Бюджеттік бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 16:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет – белгілі бір мерзім аралығына, әдетте бір жылға белгіленетін белгілі бір тұлғаның (отбасының, бизнестің, ұйымның, мемлекеттің және т.б.) кіріс пен шығыс жүйесі. Бюджет – шағын экономикамен қатар ірі экономикадағы (мемлекеттік бюджет) маңызды тұжырымдама. Бюджетті қаржы ғылымы зерттейді.
Нарықтық қатынастар туындатқан экономиканы баскарудың жаңа механизмдері бюджетті басқару жөніндегі мәселелерге де жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындап отыр.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
3. ҚР-ның бюджет жүйесін құру принциптері және негізгі бюджетті құру
4. Бюджеттік құқық
5. Ресейдің мемлекеттік билік органдарының бюджеттік құқықтары
6. Өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік құқықтары
7. Бюджеттің жіктелуі
8. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
9. Бюджеттік жіктелудің схемасы
10. Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі
11. Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі
12. Бюджеттік кірістің құрылымы
13. Мемлекеттік бюджеттің кірісі
14. ҚР-ның субьектілерінің бюджеттік кірісі
15. Жергілікті бюджет кірісі
16. Бюджеттік шығысты жоспарлау және қаржыландыру
17. Өндірістік емес сферада шығысты қаржыландыру жүйесі
18. Мәдениетке және білім беруге кеткен шығындар
19. Дефицит. Профицит.
20. Бюджеттік жүйе бюджеттің құрылуы
21. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
22. Қорытынды
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша мәліметтер

Файлы: 1 файл

Бюджеттик бакылау.docx

— 74.85 Кб (Скачать файл)

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы:

  • салықтық түсiмдер;
  • салықтық емес түсiмдер;
  • негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
  • ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу;
  • мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
  • қарыздардың түсiмi;
  • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалыс

 

 

7.Бюджеттік жіктелуді  құрудың жалпы принциптері

 

   Қазақстан Республикасында  мынадай деңгейдегі бюджеттер:  республикалық бюджет; облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар  қала, астана бюджеттері; аудан (облыстық  маңызы бар қала) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып  табылады.

     Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық  маңызы бар қала) бюджеті жергілікті  бюджеттерге жатады.

     Республикалық бюджет. Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.  Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.

     Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады.

    Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджеті болып табылады. Аудан бюджеті аудан мәслихатының шешімімен бекітіледі.

   Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

                        

 

 

 

 

 

8.Бюджеттің жіктелуі схемасы

 

Бюджет


 

Шығындар

 

Кірістер


 

  • Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
  • Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы;
 
  • Бюджеттік түсімдер сыныптамасы

• салықтық    түсiмдер;

• салықтық емес түсiмдер;

• негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;

• ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер;

• бюджеттік кредиттерді өтеу;

• мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

• қарыздардың түсiмi;

• бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы


 

9.Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі

       Кiрiстер:

   1.Бюджет кредиттерiн  өтеу сомалары, мемлекеттiң қаржы  активтерiн сатудан түскен түсiмдер, қарыздар;

   2. Салықтық, салықтық  емес түсiмдер, негiзгi капиталды  сатудан түскен түсiмдер, трансферттiк  түсiмдер ;

   3. Нысаналы трансферттердi  қоспағанда, кiрiстер нысаналы мақсатқа  ие болмайды. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн  енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң  күшiн жою немесе оларды өзгерту  осы Кодекске мiндеттi түрде  өзгерiстер немесе толықтырулар  енгiзiле отырып жүзеге асырылады.

   4.Салықтық түсiмдер  Қазақстан Республикасының Салық  және Кеден кодекстерiнде белгiленген  салық және бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдер  болып табылады.

   5.Салықтық емес  түсiмдер негiзгi капиталды сатудан  түсетiн түсiмдерге жатпайтын,  Қазақстан Республикасының Салық  кодексiнде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының  кеден заңнамасында көзделгеннен  басқа, осы Кодексте және Қазақстан  Республикасының басқа да заңнамалық  актiлерiнде белгiленген, бюджетке  мiндеттi, қайтарымсыз төлемдер, байланысты  гранттар, сондай-ақ трансферттерден  басқа, бюджетке тегiн негiзде  берiлетiн ақша болып табылады.

   6.Бюджетке:

  • мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан;
  • мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан;
  • мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен өзге де тәсiлмен өткiзуден;
  • мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.

   7. Трансферттер түсiмдерi бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына,  Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорынан республикалық бюджетке  түсетiн трансферттер түсiмдерi болып  табылады.

   8. Бюджеттiк кредиттердi өтеу сомалары бюджеттен алынған  кредиттер бойынша негiзгi борышты  қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың  төленген мемлекеттiк кепiлдiктер  бойынша талаптарды қайтаруына  байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер  болып табылады.

   9. Мемлекеттiң қаржы  активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер  заңды тұлғалардың, оның iшiнде  мемлекеттiк меншiктегi халықаралық  ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк  кәсiпорындардың қатысу үлестерiн,  бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттiк  кәсiпорындардың жедел басқаруындағы  немесе шаруашылық жүргiзуiндегi өзге де мемлекеттiк мүлiктi сатудан  бюджетке түсетiн түсiмдер.

   10.Қарыздар мемлекеттiк  эмиссиялық бағалы қағаздарды  шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын  жасасуға байланысты бюджетке  ақша түсiмдерi болып табылады.

 Шығындар:

     1. Бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу,  қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары  болып табылады.

      2. Қайтарымсыз  негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты  болып табылады.

      3. Бюджеттiк  кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негiзде бөлiнетiн  ақша болып табылады.

      4. Қаржы  активтерiн сатып алу заңды  тұлғалардың, оның iшiнде халықаралық  ұйымдардың қатысу үлестерiн және  бағалы қағаздарын мемлекеттiк  меншiкке сатып алуға бағытталған  бюджет қаражаты болып табылады.

      5. Қарыздарды  өтеу Қазақстан Республикасы  ратификациялаған мемлекеттiк сыртқы  қарыздар туралы, сондай-ақ iшкi қарыздар  бойынша халықаралық шарттарға  сәйкес негiзгi борышты өтеуге  бағытталған бюджет қаражаты  болып табылады.

10.Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі

 

     Бюджет тапшылығын  қаржыландыру мәні оң белгімен  белгіленеді және бюджет тапшылығының  шамасына сәйкес келеді.

       Бюджет  профицитін пайдалану қарыздар  бойынша негізгі борышты өтеуге  бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты  бос қалдықтарын жұмсау жолымен  жүзеге асырылады. Оның көлемі  қарыздар бойынша негізгі борышты  өтеу сомасының алынған қарыздар  және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын  қалдықтары сомасынан асып түсуі  ретінде айқындалады. Бюджет профицитін  пайдалану мәні теріс белгімен  белгіленеді және бюджет профицитінің  шамасына сәйкес келеді. Республикалық  бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.

    Мемлекеттік бюджеттің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге  бағытталған орта мерзімді перспективаға  арналған Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының қаражаттарын  қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына  сәйкес 2006 жылдан бастап орта  мерзімді фискалдық саясат шеңберінде  мемлекттік бюджеттің мұнайлық  емес кірістері мен шығыстарының  жаңа құрылымы көзделді.

    Үкімет пен  жергілікті атқарушы орғандардың  резевтері республикалық және  жергілікті бюджеттерді әзірлеу  кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы  қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды  талап ететіндігіне байланысты  қаржыландыру үшін республикалық  және жергілікті бюджеттердің  құрамында құрылады. Бұл резервтер:  төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша  міндеттемелерді орындауға, облыстық  бюджеттердің, республикалық маңызы  бар кала, астана, аудан бюджеттерінің  қолма-қол ақша тапшылығын жабуға  арналған резервтерді кіріктіреді.

    «Бюджет  тапшылығын қаржыландыру» деп  аталып, тапшылықты жабу көздерін  бейнелейді.

•    Ішкі қаржыландыру  – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы.

•    Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар  мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы.

    Бюджет тапшылығына байланысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді:

1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Бұл бюджет осы уақытқа дейін фискалдық саясаттың мақсаты болып есептелініп келді. Бірақ, бюджеттің бұл жағдайы фискалық саясаттың тұрақтандырушы бағыттылығын кемітеді. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салықтық түсімдер автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда мемлекетке салық мөлшерлемелерін арттырып, мемлекеттік шығындарды кеміту қажет немесе екі әрекеттеде жүзеге асыру қажет. Осының нәтижесінде жиынтық сұраныс кеміп, өндіріс көлемі одан әрі кемиді. Ал бюджеттік артықшылық жағдайында мемлекет келесі шараларды жүзеге асырады:  салық мөлшерлерін төмендетеді немесе мемлекеттік шығындарды арттырады, немесе аталған шараларды бірге қолданады. Аталған шаралардың кез-келгенінде де инфляция деңгейі артады.

2.    Циклдық негізде теңгерілетін  бюджет.  Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі.Өндірістің құлдарауының алдын алу үшін мемлекет салықтарды төмендетіп, шығындарды арттырып, саналы түрде тапшылықты туындатады. Ал  экономикалық өсу жағдайында мемлекет салықтарды көбейтіп, шығындарды кемітеді, ал қалыптасқан бюджет артықшылықтары  құлдырау жылдарындағы тапшылықты, қарыздарды жабуға жұмсалады. Экономикалық цикл барысында бюджет теңгерімділігі осылай жүзеге асырылады. Бірақ құлдарай мен өрлеу тереңдігі мен ұзақтылығы бойынша бірдей болмағандықтан, бюджеттің циклдық тепе-теңдігінің бұзылуы орын алады.

3. Қаржының функционалдық концепциясының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін   жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл жағдайда салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады. Осының нәтижесінде тапшылық өзі-өзі қаржыландырады.

11.Бюджеттік кірістің құрылымы

 

    Бюджеттің кірістері  салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен  түсімдер, трансферттік түсімдер  болып табылады. Нысаналы трансферттерді  қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа  ие болмайды. Кірістердің жаңа  түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің  күшін жою немесе оларды өзгерту  Салықтық кодекске міндетті түрде  өзгерістер немесе толықтырулар  енгізіле отырып жүзеге асырылады.

   Бюджет  кірістері - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.

     Кірістер, бюджеттік  кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің  қаржылық активтерін сатудан  түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік  түсімдер болып табылады.

     Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.

     Трансферттердің  түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.

Информация о работе Бюджеттік бақылау