Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:28, реферат
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфрақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Бағалы қағаздар ерекше түрдегі тауар бола отырып, сауда және өнеркәсіптік қатынастардың даму нәтижесінде объективті қажеттілік болып туындап отыр. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығының логикалық дамуы, пайда болуы және индустриализациясы өндірістік және қаржылық қорларды бірлестіру тәсілімен әртүрлі бағалы қағаздар мен олардың туындыларының құрылуына әсер етті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, бағалы қағаздарды қолдану қаржылық инструменттің ең икемдісінің бірі болуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Кіріспе...................................................................................................2
I бөлім. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні.............................4
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері........................................................4
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы және мәні...........................15
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы............................17
2.1. Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.........17
2.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.......................20
2.3. Қор биржасы және биржалық операциялар...............................23
III бөлім. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу..................26
IV бөлім. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
даму проблемалары..........................................................................28
Қорытынды..........................................................................................31
Қосымшалар........................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер...................................................................36
Жоспар
Кіріспе.......................
I бөлім. Бағалы қағаздардың экономикалық
мәні..........................
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері.......................
1.2. Бағалы қағаздардың
пайда болуы және мәні.........
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының
құрылымы......................
2.1. Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.........17
2.2. Бағалы қағаздар нарығының
кәсіби мамандары.....................
2.3. Қор биржасы және
биржалық операциялар..........
III бөлім. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу..................26
IV бөлім. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
даму проблемалары..................
Қорытынды.....................
Қосымшалар....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе.
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфрақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Бағалы қағаздар ерекше түрдегі тауар бола отырып, сауда және өнеркәсіптік қатынастардың даму нәтижесінде объективті қажеттілік болып туындап отыр. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығының логикалық дамуы, пайда болуы және индустриализациясы өндірістік және қаржылық қорларды бірлестіру тәсілімен әртүрлі бағалы қағаздар мен олардың туындыларының құрылуына әсер етті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, бағалы қағаздарды қолдану қаржылық инструменттің ең икемдісінің бірі болуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығы мынадай элементтерден тұрады:
- Эмитенттер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
Жоғарыдағы айтылған мәселелерден "бағалы қағаздар нарығы" - тақырыбының мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап алып және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай мәселелер қарастырылады:
Сонымен курстық жұмыста бағалы қағаздар түрлері, оларды топтау және бағалы қағаздар нарығын талдау, зерттеу мәселелері қарастырылады. Бұл тақырыпты таңдап алудың негізгі себебі бүгінгі күнде дүниежүзі үшін де, біздің еліміз үшін де бағалы қағаздар нарығымен жұмыс істеу өте қолайлы болып табылады.
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономиқалық мәні.
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері.
Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық құжат. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал.
Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
а) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
б) бар компанияны
акционерлік қоғам ретінде
в) жарғылық капиталды қосымша ұлғайту кезінде.
Жарғылық капитал – шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция – компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, елдер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілеті нашарланатын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге, жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байнанысты. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген.
Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал құнын бекітеді. Ол акцияның титулында көрсетіліп, хабарнама сипатында болады. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналыстырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал – акцияның эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын не корпорация, не басқа біреу белгілейді.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе "кітаптық" баға деп аталады. Ол активтің таза құнын орналыстырылған акция санына бөлгенге немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпейді шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағамен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі бір бөлігін алуға кепілдік береді.
Артықшылықты акциялар - меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының денгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол – дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивидендтер беруден бұрын төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда, дивиденд акцияның номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты, артықшылықты акция бойынша да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте – атаулы бағалы қағаз.
Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының ғана басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: дивиденд алғанда, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады: қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның жарғысында қаралады.
Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі, акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалануына байланысты. Олар:
а) Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
б) Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;
в) Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, онда ал артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы ара қатынасын компанияның өзі белгілейді.
Қатысушылар акциясының иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқы жоқ. Егер артышылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарлаған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдық дивидендтіне қосуға болмайды.
Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Айырбастау жөніндегі талап осы типті акция шығарған кезде жазбаша түрде корпорация кітабында көрсетіледі. Артықшылықты акциялардың көбісі конвертабельді. Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі – дивиденд төлеуі кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғары квотасы төленіп бағасын ғана беріледі. Содан қалғаны атаулы акция иелеріне бөлінеді. Егер компанияның ісі өрлеп тұрса, бұл акциялар өте тиімді.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек, делінсе, онда - директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны барлық акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.
Облигация.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналыстыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан анық кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі болып саналады. Ол кепілдік эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құны. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен, бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешіліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар: