішкі жинақталымдардың деңгейі
жоғары ашық нарықтық экономикаға
негізделген экономикалық өсу.
Экономикалық өсудің нақтылы
және барған сайын арта түсетін
қарқынына қол жеткізу;
Қазақстан азаматтарының денсаулығы,
білімі мен әл-ауқаты. Барлық қазақстандықтардың
өмір сүру жағдайларын, денсаулығын,
білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы
жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту;
Энергетика ресурстары. Мұнай
мен газ өндіруді және экспорттауды
қалыпты экономикалық өсу мен
халықтың тұрмысын жақсартуға
жәрдемдесетін табыс алу мақсатында
жедел арттыру жолымен Қазақстанның
энергетикалық ресурстарын тиімді
пайдалану;
Инфрақұрылым, әсіресе көлік
және байланыс. Осы шешуші секторларды
ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға,
саяси тұрақтылық пен экономикалық
өсуге жәрдемдесетіндей етіп
дамыту;
Кәсіби мемлекет. Ісіне адал
әрі біздің басты мақсаттарымызға
қол жеткізуде халықтың өкілдері
болуға қабілетті Қазақстанның
мемлекеттік қызметкерлерінің ықпалды
және осы заманға сай жасақтау.
Жаңа әлемдік экономикалық
үлгілерге сай болу үшін біз
мемлекеттік басқарудың тиімділігі
мен сапасын едәуір көтеруге,
жекеше сектор мен ұлттық капиталға
жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға
және олардың белсенділігін арттыруға
тиіспіз. Осымен бір мезгілде
мемлекеттің өзі еркін экономиканың
кепілі болуы керек. Оның міндеті
нарық ережелерін белгілеу, ережелердің
орындалуын қамтамасыз ету болып
табылады.
Бірінші Азиялық Барыс болу
үшін біздің басымдықтарымыздың
қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер
саласындағы алдыңғы қатарлы
халықаралық тәжірибе енгізілуге
тиіс. Ол - инфляция мен бюджет
тапшылығының төмен болуын, ұлттық
валютаның күшеюін, жинақтау нормасының
жоғары болуын көздейді. Бұл Жапонияда,
Кореяда, Индонезияда, Тайвань
мен Чилиде іске асты. Қазақстанда
да іске асады. Біздің алдымызға
не инфляция, не экономикалық
өсу деген таңдау қойылған
жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті
мақсат экономикалық өсу және
макротұрақтандыру арқылы мақсатқа
жетудің құралы екенін біз
назарда ұстауға тиіспіз. Әрине,
басқа процестерге қарағанда
қаржылық тұрақтанудың көптеген
әлеуметтік топтардың жағдайын
қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі
және құрылымдық қайта құру жағдайында
басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нарық
- қатаң қаржылық жауапкершілікке толы
демократия.
Инфляцияны қолайлы деңгейге
түсіре отырып, біз стратегиялық
күшті экономикалық ілгерілеуге
бағыттаймыз. Бұл орайда, таяудағы
жылдарда экономиканың нақты
секторына, оны сауықтыруға, фискальды
және монетарлық қатаң шектеулер
жағдайындағы өсу мен күшті
әлеуметтік саясатқа көңіл аударамыз.
Жеке меншік институттары жерге
деген құқықтың, сондай-ақ меншік
құқықтарын және келісім-шарттардың
орындалуын қорғайтын заң жүйесін
құрудың есебінен нығайтылады.
Кәсіпорындарды жекешелендіру
негізінен аяқталды. Енді оны,
ең алдымен аграрлық кешен
мен әлеуметтік салада түпкілікті
аяқтау және акциялардың айналымы
процесін дәл реттеу керек.
Ырықтандыру жолында біз үлкен
жетістіктерге жеттік, бірақ ауыл
шаруашылығында, өндірістің бірқатар
салалар мен әлеуметтік секторда
нарықтық қатынастар төмен деңгейде
қалып отыр. Өндірістік сектор
бүтіндей дерлік меншік иелері
алдында есеп бермейтін және
жемқор басшылардың іс-әрекетінен
туған төлем жүйесі дағдарысынан
зардап шегіп отыр. Көптеген ірі
рыноктар арасындағы байланыстырушы
буын ретіндегі біздің жағдайымыз
ашық экономика мен еркін сауда
қүруды талап етеді. Өзіміздің
энергетикалық және өзге де
табиғи ресурстарымызды игеру
жалғаса береді. Оның мақсаты
- экспорттан экономикалық өсумен
қатар елдің саяси тұрақтылығына,
сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге жәрдемдесетін
табыс алу. Шетел инвестицияларын
тиісінше қорғауды және пайданы
кері қайтарып алу мүмкіндіктері
бұрынғысынша назарда бірінші
кезектегі мәселелер қатарында
ұсталады. Экономиканың бірнеше
секторы бар: табиғи ресурстарды
игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар
және ақпарат, еліміз үшін бұлар
тұрақты маңызға ие. Осы салаларды
дамыту экономикалық өсуге ғана
емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ
Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа
кірігуіне ықпал етеді.
Біздің инвестициялық ахуалымыз
неғүрлым қолайлы, ал Қазақстан
тартылған шетел инвестицияларының
көлемі мен сапасы бойынша
басты орынға шығуы үшін бізге
саяси ерік-жігер мен нақты
іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі
инвесторларды мүмкіндігінше көптеп
тарту үшін біз қажетті тетіктерді
пайдалануда асқан шеберлік танытуға
да тиіспіз.
Қазақстан үшін индустриялы
технологиялық стратегияны қалыптастыру
қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден
туындап отыр. Дамушы елдердің
барлығы дерлік еңбекті қажет
ететін өндірістен капиталды,
технология мен ғылымды қажет
ететін өндірістерге дейінгі
жолдан өтті. Дүниежүзілік тәжірибе
жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының,
өндіруші өнеркәсіптің үлесін
ұдайы кеміту және керісінше
өңдеуші өндірістің, ең ал-дымен
- ғылымды қажет ететін, қосылған
құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ
қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға
саятын қажеттігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні қоғамның және
экономиканың күрделі жүйелік
қайта жаңғыруларын мемлекеттік
басқару жүйесінің өзін жүйелі
ету мәселесі күн тәртібіне
өткір қойылып отыр. Әрине, бүған
біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің
функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың
үйлестірілген, дәйекті жоспарын
алдын ала әзірлеген жағдайда
ғана жетуге болады. Үкімет пен
жергілікті өкіметті түпкілікті
қалыптастыруға мүмкіндік беретін
жеті негізгі стратегия прициптері
мынаған саяды:
Неғұрлым маңызды бірнеше
функцияларды ғана орындауға
жұмылған ықшам әрі кәсіпқой
Үкімет.
Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл
бағдарламалары бойынша атқарылатын
жұмыс.
Нақтылы жолға қойылған ведомство
аралық үйлестіру.
Министрлердің өкілеттіктері
мен жауапкершіліктерін, олардың
есептілігін және олардың қызметіне
стратегиялық бақылауды арттыру.
Министрліктердің ішінде, орталықтан
аймақтарға және мемлекеттен
жекеше секторға қарай орталыққа
тәуелділікті жою.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
батыл күрес
Кадрларды жалдау, даярлау және
жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Табысқа жеткен үкіметтер,
әдетте ықашам келеді әрі мемлекет
қана атқара алатын ең басты
бірнеше функцияларға жұмылады.
Әлбетте, оңтайлы үкіметтер өз
қызметін аз санды басымдықтарға
және осы мақсатқа жету жолындағы
стратегияларды іске асыруға
ұмтылады.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
стратегиялық даму жоспарының
негізінде 1998-2000 жылдарға арналған
неғұрлым маңызды міндеттерге
тоқталып кетемін.
Басым мақсаттар былайша түзілуге
тиіс:
ілгері елдермен белсенді
қарым-қатынас жасау, Қазақстанның
энергетикалық секторына капитал
тарту және еліміздің әскери
доктринасын әзірлеу арқылы ұлттық
қауіпсіздікті нығайту;
ауылдың неғурлым өткір проблемаларын
шешу;
кедейшілік пен жұмыссыздыққа
қарсы күрес;
ішкі саяси тұрақтылық пен
қоғамның бірлігін нығайту жолымен
экономикалық өркендеуге жету;
барлық әлеуметтік-экономикалық
реформаларды аяқтау, ең алдымен
бюджет саласындағы реформаларды
аяқтау, соның нәтижесінде зейнетақыларды,
жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды
толық көлемінде уақытылы төлеу;
қолайлы инвестициялық ахуал
туғызу;
үкімет пен мемлекеттік қызмет
реформаларын жеделдету, сыбайлас
жемқорлық пен қиянатқа қарсы
күресті күшейтуі.