Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:48, курс лекций

Описание работы

Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Файлы: 1 файл

упр.учет.docx

— 656.06 Кб (Скачать файл)

7-дәріс. Бақылау және қызмет нәтижесін бағалау

  1. Икемді сметаның статикалық сметамен салыстырғанда тиімді жақтары
  2. Ауытқу бойынша басқару
  3. Нормативтік шығын бойынша өзіндік құн калькуляциясы
  4. Ауытқу түрлері

1. Икемді  сметаның статикалық сметамен салыстырғанда тиімді жақтары

Негізгі смета жаңа сметалық кезеңге ойластырылып қойған өндіріске қажет. Смета өндірістің бір кезеңіне ғана арналғандықтан, оны статикалық деп атайды. Статикалық бюджеттен ауытқуды есептегенде нақты түрде қол жеткен қорытындыға ешқандай түзеу енгізілмейді.

Икемді смета нақты мөлшер бойынша кезең соңында құрастырылады. Икемді смета алдын-ала ойластырылып қойған шығындар мен кірістер бойынша негізделген және икемді смета кезең ішіндегі нақты мөлшерге саналған болса, онда қол жеткізген ауытқулар менеджерлерге теңдесі жоқ ақиқат беруі мүмкін, статикалыө сметаны есептегеннен гөрі.

2. Ауытқу бойынша басқару

Ауытқу нақты мән мен мән арасындағы айырмашылықты көрсетеді, алдын-ала көрсетілген сметалар арқылы.

Ауытқуды қолдану менеджерлерге ойластыруды және басқаруды жеңілдетеді. Ауытқу бойынша басқару – менеджерлер өздерінің зейінін сметада көрсетілген ақпаратты емес басқа бөлімшелерге бағыттау және керісінше бөлімшелердің қорытындысы ойластырылып қойған мәнмен сәйкес келсе ықыласы төмендейді.

3. Нормативтік  шығын бойынша өзіндік құнның калькуляциясы

Өнім бірлігіне кеткен сметалық шығынды нормативтік шығындар деп атайды. Нормативтік шығындар көбінесе операциондық тиімділікті өлшеу үшін қолданылады. Олар бұрынғы және ағымдағы нәтижеге байланысты орнатылуы мүмкін.

Нормативтік шығындар “идеалды” және “практикалық” болып бөлінеді.

Идеалды нормативтер - өнім өндіругн кеткен ең аз шығындармен анықталуы мүмкін.

Практикалық нормативтер - өнім өндіруде мүмкін болатын (ықтимал) шығындар көрсетеді.

Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясын жасаудың мақсаты алдын-ала ойлатыруда қолданатын нақты нормативтік шығыстары және бақылау және қызмет нәтижесін бағалау үшін қажет. Нақты жұмсалған шығындар нормативтік шығындардан өзгеше болады. Осы өзгешелік – ауытқу деп аталады. Егер нақты жұмсалған шығыстар нормативтік шығындардан аз болса, онда ауытқу қолайлы (жағымды), ал егерде нақты жұмсалған шығындар нормативтік шығындардан үлкен болса онда, ауытқу қолайсыз (жағымсыз).

4. Ауытқу түрлері

1) Материалдар  және еңбек шығындар бойынша ауытқу.

Тікелей материалдар  және тікелей еңбек үшін 2 ауытқу түрі көрсетілген:

  1. бағасы немесе ставка бойынша ауытқу
  2. саны немесе өнімділік бойынша ауытқу

Ауытқуды есептеуді мынадан көруге болады:

(1)

Материалға баға бойынша ауытқу = нақты сатып алынған мөлшері х (нақты баға – нормативтік баға) 
Материалды тұтынудан ауытқу = нормативті баға х (нақты тұтынған мөлшері – нақты шығарылым үшін нормативтік мөлшері) 
Еңбек ақы бойынша ставкалық ауытқу = нақты жұмыс істелген уақыт х (нақты ставка – нормативті ставка) 
Еңбек өнімділігі бойынша ауытқу = нормативті ставка х (нақты жұмыс істелген уақыт – нақты шығарылым үшін нормативті уақыт)   

(2)

Тікелей материал

Мысалы: Материал бойынша  ауытқу

Нақты сатып алынған мөлшері: 200 бірлік 
Нақты қолданылған мөлшері: 110 бірлік 
Нақты шығарылым үшін нормативті мөлшер: 100 бірлік

Нақты баға 8 ш.б./ бірлік 
Нормативті баға: 10 ш.б./ бірлік

(1)

Материалға баға бойынша ауытқу = 200 бірлік х (8 ш.б./бірлік – 10 ш.б./ бірлік) = 400  (Жағымды) 
Материалдарды қолдану бойынша ауытқу = 10 ш.б./бірлік х (110 – 100 ) = 100  (Жағымсыз)

(2)

Мысалы: Еңбек шығындары бойынша  ауытқу

Нақты жұмыс істелген уақыт

450

Нақты шығарылым үшін нормативтік уақыт

500

Нақты ставка

20 ш.б./ сағат

Нормативтік ставка

15 ш.б./ сағат


(1)

Ставка бойынша ауытқу = 450 сағ х (20 ш.б./ сағат - 15 ш.б./ сағат) = 2250 (Жағымсыз) 
Қолданыылуы бойынша ауытқу = 15 ш.б./ сағат х (450 сағ – 500 сағ) = 750 (Жағымды)

(2)

2) Өндірістік үстеме шығындар бойынша ауытқу

Өндірістік үстеме шығындар бойынша ауытқу өзгермелі үстеме шығындар және тұрақты үстеме шығындар болып бөлінеді:

Өзгермелі үстеме шығындар бойынша ауытқу:

  1. Қолданылуы бойынша ауытқу
  2. Тиімділігі бойынша ауытқу
  3. Жалпы ауытқу (икемді сметадан ауытқу)

Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқу

  1. Қолданылуы бойынша ауытқу
  2. Өндіріс көлемі бойынша ауытқу
  3. Жалпы ауытқу (икемді сметадан ауытқу)   

Мысалы:

Компания біртектес өнім өндіреді. Төменді ай бойындағы шығындар жайында мәліметтер:

Нақты өндірістік үстеме шығындар (ӨҮШ), ш.б. еңбек-сағат. 16800

Өзгермелі ӨҮШ, ш.б. 6200 
Тұрақты   ӨҮШ, ш.б. 10600 
Нақты өндіріс, бірлік 3800 
Нақты жұмыс істелген еңбек-сағат 3900

Сметалық тұрақты  ӨҮШ (4000 бірлік бойынша), ш.б. 12000

Өзгермелі ӨҮШ нормативтік ставка бойынша бөліп таратылуы, ш.б. еңбек-сағат. 1,50 
Тұрақты ӨҮШ нормативтік ставка бойынша бөліп таратылуы, ш.б. еңбек-сағат. 3,00 
Бір бірлік өнім өндіруге кеткен нормативтік уақыт, еңбек-сағат. 1 
Өзгермелі үстеме шығындар бойынша ауытқу

1.Қолданылуы бойынша ауытқу

8-дәріс. Басқару шешімдерін қабылдау

  1. Баға белгіленімі бойынша шешімдерге әсер ететін негізгі факторлар
  2. Шығындар-қосу баға белгіленімін қолдану
  3. Мақсатты баға белгіленімін қолдану
  4. Қандай жағдайларда арнайы баға белгіленімі қолданылатынын түсіндіру.

1. Баға белгіленімі бойынша шешімдерге әсер ететін негізгі факторлар

Өнімге  немесе қызмет көрсетуге баға сұраныс пен ұсынысқа тәуелді болады. Тауарлар мен қызмет көрсетулердің сұранысы мен ұсынысына үш негізгі фактор әсер етеді:

  1. Сатып алушылар 
    Сатып алушылар тауарлар мен қызмет көрсетулердің сұранысына әсер етеді. Сондықтан компания басшылығы өз өніміне баға белгілеген кезде клиенттерін ескерулері қажет. Мысалы, негізсіз жоғары баға тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұранысты төмендетуі мүмкін. Әдетте, менеджерлер сату көлемін  көбейту және табысты максималдандыру үшін өз тауарларына сатып алушылардың көзқарасы бойынша бағалар қоюға талпынады.
  2. Бәсекелестер 
    Компаниялар өздерінің бәсекелестерінің әрекеттері жөнінде хабардар болулары керек. Бәсекелестің өндірістік технологиясын, оның өндірістік мүмкіншіліктерін және жабдықтаушыларын білу компанияға бәсекелестің шығындарын бағалауға көмектеседі. Бұл өздерінің тауарлары мен қызмет көрсетулеріне баға қою кезінде маңызды мәлім болып табылады.
  3. Шығындар 
    Шығындар тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұсынысына әсер ететіндіктен бағаларға өз әсерін тигізеді. Әдетте, тауар өндірісіне шығындар олардың бағасына қатысты неғұрлым төмен болған сайын, компания нарыққа соғұрлым көп өнім мөлшерін шығара алады. Баға белгіленімінде шығындар негізгі фактор болғанымен, көп жағдайда олар тауарлар мен қызмет көрсетулерге баға орнатқан кезде жай жөнелту нүктесі болып табылады.

2. Шығындар-қосу баға белгіленімі

Шығындар-қосу тәсілі шығындарды қажетті баға алу үшін үстеме қосылатын база ретінде қолданады.

Шығындар қосу баға белгіленіміне негізгі тәсілдер.

Мысал

Компания бір өнім өндіреді. Төменде шығыстар жөнінде мәліметтер берілген:

Табу керек:

Өнімге бағаны анықтау 
Толық шығындар қосу үстеме

Берілген тәсілге сәйкес шығындар базасы ретінде өнім бірлігіне толық шығындар қолданылады.

Компания бағаны өнімнің  толық өзіндік құнына 20% үстеме қосу арқылы анықтайды.

Табыстар мен шығындар жөнінде есеп беру,$

Сатулар ( 10 000 бірлік х 30 $) 300 000 
Өткізілген өнімнің өзіндік құны 200 000 
(10 000 бірлік х 20 $) 
Жалпы табыс 100 000 
Әкімшілік және өткізу шығындары 50 000 
(10 000 бірлік х  5 $) 
Табыс 50 000

Өндірістік шығындар қосу үстеме

Бағаны анықтау үшін өнімнің өндірістік өзіндік құны қолданылады.

Компания бағаны өнімнің  өндірістік шығындарына 50% үстеме қосу арқылы анықтайды.

Өндірістік шығындар 20 
Үстеме 50% 10 
Баға 20

Табыстар мен шығындар жөнінде есеп беру,$

Сатулар (10 000 бірлік х 30 $) 300 000 
Өткізілген өнімнің өзіндік құны 200 000 
(10 000 бірлік х 20 $) 
Жалпы табыс 100 000 
Әкімшілік және өткізу шығындары (10 000 бірлік х 5 $) 50 000 
Табыс 50 000

Өзгермелі шығындар қосу үстеме

Компания бағаны өзгермелі  шығындарға  100% үстеме қосу арқылы анықтайды.

Табыстар мен шығындар жөнінде есеп беру,$

Сатулар (10 000 х 30$) 300 000 
(10 000 х 15$) 
Маржиналды табыс 150 000 
Тұрақты шығындар (10 000 х 10$) 100 000 
Пайда 50 000

Үстеме пайызын анықтау

Инвестициялар пайдалылығы (ROI) үстеме пайызын анықтау үшін база ретінде компаниялармен жиі қолданылады.

Үстеме пайызы = Жоспарлы табыс + Әкімшілік және өткізу шығындары / Өндіріс көлемі,бірлік х Бірлікке өндірістік өзіндік құн;

Мысалы,

Компания жабдықтарға инвесттициялар және айналым құралдарын 2 млн $ сомасымен толықтыру мүмкіншілігін қарастырып жатыр. Жылдық 50 000 өнім бірлігін өткізу күтілуде. Өнім бірлігінің өндірістік өзіндік құны – 30$. Әкімшілік және өткізу шығындары 700 000$. Компания ROI – 25% жоспарлауда.

Үстеме пайызы = (25% х 2 000 000 $) +700 000 $ / 50 000 бірлік х 30 $ = 80%

3. Мақсатты баға белгіленімі

Мақсатты баға белгіленімі кезінде өнімге баға бәсекелестердің бағасын және сатып алушылардың әсерін ескерумен анықталды. Менеджменттің жұмысы – нарықта жақсы сатылатын өнім өндіру. Компанияға қолайлы табыспен қамтамасыз ететін, өнімге деген мақсатты шығындарды есептеу керек.

Мысалы,

Компания нарықтық бағасы 23$ болатын өнім өндіруді жоспарлап отыр. Өндіріс және сату көлемі 10 000 бірлік деңгейінде жоспарланды. Толық шығындарға үстеме  15%.

Берілген өнімді өндірумен байланысты пайда болатын әкімшілік және өткізу шығындары жылына 50 000$ құрайды.

Сатулар (10 000 бірлік х  23 $) 230 000 
Минус 
Үстеме ( 230 000 – (230 000 / 1,15) 30 000 
Әкімшілік және өткізу шығындары 50 000 
Мақсатты өндірістік шығындар барлығы 150 000 
Мақсатты өндірістік шығындар 1 бірлікке 15 
(150 000 $ / 10 000 бірлік)

Компания өнімді бірлік үшін 15 $ немесе одан да аз өндірістік өзіндік құн бойынша өндіруі керек.

Мәселен, өндіріс 300 000 $ сомасында инвестицияны қажет етеді және компания 15% инвестицияланған капиталға табыс жоспарлап отыр дейік. Онда өнім бірлігіне мақсатты өндірістік шығындар мынаны құрайды:

Сатулар (10 000 бірлік х  23 $) 230 000 
Минус 
Үстеме ( 300 000 $ х 15%) 45 000

Мақсатты өндірістік шығындар барлығы 135 000 
Мақсатты өндірістік шығындар 1 бірлікке 13,5 
(135 000 $ / 10 000 бірлік)

4. Арнайы тапсырыстың баға белгіленімі

Арнайы баға белгіленімі компанияға ұзақ мерзімді жағымсыз салдары жоқ бір өнімге уақтылы тапсырыстарды қарастырған кезде қажет болады. Мысалы,

Төменде А өнімін өндірумен байланысты бірлікке кеткен шығындар көрсетілген.

Компанияға 19 ш.б. бойынша 10 000 өнім бірлігін сатып алуға дайын клиент хабарласты. Компания басшылығын кәсіпорын толық қуатты жұмыс істемейтіндігін ескере отырып, келісімін беруі керек пе?

Абзорпшен-костингті қолданып, мынаны аламыз:

Сатулар (10 000 бірлік х 19 $) 190 000 
Шығын 10 000

Жоғарғы есеп айырысуларға сәйкес компания сатып алушы ұсынысын қабылдаса,10 000 ш.б. сомасында шығындалады. Алайда, өзгермелі өндірістік қосымша шығындар бір уақтылы тапсырысқа қатысты шешім қабылдау кезінде релевантты емес шығындар болып табылады. Өйткені олардың шамасы жабдықтаушылардың шарттарын қабылдағаннан кейін өзгермейді. Сондықтан, есепке тек релевантты релевантты шығындар алу керек. Бұл жағдайда, барлық өзгермелі шығындар релевантты болып табылады.

Директ костингті қолдана отырып, мынаны аламыз:

Информация о работе Қаржылық есеп беру