Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 11:44, курсовая работа
Франчайзинг — ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге — табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады .
Кіріспе
І. Франчайзингтік бизнестің теориялық мәселелері
1.1. Франчайзингтің мәні және мазмұны
1.2. Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері
ІІ Франчайзингтік бизнестің салалық жіктелуі
2.1.Франчайзигтің бизнестің Қазақстан нарығында алатын үлесі
2.2 Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер
ІІ.Франчайзингтік бизнестің салалық жіктелуі
2.1.Франчайзигтің бизнестің Қазақстан нарығында алатын үлесі
Қазақстанда соңғы жылдары
франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар
компаниялар нарықта
Келесі таблицада өзін өзі франчайзер деп таныған Қазақстандық компаниялар (3 кесте).
Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады. Зерттеу тақырыбын жан-жақты ашу мақсатында қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Мейрамхана бизнесі кез келген елдің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және релаксация мен рекреация функцияларының шешімдерін қамтамасыз етеді. Кафе, мейрамханалардың және дәмханалар франчайзерлерінің орналасқан жерін қарастырсақ, олардың көбі қала орталықтарында және жанданған сауда орталықтарында орналасқан. Орналасу орнына байланысты мейрамханалардың көлемі мен интерьері де өзгереді.
1-графиктегі мәліметтер бойынша, қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік компаниялардың – 2,8 %-ы мейрамханалардың үлесінде. Бұл осы салада мейрамханалардың кеңінен таралуымен айқындалады. Ал 2,3%-ы кафелер мен барлардың және асханалардың - 2%-ы франчайзингтік екені анықталды.
1-график – 2007 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы франчайзингтік компаниялардың үлесі
Қазақстан нарығындағы
франчайзинг негізінде қызмет ететін
жылдам тамақтандыру саласындағы көшбасшы
«РосИнтер Алматы»
4-кесте- «Ростик`с фудкорт»,
«IL Патио» мейрамханалары және
«English First» компаниясы
Кесте мәліметтері бойынша, Алматы қаласындағы «Рамстор» сауда кешенінде орналасқан «Ростик’с» мейрамханасын ашу үшін қажетті алғашқы жарна 25000 АҚШ долларын, ал инвестиция мөлшері 170-250 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти ай сайынғы жалпы табыстың 7 %-нан тұрады. «IL Патио» мейрамханасының алғашқы жарнасы 40 мың АҚШ доллары және инвестиция мөлшері 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл жағдай, яғни, бір компанияның франшиза құнының әр түрлі болуы әрбір мейрамхана тұжырымдамаларының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты.
Аталған төлемдерді мейрамханалардың ашылған кезден 3-6 ай өткеннен кейін өтеуіне мүмкіндік беріледі. Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер осы аймақтағы жарнама науқаны кезінде франчайзердің жарнамалық шығындарының белгілі мөлшері ретінде төленеді. Әлемдегі білім беру саласындағы ағылшын тілін үйретуге маманданған «English First» компаниясы Қазақстандағы жеке меншік франчайзингтік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компанияның мектептері дүние жүзінің 50 мемлекетінде жұмыс атқарады. Оның алғашқы жарнасы 30 мың АҚШ доллары, ал қажетті инвестициялары 160 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти мөлшері алдыңғы екі кәсіпорынмен салыстырғанда жоғары - 10%, оның себебі – білім беру саласындағы шығындар мейрамханалармен салыстырғанда төмен. [5]
Жоғарыдағы келтірілген
2.2Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері
Қазақстанның еңбекке
жарамды тұрғындарын
Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер (ноу-хау мен бренд құқығын иеленуші) мен оператор-компанияның (франчайзи)арасында шарттық қарым –қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы франчайзердің сауда белгісін, технологиясын, маркетингілік мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін және басқа да бейматериалдық активтерін пайдала отырып, оның стандарттар бойынша істі ұйымдастырып, жүргізеді. Франчайзингтің салалық құрылымы әдетте тұтынушылық сұранысқа сай келеді: жылдам тамақтану тораптары, мейрамханалар, қонақүйлер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бекеттері, парфюмерлік желілер, сұлулық салондар, іскерлік қызметтер көрсету және нарықтың басқа да бөліктері.[6]
Халықаралық Франчайзинг Қауымдастығы үшін PricewaterCoopers компаниясы өткізген Franchise Business Outbook 2009 зерттеуіне сәйкес, франчайзингілік компаниялардың сатылым көлемі 835$ млрд асады. PwC компаниясы 2009 жылы франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 1,2%-ға азайып, 855 мыңға жетеді деген болжам жасайды. Франчайзингілік компаниялардың айналымы о,5 %-ға (4,2$ млрд), ал жұмыс орындарының саны 2.1%- ға (шамамен 200 мың қызметкер) азаюы ықтимал. Жалпы даму серпінінің теріс мәнді болғанына қарамастан, мейрамханалар(1.3%-ға) мен жылдам қызмет көрсету тораптарының (1.5%-ға) саны артады деп күтілуде. Ең көп төмендеуі жылжымайтын мүлік бойынша қызметтер көрсету (2.1%-ға) және бизнеске қызмет көрсету (2,8%-ға) сегментінде күтілуде.
Алайда бизнесті ұйымдастырудың
франчайзингілік жүйесі дағдарыстық
құбылыстардың ықпалына ұшырау дәрежесі
барынша төмен. Сонымен қатар
франчайзинг экономиканы
Бизнесті ұйымдастырудың
франчайзингілік жүйесін
есі, дайын маркетингілік тұжырымдама және қызметкерлерді бастапқы оқыту дәрістері кіреді.
Бұл орайда франчайзингті дамыту экономиканы дағдарыстан шығарып, оны сауықтыру бойынша міндеттердің кең ауқымын шешеді:
Қазіргі кезде франчайзингілік қатынастар Қазақстанда мүлде дерлік ынталандырылмай, көбінесе фрагментарлық сипат алып отыр. Халық қоныстануының жеткіліксіз тығыздығы және сатып өткізу нарықтарының шектеулігі, сондай-ақ дағдарыстың себебінен тұтынушылық сұраныстың кемуі франчайзингтің белсенді дамуын қиындатады.
Қазақстанда франчайзингті дамытудың негізгі қиындықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:
Қазақстаңдағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде "Пятерочка" бөлшек сауда дүкендерінің желісі, "Se1а" киімдер дүкені, "DIXIS", "Евросеть" байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері "Магіоttи", "Интерконтиненталь" қонақүйлері, "Соса-Соlа" сусындар өндірісі, "Мапgо" киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, "Рос Интер Алматы", "Епglish Ғігst" компаниялары және т.б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүгізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы "Қазақтелеком" компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, "Қазақстан темір жолы" франчайзинг негізіңде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда. [10]
Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады.Зерттей келе, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.Қазақстандағы франчайзингтік кәсіпорындардың қызметіне маркетингтік талдау барысында олардың іс әрекетіне кедергі болатын факторлар анықталып, оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды. Бұл шаралар франчайзингтің Қазақстандағы қалыптасуы мен дамуының келешегін белгілеуге мүмкіндік береді. Франчайзинг жүйесіне қатысты мемлекеттің саясатын ұйымдастырудың маңызды бағыттары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:
- Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілер: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР "Инновациялық қызмет туралы заңы", "ҚР патент туралы заңы", "ҚР Инвестиция туралы заңы", "ҚР Лицензиялау туралы заңы"-әлі де болса франчайзингтің мазмұнын толық ашпайды және бірқатар түзетулерді талап етеді. Сонымен қатар "Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Заң нақты "Франчайзинг туралы" Заң ретінде қайта қарастырылып, мазмұны жоғарыда аталған заңдармен сәйкестендіріліп, жаңаланып, бір жүйеге келтірілуі қажет, шектен тыс реттеуге бағытталған заңдары мен нормативтік актілерін өңдеп, толықтыру керек.
- Франчайзингтік іс-әрекетті
жүзеге асыру барысында
- Франчайзинг субъектілерінің
несиелік және қаржылық
- Франчайзиге салық салу жүйесін жеңілдету мәселесін қарастыратын болсақ, отандық франчайзерлердің жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын роялтидің мөлшеріне төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керек.
- Франчайзинг туралы бірыңғай мәліметтер базасын әзірлеу қажет. Осы мәселеге қатысты франчайзингке қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін франшизалық мәліметтер базасын құру, қызмет етуші жөне әлеуетті франчайзер мен франчайзилердің қатысуымен форумдар ұйымдастыру. Франчайзингтік бизнестің артықшылықтарын, тәжірибелік франчайзингке қатысты материалдарды баспасөзде жариялау.[11]
Алдағы уақытта Қазақстанның дүниежүзілік сауда нарығына мүшелік етуі, брендтік активтердің ұлғаюына, яғны франчайзингтік саланың кең көлемді дамуына түрткі болады деп есептеймін. Сондай-ақ, дағдарыс кезінде франчайзинг инвестицияның нақты көзі болып отыр. Өйткені қор нарығы әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Сондықтан бос ақша дайын бизнеске ағылмақ. Алдағы жылда франчайзинг нарығындағы мынадай 10 жаңа трендтер орын алады. Олар - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім беру бағдарламалары, фитнес, экологиялық таза технология, медицина, логистика, үй жануарларын күту, сэндвич, қарт адамдарды күту, СПА орталық және білім франчайзингі. Оның ішінде үй жануарларын күту мен қарт адамдарды күту Қазақстан үшін жаңа желі болмақ. Ал әлемде ең жеңіл және қолайлы саналатын сэндвич франчайзингі тренд жағынан 4-5 қатарға ысырылып отыр.