Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 11:44, курсовая работа
Франчайзинг — ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге — табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады .
Кіріспе
І. Франчайзингтік бизнестің теориялық мәселелері
1.1. Франчайзингтің мәні және мазмұны
1.2. Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері
ІІ Франчайзингтік бизнестің салалық жіктелуі
2.1.Франчайзигтің бизнестің Қазақстан нарығында алатын үлесі
2.2 Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
І. Франчайзингтік бизнестің теориялық мәселелері
1.1. Франчайзингтің мәні және мазмұны
1.2. Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері
ІІ Франчайзингтік бизнестің салалық жіктелуі
2.1.Франчайзигтің бизнестің Қазақстан нарығында алатын үлесі
2.2 Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Франчайзинг — ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге — табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады .
Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен пре-ференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы.
Дамыған елдерде франчайзинг
тұтынушылардың әр түрлі
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Франчайзингтің көп аспектілі сипаты мен өзектілігі ғалымдардың оған деген қызығушылығын арттырады.
Бұл жұмыста Кисиков Б. «Франчайзинг в Казахстане»3, Рыкова И.В. «Франчайзинг: новые технологии, методология, договоры.» Франчайзингтің теориялық және ғылыми тәжірибелік аспектілері ТМД ғалымдары – В.В. Довгань, Д.Н. Земляков, Д.Н. Колесников, А.З. Майлер, М.О. Макашев, С.В. Поворин, И.В. Рыкова, С.А .Силинг, Л.Б. Сульповар, А.В. Цират және т.б. еңбектерін пайдаландым.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты –Қазақстан Республикасының экономикасындағы франчайзингтің рөлі мен оның дамуына деген кедергілерді зерттеп оларға тиімді шешу жолдарын ұсыну.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Франчайзингтік бизнестің артықшылықтарын, тәжірибелік франчайзингте қатысты материалдарды баспасөзде жариялау.
Зерттеу жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Франчайзингтік бизнестің теориялық мәселелері
1.1. Франчайзингтің мәні және мазмұны
Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.
«Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған.[1]
Франчайзинг дегеніміз:
Аталған анықтамаларды қорытындылай келе және шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг –келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».
Филип Котлер франчайзингтің келесідей белгілерін атап көрсеткен:
Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер (ноу-хау мен бренд құқығын иеленуші) мен оператор-компанияның (франчайзи)арасында шарттық қарым –қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы франчайзердің сауда белгісін, технологиясын, маркетингілік мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін және басқа да бейматериалдық активтерін пайдала отырып, оның стандарттар бойынша істі ұйымдастырып, жүргізеді.[1]
Франчайзингтік
жүйе жалпы түрінде құрылымды
басқарушы франчайзер-
1-сурет - Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы
1-суретте көрсетілгендей, франчайзингтік келісім-шарттың тараптары болатындар:
Франшиза – франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама. Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның келесідей құрамдас бөліктері бар:
Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады
(2-сурет).
2-сурет-Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзингті жіктеудің тәсілдемелері тәжірибе жүзінде толық зерттелмегендіктен, шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, оны белгілеріне сәйкес жіктеудің келесідей үлгісін ұсынамыз (3-сурет қосымшадан қараңыз).
3- сурет– Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары
Әрине, франчайзингтік үлгінің
жалпы жіктелімі мұнымен
Көптеген шетелдік әдебиеттерге сүйене отырып және шетелдік тәжірибеге сүйене отырып франчайзингтің келесідей жағымды жақтарын ашып көрсетуге болады (4-сурет қосымшадан қараңыз).
4-сурет-Франчайзингтің жағымды жақтары
1.2. Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері
Франчайзингтің бастапқы
пайда болу мекені – АҚШ-та ол тауарлар
мен қызметтерді сату, сатылған күрделі
тауарларға сервистік қызметтер
көрсету қажеттілігіне
Дамыған елдерде франчайзинг
тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге
деген қажеттіліктерін қанағатт
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуын негізгі сипаттамалары бойынша талдай отырып, оның келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады (1-кесте қосымшадан қараңыз).
1 кесте -Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері
Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезең жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикада франчайзингтік қатынастар жүйесін пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал-жабдықтар саласында дамып, өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. Екінші кезеңде – Қазақстан нарығына ірі шетелдік франчайзингтік фирмалардың келуі, елімізде осы салаға қатысты заңнаманың қабылдануы, Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ) құрылуы, отандық кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400-ге жуық оператор-фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, ҚФҚ-на біріктірілген, 40 - 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларында қызмет етуімен сипатталады.
Франчайзингтің отандық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларында пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономикалық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материалдық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеретін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері «Mariott», «Интерконтиненталь» қонақүйлері, «Coca-Cola» сусындар өндірісі, «Mango» киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда. [4]