Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2013 в 22:30, курсовая работа
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша және қаржы шаруашылығы, ақша – несие жүйесін реформалау, қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын соңды болмаған жаңа ақша қатынастары, қаржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы, нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды ақша жүйелерінің қалыптасуы, жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Кіріспе..................................................................................................................3
1 – тарау. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері
1.1. Ақшаның шығу тегі, пайда болу кезеңдері................................................5
1.2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні..........................................9
1.3. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы..................13
2 – тарау. Қазақстандағы ақша реформаларын қалыптастырудың тиімді жақтары
2.1. ХХ ғасырдың басы мен орта шеніндегі ақша реформалары..................18
2.2. Кеңестер одағынан тәуелсіздік алғанға дейінгі ақша реформасының мәні......................................................................................................................22
2.3. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі ақша реформасын тұрақтандыру мен қалыпқа келтірудің шешімді жолдары мен мәселелері.................................25
Қорытынды......................................................................................................29
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия «үкіметі» өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әр түрлі болды және олар тезірек құнсызданды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап «еңбек паегін» ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегінкиім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт крупаға немесе 1 пуд қара ұнға немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.
1921 ж. наурызда болған РКП(б)-ның Х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсақ өнеркәсіпке араласуына жол берілді.
Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер, 1921 ж. көктемінде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек 10 % құраса, онда 1923 ж. бірінші тоқсанында, ол – 80 %-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921 ж. қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігініңартуы, ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта) тауар айналымының артуы жатады.
Ақша реформасының мазмұны. Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты чевонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.
Екі валютаның қосарлы айналысы – халық пен экономика жағдайына қатты әсер етті. Жалақы червонец түрімен есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін құнсыз кеңестік ақша белгілеріне сатқылары келмеді.
1888 ж. дүниеге
келген Григорий Яковлевич
1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп берді.
Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.
2.2. Кеңестер одағынан тәуелсіздік алғанға дейінгі ақша
реформасының мәні
Ұлы отан соғысы елге – 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде).
Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұяларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті.
Бюджет тапшылығы
эмиссиялау есебінен жабылды.Өндіріс
көлемінің қысқаруымен
Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947 ж. 14 желтоқсанда «Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы») мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 номиналдық купюралар шығарылды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдасттырылған айырбас пунктерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.
1950 ж. 1 наурыздан
бастап үкімет рубльдің
Рубль бағамын алтын базасына өткізгеннен кейінгі он жылдың ішінде (1950-1960 жж.) елдің ақша айналымы, мемлекеттік бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, ұлттық табыс көлемі және т.б. шамадан тыс өсті. Экономикалық қызметтердің көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиардтармен және триллиондармен бейеленді. Осындай үлкен сомалардағы шоттармен жұмыс жасау іс жүзінде қаржы-банктік және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жіберді. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкімет баға масштабын 10 есеге ірілендіру, рубльдің алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешім қабылдады.
1961 ж. қаңтарынан
бастап, айналысқа жаңа үлгідегі
мынадай ақша бірліктері
Айырбас 3 ай ішінде 1961 ж. 1қаңтарынан бастап 1 сәуір аралығында ешқандай шектеусіз жүргізілді. Сондықтан да 1961 ж. І тоқсанында айналыста ескі және жаңа ақшалар қатар жүрді. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жүргізілді. Сонымен бірге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтері, зейнетақы мөлшері, степендия, барлық төлемдік міндеттемелер, келісім-шарттар және т.б. жүргізілді.
Баға масштабын ірілендіру ақша есебін және олардың техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттерінің пішіндері шағын болып келуі, оларды айналыста қолайлы етті.
Баға масштабын ірілендірумен бірге рубльдің алтындық құрамын көтерді және оның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдің алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 г етіліп қайта белгіленді.
1964 ж. экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкінің құрылуымен байланысты, 1991 ж. дейін экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше елдердің арасында көп жақты клирингтік есеп айырысулар үшін қолданылатын ақша бірлігі – аудармалы рубль енгізілді.
Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде аырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимиттен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.
1991 ж. 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-құжаттарына белгі қойылды.
«Павловск»
реформасы нәтижесінде
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж. – 300 т., 1990 ж. – 234 т.
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 илрд рубльді құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.
1991 ж. қаңтарда
«1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі
ақша бірліктерін КСРО
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекетер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банк ролін атқара бастады. Мұнадй салдардың біріне несиелік экспансиялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдерінің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.
1992 ж. бірінші
жартысында-ақ Қазақстан
1993 ж. 12 қарашада
Қазақстан Респубоикасының
КСРО Мембанктінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.
Қазақстан Респубоикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегіннің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.