Үш өлшемді көріністер салудағы AutoCAD мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 11:16, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.

Содержание работы

І Кіріспе.................................................................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары..........................................................................4
Түзу сызықты кесінділер........................................................................4
Көмекші құрау сызықтары.....................................................................6
Көріністерді басқару құралдары............................................................8
Қолданушы координаттар жүйесі..........................................................8
2 AutoCAD-ғы объектіні редакциялау мүмкіндіктері.......................................9
2.1 Редакциялау құралдары..........................................................................9
2.2 Объектіні таңдау....................................................................................10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы..............................10
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары..........................................................12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары........................................13
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс........................................................................14
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру..................................14
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері....................................................15
3.3 Мәтіндік стильдер.................................................................................15
3.4 Көпжолды мәтін....................................................................................16
4 Күрделі объектілерді құру..............................................................................17
4.1 Полисызық құру....................................................................................17
4.2 Сплайндар..............................................................................................17
4.3 Штрихталған аймақтар.........................................................................18
4.4 Мультисызықтар...................................................................................19
4.5 Эскизді сызықтар құру.........................................................................20
5 Үш өлшемді көріністер салудағы AutoCAD мүмкіндіктері........................23
5.1 Проекциялаудың типтік бағыттары.....................................................23
5.2 Сызбаны бояу.........................................................................................23
5.3 3D-Orbit режимін қолдану....................................................................24
5.4 Үшөлшемді сызбаларын жинақтау......................................................23
5.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы..........................................26
ІІІ Қорытынды ...................................................................................................29
Әдебиеттер............................................................................................................30

Файлы: 1 файл

30_AutoCad_.doc

— 489.00 Кб (Скачать файл)

● Total – Specify total length or [Angle] <1.0000>: шақыруы, Total параметрін таңдасаңыз шығады. Бұл жерде жоғарыда айтылып кеткендей не Angle параметрін таңдау, не объектінің жалпы ұзындығын енгізу керек.

● Dynamic – бұл параметр белгіленген нүктеге соңғы нүктені мүмкінше жақын орналастырады.

 Stretch  (Созу): Stretch бұйрығы Modify панелінде орналасқан. Объектіні созу үшін Stretch батырмасын басу керек. Егер объектілер бұйрықты шақыртудың алдында белгіленген болса, онда Stretching selected objects by last window... шақыру шығады да, табылған объектілердің саны көрсетіледі. Ал, егер белгіленбеген болса, онда жүйе мынадай шақыру шығарады: Select objects to stretch by crossing window or crossing polygon.... Ал кейін Select objects: шақыруы шығады. Бұл шақыруларға жауап ретінде терезе құрып, керек объектілерді таңдау қажет. Келесі Specify base point or displacement: шақыруына екі жауап варианты бар:

  • Базалық нүкте беруге болады. Specify second point or displacement: шақыруына екінші нүктені белгілеу керек.
  • Орын ауыстыру шамасын бұйрықтық жолға енгізуге болады. Мысалға объектіні 6 метрге ұзарту үшін “6’<0” енгізіңіз. Содан кейін Specify second point of displacement: шақыруына Enter басыңыз.

 

2.5 Объектілерді  конструкциялау бұйрықтары

 

 Break  (Жару): Кейбір кездерде бірнеше түзуді сызғаннан гөрі бір түзу сызып оны бірнеше кесіндіге жарып тастау ыңғайлы болады. Ол үшін Modify панеліндегі Break бұйрығын таңдау керек. Таңдағаннан кейін Select object:  шақыруы шығады. Ал жауап ретіңде объектіде жарылу нүктесінің біреуін көрсету керек. Specify second break point or [First point]: екінші шақыруға, екінші жарылу нүктесін көрсету керек. AutoCAD, екі нүкте арасындағы объект бөлігін өшіріп тастайды. Сонымен бірге, бұл бұйрық объектілерді қысқарту үшін де жарамды.

 Chamfer  (Фаска): Фаска орнату екі қадамнан тұрады. Біріншісі сізге керек фаска параметрлерін енгізу, екіншісі объектіні таңдау. Параметрлерді енгізу үшін Modify панелінен Chamfer бұйрығын таңдап, шыққан 

(Trim mode)

Current chamfer Dist1=0.5000, Dist2=0.5000

Select first line or [Polyline/Distance/Angle/Trim/Method]: шақыруына жауап қайтару керек. 

2-ші қатарда, соңғы рет Chamfer бұйрығын қолданғанда қалған  параметрлер көрсетіледі.

● Екі катеті бойынша фаска құру үшін Distance параметрін таңдап, Specify first chamfer distance <0.5000>: шақыруына бірінші катет параметрін белгілеу керек, немесе соңғы параметрге риза болсаңыз <Enter> басыңыз. Сол жолмен 2-ші катетті де көрсету керек.

● Катет және бұрыш арқылы катет параметрін қолдану үшін Angle параметрін  таңдау керек. Specify chamfer length or the first line <1.0000>: шақыруына объект жағының үстінде нүкте көрсету керек. Белгілегеннен кейін Specify chamfer angle from the first line <0>: шақыруына сол нүктеден фаска бұрышын енгізу керек. 

 Fillet  (Түйіндесу): Бұл бұйрық, екі қиылысушы сызықтың арасында түйіндесетін доға жүргізеді. Бұл процесс те екі қадамнан тұрады. Алдымен түйіндесу параметрлерін енгізіп, кейін объектіні таңдау керек. Бұл екі жолды қарастырсақ:

Параметрлерді енгізу үшін Modify панелінен Fillet бұйрығын таңдау керек. Сол кезде  Current settings: Mode=TRIM, Radius=05000

                       Select first object or [Polyline/Radius/Trim]:                               

шақыру шығады. Бірінші қатарда түйіндесу режимінің параметрлері көрсетіледі. Екіншісінде, шақыру беріледі. Жауап ретінде үш вариант жарамды:

● Radius – бұл параметр, түйіндесу радиусын енгізу үшін арналған. Select second object: шақыруына, объектіні таңдау керек.

● Trim – AutoCAD автоматты түрде түйіндес кесінділерін жояды. Егер ол кесінділерді сақтау керек болса, Trim параметрін көрсетіп, оған No Trim шамасын беру керек.

● Polyline – полисызыққа түгелімен түйіндесу жүргізу үшін Polyline параметрін таңдаңыз. 

 

 

3 AutoCAD-та мәтінмен  жұмыс

3.1 AutoCAD-та бір  жолды қарапайым мәтін құру

 

AutoCAD-та, бұрыннан белгіленген  шрифт пен шрифт биіктігі қабылдап, жол мәтінді құру оңай. Ол үшін Draw=>Text=>Single Line Text бұйрықтарын қолданыңыз. Сөйтіп DText бұйрығын активтендіресіз. Шығатын шақырулар мағынасы мынадай:

Current text style: “STANDARD” Text height: 0.2000 – ағындағы  параметрлер көрсетіледі.

Specify start point of text or [Justify/Style]: – мәтіннің бастапқы нүктесін белгілеңіз

Specify height <0.2000>: – мәтін биіктігін енгізіңіз немесе ағындағы биіктік талабыңызға сай болса Enter басыңыз.

Specify rotation angle of text <0>: – мәтіннің бұрылу бұрышын енгізіңіз немесе берілген бұрышты қалдыра салыңыз  (Enter басып)

Enter text: – мәтінді енгізіңіз. Енгізгеннен кейін Enter басыңыз. 

Enter text: – егер бітірген болсаңыз қайта Enter басыңыз.

DText бұйрығының негатив  жері – 1) сөз аралық қашықтықты  енгізе алмайсыз. Бірақ ара қашықтықты  басқа бұйрықтар көмегімен белгілеуге  болады  (It (Text парметрі үшін), Idt (Dtext парметрі үшін)). Сонымен қатар  ”123” бұйрығы нөмірленген тәсіл құрады 2) DText бұйрығы кейбір форматтау мүмкіндіктерін қамтымайды. Сондықтан арнаулы символдар мен форматтау атрибуттарын құру үшін арнаулы кодтар қолданылады:

% % 0 – мәтін үстін сызу режимін не іске қосады, не өшіреді  

% % u – мәтін астын сызу режимін  не іске қосады, не өшіреді   

% % d – градус дәрежесін  (º) құру 

% % p – плюс-минус  (±) символдарын  құру 

% % c – шеңбер диаметрі  (ø) символын құру

Мыс:

35.3 not 35.8 → % % u 35.3% u not 35.8

ø 1.5 → % % с 1.5

 

 

3.2 Мәтінді редакциялау  мүмкіндіктері

 

Мәтінді редакциялау, екі тәсілмен асырылуы мүмкін:

  1. Modify панелінен Text бұйрығын таңдап, Select an annotation object or [Undo]: шақыруына керек мәтінді көрсету керек. Жауап ретінде жүйе Edit Text терезесін ашады. Бұл терезеде таңдалған мәтін болады. Сол мәтінді өзгерту керек.  
  2. Объектіні таңдап, тышқан оң батырмасын басып, Properties батырмасына басу керек. Сол кезде Properties терезесі ашылады. Бұл терезеде мәтінді редакциялаудың көп түрі бар.

3.3 Мәтіндік стильдер

 

Әрқашанда бір шрифтті қолдану қызықтырмайтыны сөзсіз. Сол үшін AutoCAD-та мәтіндік стильдерді, талабыңызға сәйкес құруға болады. 

Жаңа мәтіндік стиль құру үшін Format=>Text Style менюын қолданыңыз. Сөйтіп STYLE бұйрығын жүктейсіз. Сонда Text Style сұхбат терезесі ашылады  (1.5 сурет). Бұл терезе 3 аймақтан тұрады:

  1. Style Name – стиль аттарымен жұмыс істеу үшін арналған аймақ. Жаңа ат, ат өзгерту немесе өшіру функциялары қамтылған.
  2. Font – бұл аймақта сізге керек шрифт және оның параметрлері  (биіктігі, курсив) енгізілуі керек.
  3. Effects – аймағында мәтінге байланысты түрлі әрекеттер жасалуы мүмкін. Мысалы мәтінді үстін астыға қаратып жазу, артын алдына қаратып жазу, мәтіннің “қысылуын” енгізу, вертикальді мәтін құру немесе иілу бұрышын енгізуге болады. Түзу тұрған мәтін әрпінің бұрышы 0-ге тең. Оған сәйкес минусты сандар мәтінді солға иеді, плюсты сандар оңға иеді.

Параметрлер енгізіліп біткеннен кейін Array батырмасы басылуы тиіс.

 

 

3.4 Көпжолды мәтін

 

Егер сызбаға аса ұзын жазу енгізу керек болса, онда бір жолды мәтінді қолдану ыңғайсыз болады. Multiline Text pедакторы бұл проблеманы шешеді.    

 Жаңа жол мәтінін құру үшін Draw панелінен Multiline Text батырмасын таңдау керек. Сөйтіп Multiline Text бұйрығы тез қосылады  (6-сурет).

Жауап ретінде AutoCAD ағындағы мәтін стилін және биіктігін шығарады. Specify first corner: және Specify 2nd corner or [Height/Justify/Line Spacing/Rotation/Style/Width]: шақыруларына мәтін жазылуы тиіс бірінші және екінші бұрышты белгілеу қажет. Multiline Text Editor терезесіндегі салымдар ерекшеліктері мынадай:      

  • Character: мәтін символдарының форматтау атрибуттарын өзгерту үшін қосылады. 
  • Properties: шрифт кескінін түзету атрибуттарын, азат жол енін және бұрылыс бұрышын белгілеу үшін қолданылады.   
  • Line spacing: бұл салымды мәтіннің жол-аралық интервал баптауын қолдайды.
  • Find/Replace: мәтінді табу немесе белгіленген мәтінді ауыстыру үшін қолданылады.

Сызбада мәтінді іздеу. Сызбада мәтінді іздеу қызметі өте керекті. Ол бұйрық Edit менюінде орналасқан. Edit менюінен Find бұйрығын таңдағанда Find and replace терезесі ашылады  (4-сурет).

 

4 – сурет. Find and Replace сұхбат терезесі

 

Орфографияны тексеру. Орфографияны тексеру Spell бұйрығымен орындалады, ол болса Tools менюінде орналасқан. Spelling батырмасын таңдағаннан кейін Check spelling сұхбатты терезесі ашылады  (5-сурет).

   


 

5 – сурет. Check spelling сұхбатты терезесі

 

 

 

 

4 Күрделі объектілерді  құру

4.1 Полисызық құру

 

 Полисызық – сызықтық сегмент пен доғаның қатарласуын қамтитын объект. Полисызықтың оң жағы, ол әртүрлі қалыңдықты доға мен сызықты сызуға мүмкіндік беретін сызық ені.  Полисызық сызу үшін Draw панеліндегі Polyline батырмасына басыңыз. Сонда Specify start point: шақыруы шығады. Оған полисызықтың бастапқы нүктесін белгілеу қажет. Келесі Specify next point or [ Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Width]: шақыруының параметрлер мағынасы мынадай:

Arc – қосымша параметрлер жиыны  көмегімен доға жүргізу мүмкіндігін  туғызады.

Close – соңғы сегменттің соңғы  нүктесімен полисызықтың бастапқы  нүктесі арасында сызық жүргізеді.

Halfwidth – полисызықтың бастапқы  және соңғы нүктесінде сызықтың  жартылай енін белгілеуге мүмкіндік  береді.

Length – алдыңғы доғаға жанама  немесе алдыңғы сызыққа бағыттас  келесе сызықтың сегмент ұзындығын  белгілейді.

Undo – соңғы сегментті өшіреді.

Width – полисызықтың бастапқы  және соңғы нүктесінде сызықтың  енін белгілейді.

Полисызықтарды редакциялау болса, Pedit бұйрығы және Properties сұхбатты терезе көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

 

4.2 Сплайндар

 

Сплайн дегеніміз – белгілі мөлшердегі нүктелер арқылы өтетін қисық.

  Сплайнды сызу үшін Draw құралдар панелінен Spline батырмасына басыңыз. Specify first point or [object]: Pedit бұйрығының Spline параметрі арқылы құрылған сплайнды таңдау керек немесе жаңа қисық құрғыңыз келсе, сплайнның бастапқы нүктесін белгілейміз. Бастапқы нүктені белгілегеннен кейін Specify next point: шақыруы шығады. Оған жауап ретінде сплайнның екіні нүктесін белгілеу қажет. Екі нүкте белгіленгеннен кейін жүйе мына шақырудыф шығарады: Specify next point or [ Close/Fit tolerance] <Start tangent>:

  • Close: берілген жанама бағыты бойынша үзіліссіз қисықтың соңғы нүктесін біріншісімен қосады.
  • Fit tolerance: белгіленген нүктелерге қашықтықта сплайн өтуін енгізу керек.
  • Start tangent: ең соңында AutoCAD қисықтың бастапқы және соңғы нүктесінде жанама бағытын көрсетуге шақырады.

 

4.3 Штртихталған аймақтар

 

 Hatch (Штрихтау): Draw панелінде орналасқан бұл батырманы басқанда сіз Bhatch бұйрығын активтендіресіз және Boundary Hatch терезесі ашылады  (6-сурет). 

 

6 – сурет. Quick салымы активтендірілген Boundary Hatch терезесі.

 

Шртих түрін Type немесе Pattern (немесе”…”) батырмаларына басып таңдай аласыздар. Штрих түрінің иілу бұрышын Angle аймағында енгізе аласыз. Штрих масштабын белгілеу үшін сәйкес шаманы Scale аймағында енгізуіңізге болады.

Ең қиыны штрих параметрлерін енгізу емес, штрихталуы тиіс аймақты белгілеу. Егер сызбаңыз өте күрделі болса, онда AutoCAD көптеген есептеулер орындайды.

Boundary Hatch терезесінде штрихтаудың  екі амалы берілген: штрихқа арналған сызба бөлімінде нүкте көрсету және объектілерді таңдау. Егер сіз объектілерді таңдағыңыз келсе, онда Select objects батырмасына басыңыз да, керек объектілерді белгілеңіз. Ал егер нүкте енгізгіңіз келсе, онда Pick points батырмасына басып, Select internal point шақыруына ішкі нүкте көрсетіңіз.

Штрих түрін өзгерту үшін ModifyÞObject менюінен Hatch бұйрығын таңдаңыз. Сонда Hatch Edit терезесі ашылады. Ол Boundary Hatch терезесіне ұқсас. Тек кейбір аймақтар жабық болады.

 

 

 

4.4 Мультисызықтар

 Мультисызық деп – бір бұйрық арқылы параллель сызықтар жиынын айтады. Мультисызық сызу үшін оны белгілеп, сақтап одан кейін ғана стилін жүктеу керек. Ол үшін  Format менюіне кіріп Multiline Styles терезесін ашу керек. Жаңа ат енгізу үшін Name аймағын қолданасыз. Кейін Element Properties батырмасын бассаңыз терезе шығады. Бұл Element Properties терезесінде Offset аймағына белгіленген нүктеден сызықтардың қай арақашықтықта орналасуын енгізу керек. Color аймағына сызықтардың түсін таңдау керек. Сызық түрін белгілеу үшін оны Linetype аймағына жазу керек. Жаңа элемент қосу үшін Add батырмасына басу қажетті. Барлық шамаларды енгізгеннен соң ОК батырмасына басып, Multiline Properties батырмасына басыңыз. Онда Multiline Properties терезесі ашылады. Оның ішіне мультисызық қасиеттерін енгізу керек. Енгізіп біткеннен кейін OK батырмасына басыңыз. Ал енді жаңа мультисызықты қолдану үшін Save батырмасына басып, оны сақтау керек.

Сақталған мультисызығыңызды қолдану үшін Draw панелінен Multiline  батырмасына басыңыз. Экранда Specify start point or [Justification/Scale/Style]: шақыруы шығады. Біз параметрлерді қолданбай дерек бастапқы нүктені белгілейміз. Сонда Specify next point: шақыруы шығады, оған бірінші сегменттің соңғы нүктесін енгіземіз. Екінші сегмент нүктелерін де біріншісінен кейін енгізуге болады.

 

4.5 Эскизді сызықтар құру

 

Sketch бұйрығының көмегімен эскизді  сызықтарды еркінше салуға болады. Бұйрықты жүктеу үшін бұйрықтық  жолға “sketch”-ті енгізіңіз. Онда:                                        Record increment<0.1000>:

Информация о работе Үш өлшемді көріністер салудағы AutoCAD мүмкіндіктері