Қазақстан Республикасының қаржы нарығы: қазіргі жағдайы мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 20:08, дипломная работа

Описание работы

Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған қаржы-несие институттары (немесе оларды парабанктік мекеме деп атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет түрін көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің  несие-есеп  операцияларын жүргізіп, Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және сондай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. 

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
БӨЛІМ 1 Қазақстанның қаржы нарығынің құрамдас бөліктері
1.1 Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері...................................................8
1.2 Валюта нарығы – қаржы нарығының маңызды бөлігі................................18
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы.........................................22
1.4 Зейнетақы нарығының қызмет етуі...............................................................25
БӨЛІМ 2 Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау........................................................34
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау......................41
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері................................49
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...............................65
БӨЛІМ 3 Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................71
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері............................74
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде.......................................81
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................99

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы қазіргі жағдайы мен даму болашағы.doc

— 588.50 Кб (Скачать файл)

Осы заманғы коммерциялық банк, әрі қаржы делдалы, әрі институционалдық инвестор болып саналады  ол - өзінің саясаты мен Ұлттық банк саясатын қолдайтын меншік иесі.

Қазақстан егемендігін  жариялағаннан кейін банк жүйесінің  қалыптасуы басталды және тұрақтылығы төмен бола тұра ондағы мекемелердің саны қарқынды өсумен сипатталды. Жаңа банкілер ашылуы мен қабілетсіз немесе нашарларының жабылуы қосарлана жүрді. Мұнда белсенділіктің  экономикалық себептері – экономикалық нақты сектордың дағдарысының үдеуі, инфляцияның өсуі, банк қызметкерінің басқа түрлерімен салыстырғанда әлеуетті жоғары табыстылығы. Осы орайда, салықтар коммерциялық банкілер үшін осы уақытқа дейін, экономикалық басқа салаларына қарағанда, айтарлықтай төмен болғанын атап өтүі керек. ҚР Ұлттық банкі мен Қаржы министірлігінің құнды қағаздар операцияларынан алынған табыс сияқты инвестициялық несие үшін банк сыйақысы 2004 жылғы 1 қаңтарына дейін салықтан босатылған болатын. Ұқсас салық пұрсаттылығы нәтижесінде ҚР банк жүйесінің басқа қаржы институттарына қарағанда бәсекелестік артықшылығы болды және бола береді. Қор және сақтандыру нарықтарының жеткілікті дамымауы жағдайында оның қаржы нарығында оның орны ерекшелеу болады, сөйтіп банкілерге салық жеңілдіктерінен түсетін пайдаларына толықтыру ретінде сыйақының жоғары пайыздарын қамтамасыз етеді. Бастапқыда банк жүйесі, негізінен, бір құрылымды болды. Банкілік операциялар жүргізе алатын банкілік емес ұйымдар атымен жоқ болды. Дегенмен кейінгі кездері ондай ұйымдардың өсуі байқала батауда. Ырықтандыру саясатының арқасында банк жүйесі кеңеюде, оның құрылымы күрделенуде, әр қилы түрде болуда, әр түрлі, меншіктегі қаржы ұйымдары құрылуда, отандықтан басқа, шетел институттары да қызмет көрсете бастауда. Банк саласы бір қалыпсыз жүйенің басты ерекшеліктеріне ие болуда, бұл оны  басқару мен реттеуде бір қалыпсыз  әдістерді қолдануды қажет еткізеді.

1993-1996 жылдардағы қарқынды  өсуден кейін, ЕДБ желісінің  заңды тартылуы жүрді. Банк  секторының әрі мемлекеттік, әрі  аймақтық деңгейде қысқартылуы  басталды. Филиал желісі азайды. Бұған несие нарықтарындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік, банкілердегі капиталдандыру үдерістері, Ұлттық банкінің, жеке банкілер мен олардың филиалдарын жабу жөніндегі стратегиялық шешім қабылдауға әсері мүмкіндік тұғызды. ЕДБ-лердегі капиталдандырудың ауқымы мен қарқынының біркелкі еместігіне жарғылық капитал  мен активтердің айтарлықтай саралануы себепші болды.

Банкілердің экономикалық мүдделері шалғайдағы аймақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік міндеттеріненбасым болатынын көрсетеді. Бұл барлық коммерциялық банкілерге, оның ішінде халықтың қалық тобына қызмет көрсетуге міндетті Халық банкісіне де қатысты. Бұл банкілер мен мемлекет мүдделері арасындағы қарама-қайшылық - өндіргіш күштердің біркелкі орналаспау себебінен болғаны шындық. Автоматты турде, әрі бүгінгі күні ол жойылмайды, бірақболашақта, барлық аймақтардың дамуына байланысты шешілетін болады. Алайда, біршама өзекті мәселелерді мемлекет тұрғысынан банк қызметінің әлеуметтік құрамдас бөлігін қолдау бойынша ынталандыратын шараларды қабылдау арқылы шешуге болады: шығындардың өтемі, салық жеңілдіктері т.б. Дегенмен, егер банкілер менеджементінің деңгейі мөмен немесе  олар жемқорлыққа ұшыраған болса, онда мемлекет қолдауынан тиімділік болмайды.

Нақтылықтың біркелкі емес күрделі жағдайларына жеткілікті капиталы, салыстырмалы түрде менеджементі жоғары, ірі коммерциялық жобаларға немесе экспорттық өндіріске, яғни ішкі нарыққа қарағанда несиелік тәуекелдіктері болатын операциялары айтарлықтай аз болған банкілер төтеп бере алады. Алайда «қауіп-қатері аз өріс» созылмалы емес және де ұсақ банкілері ірі, өнеркәсіп топтарымен үлестес банкілер тез ығыстырып  шығарды.

Әр түрлі банк институттарының  қарқынды өсуін ҚР банк секторының ырықтандрылу байланысты стихиялық  немесе жүйесіздікпен ғана түсіндіруге болмайды. Бұл үдерісті реттеу берілген және кері алынған лицензиялар  көрсеткіштері растайды. Сонымен, 1993-2004 жылдары банкілерден 215 лицензия, оның ішінде жұмыстағы кемшіліктері үшін – жартысына жуығы кері қайтарылып алынды. Бұған қарамастан, егемендіктің бірінші жылдары мемлкеттік реттеудің деңгейі мүлдем жеткіліксіз болғанын ескерукерек. Ол банк жүйесін қалыптастыру  мен реформалаудың осы кезеңдегі ерекшеліктеріне сәйкес болмады.

Банк секторындағы реформалардың  ресми бірінші бағдарламасы, реформалау әжептәуір дербес белсенді дамыған кезде, тек 1995 ж. қабылданды. Ол ақша ресурстарын мейлінше орталықсыздандыруға  және коммерциялық банкілердің ақша-несие саясатын әзірлеу мен қызметтерін реттеу бойынша еліміздің орталық банкінің классикалық міндеттерін Ұлттық банкіге қайта беруге бағытталған болатын. Банк жүйесі, өзінің бастапқы бір құрылымдығын  жеңіп және құрылымдық өзгерістерге ұшырай отырып, күрделі және  әр түрлі бола бастайды, демек, бұл деріс ақша эмиссиясы және пруденциялық нормативтермен шектелетініне  қарамастан, өзін-өзі реттейтін, тіршілікке қабілетті жүйенің әлпетіне көбірек ие болады.

 

Кесте 1.Қазақстан Республикасындағы екінші дәрежелі банкілер санындағы өзгерістер*

 

Жылдары

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Екінші дәрежелі банкілер

Құрылған банкілер

Банк фелиалдары

Банк операцияларын жүргізуге  лицензиялары  кері алынған банкілер,

оның ішінде:жұмыстағы кемшіліктері үшін

басқа банкімен қосылуынан

(бірігуінен)

қайта құрудан

өз еркімен таратылуынан

204

 

 

63

 

724

 

 

 

 

 

 

 

14

 

 

 

7

 

 

-

-

-

184

 

 

13

 

1024

 

 

 

 

 

 

 

33

 

 

 

16

 

 

-

-

-

130

 

 

2

 

1036

 

 

 

 

 

 

 

54

 

 

 

42

 

 

1

-

-

101

 

 

2

 

949

 

 

 

 

 

 

 

31

 

 

 

28

 

 

3

-

-

82

 

 

6

 

583

 

 

 

 

 

 

 

25

 

 

 

16

 

 

5

1

3

71

 

 

0

 

459

 

 

 

 

 

 

 

14

 

 

 

3

 

 

2

3

5

55

 

 

2

 

426

 

 

 

 

 

 

 

18

 

 

 

7

 

 

7

1

3

48

 

 

1

 

418

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

5

 

 

1

1

1

44

 

 

1

 

400

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

5

 

 

1

2

-

38

 

 

1

 

368

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

3

 

 

-

3

-

36

 

 

-

 

355

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

-

 

 

2

1

-

36

 

 

-

 

384

 

 

 

 

 

 

 

-

35

 

 

-

 

415

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

-

 

 

-

-

-


*Дереккөз:2005-2006 жылдардағы  ҚР Ұлттық банкінің  жылдық есептері. Қысқа статистикалық анықтамалық, Алматы қ., 2007ж.

Басқа жүйесінің озық дамуы түрлі қаржы топтарының қалыптасуы үшін жағдай жасады. ҚР-сындағы  банкілер мен банк қызметі жөніндегі  заң банкілердің үлестес тұлғалар құрамына қатысуына рұқсат береді. Алайда мұндай құқықты тек ірі банкілер ғана пайдалана алады, сондықтан жетекші ЕДБ-лер маңында қаржы топтары құрылды. Мұны банк секторындағы саны жағынан басым орташа және шағын банкілер жөнінде айтуға болмайды.

Банк саласы басқа экономикалық жүйеден, бірінші кезекте оған мемлекеттің ерекше көңіл бөлумен айтарлықтай ерекшеленеді және оның уәкілетті өкілі ҚР Ұлттық банкі болып есептеледі. ҰБ ұлттық валюта эмиссиясына монополиялық құқығы бар – жалғыз заңды төлем құралының, ақша мөлшері мен ақша айналымының санын реттейді, пруденциялық нормативтерді белгілейді, банк қызметіне лицензиялауды жүргізеді. Банкжәне салық-бюджетжүйесі сияқты экономиканың бірде-бір басқа секторы қатаң реттелмейтініне көз жеткізуге болады. Мұнда экономикалық еркіндік шектелген,  басқарудың ең жиі тарағаны – бір қалыпсыз тәсіл. Дүние жүзінде жеке ақша түрлерінің көп болғанына жауап әрекеті сияқты мемлекеттің банк жүйесіндегі анықталу жағдайы тарихи түрде қалыптасты. Алайда қазіргі кезде ақшаның бірлескен нысандарын қолданып, ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты, оның нысандарының алуан түрлерін шығару әрекеттері алынып тасталмайды.

Қазақстанда банк саласын  реформалау басталғаннан бері қос деңгейлі жүйе  қалыптасты, бірінші деңгейі – Ұлттық банк және оның облыстық бөлімшелері, ал екіншісі коммерциялық банкілер болып табылады.

Қазіргі даму банк қызметтерінің жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан және микрокредиттік ұйыидардан тұратын үш деңгейлі жүйе жағдайында жүруде. Шын мәнінде кредиттеудің берілген жүйесі 2000 жылы анықталды, ал 2002 жылды кредит серіктестіктерінің уақыты деп айтуға болады,өйткені, активтер мен меншікті капитал өсуінің рекордтық қарқыны осы кезде байқалды. Кредит серіктестіктердің меншікті капиталы 2002 жылдың қараша айының басына 1,36 млрд теңгеге, яғни 10 ай ішінде3 еседен аса өсті. Осы кезең ішінде активтердің өсуі одан да жоғары қарқынмен 2,98 млрд теңгеге, яғни 3,8 есеге өсті. Кредит серіктестіктерініңсоншама шапшаң қарқынмен дамуын, әдетте, ұсақ аймақтық банкілердің іріленген серіктестіктерге қайта құрулумен түсіндіруге болады. Мұндай түрлендірулер ҚР – ның кредит жүйесі алдында тұрған екі маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді. Бірінші жағынан,ЕДБ- терді халықаралық деңгейде көтеру үшін оларға талап күшейеді, екінші жағынан аймақтар кредиттік серіктестіктеінің ресурстарымен кредиттеледі.

Сондай-ақ парабанк жүйесінің  басқа сегменттерін де күшейте дамыту қажет. Бірінші кезекте «көлеңкелі өрістен» көлемдері үлкен емес бейресми кредиттеу нарығын шығарған жөн. Дүниежүзілік Банк Есебіндегі 2000 ж. бейресмиқаржыландыру 8 млрд АҚШ долларына теңелді. Мұнда кредит беру тез жүргізіледі, кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар салыстырмалы түрде жоғары емес және т.б. Қорытындысында, микрокредиттік ұйымдарға (негінен ломбарттарға) берген кредиттері үшін сыйақының жоғарырақ пайыздарын алуға мүмкіндік береді.берілген секторды жария бизнес саласында «Микрокредит ұйымдары жөніндегі» ҚР Заңына сәйкес келтіру, мүлік пен қызметті жария ету, сөзсіз ұсақ кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қол жеикізуіне мүмкіндік жасайды және кредит ресурстары нарығының баламалы көрінісін құрайды.

Алайда, ҚР кредит жүйесінің  даму барыснда басқа элементтерінің алға шығуына қарамастан, банк саласы негізгі орынды алады. Барлық банктердің капиталында өсу үрдісінде ұлттық капитал басым. Шетел капиталы онымен  салыстырғанда шамалы. Қазақстанның қазіргі банк секторы меншік нысанының көп түрлілігі ұлттық жүйе болып есептеледі деген пікір әділ. Оған мыналар тән:

    • Шетел банктері банк операцияларының белгілі бір сегментінің мөлшерлік шекараларында қолданстағы заңдарға сәйкес қызмет етуі. Осымен ҚР банк жүйесі дүние жүзі банк жүйесінің   көпшілігенен (мысалы, Франция және т.б-дан) ерекшеленеді;
    • Жеке меншік, акционерлік  коммерциялық банкілердің  тек саны бойынша ғана емес, сонымен бірге жиынтық жарғы капиталы бойынша басым болуы;
    • Екінші дәрежедегі банктердің жиынтық жарғылық капиталындағы мемлекет үлесінің үздіксіз қысқаруы. Қазіргі кезде Даму банкі мен Тұрғын үй құрылыс банкінің осындай үлесі бар, алайда олар іс жүзінде ақша ресурстарын орталықтандырып бөлуге ықпал етпейді.

Банк саны қысқарған  кезде банкке жатпайтын қаржы  ұйымдарының желісі тез өседі, сөйтіп ол банк секторы құрылымын күрделендіреді. Несие нарғында банктерде банкке жатпайтындармен оларға уақыт көрсетіп отырғандай, сұраным бар ішінара орын алмасу жүруде. Банктік кредит нарығы мемлекеттің әсерінен бос емес, одан да қатаң пруденциялық нормативтерімен реттеледі, онда  Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты сезіледі. Банкке жатпайтыны – мейлінше ырықтандырылған. Енді мемлекетті қандай да болмасын бір міндеттемелерден босатуға болады деген пікірдеміз, атап айтқанда, жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру қорында құрылтайшылар қатарында республиканың Ұлттық банкі бар. Енді қор өзін-өзі басқару қағидалары негізінде дербес қызмет ете алады.

Банк сандарының азаюы  сөзсіз, тек бәсекелестік ұлттық деңгейде емес, ең алдымен халықаралық деңгейімен түсіндірілетін объективті үдеріс. ҚР банк жүйесініңбұдан әрі қарай дамуы қаржылық жаһандану әсерінің барған сайын көбеюінде болады. Ол мына бағыттарда жүреді:

      • Алматы қаласының Орталық Азияның аймақтық қаржы орталығы ретінде дамыту;
      • ТМД елдерінің нарығына экспансия;
      • Дамыған Батыс елдерінің банк жүйелеріменбайланыстарды күшейту, олармен Ресейді және Орталық Азияны байланыстыратын  буын – Қазақстан болуы.

Алматы қаласында аймақтық орталық-азиялық қаржы орталығының  құрылуы тек республикада капиталдың салыстырмалы түрде артықтығымен ғана емес, сонымен бірге ірі қарыз  ресурстарымен, бұрынғы одақтық  бағыныштағы, ұлттық кәсіпорындарды қамтамасыз етуге қабілетсіз Орталық Азия елдерініңұлттық қаржы жүйелерінің әлсіздігінен туындаған. Қазақстан банктерінің тіпті олардың арзан қарыз ресурстарын ұсына алмайтынына қарамастан, батыстікіне қарағанда белгілі бір артықшылықтары бар. Бұл, бірінші кезекте, жергілікті ділге сүйену, яғни олардың менеджементтің тиімдірек етуі. Сондай-ақ кейбір нарықтардың географиялық жақындығы, мысалы, қырғыздікі, Қазақстанда қолданылатын технологияларды,банктің көрсететін қызметтерін мен өнімдерінің өзіндік құның күрт арттырмай-ақ ендіруге мүмкіндік береді. Халықаралық қаржы институттары, атап айтқанда ЕДЖБ, олардың шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жандандару үшін кеңестіктен кейінгі нарықта сенімді банктердің  болуына мүдделі.

Қазіргі кезде ЕДБ-дің  жиынтық капиталы құрылымда шетел  банктері немесе шетелдіктер қатысқан банктер  мүлдем жеткіліксіз берілген. .

Меншік нысандары бойынша ҚР ЕДБ жиынтық меншікті капиталының құрылымы, %-бен*

Кесте 2. ҚР ЕДБ жиынтық  меншікті капиталының құрылымы

 

01.01.02

01.07.02

Отандық капиталдың барлығы, оның ішінде:

Мемлекттік капитал

Мемлекеттік емес отандық капитал

Шетел капиталы

 

82,44

31,56

 

50,88

17,56

 

82,85

30,34

 

52,51

17,5




 

 

 

 

 

 

 

 

Алайда, әлемдік іс-тәжірибеге сәйкес, еліміздің коммерциялық банктері қол жеткізген дамушылықты анықтаған кезде, отандық банктердің жұтылып кету қаупі мен қаржы саласында тұрақсыздандыруды құруы негізсіз және оның үстіне, бәсекелестіктің күшеюіне кедергі жасайды, оның бұдан әрі дамуы мен реформалауын тежейді. Отандық банк бизнесінде шетелдік ойыншылардың болмауы құнды қағаздар нарығы мен несиелер құнына т.б. жағымсыз әсер етеді. Мемлекеттің банк секторына айтарлықтай қатысуы екі жақты нәтиже беруде. Бір жағынан, мемлекет өз капиталыменЕДБ-дің ресурстық базасын және отанымыздың инвестициялық әлеуетін арттырады.Екінші жағынан – мемлекеттік кредиттерді пайдалану тиімділігі жеке салымдардың көрсеткіштерінен кем болып шығады. Елімізде кредит ресурстарының салыстырмалы түрдегі артықтылығы жағдайында мемлекеттік банктердің үлес алмағын азайту қажет. Жуық арада мемлекеттік екінші дәрежедегі банктерді жекешелендіру қажеттілігінің тууы ықтимал.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы нарығы: қазіргі жағдайы мен даму болашағы