Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 14:46, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау және оның дамыту перспективасын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау;
- Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің мәселелері мен дамыту перспективасын анықтау.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін құрудың теориялық аспектілері
1.1 Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің мазмұны, мәні және міндеті...7
1.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуді ұйымдастырудың заңнамалық базасы....................................................................
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуші органдар.....................................................................................................................
ІІ. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
2.1 Қазақстанның қаржылық бақылау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына сипаттама……………………………………………………………………………
2.2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2007-2008 ж.ж. жүргізген бақылау жұмыстарына талдау.................................................................................................
2.3 Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау комитетінің 2007-2009 ж.ж. жүргізген бақылау жұмыстарына талдау................................................................
ІІІ. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің мәселелері мен дамыту перспективасы
3.1 Отандық қаржылық бақылау жүйесінің қызмет ету мәселелері мен дамыту перспективасы..............................................................................................
3.2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі Есеп комитетінің келешектегі рөлі.........................................
Қорытынды................................................................................................................
Қолданылғын әдебиеттер тізімі...............................................................................
Қосымшалар...............................................................................................................
«Мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі» ұғымына Қазақстан Республикасы Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджет түсімдерін төлету мен бақылауына жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық ұйымдары, бюджет құралдарын алушылар, мемлекеттік гранттарды, активтерді, мемлекеттің кепіліндегі заемдарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жатады.
Негізінде қаржылық бақылауды іске асыру, біріншіден, барлық шаруашылық субъектілердің қаржылық заңнамалар мен қаржылық тәртіптерін сақтауларын бақылау жөніндегі арнайы құрылған органдардың заңнамалы реттелген іс-әрекетін маңыздайды. Екіншіден, мемлекеттік қаржылық бақылау – ол қажеттілігі қоғамдық дамудың объективтік мұқтаждарымен дәйектелген қаржылық процестерді басқарудың міндетті элементі және маңызды функцияларының бірі, себебі қоғамдық қаржы құралдарын басқару қоғамның алдында өзінің жауапкершілігін құштар етеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі мақсаты – бюджетке ақша құралдарының түсуін максималдау, оларды ашық түрде пайдалануын қамтамасыз ету және мақсатсыз жұмсамауды жібермеу. Осы негізгі мақсатты және мемлекеттік қаржылық бақылаудың мазмұнын келесі мәселелерді шешу ашып көрсетеді:
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызы, бір жағынан қаржылық бақылау объектілерінің қаржылық іс-әрекетте заңнамалы белгіленген тәртіпті сақтауды тексерумен, екінші жағынан осы объектілердің жүргізіп жатқан қаржы операцияларының тиімділігі мен экономикалық қажеттілігін, олардың қоғам, жалпы мемлекет мақсаттарына сәйкестігін тексерумен дәйектеленеді.
Басқару жүйесінің қажеттігі бөлігі болып табылатын қаржылық бақылауды жүргізу – бақылау объектілерінің нақты ахуалы жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіншілік береді. Ал мұндай ақпарат арқылы объектілердің іс-әрекет нәтижелерін бағалауға, жіберілген ауытқулар мен олардың салдарын, жалпы айтқанда басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтауға болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің дамуы мен жетілдіруі республикада халықаралық тәртіптерге сәйкес, бірақ Ұлттық экономиканың даму ерекшеліктері мен әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін есептей отырып және әрекеттегі әдіс-тәсілдерді, құралдар мен әдістемелік шешімдерді сақтаумен іске асырылады.
1.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуді ұйымдастырудың заңнамалық базасы
Мемлекеттік қаржылық
бақылау өз алды билік пен басқарудың
арнайы органдарының мемлекеттік қаржы
ресурстарын қалыптастыруына
Мемлекеттік қаржылық бақылау Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4-желтоқсандағы Бюджет кодексінде көрсетілгендей келесідей үлгілерге бөлінеді (Сурет-3 қараңыз):
Сурет-3. Мемлекеттік қаржылық бақылау үлгілері
1) сәйкестікке бақылау жасау – бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
2) қаржылық есептілікті бақылау – бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау [4, 138-бап].
Сурет-4 көрсетілгендей Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 139-бабына сәйкес Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
Сурет-4. Мемлекеттік қаржылық бақылау түрлері
1) кешенді бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.
Бақылаудың критерийлер бойынша жіктелген келесі формалары анықталады:
Қазақстан Республикасының «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы», 2002 жылғы 29-қаңтардағы, № 286-II заңына сәйкес:
Бюджеттік кодекс бойынша сыртқы бақылау республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссиялары іске асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау, ал ішкі бақылау болып орталық уәкілетті орган мен жергілікті тиісті органдардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының ішкі бақылау қызметтерімен іске асырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау табылады.
Қазақстан Республикасында сыртқы қаржылық бақылауды ұйымдастыру «Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4415 болып енгізілген, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі №57 Қаулысына сәйкес жүргізіледі.
«Республикалық бюджеттiң атқарылуына
сыртқы бақылауды жүргiзу ережесi» Қазақстан
Республикасы Бюджет кодексiне, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5-тамыздағы
№917 Жарлығымен бекiтiлген Республикалық
бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi
Есеп комитетi туралы ережеге, Мемлекеттiк
қаржы бақылауы стандарттарына және Есеп
комитетiнiң регламентiне сәйкес әзiрленген.
Ереже бақылауды жоспарлау, оны жүргiзу,
оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiн айқындайды.
Республикалық бюджеттiң
атқарылуына сыртқы бақылау Есеп
комитетi жүргiзетiн тәуелсiз
Жоғарыда айтылған Ережеге сәйкес Сыртқы
бақылау дегеніміз республикалық бюджетке
түсiмдердiң толық және уақтылы түсуiн
қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ мемлекет
кепiлдiк берген қарыздардың, республикалық
бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн
өтеуге арнап берiлген қаражаттардың,
гранттардың, активтердiң, бюджеттiк инвестициялардың
нысаналы, негiздi және тиiмдi пайдаланылуына
қатысты бақылау объектiсiнiң қызметiне
мониторинг жасайтын, оны салғастырып-тексеретiн,
талдайтын және бағалайтын жүйенi бiлдiредi.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, Үкімет сенім берген органдар мен тиісті маслихаттардың ревизиялық комиссиялары республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына сыртқы бақылауды іске асыратын мемлекеттік органдар [3, 303 б.].
Бақылау республикалық бюджет қаражатының және мемлекет активтерiнiң пайдаланылуына, байланысқан гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiндегi тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түскен ақшаның пайдаланылуына, республикалық бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз етiлуiне, республикалық бюджеттен түсiмдер сомасының қайтарылуына, мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың iске асырылуына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына жан-жақты жүйелi бақылауды қамтамасыз етудiң қажеттiлiгiне сүйене отырып қалыптасатын Есеп комитетiнiң жылдық және тоқсандық жұмыс жоспары негiзiнде жүзеге асырылады. Жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары Есеп комитетiнiң Регламентiне сәйкес әзiрленiп, бекiтiледi.
Жоспардан тыс бақылау егер ол тақырыптық сипатта болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiр жолғы тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сауалдары, сондай-ақ Есеп комитетiнiң қаулылары мен Есеп комитетi Төрағасының тапсырмалары негiзiнде жүзеге асырылады.
Бақылау жүргiзу кезiнде Есеп комитетi мәслихаттардың тексеру комиссиялары тарапынан, iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тарапынан және iшкi бақылау қызметтерi тарапынан Мемлекеттiк қаржы бақылауы стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыра алады.
Бақылау жүргiзу рәсiмi: жоспарлау, бақылау, бақылау нәтижелерi бойынша есеп дайындау, бақылау нәтижелерi бойынша қабылданған Есеп комитетiнiң шешiмдерiн iске асыру сияқты төрт кезеңнен тұрады.
Қорытындының талдау бөлімі саланың жай-күйінің, іске асырылуына бақылау объектісі (мемлекеттік орган) жауап беретін мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың талдау нәтижелерін қамтиды.
Мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыру үшін мемлекеттік органға және басқа да ұйымдарға бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуын талдау нәтижелері 3 жылдан бастап 5 жылға дейінгі кезеңде көрсетіледі. Бұл ретте талдауды ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша, даму бағдарламалары бойынша және тұтастай алғанда бақылау объектісі бойынша жүргізген жөн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру процесінде және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметі процесінде қандай нәтижелер алынғанын көрсеткен орынды.
Салық, салықтан тыс түсімдер
немесе бюджетке төленетiн басқа
да төлемдер Қазақстан Республикасының
жалпы ішкі өніміндегі әрі республикалық
және мемлекеттік бюджеттердің жалпы
кіріс көлеміндегі үлесі көрсет
Мемлекет активтерінің пайдаланылуын талдау кезінде акционерлік қоғамның жалпы сипаттамасы, оның негізгі функциялары, жарғылық қорын құруға немесе толықтыруға бөлінген бюджет шығыстары, бөлінген бюджет кредиттерінің мөлшері, олардың бюджетке қайтарылуы көрсетіледі.
Бақылаудың нәтижелері жүйеге келтіріліп, мынадай бөлімдерді қамтиды:
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі