Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:44, курсовая работа
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі , оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Ақшаның шығу тегі, мәні және айналымы
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
Ақшаның металдық және номиналдық теориясы
Ақша айналысының сипаттамасы, айналым заңы
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесіне талдау
Ақша массасы және ақша агрегаттарын талдау
Несие жүйесінің операцияларына талдау
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Ақша-несие саясатының даму жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Банк жүйесін
реформалау және ақша
Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар т.б. көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі
өзара тығыз байланысты, сондықтан
оларды бөлу қажет емес. Ақша
өз айналысында қолма-қолдан
2 тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесіне талдау
Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша агрегаты жатады.
Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі - бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдаланылады:
- М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
- М2 – оған М1 агрегаты және мерзімі 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары (вклады) кіреді;
- М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
- М4 – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Қорыта
айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты
өзінен алдыңғылардың барлық
элементтерін өзіне біріктіріп,
үлкен ақша массасын құрайды.
Бірақ оның алдыңғыға
Ақша массасының
нақты құрамы әр мемлекеттің
өзіне тән ақша-несие
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрылымына келесі ақша агрегаттары кіреді:
- М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;
- М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
- М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
- М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займ облигацияларын біріктіреді.
Ақша агрегаттарының
құрылымы тұрақты қалыпта
Қазақстанда ақша
массасына Ұлттық Банк пен
екінші деңгейдегі банкілердің
баланстық шоттарын
Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша агрегатын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.
ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:
ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);
ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;
ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);
Ml = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
Мұндағы,
Аудармалы депозиттер — 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.
Басқа депозиттер — негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.
2.2. Несие жүйесінің операцияларына талдау
Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге «банк» және «банктік қызмет» ұғымын білу қажет. Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, деозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және басқа елдердің банктер туралы заңдарында бекітілген. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министірлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады. Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса, «банк» деп аталуға тиіс емес. Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше.
«Банк» ұғымы Италияның «banco» («айырбас орны») деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407ж. Генуеде пайда болған. [9;13]
Банктер – атқаратын
қызметтерінің ерекшеліктеріне
қарай екі негізгі типке
Өзара жинақ банктері «өзара біріккен» кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды.
Қарыз- жинақ бірлестітері – халықтың қаражатына қаттысты салымдық операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдаланады.
Несиелік одақтар - кәсіподақтардың, ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооперативтік типтес жинақ мекемелері. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар беруге пайдаланылады.
Жеке және мемлекеттік зейнетақы қорлары – халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды коорпарациялардың ақшалары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.
Демек, банктік емес мекемелер кез келген мемлекеттің несие жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Олар коммерциялық банктер орындамайтын қызмет түрлерін өздеріне алу мақсатында пайда болған. Банктік емес мекемелерге тәне сипат олар ресурстарды көбінесе халықтың қаражатын тарту жолымен жинақтайды. [10;7]
3 тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
3.1 Ақша-несие саясатының даму жолдары
Ақша – несие саясаты
Ақша-несие саясаты
ақша айналымы мен несие саласында
макроэкономикалық процеске ықпал
етудегі орталық банктің жиынты
Ақша-несие саясаты «желге қарсы жүзу» ретінде көрінеді, ол күйзеліс жағдайында іскерлік белсенділікті ынталандыруға және коньюктура қызған жағдайда экономикалық өсуді қысып, қуғындауға бағытталған.
Қазасқтандағы ақша-несие
саясаттының негізгі
Үкіметтің әрекеті.2005 жылы шамамен алғанда жылына 5-6 пайыз мөлшеріндегі инфляция қарқынына жету үшін ақша-несие және бюджет саясатын қатайтумен қатар ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады.
Алдағы үш жыл ішінде Қазақстанның қаржылық секторы, банктер мен қатар, қаржылық қызмет рыногында: ломбард, несиелік серіктестіктер, делдалдық фермалар, лизингтік және сақтандыру компаниялар, жинақтау зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар секілді мекемелрмен толығатын болады. Депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында, депозиттерді міндетті ұжымдық сақтандыру тетігін жасау және жүзеге асыру жөнінде екінші деңгейлі банктермен жұмыс жалғаса бермек.[8;5]
Еліміздің банктері әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында өзінің сенімділігін көрсетіп отыр. Еліміз егеменді несиелік рейтинг алды және оны ұзақ уақыт бойы позитивті деңгейде қолдап келеді. Республикадағы бүгінгі банктік екідеңгейлі жүйе мынадай жүйелер – бірінші деңгей Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін көрсетеді, екінші деңгей – екінші деңгейдегі банктер. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру, оларды жеке басқару беру, сыртқы экономикалық байланысты монополиядан шығару, инвестициялық ахуалды ішкі рыноктар капиталдарының есебінен күшейту банктер рөлін арттырды. Мұның сыртында, шеттен алып пайдалану бағдарламасын жүзеге асыруда және мақсатты несиелер мен сыртқы инвесторлардың қарыздарын жабуда қаржылық делдалдар ретінде банктік институттардың маңызы көтерілді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері