Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2015 в 06:19, лекция
Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады.Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра,т.б.)жатқызуға болады.Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш,автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.)қолданылады.
Мысыр пирамидаларының тастарында белгілер мен символдар табылған. Ол символдар б.э.д. 3200 жылдары осы тасты өңдеп, одан алғашқы еңбек құралдарын жасаған адамдарға тиесілі.
Алғашқы қауым кезеңдерде болаттан жасалған жақсы бұйымдарда ерекше белгілер белгіленген. Бұл сол бұйымды жасаған адамдардың аттары кескінделген. Ежелгі Грециядағы қышшылар саздан жасалған ыдыстарда үлкен саусақтың ізін немесе өзінің аты – жөнін кескілейтін.
Сол сияқты белгілерді Ежелгі Римде табылған кірпіштеде және ескі қытай фарфорларда кездестіруге болады.
Брендинг туралы ең алғаш ХІХ ғ аяғында Procter & Gamble компаниясында пайда болды. 1878ж Джеймс Норис Гэмбл химияның маманы, негізін қалаушылардың балаларының бірі, сол жылдары сатып алушыларға ұнайтын сабын ойлап шығарғаны жөнінде жариялады. Бұл ақ сабын, жақсы көпіршіктенетін, кірді кетіретін, суда батпайтын сабын. Бұны Дж.Гэмбл «Ақ сабын» деп атады. Бірақ оның серіктесі Харлей Проктер сабынның атын ерекше қоюын сурады, оның ойы бойынша «ivory palaces» аты дұрыс еді. Осылайша, нарықта және тарихта алғаш рет Ivory Soap атты бренд сабын п.б.
Қазіргі кездегі бәсекелес жағдайда тауардың сапасы мен сенімділігі негізгі тұтынушылық фактор болып табылмайды. Себебі, өндіріс технологияларының дамуы мен жетілуіне байланысты нарықта жоғары сапалы технологиялық тауарларға ұсынысты ұлғайтты. Тұтынушылар үшін нарықта жоғарғы сапалы тауарлар табиғи процесс ретінде қалыптасып, сол арқылы өндірушілердің сапаға байланысты бәсекелік дәрежесін төмендетеді.
Сонымен қатар, тәжірибенің көрсетуі бойынша, қазіргі тұтынушылар өзінің ықыласын жеңіл, әрі оңай қолданатын модель құралдарына көп бөледі. Бұл тенденция өнімнің көп функционалдылығына байланысты. Себебі, бұндай өнім тұтынушылардан көп уақытын нұсқауды оқығанға және белгілі бір дағдыға ие болғанға кетіреді.
Информация о работе Маркеинг жүйесіндегі тауар түсінігі, оның жіктелуі мен түрлері