Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау және оның дамыту перспективасын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау;
- Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің мәселелері мен дамыту перспективасын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілері
1.1 Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің мазмұны, мәні және міндеті...7
1.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуді ұйымдастырудың заңнамалық базасы....................................................................
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуші органдар.....................................................................................................................
ІІ. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
2.1 Қазақстанның қаржылық бақылау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына сипаттама……………………………………………………………………………
2.2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2007-2008 ж.ж. жүргізген бақылау жұмыстарына талдау.................................................................................................
2.3 Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау комитетінің 2007-2009 ж.ж. жүргізген бақылау жұмыстарына талдау................................................................
ІІІ. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің мәселелері мен дамыту перспективасы
3.1 Отандық қаржылық бақылау жүйесінің қызмет ету мәселелері мен дамыту перспективасы..............................................................................................
3.2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің келешектегі рөлі.........................................
Қорытынды................................................................................................................
Қолданылғын әдебиеттер тізімі...............................................................................
Қосымшалар...............................................................................................................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі.doc

— 730.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

І. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілері

 

1.1 Мемлекеттік қаржылық  бақылау жүйесінің мазмұны, мәні және міндеті...7

1.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуді ұйымдастырудың  заңнамалық базасы....................................................................

1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуші органдар.....................................................................................................................

 

ІІ. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау

 

2.1 Қазақстанның қаржылық бақылау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына сипаттама……………………………………………………………………………

2.2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2007-2008 ж.ж. жүргізген бақылау жұмыстарына талдау.................................................................................................

2.3 Алматы қаласы бойынша  Қаржылық бақылау комитетінің 2007-2009 ж.ж. жүргізген бақылау жұмыстарына талдау................................................................  

 

ІІІ. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің мәселелері мен дамыту перспективасы

 

3.1 Отандық қаржылық бақылау жүйесінің қызмет ету мәселелері мен дамыту перспективасы..............................................................................................

3.2 Қазақстан Республикасының  республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің келешектегі рөлі.........................................

 

Қорытынды................................................................................................................

Қолданылғын әдебиеттер тізімі...............................................................................

Қосымшалар...............................................................................................................

 

 

 

 

кіріспе

 

Президент Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында “Бюджеттік қаржылардың орынды жұмсалуында және тиісті бағдарламалардың іске асырылуында ұтымды бақылау жасау саласын құрып, бірінші басшылардың жауапкершілігі күшейтілу керек” деп атап көрсеткен болатын [1].

Елбасы мемлекеттік  аппарат жұмысының тиімділігін  көтеруді, сонымен бірге елімізде әкімшілік басқарудағы қайта  құруды іске асыруды қадап айтты. Қазақстандағы экономикалық оң жетістіктерге жету мемлекеттік саясаттағы кейбір бағыттардағы қайта құруды тереңдетуге мүмкіншілік туғызады. Соған орай мемлекеттік қаржылық бақылау кешендік экономикалық қайта құру барысындағы өте маңызды рөл атқармақ. Мәселен, нарықтық кезеңде қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық ресурстарын тиімді басқаруға және оның мөлдірлігін қамтамасыз ететін бірден бір құрал екендігі анық. Өз қаржысын салық арқылы басқаруға беріп отырған, яғни демократиялық мемлекет құрушы азаматтар осы қаржының тиімді пайдалануын бақылауға құқылы.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. 2009 жылдан бастап Қазақстан нәтижеге бағдарланған бюджеттеуге және үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшті. Еліміздегі елеулі өзгерістерге байланысты отандық мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің алдында үлкен мәселелер туындауда. Сондай-ақ, қалыптасқан қаржылық дағдарыс жағдайында экономиканы тұрақтандыруға бағытталған мемлекеттік қаражатты нысаналы және уақтылы пайдалануды бақылау маңызды да өзекті мәселе болып табылады. Осы ретте еліміздің қаржылық бақылау органдарының рөлі арта түсуде.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы  қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі  жағдайын талдау және оның дамыту перспективасын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

    • мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілерін қарастыру;
    • Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау;
    • Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің мәселелері мен дамыту перспективасын анықтау.

Дипломдық жұмыстың объектісі – еліміздің қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайы мен келешектегі қызмет ету перспективасы.

Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдар жинағы, нормативті-құқықтық актілер, статистикалық ақпарат көздері, мерзімді басылымдар, интернет желісіндегі мемлекеттік органдар және басқа да сайттардың материалдары, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

 

І. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілері

1.1 Мемлекеттік қаржылық бақылау  жүйесінің мазмұны, мәні және міндеті

 

Өндірістік  күштердің өркениетті дамуы тәжірибесі мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін  басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерлерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық субъектілердің заңдарды сақтап отыруы мен оларға бекітілген жекеменшікті тиімді басқаруын бақылап отыру қажет. Бақылау басқару тетігі болғандықтан басқарудың алға қойған міндеттері мен шешімдеріне бағынады. Сондықтан бақылау маңызы басқарудың экономикалық және саяси заңдылықтары қоғамдағы белгіленген заңдылықтармен анықталады. Экономикалық бақылау міндеттерін белгілейтін белгілі бір қоғамды басқару мақсатына бақылау маңызы сәйкес келуі қажет.

Бақылау қоғамдық даму үдерістерін басқарудың жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократиялық-құқықтық мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік басқаруына тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі объектінің іс барысына бағыт бере отыра, басқару үдерісін басқарудың бекітілген ең жоғаргы үлгісімен бағыттайды.

«Бақылау» латынның «контра рутулус», яғни , белгіленген  немесе болжанған белгілі бір  оқиғаға не үдеріске «қарсы қою» деген  мағынаны білдіретін сөзінен алынған. Француз тілінен аударғанда «бақылау» сөзі бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бірақ ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып, трансформацияға түсу арқылы «бақылау» мағынасын беретін болған [2, 8-9 б.б.].

Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті деректерді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.

Бақылаудың  мынандай негізгі түрлері анықталған: әкімшілік, техникалық, қаржылық, экономикалық, экологиялық, атқарымдық, мемлекеттік, муниципиалдық, ведомстволық және т.б. Бақылау элементтері мақсатқа жету үдерісінде өзара сәйкес келе отырып, бақылау жүйесін құрайды.

Бақылау элементтері (сурет-1) оның жетістікке жету мақсатында біртұтас бақылау жүйесін құрайды.

Сурет-1. Қаржылық бақылаудың элементтері

 

Тереңдетілген тексеру жүргізілген кезде мамандар принциптер жиынтығын, әдістемелерін, тексеріс үдерісін пайдалана отырып, тексеру кезінде объектіде теріс ағымдардың, кемшіліктердің болу мүмкіндігін болжайды.

Қаржылық бақылау - зандылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік  қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға  көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

Мемлекеттік қаржы  қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды, мемлекеттік  пен муниципалдық унитарлық кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда  болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын  және құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады.

Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол - қолдануының белгілі бір ерекшеліктері  бар және мақсатты бағыты болатындығы.

Бақылаудың  қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне, айырбасқа және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды пайдалану жағдайларын ескертеді.

Бірақ бұл мүмкіндік  қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни:

а) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;

б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;

в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының қызметін реттемелеу.

Қаржылық бақылау  функциясы өндірістік ресурстарды  басқару құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын  анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.

Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері аныкталады. Оның ішіндегі ең маңыздысы мыналар:

1)  мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы  қаржылық міндеттеменің орындалуын  тексеру;

2)  заңды және  жеке тұлғаларға салық салу  жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың  сақталуын қамтамасыз ету;

3)  экономикалық  субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін бақылау;

4)  бюджеттің  барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы  мен орындалуын бақылау;

5)  кәсіпорындар  мен мекемелердің қаржылық, еңбек  және материалдық ресурстарын  тиімді пайдалану мен жағдайын  тексеру;

6)  қаржылық  ресурстардың резервтерінің көбеюін,  шаруашылық қаржысының айналымын  тездету, еңбек өнімділігінің,  қызметтің пайдалылығын арттыруды  анықтау;

7)  ұйымдар  мен мекемелердің қаржы қорларының  қалыптасуы мен пайдалануы және  қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені сақтауды тексеру;

8)  қаржылық  тәртіпті бұзу мен соған байланысты  теріс әрекеттерді алдын алу  шаралары және оны жоюды анықтау.

Бақылаудың  негізгі міндеті адамдардың жұмыс  тәжірибесінде даму мен қайта жетілдіруді ұтымды пайдалану үшін оның пайда болу зандылығын анықтау мақсатында қандай да бір объектіні ғылыми зерттеу (затты немесе құбылысты) болып табылады.

Ғылым тұжырымдамасы тұрғысынан қарағаңда қаржылық бақылау теріс құбылыстарды анықтау мен жоюға, өндірістік күштерді дамытуға және қоғамға қажетті өнімді өндіруді кеңейтетін және қаржылық-экономикалық қатынастарды өз уақытында реттейтін экономикалық білім оның серпінді жүйесі болып табылады.

Экономикалық  ғылымның саласы ретінде қаржылық бақылау - өндірістің кеңейтілген мәселелерін зерделей отырып, ұлттық экономикадағы барлық салалардағы қаржылық тетіктерді оңтайлаңдыруға, барлық деңгейдегі елді аймақты, мемлекеттік құрылымдарды, ұйымдарды және мекемелерді, қаржы, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді қалыптастыруды және пайдалануды бақылаудың құралы ретінде қызмет етеді.

Қаржылық бақылау  өзінің дамуында қаржы, бағаның құралуы, ақша айналымы және кредиттеу, қаржылық менджмент, банк ісі, экономикалық талдау, аудит, статистика, маркетинг, логистика, ұйымдастырушылық тәртіп, басқару құрамы және т.б. арқылы атқарымдық экономикалық ғылыммен тығыз бірігеді.

Экономикалық  әдебиетте қаржылық бақылау ғылыми-практикалық  тәжірибенің және бухгалтерлік есеп, қаржылық менеджмент, қаржылық құқық  пен шаруашылық қызметінің талдау синтезі ретінде жиі түсіндіріледі.

Кеңес дәуіріндегі  кеңістіктің өтпелі кезеңнің басында  бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылық және басқару, қаржылық бақылауды соған сәйкес басқарушылық аудит, жалпы аудит, бақылау мен  қаржылық есеп берудің аудиті, сыртқы және ішкі бақылау, операциондық, атқарымды, технологиялық аудит және т.б. деп бөлінуі жақсы қабылданды (сурет-2). Бұл дамыған елдердің өткізілім аясын басқарудағы, талдаудағы және бухгалтерлік есептің бақылаулы атқарымындағы, қаржылық бақылаудағы экономикалық талдаудағы үдерісті түжырымдары мен алдыңғы қатардағы тәжірибесін молынан тиімді пайдалану қажеттілігінен туыңдаған [2, 16-17 б.б.].

 

Сурет-2. Экономика ғылымдарының аралас жүйелерінің байланысы

 

Мемлекеттің ақша ресурстарының жасалуы, бөлісуі және пайдалануы бойынша іс-әрекет нормативті-құқықтық актілерге негізделеді және олармен реттеледі. Осы іс-әрекеттің заңдылығын қаматамасыз етудің маңызды және қажетті құралы болып мемлекеттік бақылау және оның құрылымдық бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылаудың маңызы мен қажет болуы негізінде ақша құралдары қорын жасалуы, бөлісуі мен пайдалануына байланысты экономикалық категория болатын қаржыларын бақылау функциясымен дәйектеледі [3, 296 б.].

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4-желтоқсанындағы қабылданған Бюджеттік кодекске сәйкес бақылауға мынадай түсінік беріледі: «Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – ол мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару, есебі мен атқару жөнінде есептілік жүргізу, оларды атқаруын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекеттің кепіліндегі заемдарды, мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатудан түскен және олардың билігінде қалатын ақшаларды пайдалану бойынша іс-әрекетін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру» [4, 135-бап].

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі