Жүйе ретіндегі ұлттық экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 00:33, реферат

Описание работы

Мақсаты: қоғам дамуындағы ұлттық экономика және оның көрсеткіштері құрылымының, мемлекеттің жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық өнім көрсеткіштерінің мәнін түсіндіру, оларды өлшеу әдістерімен таныстыру, нарықтық ұлттық байлықтың құрамы мен құрылымын қолданудың қажеттілігін, орны мен рөлін анықтауға бағыттау, сонымен қатар қоғам дамуындағы экономикалық өсу типтері мен факторлары негізінде экономикалық өсудің қарқынын түсіндіру, олардың нарықтық экономикадағы қолдануы мен рөлін анықтауға бағыттау.

Файлы: 1 файл

эконом теория1.docx

— 23.16 Кб (Скачать файл)

Экономикалық және әлеуметтік реформаларға байланысты жоспарларға жатады:

 

 жалақы мен зейнетақы төлемеу  деген болмайды -бұл өткен уақыт  құбылысына айналады;

 

 қоғамымыздың барынша мұқтаж  топтары, соның ішінде 150 мың адам  кіші кредиттердің көмегімен  және 3,5 миллионнан аса адам (зейнеткерлерді  қоса) әлеуметтік қамсыздандыру  жүйесі арқылы мемлекеттен көмек  алады;

 

 барлық өнімділігі төмен  және шығынмен істейтін зауыттар  банкроттық жосығынан өткізіледі;

 

 ұзақ мерзімді басымдықтарымызды  қолдауға бағытталған бюджет  реформаларын батыл жүргіземіз, қолымыздағы қаражатымызға қарай  өмір сүру принципін ұстанатын  боламыз;

 

 қазақстандықтар үшін салық  төлеу үйреншікті іске, отаншылдық  парызға айналады;

 

 зейнетақыларды, жәрдемақыларды  және бюджеттік ұйымдарда жалақыны  толық және уақытылы төлеуді  қамтамасыз ету.

 

 бір жыл ішінде кемінде  аз қамсыздандырылған 30 мың азаматқа, бірінші кезекте ауылды жерлерде  жұмыс орындарын құруға 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына парапар сомада  кіші кредиттер беру.

 

 үстіміздегі жылдан бастап  шағын және орта бизнесті, фермер  қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын  құруға кемінде 100 млн. АҚШ доллары  сомасында кредиттердің берілуін  қамтамасыз ету

 

 мектептерді, ең алдымен ауылдық  жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің  кең ауқымды бағдарламасын іске  асыруға кірісу, бұл мақсатқа 1998 жылдың өзінде кемінде 22 млн.  АҚШ долларын бөлу.

 

 шаруа және фермер қожалықтарына  арналған кредиттердің кемінде  2,5 млрд. теңгеге арзандатылуын қамтамасыз  ету;

 

 салауатты өмір салты жолындағы  қоғамдық науқанды бастау;

 

 тұрғын үй бағдарламасын  іске асыруға кірісу;

 

 балалардың мектепке толық  баруын қамтамасыз ету.

 

 Біздің стратегиялық жолымыздағы  алғашқы қадамдар мен алғашқы  нәтижелерді неғүрлым тереңірек  таңдау мен қадағалау мүмкіндігі  бар. Солардың негізінде таңдап  алған жолымыздың дұрыстығын  терең пайымдайтын боламыз, мемлекетке  деген сенім артады, ортақтық  және отаншыддық сенім беки  түседі. Біздің азаматтарымыз парасатты.  Бірталай жылдардың ішінде экономика  сауығып қарқын алмайынша, барлық  әлеуметтік өткір проблемаларды  шеше алмайтындығымызды олар  жақсы түсінеді.Таяудағы бірнеше  жылдың ішінде ұзақ мерзімді  басымдықтарды іске асыру және  ұзақ мерзімді стратегияның шеңберінде  қысқа мерзімді нақтылы іс-қимыл  жоспарларын орындау үшін мемлекет  ресурстарының шектеулі екенін  де түсінеді.

 

 

Әдебиеттер:


Информация о работе Жүйе ретіндегі ұлттық экономика