Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:44, курсовая работа

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі , оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.

Содержание работы

Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
Ақшаның металдық және номиналдық теориясы
Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесіне талдау
Ақша массасы және ақша агрегаттарын талдау
Несие жүйесінің операцияларына талдау
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Ақша-несие саясатының даму жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Ақша-несие саясатының ерекшіліктері (2).doc

— 209.50 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

       

 

Кіріспе

3

1 тарау.

Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы

 

1.1

Ақшаның даму тарихы мен  эволюциясы

5

1.2

Ақшаның металдық және номиналдық теориясы

7

1.3

Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы

12

2 тарау.

Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесіне талдау

 

2.1

Ақша массасы және ақша агрегаттарын талдау

15

2.2

Несие жүйесінің операцияларына талдау

17

3 тарау.

Қазақстан Республикасының  ақша-несие саясатының ерекшеліктері

 

3.1

Ақша-несие саясатының даму жолдары

20

 

Қорытынды

25

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

27

 

Қосымшалар

28


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

                                                    Кіріспе

 

  Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері».

Курстық жұмыстың өзектілігі – ақша, яғни ақшаның пайда болуы  мен айырбастың пайда болуы, ақшаның  қазіргі өмірде алатын орны, байлық пен табыстың өзі - ақшамен өлшенетіні, металдық ақшаның қағаз ақшадан  артықшылығы, Қазақстандағы қазіргі  таңдағы ақша айналымы. Қазақсатан Республикасының несие жүйесі, жалпы несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы, несиелік мекемелердің түрлері, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының мәнін түсіндіріп, ерекшеліктерін қарау.

  Ақша ежелгі заманда пайда  болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі , оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.

  Ақша дегеніміз – жалпы балама рөл атқаратын ерекше тауар.

         Курстық жұмыстың мақсаты – ақшаның пайда болуы мен эволюциясын, атқаратын қызметтерін зерттеп, соған байланысты ежелгі Қазақстандағы ақшаның орнын не басқанын білу арқылы теңгенің қалай пайда болғанын қарастырып,  Қазақстандағы ақша-несие саясатының ерекшеліктерінтүсіндіру.

         Осы мақсатқа сәйкес, мынадай міндеттер атқарылды.

         Бірінші тарау бойынша ақшаның пайда болуы, ерте заманнан біздің өмірге дейінгі ақшаның тарихы, дамуы, бұрын оның орнына қандай тауар  болғаны туралы толық түрде жазылып, мәліметтер беріледі. Сонымен қатар осы тарау теориялық сипатта металдық және номиналдық теорияларын ажыратып, ақша айналыс заңына толық түрде сипаттама беріледі.

           Екінші тарау бойынша: несие жүйесінің ұғымын, құрылымын, несиелік мекемелердің түрлерін және несиелік жүйені құру принциптерін қарастырдық.

          Үшініші тарау бойынша: Қазақстандағы ақша-несие саясатының ерекшілгін қарастырдық.

       Осы  курстық жұмысты жазу барысында  мынадай әдебиеттер кеңінен қолданылды:Б.А.Көшенованың «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»,Ғ.С.Сейітқасымовтың «Ақша,несие,банктер»,        Я.Әубәкіровтың «Экономика білімдер негіздері», сонымен қоса «Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана» журналы және тағы да басқа әдебиеттер қолданылды.

          Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда  несиелеуге болатын экономика  секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

         Еліміздің ақша-несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.

        Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы  шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктерін тереңірек зерттеу, нарықтық макроэкономикалық принциптері бойынша құрылымын анықтау, оның тиімді және тиімсіз жақтарын қарастыру ұсынылған жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            1 тарау. Ақшаның шығу тегі,мәні және айналымы

 

1.1. Ақшаның даму тарихы  мен эволюциясы, атқаратын қызметтері

 

      Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.

      Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы мен мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

      Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол – ақша. Тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».[5; 8]

      Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар мен ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

      Тауар айналысының тарихи-эволюциялық даму процесіндегі жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген «біздің жинаған малдарымыз:ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.[3;9]

      «Капитал» сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

      Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі,түлкі және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдарының бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналады. 1610жылы жаулап алған орыстардың әскери кассасында 5450 рубль күміс пен 7000 рубль жүн табылды. [2;6;8.]

      Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

      Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

     Өнер мен   жер игерушілердің бөлінуімен  эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік  мінездемелері бар эквиваленттер  пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе, құйма түріндегі тұздар тағы басқа.

      Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартада, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XVII ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.

       Металл ақшаларының артықшылығы,  олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

       Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

       Б.э.д. XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыда белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.

      Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

      Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала берді, бірақ тауар - ерекше жалпылама эквивалент.

       

1.2.  Ақшаның металдық және номиналдық теориясы

 

      Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский (1771-1839 жж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы XIX ғасыр теоретиктерімен қолданылған. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XX ғасырда дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы XIX ғасырдың II жартысында алтын-монета стандартының Германияда 1871-1873 жж. енгізілуімен байланысты болды.

     Ақша өзінің материалдық – заттық құрылымы металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалар) болып екіге бөлінеді. Екінші қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның рөлін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастайды. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі ХІІІ ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка-  “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт – қадақ – орыстың бұрынғы 409 грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы ( рубленая пополома) рубль деп аталған.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері