Үш өлшемді көріністер салудағы AutoCAD мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 11:16, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.

Содержание работы

І Кіріспе.................................................................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары..........................................................................4
Түзу сызықты кесінділер........................................................................4
Көмекші құрау сызықтары.....................................................................6
Көріністерді басқару құралдары............................................................8
Қолданушы координаттар жүйесі..........................................................8
2 AutoCAD-ғы объектіні редакциялау мүмкіндіктері.......................................9
2.1 Редакциялау құралдары..........................................................................9
2.2 Объектіні таңдау....................................................................................10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы..............................10
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары..........................................................12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары........................................13
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс........................................................................14
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру..................................14
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері....................................................15
3.3 Мәтіндік стильдер.................................................................................15
3.4 Көпжолды мәтін....................................................................................16
4 Күрделі объектілерді құру..............................................................................17
4.1 Полисызық құру....................................................................................17
4.2 Сплайндар..............................................................................................17
4.3 Штрихталған аймақтар.........................................................................18
4.4 Мультисызықтар...................................................................................19
4.5 Эскизді сызықтар құру.........................................................................20
5 Үш өлшемді көріністер салудағы AutoCAD мүмкіндіктері........................23
5.1 Проекциялаудың типтік бағыттары.....................................................23
5.2 Сызбаны бояу.........................................................................................23
5.3 3D-Orbit режимін қолдану....................................................................24
5.4 Үшөлшемді сызбаларын жинақтау......................................................23
5.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы..........................................26
ІІІ Қорытынды ...................................................................................................29
Әдебиеттер............................................................................................................30

Файлы: 1 файл

30_AutoCad_.doc

— 489.00 Кб (Скачать файл)

Sketch. Pen exit Quit Record Erase Connect шақыруы шығады. Бұл жерде қадам шамасы енгізілуі тиіс. Эскиз салу үшін “р” әрпін енгізіп, эскиз траекториясының бастапқы нүктесін белгілеп (<Pen down> шақыруы шығады), керекті траекториямен тышқанды қозғалтумен сыза аласыз. Бітіргеннен кейін тышқанның сол батырмасына басыңыз. Бірақ эскиз түсі жасыл болады, өйткені ол әлі тұрақтанған жоқ. Тұрақтандыру үшін “r” әрпі енгізіліп, <Enter> басылуы керек. Sketch бұйрығымен жұмыс режимін аяқтау үшін “х” әрпі, кейін <Enter> басыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

5 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері

 

Үш өлшемді модельдермен жұмыс кезіндегі басты мақсат – Жобалаудың түрлі бағытта, объектінің көрінісін құру.

 

5.1 Жобалаудың типтік  бағыттары

 

AutoCAD он типтік бағыт ұсынады. Олар View менюінде орналасқан:

 Үстіден қарағандағы көрініс  

 Астыдан қарағандағы көрініс

 Сол жағынан қарағандағы көрініс

 Оң жағынан қарағандағы көрініс

 Алдынан қарағандағы көрініс

 Артынан қарағандағы көрініс

 Оңт-бат. изометрия көрінісі 

 Оңт-шығ. изометрия көрінісі

 Солт-шығ.  изометрия көрінісі

 Солт-бат. изометрия көрінісі

 

5.2 Сызбаны бояу

 

Егер модельдің көркем көрінісін тез алуымыз керек болса, онда бояуды қолданамыз. Бұл жерде жарық көзі біреу ғана болады да, модель ол жарық көзі тарапынан айдынлатады.

Бояуды қолдану үшін View менюінен Shade бұйрығын таңдаңыз немесе бұйрықтық жолда “shademode” енгізіңіз. Параметрлер мағыналары астыда берілген:

  • 2D Wireflame: қарапайым каркасты объектқұрылады
  • 3D Wireflame: модель көрінісі каркасты бірақ ҚКЖ үш өлшемді пиктограммалы
  • Hidden: таңдалған кесінділерді көрінбейтіндей жасайды, яғни нақты көріністе көрінбейтін сызықтарды жасырады
  • Flat shaded: шек пішінімен шектелген облыстың жартытонды толтырусыз болатын “тегістің құрылуы”
  • Gouraud shaded: түрліше ориентацияланған шек арасында жартытонды тегістелген “көшудің” құрылуы. Сөйтіп объектінің қисық сызықты кеңістікті формасы көрсетіліп, шыншылды объект көрінісі пайда болады.
  • Flat shaded, Edges on: қабырғасы каркасты болатын Flat shaded параметрі
  • Gouraud shaded, Edges on: бұл параметрде де қабырғалар каркасты болады және Gouraud shaded параметрі орындалады.

 

5.3 3D-Orbit режимін қолдану 

 

3D Orbit құралы кеңістіктегі модель  айналасында қозғалып, модельді  еркін көруге мүмкіндік береді. Бұл құралды қолданғанда, объектіні  қозғалтқанмен масштаб өзгермейді. Шығу үшін <Esc> немесе <Enter> басылуы тиіс.

 3D Orbit режимін 3D Orbit панелінен іске  қосуға болады. Сонда объект айналасында  “координатты шар” пайда болады. 3D Orbit режимі қосылғанда, AutoCAD курсордың координатты шарға қатысты қимылдарына, түрліше әрекет етеді. Курсор әрбір жеке аймақта өзгеше жұмыс істейді. Оны қолданушы курсор формасын өзгерткенде байқай алады. Курсор формасының саны төртеу. Демек 3D Orbit режимі төрт формада қолданылады:

  1. Шеңберлі “стрелка” режимінде курсордың көмегімен бұрылыс. Тышқанның сол батырмасын басып тұрған күйде курсорды жылжыту кординаталы шарды қозғалысқа әкеледі.
  2. “Сфера және сызықтар” режиміндегі бұрылыста, тышқанның сол батырмасын басулы күйде курсорды ішкі бір бұрышын екішіге жылжытқанда обьект елестетілген өс айналасында бұрылады.
  3. Модель көрінісінің вертикаль өс айналасында бұрылуы. Бұл режимде кординаталық шардың сол және оң жағында орналасқан кішкене шарлардың ішіне курсорды әкеліп, тышқанның сол батырмасын  басулы күйде жылжытсақ, обьект вертикаль өс бойынша жылжиды, курсор басқа бағытта жылжитын болса, ол жауапсыз қалады. Яғни курсор тек солға немесе оңға бұрылады.
  4. Модель көрінісінің горизонталь өс айналасында бұрылуы. Осы режим де алдынғы режим сияқты жұмыс істейді. Бірақ объект горизонталь өс бойында жылжиды. 

 3D Orbit режимінің қосымша бұйрығы  бар. Бұл бұйрық аты Continuous Orbit. Ол модельдің экранда үзіліссіз айналуын қамтамасыз етеді. Тек қана айналу бағытын белгілеу керек.

3D Orbit-пен жұмыс істегеннен кейін модельдің бастапқы көрінісіне оралу үшін тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюден Reset View параметрін таңдау керек.

 

 

 

 

5.4 Үшөлшемді модельдердің  сызбаларын жинақтау

 

AutoCAD-та үшөлшемді сызбаны жинақтауды  үш бұйрық орындайды:

  1. SOLVIEW: көріністі экрандарды және ортогональды проекцияларды перпендикуляр жазықтықтарға салуды автоматты түрде орындайды. Оны қолдану үшін Solids панелін шақырып Setup View батырмасына басыңыз. SOLVIEW бұйрығының параметрлер саны 6:
    • UCS параметрі ағындағы ҚКЖ-н таңдауға мүмкіндік туғызады. ҚКЖ-ні таңдағаннан кейін масштабты белгілейміз. Содан кейін көрініс орталығы туралы сұрақ шығады. Талабыңыз орындалмағанша нүктені белгілей беріңіз. Соңында Enter басыңыз. 
    • Ortho параметрі ортогональді проекциялар құрайды. Specify side of viewport to project: шақыруына көрініс экранының жағын басыңыз. 
    • Auxiliary параметрі қиғаш көріністер құрады. Specify first point of inclined plane: және кейінгі Specify second point of inclined plane: шақыруларына екі нүкте белгілеңіз. Бұл екі нүкте қиғаш көріністің бұрышын анықтайды.
    • Section параметрі көлденең кесік құру үшін жұмыс істейді. Specify first point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың нүктесін көріністі экранда көрсетіңіз де, Specify point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың екінші нүктесін белгілеңіз. Сөйтіп сіз кесуші жазықтықты құрайсыз.
    • Exit параметрі SOLVIEW бұйрығының орындалуын аяқтайды.
  1. SOLDRAW: біріншіден бұл бұйрық орындалуы үшін SOLVIEW бұйрығы орындалу тиіс. SOLDRAW, SOLVIEW негізінде жасалған көріністерді пішіндері тұтас және пунктир сызықтардан тұратын кесіктер жасайды. Ал кесік іші штрихталады. Бұл параметрді іске қосу үшін Solids құралдар панелінде Setup Drawing батырмасына басыңыз. Шыққан шақыруларға объектілерді белгілеу керек.

Штрихты өзгерту үшін HatchEdit бұйрығын қолдануға болады.

  1. SOLPROF: бұл бұйрық SOLDRAW бұйрығы сияқты. Бірақ оны іске қосу үшін SOLVIEW бұйрығының орындалуы міндет емес және оның мүмкіндіктері көбірек.

     SOLPROF бұйрығын қолдану  үшін Solids панелінен Setup Profile батырмасына басыңыз. Сонда Display hidden profile lines on separate layer?[Yes/No]: сұрағы шығады. Егер сіз кескіннің жасырын сызықтарын бөлек қабатта елестеткіңіз келсе “y” әрпін енгізіңіз, ал бас тарту үшін “n” енгізіңіз. Кейін жасырын сызықтарды қайта көрсетуге болады.

Project profile lines onto a plane? [Yes/No]: шақыруына “y” енгізсеңіз, екіөлшемді объектілер құрылады, сәйкес “n” енгізілсе, үшөлшемді объектілер құрылады. 

     Delete tangential edges? [Yes/No]: шақыруына жанама шектерді құруға немесе өшіруге мүмкіншілік береді, сәйкес “y” немесе “n” енгізіңіз.

 

 

5.5 Типтік үшөлшемді объектілер  құрылымы

 

Параллелепипед. Жасалу жолы:

  1. Surface панеліндегі Box батырмасына басыңыз.
  2. Specify corner point of box: шақыруына параллелепипед сол табанының координаталарын енгізіңіз.
  3. Specify length of box: шақыруына х өсі бойымен параллелепипед ұзындығын анықтаңыз.  
  4. Specify width of box or [Сube]: шақыруына у өсі бойымен параллелепипед енін енгізіңіз, ал егер Cube параметрін енгізсеңіз, онда куб пайда болады.
  5. Specify height of box: шақыруына z өсі бойынша параллелепипед биіктігін енгізу керек.
  6. Specify rotation angle of box about z axis or [Reference]: шақыруына z өсі айналасында бұрылу бұрышын енгізсеңіз, сізде көлденең параллелепипед пайда болады. Егер тік параллелепипед құрғыңыз келсе, онда 0 енгізіңіз.

“Клин”. Жасалу жолы параллелепипедтың жасалу жолымен ұқсас, тек қана куб параметрі қолданылмайды, өйткені “клин” параллелепипедтің жартысы.

Пирамида. Пирамида түрі көп болғандықтан  (төртбұрыш табанды, үшбұрыш табанды, қиғаш пирамида...), бұл бұйрықтың параметрі көбірек.

Жасалу жолы:

  1. Surfaces панелінде Pyramid батырмасына басыңыз.
  2. Specify first corner point for base of pyramid: шақыруына пирамида табанының кез-келген бұрышын белгілеңіз.
  3. Specify second corner point for base of pyramid: шақыруына табанның екінші бұрышын белгілеу керек.
  4. Specify third corner point for base of pyramid: шақыруына үшінші нүктені белгілеңіз.
  5. Specify fourth corner point for base of pyramid or [Tetrahedron]: шақыруына төртбұрыш табанды пирамида құрғыңыз келсе, төртінші бұрышты немесе үшбұрыш табанды пирамида құрғыңыз келсе Tetrahedron-ді таңдаңыз.
  6. Егер Tetrahedron параметрі таңдалған болса, Specify apex point of tetrahedron or [Top]: шақыруы шығады. Жауап ретінде үш қабырғаның түйісетін нүктені белгілеңіз. Немесе кесік пирамида құрғыңыз келсе Top параметрін енгізіңіз де пирамиданың үстіңгі бұрыштарын белгілеңіз. Ал егер төртбұрыш табанды пирамиданы таңдаған болсаңыз, Specify apex point of tetrahedron or [Ridge/Top]: шақыруы шығады. Бұл жерде қабырғалардың түйісетін бір нүкте “хребет” немесе Top параметрлі үстіңгі төртбұрыш енгізуге болады.

 

Конус. Жасалу жолы:

  1. Surfaces панелінде Cone батырмасына басыңыз.
  2. Specify center point of cone: шақыруына конус табанының орталық нүктесін белгілеу керек.
  3. Specify radius for base of cone or [Diameter]: шақыруына конус табанының радиусын немесе Diameter параметрін таңдап диаметрін белгілеңіз.
  4. Егер сіз кесік конус құрғыңыз келсе, Specify radius for top of cone or [Diameter]: шақыруына конустың үстіңгі шектің радиусын немесе диаметрін белгілеңіз. Немесе 0 енгізіп, толық конус құрыңыз.
  5. Конус биіктігін Specify height of cone: шақыруынан кейін енгізіңіз.
  6. Enter number of segments for surface of cone<16>: шақыруына болса, конустың сыртқы сегмент санын енгізіңіз. Ең минималды шама – 16.

 

Сфера. Жасалу жолы:

  1. Surfaces құралдар панеліндегі Sphere батырмасына басыңыз 
  2. Specify center point of sphere: шақыруында сфераның орталық нүктесі сұралады.
  3. Specify radius of sphere or [Diameter]: шақыруы шыққанда, сфера радиусы не диаметрін  (параметрді) енгізіңіз.
  4. Enter number of longitudinal segments for surface of sphere<16>: және кейін шығатын Enter number of latitudinal segments for surface of sphere<16>: шақыруларына сәйкес сфераның вертикальді және горизонтальді сегмент санын енгізіңіз. Ең кіші сегмент саны – 16.

“Свод”. Свод – сфераның үстіңгі жартысы. Жасалу жолы:

1. Surfaces құралдар панеліндегі Dome батырмасына  басыңыз 

2. Specify center point of dome: шақыруында сводтың орталық нүктесі   сұралады.

3. Specify radius of dome or [Diameter]: шақыруы шыққанда, свод радиусы не диаметрін  (параметрді) енгізіңіз.

4. Enter number of longitudinal segments for surface of dome<16>: және кейін шығатын Enter number of latitudinal segments for surface of dome<8>: шақыруларына сәйкес сводтың вертикальді және горизонтальді сегмент санын енгізіңіз.

 

“Чаша”. Сфераның астыңғы бөлігі. Оның жасалу жолы сводтың жасалу жолымен бірдей.

“Тор”. Жасалу жолы:

  1. Surfaces панелінде Torus батырмасына басыңыз.
  2. Specify center point of torus: шақыруына тордың орталық нүктесін белгілеңіз.
  3. Specify radius of torus or [Diameter]: шақыруына тор радиусын немесе диаметрін енгізіңіз.
  4. Specify radius of tube or [Diameter]: шақыруына жауап ретінде, тор трубкасының радиусын немесе диаметрін енгізіңіз.
  5. Enter number of segments around tube circumference<16>: және  Enter number of segments around torus circumference<16>: шақыруларына сәйкес тордың құраушысы бойындағы сегмент санын және тор трубкасының айналасындағы сегмент санын енгізіңіз. Ең аз сегмент саны – 16.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Әрбір нәрсенің соңы бар демекші, мен де өз жұмысымды бітірдім. Әрине бұл программа толығымен қамтылмаған: үшөлшемді модельдердің көріністерін түрлендіру,  шамаларды енгізу, AutoCAD-та программалау  (AutoLISP) және слайдтар құру сияқты көптеген қызықты да керекті тақырыптар зерттелмеген. Дегенмен де AutoCAD программасының негіздері қарастырылды.

Бұл программа біздің өмірімізде өте қажетті деп, өз ойымды айтқым кеп тұр. Барлық архитектуралық фирмаларда осы прогармма қолданыста. Бұл программа өз сферасындағы ең үздік программа. AutoCAD программасынан бұрын архитекторлар және бұл сферада жұмыс істейтін барлық мамандар өз жұмыстарын өздері сызып отырды, бұл жұмыстар көп мөлшерде уақытты қажет етті, сонымен бірге сызба жабдықтарын әрдайым сатып алу керек болды. Бірақ AutoCAD-ң шығысымен сызбадағы салыстырмалы қателіктер минимумға кеміді, көптеген жаңа да керекті операциялардың көмегімен, сызба сызу жеңіл де қарапайым іске айналды. Оны кез-келген адам үйрене алады. Керек болғаны тек қана жаңа компьютер және көп-көп практика.

Сонымен AutoCAD-ң негіздерін бітірдік. Бұл жұмыс, көбінесе AutoCAD программасын үйренуді енді ғана бастағандарға арналған.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

1. AutoCAD 2002 “Библия пользователя”, Эллен Финкельштейн, СП 2004ж

2. AutoCAD 2002 “Энциклопедия”, Джеймс  Лич, СП 2002ж

3. AutoCAD 2000 “Практический курс”, А. Федоренков, К. Басов,

М 2000ж

4. AutoCAD 2000 “Для начинающих”, А. Ярвуд, М 2000ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Үш өлшемді көріністер салудағы AutoCAD мүмкіндіктері