Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:28, реферат
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфрақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Бағалы қағаздар ерекше түрдегі тауар бола отырып, сауда және өнеркәсіптік қатынастардың даму нәтижесінде объективті қажеттілік болып туындап отыр. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығының логикалық дамуы, пайда болуы және индустриализациясы өндірістік және қаржылық қорларды бірлестіру тәсілімен әртүрлі бағалы қағаздар мен олардың туындыларының құрылуына әсер етті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, бағалы қағаздарды қолдану қаржылық инструменттің ең икемдісінің бірі болуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Кіріспе...................................................................................................2
I бөлім. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні.............................4
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері........................................................4
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы және мәні...........................15
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы............................17
2.1. Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.........17
2.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.......................20
2.3. Қор биржасы және биржалық операциялар...............................23
III бөлім. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу..................26
IV бөлім. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
даму проблемалары..........................................................................28
Қорытынды..........................................................................................31
Қосымшалар........................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер...................................................................36
Облигация бойынша мезгіл – мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы мөлшері көрсетілген. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Номиналды деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сапасын айтады. Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер – жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісімімен сыйақы - төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет. Мысалға, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар - шілде, ақпан - тамыз, наурыз - қыркүйек, сәуір - қазан, мамыр - қараша, маусым - желтоқсан. Өтеу күні – компанияның сатып алушыға облигацияның номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Қамтамасыз етілген облигациялар – оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге, оның негізгі меншігінің облигацияға салғанын көрсетеді. Егер корпорация тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар. Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:
а) Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер.
б) Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және облигациялармен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары.
в) Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі. Оны болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда, ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайында, екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.
Біріншіден, егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдар өте көп болса, онда бұрын төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді. Басқаша айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі мұндай облигациялар тек номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңа иемденушіге өте төмен кіріс түсіреді.
Екіншіден, егер жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы иелерінің кірісін теңестіреді.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.
Вексель.
Өндірістегі жұмыстың айналымдығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек, өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденуге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісімен жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие - қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді.
Вексель – тауар, ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымның негізі – серіктердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылаумен жасалатын несиелік келісім.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель немесе трата болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай санаға толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қарастырмай-ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель пайдаланылса, онда вексель айналасындағы бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Аудармалы вексель деп несие берушінің қарыз алушыға вексельде көрсетілген сананы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі.
Акцепт – есеп айырысуды төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісім. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және жалған вексельдер болып бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Мұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі. Келісім-шарты жасалған шақта, сатып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы болмаған жағдайда, оның орнына сатушыға басқа төлем құралы – вексельді ұсынады. Вексель айналысының негізі – коммерциялық вексельдер.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып есептеледі. Оған банктік қазыналық, траст және де басқа банктік емес несие ұйымдарының вексельдері жатады. Бұған, мысалы, қаржы нарығында өзіне қаржы тарту мақсатымен бір банктің басқа банкке берген тратталары дәлел бола алады.
Ал қазыналық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда. Траст – компаниялар ақша салушылардың өздеріне сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойынша вексель міндеттемелері.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола, яғни құрқуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.
Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі – вексельдің сенімділігі. Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі – акцепт-авальды операциялар.
Вексельдің акцепті - төлеушінің вексельді төлеуге берген заңды келісімі. Сол сияқты акцептант төлеуге келісім берген заңды мекеме немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Егер акцептанттың рөлін банк атқарса, онда вексель бірінші класты міндеттеме құқығын алады. Вексельдің акцепті міндетті емес, бірақ ол нарықта вексельдің еркін айналуына жағдай жасайды.
Вексельдің авалы – вексель бойынша кепілдік. Авал беруші банк вексель беруші акцептант тарапынан төлем төленбеген жағдайда, оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлеу мерзімі келген кезде вексель төлеу үшін тікілей банкке жіберіледі. Вексельдің өтеудің бұл түрі - аваль акцептке қарағанда сиректеу қолданылады.
Жалған капитал – қосымша құнның бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:
Біріншіден, табыс көзі – тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік капиталмен тікілей байланысты.
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, оның нарықтық бағалары иррационалдық сипатта болады.
Жалған капитал нақты және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
1. Жалған капиталдың
өз кұны жоқ. Бірақ бағалы
қағаздардың кейбір түрлері
2. Бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ол нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді.
3. Жалған капиталдың
мөлшері бағалы қағаздарды
Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де соңғы кездері бағалы қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.
Сонымен бірге, жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар. Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста болады.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс, оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналыстыратын ортаның тек біреуі ғана.
Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен оның дамуы капиталистік өндіріс қатынастарының орнауына қатысты. Бәрінен бұрын бұл коммерциялық несиелеу шекарасының кеңеюімен пайда болды. Коммерциялық несиелеу негізі болып – вексель табылады, яғни бағалы қағаздардың бірінші түрі. Вексель несиелік ақша формасына айналады. Бұл жағдайлар бағалы қағаздардың вексель және өнеркәсіптік өндірістің дамуына зор мәнге ие болуын куәландырады. Банктік жүйнің іс-әрекетінің даму процессі кезінде тағы бір бағалы қағаздардың түрі – чектер пайда болды. Несиелік ақша рөлін ойнайтын және товар айналымы кезінде төлем құралын атқарушы болды. Бірақта нағыз бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен құрылуы акционерлік қоғамдар болды. Бағалы қағаздардың басты түрлерінің акциялар мен корпаративтік облигациялардың пайда болуы объективтік өндіріс қажеттіліктерінің әсері. Экономикада пайдалы қағаздардың болмауы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының рөлінсіз елестетуге мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік пайдалы қағаздардың ролі экономиканың дамуы кезінде өзгерді. Мемлекеттік пайдалы қағаздар алғашында мемлекеттік несие құралдарының бірі ретінде төтенше шығындарды жабу үшін пайдаланылды, яғни соғыстар мен табиғи апаттарға байланысты. Уақыт өткен сайын мемлекеттік бағалы қағаздар үлкен өлшемде экономикаға әсер ете бастады. Сонымен қатар, мемлекеттің ақша айналымның қалыптасуында зор роль атқара бастады. Қазіргі жағдайда мемлекеттік пайдалы қағаздар көмегімен, макроэкономиканы қалыптастару мақсатында, ақша несиелік саясат жүріп жатыр. Экономикадағы бағалы қағаздардың мәніне жалпы баға бере отырып, келесі басты қызметтерін бөліп көрсетуге болады.
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Ал акция үлесті немесе меншікті құжаттандыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен сипаттарына қарай акционердің дивидентер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептелінеді. Қоғамды құрушылар орасан зор табысқа иемденеді. Акционерлерге дивиденд төленеді.
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.
2.1 Бірінші, екінші нарықтар және олардың қызметтері.
Бағалы қағаздар нарығы капитал өндірісінің процесіне қызмет атқарады. Капиталдың өндіріс процесіне қандай роль ойнауына байланысты, бағалы қағаздар нарығын бірінші және екінші нарық деп бөлу қабылданған.
Бірінші нарық – бірінші шығарылған бағалы қағаздар орналасатын нарық. Мұнда көбінесе оған қатысушылар бағалы қағаздар эмитенттері мен инвесторлар. Негізгі және айналымдағы капитал инвестиция салу үшін қаржы ресурстарын қажет ететін эмитенттер, қор нарығындағы бағалы қағаздар ұсынымын анықтайды. Әсіресе, бірінші нарықта уақытша бос ақшалай қаражатты жұмылдыру және оларды экономикаға инвестициялау жүзеге асырылады. Бірақ, бірінші нарық ұлттық экономика масштабында жинақтың кеңеуін ғана қамтамасыз етпейді, онда бос ақша қаражатын ұлттық экономика ортасы мен саласында бөлу өтеді. Бұл орналастырудың критерийі, нарықтық экономика жағдайында бағалы қағаздардың әкелетін кірісінің қызмет атқаруы табылады. Бұл дегеніміз бос ақша қаражатының кәсіпорындарға, шаруашылық ортасы мен салаларына және пайданы көтеруді қамтамасыз етуіне жұмсалады. Осылардың барлығы бағалы қағаздар нарығының нарықтық экономиканы фактілік реттеушісі екенін білдіреді.