Салыстыру әдісі – танымның әмбебап логикалық тәсілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 13:19, реферат

Описание работы

Ол арқылы белгілі бір сипатты белгі бойынша зерттелетін нысанды‚ құбылыстарды салғастыру жолымен олардың теңдігі немесе айырмашылығы анықталады. Заттар салыстыру арқылы танылады. Жаңа‚ беймәлім нәрсені тану үшін оны ескі‚ мәлім нәрсемен салғастыру‚ салыстыру керек. Ол себеп пен салдарды айқындайды‚ экономикалық құбылыстардың заңдылықтарын‚ өзара байланысын‚ дамуын‚ материалдық‚ еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудағы тиімділікке қол жеткізу дәрежесін анықтайды.

Файлы: 1 файл

Айгерим АФО.docx

— 37.23 Кб (Скачать файл)

 
аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;

 
оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.

 
Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер анықталады: 
 
Бірінші кезеңде талдау объектілері, мақсаты мен мәселесі нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары құралады. 
 
Екінші кезеңде талдау объектісі сипаттауға көмектесетін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады. 
 
Үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпарат жиналып дайындалады 

 

7.2. Түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.

Түгендеудің мақсаты  – қолда бар барлық құндылықтар  мен қарыздардың дұрыс пай  далануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету. 
Түгендеудің міндеттері: 
Активтердің сақталуын және материалды жауапты тұлғалардың іс-әрекетін бақылау; 
Есеп объектілерінің нақты жағдайының толық көрсетілуі; 
Тексерумен анықталған нәтижелердің өз уақыттылығы мен шынайылығы, нақты қолда бар мүлікті есеп мәліметтерімен салыстыру; 
Нормадан тыс, қолданылмайтын құндылықтарды кейін өткізу мақсатында анықтау; 
Есеп объектілері құнының нақтылығын және оларды сақтау ережелері мен жағдайларын тексеру, т.б. 
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.

 

7.3.

Көрсеткіштер

Атаулары

2005

2006

Өсім

%

1. Өндірілген өнім

ӨӨ

51340

53852

+2512

104,83

2. Өнімді өндіруге кеткен еңбек заттарының шығындары

ЕЗШ

23450

23980

+440

102,26

3. Материал қайтарымы (теңге)

МҚ

2,7893

2,2457

-0.5436

80.51


 

8.1. Іскерлік белсенділікті талдау, ұйымның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.  
Ұйым қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып ұйым қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: 
1) қорытындылаушы; 
2) техника – экономикалық. 
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі (еңбек сыйымдылығы), қор қайтарымдылығы (қор сыйымдылығы), материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы), капитал салудың қайтарымдылығы жатады.  
Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т.б.; энергия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар. 

8.2. Тәжірибеде тәуекел дегеніміз - белгілі бір құбылыстардың болуы нәтижесінде шығынға ұшырау қаупі.  
Тәуекел латын тілінен rescum - қауіп төну, талқандалу себебі дегенді білдіреді. Жалпы тәуекел кенеттен жағымсыз құбылыстың және оның салдары болуының жиынтық факторы ретінде анықталады, яғни ол болашақта қандай да бір құбылыстың болу мүмкіндігін білдіреді. Ол өз қолданысын барлық сфераларда ғылым мен бизнесте, банк ісі мен қаржыда табады. Тәуекелге іс жүзінде банктік операциялардың барлығы ұшырайды . 
Тәуекел терминінің әр түрлі анықтамалары бар. Бірақ тұтас алғанда тәуекел болуы мүмкін қауіпті сипаттайды. Яғни, осы негізде банк тәуекелі дегеніміз - банктің қандай да бір мүдделеріне төнген, болуы мүмкін (әлуетті немесе нақты) қауіп (қатер) деп айтуға болады. Қауіп дегенді әлуетті шығын көзі деп түсінуге болады. Тәуекел, өз кезегінде, шығын келтіруге әкелетін ең қауіпті оқиға мүмкіндігі дәрежесінің және сондай шығынның мүмкіндігі дәрежесінің қосындысы болып табылады. Тәуекелді қабылдау - әр істің негізі. Банктердің тәуекелдері ойлап жасалған, бақыланатын және олардың қаржылық мүмкіндіктері мен құзыреті шегінде болғанда, сәттілікке ие болады. 
Тәуекелдің дәрежесі артады, егер: 
- мәселелер аяқ астынан, күткендегіге қарама-қарсы пайда болса; 
- банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкеспейтін жаңа мәселелер қойылса; 
- басшылық қажетті және шұғыл шаралар қабылдай алмай, ол қаржылық шығынға әкелсе; 
- банк қызметінің қолданыстағы тәртібі немесе заң шығарушылықтың жетілмегендігі нақты жағдайларда кейбір оптималды шараларды қабылдауға кедергі келтірсе. 
Кәсіпкерлік тәуекелдің пайда болуының ортақ себептері бар. Сонымен қатар қазіргі кезеңде ҚР кәсіпкерлерінің тәуекелдерін талдай отырып: 
а) өтпелі кезеңнің экономикасының дағдарысын (яғни, өндірістің құлдырауы, көптеген кәсіпорындардың қаржылық тұрақсыздығы және шаруашылық байланыстардың доғарылуы); 
ә) саяси жағдайдың тұрақсыздығы; 
б) банк жүйесінің әлі де құрылып болмауы; 
в) кейбір заң актілерінің жетілмеуі және мулдем жоқ болуын, яғни құ-қықтық базаның іс жүзіндегі нақты жағдаймен сәйкес келмеуін ескеру қажет.

 

8.3.

Көрсеткіштер

Атаулары

2005

2006

Өсім

%

1. Шығарылған өнім көлемі (мы.тг)

ШӨК

21409

22297

+888

104.14

2. Негізгі өндіріс құралдарының орт.жылдық құны

НӨҚ

23000

23447

+447

101.94

3. Қор сиымдылығы  (теңге)

Қс

0.9308

0.9509

+0.0201

102.15



Информация о работе Салыстыру әдісі – танымның әмбебап логикалық тәсілі