Қаржы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2015 в 22:15, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы – дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырып, кәсіп орындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекеттің және халықтың ауқытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтың қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтың қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер алтын және т.б. нарықтармен) етене тығыз байланысты.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Қаржы нарығы
1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ........................................................................4
1.2. Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні ...................................7
1.3. Қаржы нарығы құрлымы, түрлері ..................................................................9
1.4. Қаржы нарығының қалыптасуы …………………………………………...12
ІІ. Құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері
2.1. Құнды қағаздардың маңызы, түрлері ..........................................................17
2.2. Құнды қағаздар нарығының құрылымы ......................................................20
2.3. Құнды қағаздар субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні …………...23
ІІІ. Әлемдік қаржы нарығы
3.1. Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы ....................................................25
3.2. Халықаралық несие қатынастарының нысандары..................................28
Қорытынды .........................................................................................................31
Әдебиеттер тізімі .................................................................................................32

Файлы: 1 файл

Қаржы нарығы-курсовая.docx

— 74.85 Кб (Скачать файл)

       Алғаш қор биржасы 1792 жылы Нью-Йорк қаласында құрылды. Сол кезде құнды қағаздардың  кесімді бағасының құндық өлшеміне  күміс жүрді.

       Қор биржасының басты міндеті – артық ақша қаражатын құнды қағаздар сату арқылы жинақтау. Ол лицензия бойынша жұмыс істейді, құнды қағаздар айналысын ұйымдастырады.

       Биржаның  басқару органдары:биржаның жоғарғы  басқару органы – акционерлердің  жалпы жиналысы;байқаушы орган  – биржа кеңесі;орындаушы орган  – басқарма;бақылаушы орган –  түгендеу комиссиясы. [3]

 

 

          2.3. Құнды қағаздар  субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні

 

Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылар) инвесторлар, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.

Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздар ға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржының қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға - инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.

Мемлекеттік Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар рыногінде инвестор ретінде іс қимыл жасайды.  Эмитенттер - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.

Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары - бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар  заңды тұлғалар.

Бағалы қағаздар рыногі кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымы - бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногі инфрақұрылымнын неғұрлым тиімді жұмысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен, олардың ерікті қатысуы негізінде әрекет ететін ұйым.

Бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой өкілдеріне брокерлер, диллерлер, кастодиан, депозитариилер, андеррайтерлер және басқалар жатады.

Брокер - сыйақы үшін шарт жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен, жасалатын мәмілелерді жүзіге асыруші делдал. Өз клиенттерін бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты үстаушы ретінде болу мүмкін.

Диллер - бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге мәмілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы.

Костодиан - клиенттерін сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшасын сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы болып табылады. Ол клиенттердің бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелердің орындалуын бақылау және осы мәмілелер жөніндегі төлем агенті міндеттемелерін орындау, бағалы қағаздардың нақтылы үстаушысы ретінде қызметі және басқа қызметтер көрсету міндеттірін жүзеге асырады.

Бағалы қағаздар дипозитарийі - бағалы қағаздар мен жасалатын мәмілелерді есепке алу және оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды биматериаландыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.

Орталық дипозитарий - комерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құралады. Орталық дипозитарий алатын пайда оған қатысушылар арасында бөлініске салынбайды, ал техникалық дамуына жұмсалады. Орталық дипозийтаридің клиенттері брокер-диллерлер мен костодиандар болып табылады.

Андеррайтер - бағалы қағаздар рыногінде брокерлік және диллерлік қызметке лицензиясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді және құнды қағаздар рыногінде оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді. [3]

Өзін-өзі реттейтін ұйымдар комерциялық емес ұйымдар болып табылады және оларды бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларына қауымдастық нысанында құрады. Олардың негізігі міндеттері бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының тиімді қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бұл рыногтегі қызмет ету ұдісін сақтау, бағалы қағаздар иеленушілері мен кәсіпқой қатысушылар клиенттерінің мүдделерін қорғау, бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу ережелері мен стандарттарын жасау және оларын сақталуын бақылау болып табылады.

Еліміздің қаржы рыногінде орныға бастаған қатынастырды реттеудін жұне қадағалау тиімдіігін арттырудың бір тұтас жүйесін ұймдастыру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногің мемелекеттік реттеудін бір ынғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, №872) қабылданды. Осы жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтау зейнетақы қорларының қызметің реттеу жөніндегі комитетінің функцияларымен өкілеттіктері Ұлттық банкке берілді.

Еліміздің есептік төлем балансың неғұрлым тиімді қалыптастыру, неғұрлым пәрменді валюталық реттеу мен бақылау жүргізу үшін Ұлттық банктің жаңа бөлімшелері - Төлем балансы мен валюталық реттеу департтаментің және Ұлттық банк басшылығының қызметің қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылған.  Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметің мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың бір түтас жұйесіне кезең кезені мен көшу қамтамасыз етілуі тиіс. [3]

 

 

        ІІІ. Әлемдік қаржы нарығы

 

        3.1. Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы

 

        Әлемдік экономикалық қызметте несие нарқы нарықтық қатнастарға тән сипат. Бұл салада елдер арасында қаржыға деген сұраныс пен ұсыныс мәселелеріне байланысты міндеттер өз шешімін табады. Бұл үшін қолдағы капитал қорын бөліске салу, оның қайтарымын қамтамасыз ету міндеті шешіледі. Ол қызмет – капиталдың кері қайтарылуын және пайыздық төлемінің келісім-шартта белгіленген талапқа сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Әлемдік қаржы қозғалысы тәжірибесінде қаржы нарқы дегеніміз – қарыз капиталының бір бөлігінің нарық жүйесі арқылы елдер арасындағы қаржылық алмасуды бейнелеуі. Тәжірибеде қаржы нарқы екі саладан тұрады:

-қарыз капиталының қысқа  мерзімді мақсаттағы нарқы, бұл  қаржы нарқы деп аталады.

-қарыз капиталының орташа  және ұзақ мерзімге арналуы  ұйымдастыратын нарқы – бұл  капитал нарқы деп аталады.

Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі. [5]

Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді.

Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады.

Әлемдік қарыз капиталы нарқы, тарихи тұрғыдан алғанда, қарыз капиталының халықаралық деңгейде ұлттық нарықтың өріс алуымен пайда болды. Сонан оларды кең дамыту қажеттілігі артты.

Қазіргі заманға әлемдік қарыз капиталының нарқы ХХ ғасырдың 60- жылдары қайта өріс жайды. Өйткені бұл нарық 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа, екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты 40 жыл бойы тоқырауға ұшыраған еді. Сонан 70-90 – жылдары қарыз капиталы нарқы қайтадан қанат жайды. [7]

Әлемдік қарыз капиталы нарқының басты бағыттары - әр ел өзінің ұлттық қарыз капиталын шетелге шығаруына, оны шетелдік банкке беруіне, сөйтіп, шетелдік капиталды ұлттық банктердің өзіне кері тартуына өріс берді.

Экономикалық даму барысында ертеден қалыптасқан тарихи тәжірибек бойынша шетелдік несие мен қарыз қаржы принципі өзара қарыз қаржы алмасудың жекелей валюталық бірыңғайлық принципіне негізделген. Мысалы, француздық фирма Лондонда несиені ағылшын ақшасымен, яғни фунт стерлингпен алады, керісінше ағылшын фирмасы Парижден несие қаржы алса, онда француз ақшасымен алады. Валюталық өзара қаржы алмасудың бірыңғайлылығы дегеніміз осы.

ХХ ғасырда 50-жылдардан бастап, доллар негізінде еуропалық валюта нарқы қалыптасты. Мұның мәнісі мынадай: егер доллар иесі депозитті америкалық банктен еуропалық шетелдік банкке аударса, ол еуропалық доллар болып саналатын сипат алады. Долларды осындай әдіспен алған еуропалық банктер бұл долларды өз қаражаты сияқты кез келген елге несие беру үшін пайдалануға ерікті болады.

Қазіргі кезеңде әлемдік қарыз капиталы нарқы бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш саланың қызметі бағытымен ерекшеленіп отыр.

Олар:

-Ірі банктер арсындағы  әлемдік ақша нарқы.

          Бұл салада депозиттік қарыз беру бір күнге немесе бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік талап бойынша  іске асырылады. Мұнда несие алу телефон байланысы арқылы да шешіле салатын болады. Осыған сәйкес 50-жылдардың соңында еуропа валюталық нарқы пайда болды. [6]

-Капиталдың әлемдік нарқы  өзіндік сала. Бұл сала екі  түрлі міндетті жүзеге асырады:

-қарыздың берілетін орны  мен валюталық мөлшерді сипаттайтын  міндет. Бұд міндет бойынша дәстүрлі  әдіспен шетелдік несиелер орташа  және ұзақ мерзімге беріледі.

-еуропалық несие нарқында 1968 жылдан бастап қарыз ақша  бір жылдан 15 жылға, тіпті одан  да көп мерзімге берілетін  әдіс қалыптасты.

-дүниежүзілік ақша нарқының  қалыптасуы. Бұл салада құнды  қағаздарды шығару және сату  іске асырылады. Осы саладағы  қызметке қарай 70-жылдардан бастап, еуропалық қаржы нарқы қалыптасты.

Бұл салада несиеге байланысты қызмет мынадай түрде ұйымдастырылады. Еуропалық банк несие беру үшін оны алатын алымшының алған несиесін қайтара алатын қабілет – мүмкіндігін, төлемді өтеу мүмкіндігін зерттеп, анықтайды. Сонан соң қарыз беру жөнінде келісім-шарт жасасады. Сөйтіп, несие қатаң ставкамен толық беріледі, бұл бір жыл мерзімге арналады. Ал орташа ұзақ мерзімді несие Стэнбай деп аталатын шарт бойынша беріледі. Мұның мәнісі – банк несиені ұзақ мерзімге арнап тиісті мөлшерді түгел береді, бірақ ол мерзімді 3,6,9,12 айлық етіп бөледі де, осы әр мерзім бойынша ставка пайызды өзгертіліп отырылады.

Сол сияқты банк несиені ролловерлік деп аталатын шарт бойынша береді. Ролловерлік – несие алуды қайталап жүргізу, жаңғырту деген ұғым.

Еуропалық несиелік банктер несие беруді ролловерлік келісім-шартымен төрт түрлі жағдайда атқарады:

-инвестициялық барлық  соманы келісім бойынша бірден, түгел береді. Несиені қайтару  толық немесе біртіндеп, бөліп-бөліп  жүргізіледі

-несие белгіленген лимит  бойынша, алымшының сұраған мөлшерінде  беріледі

-несиенің көлемі, ставка  пайызы, өтеу мерзімі (жарты жыл, бір жыл) көрсетіледі. Несие бірнеше  айға немесе 10 жылға, одан да көп  мерзімге беріледі;

-ролловерлік шарт бойынша  қажетті соманы толық беру  мүмкіндігін қалыптастыруға назар  аударылған.

Әдетте, еуропалық несие беру жүйесі әлемнің 30-40 банктік консорциуымын қатыстырып, өзіне үлкен пайда келтіруде.

Қазіргі кезеңде халықаралық несие беру, қаржыландыру ісінің негізгі көздері:

-халықаралық банк несиелері;

-халықаралық эмиссиялық  облигациялық қарыздар;

-еуропалық векселдер  болып табылады.

Қазір әлемдік несие нарқының қызметі әлемдік қаржы нарқымен тығыз байланысты болып отыр. Сонан әлемдік қаржы нарқы өз қызметін құнды қағаздар шығару ( бірінші нарық) және оларды сату-сатып алу  ( екінші нарық) мақсатына мамандануда. Қаржы нарқында  кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттердің қаржыға деген сұранысы өсіп отыр. Осыған байланысты облигация (қарыз қағаз) нарқы да ұлғая түсуде. Бұл қолдағы қаржы қорын толықтыру, оны сату мен сатып алудан көбірек табыс келтіру мақсатын көздейді. Қорыта келгенде, әлемдік несие және қаржы нарқының жақсы жағы да бар, кемшілігі де бар.

Жақсы жағы әлемдік деңгейде басы артық қаражатты жинастыру, оны бөліске салу арқылы капиталды шоғырландыруға, бір орталықтандыруға, экономикалық байланысты күшейтуге, өндіргіш күштерді дамытуға, әлемдік шаруашылық байланысын дамытуға мүмкіндік жасайды. Қолдағы капиталдың экономикалық проблемаларды шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді. [8]

 

 

         3.2. Халықаралық несие қатынастарының нысандары

 

Халықаралық несие қатнастары валюталық қатнастар сияқты, тек нарық саласына ғана емес, сондай –ақ мемлекеттік басқару, реттеу саласы мүддесі үшін де қызмет атқарады. Ал мемлекет тарапынан  халықаралық несие қатнастарына араласудың нысандары түрліше. Алайда көптеген елдердің реттеу, басқару саласындағы қызметтері ұйымдық, талдау, зерттеу тұрғысынан бір-біріне ұқсас. Өйткені, мемлекет несие, қарыз қаржы, кепілдеме беруші рөлінде халықаралық несие қатнастарында ерекше белсенділік көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ұлттық кірістің бір бөлігін мемлекет басқа бір елдерге аралас несие, қарыз қаржы түрінде көмек көрсете алады. Осы тұрғыдан айтар болсақ, АҚШ  60 жылдары екі жақты, көп жақты несие беруді тікелей мемлекет тарапынан жүзеге асырды. Қазіргі кезеңде мемлекеттік несие негізінен дамушы елдерге көмек ретінде берілуде.

Информация о работе Қаржы нарығы