Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2015 в 22:15, курсовая работа
Қаржы нарығы – дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырып, кәсіп орындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекеттің және халықтың ауқытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтың қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтың қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер алтын және т.б. нарықтармен) етене тығыз байланысты.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Қаржы нарығы
1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ........................................................................4
1.2. Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні ...................................7
1.3. Қаржы нарығы құрлымы, түрлері ..................................................................9
1.4. Қаржы нарығының қалыптасуы …………………………………………...12
ІІ. Құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері
2.1. Құнды қағаздардың маңызы, түрлері ..........................................................17
2.2. Құнды қағаздар нарығының құрылымы ......................................................20
2.3. Құнды қағаздар субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні …………...23
ІІІ. Әлемдік қаржы нарығы
3.1. Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы ....................................................25
3.2. Халықаралық несие қатынастарының нысандары..................................28
Қорытынды .........................................................................................................31
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................32
2.2. Құнды қағаздар нарығының құрылымы
Құнды қағаздардың бастапқы нарығы және қайталама нарғы болады. Жаңадан шығарылған қағаздар бастапқы нарықта сатылады. Акциялар мен облигациялар бастапқы нарықта сатылғанда эмитент (қағаздарды шығарушы) өзіне қажетті қаржы ресурстарын алады, ал құнды қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Құнды қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығын қалыптастырады. Құнды қағаздардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы нарық та тиімді қызмет атқарады. Қайталама нарық миханизмі, немесе құнды қағаздары кез келегн уақытта сатып өткізу мүмкіншілігі инвесторлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толығырақ дамуына толығырақ жұмылдыруда өз себебін тигізеді. Қайта сату нарығнда құнды қағаздардың биржалық айналымы және бирадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады. »Биржалық айналым» ұғымы құнды қағаздарды биржаның сату-сатып алуын білдіреді. құнды қағаздардың биржадан тыс тікелей келісім түрінде сату- сатып алу саудасы «құнды қағаздардың биржадан тыс айналымы» деп анықталады.
Биржаға кез келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелу қажет болады. Биржада тіркелу үшін фирма оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.
Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларын өтімді етуге, ал өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге, әріптес болуға ұмтылады. Егер фирма биржада тіркелген болса, онда бұл фирманың акциясы биржалық бағамдама (котировка) алғаннның немесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Фрманң биржада тіркелуі осы фирманың қалыптасқан нарықта өз орынн алуын білдіреді.
Мысал ретінде қағадарын бағалама (котировкаға) ұсынған фирмалар үшін белгіленген Нью-Йорк биржасынң тәртіп-талаптарын келтіруге болады. Қағаздарын биржада тіркеп бағамдама алу үшін фирма:
Биржадан тыс айналымға екінші дәрежелі фирмалардың қағаздары түседі.
Кейбір фирмалардың қағаздары биржада да, биржадан тыс айналымда да болады.
Биржадан тыс нарық телефон, телекс, компьютер негізінде мыңдаған инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйеге біріктіреді. Биржалық нарық тек ірі компанияларға қолайлы болса, биржадан тыс нарықққа кез келген компания кіре алады. Ол үшін тек делдалдық (брокерлік) фирма табылса болғаны.
Биржадан сырт айналым жүйесінде компания акциясын бағамдау (котировка) алу үшін оның қағаздары кем дегенде екі дилерлік фирма арқылы тұрақты сатылуы жеткілікті болады және фирманың 25 мың долларға тең капиталы болуы қажет. Дилерлік фирма бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алу және сатумен айналысатын қаржы мекемесі. Ол өзінің атыныан және өз есебіне іскерлік жасайды. [3]
Биржа – қор биржасы нарығының негізгі буыны болып саналады. Қор биржасы – бұл құнды қағаздарды сатып алу және сату істерінінің ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде қор биржалары объективті түрде пайда болған. Биржада негізінен тұтынушылардың жаппай тұтынатын және өз тобында бірін бірі толық алмастыратын, бағалары тұрақсыз ауытқымалы тауар түрлері сатылады. Сатушы, сатып алушлар өз ісіне мүмкін болғанша жоғары пайда алуға ұмтылады. Сондықтан да баға сұраным мен ұсыным ара қатынсын мүмкін болғанша толық қамтығаны дұрыс болады. Нарық қысқа мерзімде тауарға қалыптасқан сұраным мен ұсыным туралы мәліметтерді мүмкін болғанша толық жинап қорытуы қажет. Бұл қызметті тек қана өте жоғары Деңгейге орталықтанған нарық атқара алады. Биржаның негізгі белгілері мынадай:
Биржа негізінен келесі қызмет түрлерін атқарады:
Биржа акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін, немесе мемлекетттік құрылым ретінде қызмет атқарады. Биржаның қызметі оның жарғысына сәйкес жүргізіледі. Биржа жарғысы (уставы) биржа құрлмдарының қалыптасу және қызмет атқару тәртібін, оның мүшелерін, оларды мүшелікке қабылдау жағдайларын және басқаларын анықтайды. Биржаны биржа комитеті басқарды.
Биржаның көрсеткіш индекстері құнды қағаздар нарығын жалпы жағдайда өлшеп сипатттайды. Олар әлемнің ең ірі биржаларындағы акция бағамының (курсының) қалай өзгергенін анықтап тіркейді. Батыс елдерінің экономикалық мәлімет беретін барлық құралдарында күнделікті жарияланып тұратын ең белгілі көрсеткіші- «Доу-Джонс индексі» деп аталады. Бұл көрсеткішті 1897 ж. американдықтар У. Доу мен Э. Джонс алғаш есептеп шығарған. Бұл индекс Нью-йорк қор биржасында айналатын өнеркәсіп және транспорт акциялары бойынша есептеледі. 1929 ж. бастап тұрмыстық ықзмет көсететін акциялары үшін де есептелетін болғаны. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны біріншісі, ең ірі 30 өнеркәсіп компаниялары бойынша есептелетін индекс.
Ұлыбританияда «Файнэшл Таймс» газеті мен Лондон қор биржасының индексі FT- SE белгілі. Бұлар ең ірі Европа компанияларының акциялар бойынша
Жалпы не бүкіләлемдік индекс: РТ –А WORLD INDEX. Соңғысы әлемнің 24 елінің 2212 акцияларын (компанияларын) қамтиды.
Жапонияда 225 компанияның акциялары бойынша “Никкей” деп аталатын индекс есептеліп жарияланады. Гонконгте 33 компанияның акциялары бойынша “Хэнг-Сенг» индексі есептеліп шығарылып тұрады.
Қор индекстері нарық жағдайына жалпы суреттемесін береді, сонымен бірге олар экономикалық болжамдар жасау үшін де қолданылады.