Бюджеттік бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 16:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет – белгілі бір мерзім аралығына, әдетте бір жылға белгіленетін белгілі бір тұлғаның (отбасының, бизнестің, ұйымның, мемлекеттің және т.б.) кіріс пен шығыс жүйесі. Бюджет – шағын экономикамен қатар ірі экономикадағы (мемлекеттік бюджет) маңызды тұжырымдама. Бюджетті қаржы ғылымы зерттейді.
Нарықтық қатынастар туындатқан экономиканы баскарудың жаңа механизмдері бюджетті басқару жөніндегі мәселелерге де жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындап отыр.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
3. ҚР-ның бюджет жүйесін құру принциптері және негізгі бюджетті құру
4. Бюджеттік құқық
5. Ресейдің мемлекеттік билік органдарының бюджеттік құқықтары
6. Өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік құқықтары
7. Бюджеттің жіктелуі
8. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
9. Бюджеттік жіктелудің схемасы
10. Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі
11. Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі
12. Бюджеттік кірістің құрылымы
13. Мемлекеттік бюджеттің кірісі
14. ҚР-ның субьектілерінің бюджеттік кірісі
15. Жергілікті бюджет кірісі
16. Бюджеттік шығысты жоспарлау және қаржыландыру
17. Өндірістік емес сферада шығысты қаржыландыру жүйесі
18. Мәдениетке және білім беруге кеткен шығындар
19. Дефицит. Профицит.
20. Бюджеттік жүйе бюджеттің құрылуы
21. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
22. Қорытынды
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша мәліметтер

Файлы: 1 файл

Бюджеттик бакылау.docx

— 74.85 Кб (Скачать файл)

      Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.

     Мемлекеттің  қаржылық активтерін сатудан  түсетін түсімдер — заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

12.Мемлекеттік бюджеттің  кірісі

 

    Бюджеттің кіріс  көзіндегі алатын орны жоғары  коорплрациялық табыс салығы, сонымен  қатар ол басқаларға қарағанда  әлеуметтік бағыттылығы жоғары  салықтарға жатады. Жыл өткен  сайын үлесі артпаса, кеміп  келе жатқан жоқ. Күрт көтерілген  тұсы, 2000 жыл – ірі кәсіпорындарды  мониторингке қою процессімен  тікелей байланысты. 1999 жылғы көрсеткіштен  екі есеге ұлғайып отыр (1999 жылы-13,9%, 2000 жылы-27,9%).

   Сонымен бірге, салықтардың жиналу көрсеткіштері де бастады. 1998-2002 жылдары республикада 2002 жылдың аяғында мөлшері 8,7% құрай отырып, салықтар бойынша жетіспеушілік екі есеге азайды. Қосымша өндіріліп алынған салықтар сомасының барлық есептелген сомаға шаққандағы үлес салмағы 1998 ж. 26%-тен 2004 жылы 40%-ке жоғарылады.

   Жоғарыда айтылғандардың және кестеде көрсетілгендерді қорытындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасының жыл сайынғы мемлекеттік бюджет құрылымына әсер ететін салық жүйесі нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда бізде әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымыздың дамудың төменгі сатысында тұр, экономикамыз шикізат өндірісіне бағытталған, қоғамға батыс елдеріне қарағанда терең әлеуметтік мәселелер тән. Осыған орай, біз салық жүйесіне өзгертулер енгізген кезде, оның әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуіне баса назар аудару қажет.

 

Мемлекеттік бюджеттің орындалуы

                                                                                                                                          Өлшем бірлігі млн.теңге

Атауы

Кассалық атқарылуы

 

1.02.2012

1.03.2012

I.Кірістер

346 690,3

877 464,9

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

284 719,3

709 350,7

Салықтық түсімдер

284 719,3

709 350,7

САЛЫҚТАН ТЫС ТҮСІМДЕР

4 283,0

13 462,9

Салықтық емес түсімдер

4 283,0

13 462,9

НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР

2 687,9

4 651,2

Негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдер

2 687,9

4 651,2

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ

55 000,0

150 000,0

Трансферттердің түсімдері

55 000,0

150 000,0

II.ШЫҒЫНДАР

326 215,3

803 813,7

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

21 034,3

43 980,1

Қорғаныс

10 698,0

30 288,1

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі

22 535,2

62 485,4

Білім беру

53 798,7

153 984,8

Денсаулық сақтау

80 831,0

161 156,6

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

103 953,9

206 029,2

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық

3 790,6

27 115,6

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

9 815,2

25 817,2

Отын энергетика кешені және жер  қойнауын пайдалану

197,9

14 524,4

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы,ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарларды қорғау,жер  қатынастары

2 948,9

15 631,2

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы, құрылыс  қызметі

1 057,5

1 856,3

Көлік және комуникация

7 459,0

38 565,7

Басқалар

2 577,4

6 815,3

Борышқа қызмет көрсету

5 517,7

15 563,8

III.ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

38 186,8

57 879,7

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР

40 146,4

60 146,4

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы,ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарларды қорғау,жер қатынастары

40 000,0

60 000,0

Басқалар

146,4

146,4

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ ӨТЕУ

1 959,6

2 266,7

Бюджеттік кредиттерді өтеу

1 959,6

2 266,7

IV.ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН  ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

921,9

1 808,8

ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ

1 009,5

1 904,9

Басқалар

1 009,5

1 758,3

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

146,6

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІН САТУДАН  ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР

87,6

96,1

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан  түсетін түсімдер

 

96,1

Жалпы қаржыландыру

87,6

 

V.БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ(ПРОФИЦИТІ)

-18 633,7

13 962,6

VI.БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ(ПРОФИЦИТТІ  ПАЙДАЛАНУ)

18 633,7

-13 962,6

ҚАРЫЗДАРДЫҢ ТҮСІМІ

57 778,2

119 305,6

Қарыздар түсімі

 

119 305,6

Бюджет қаражаты қалдықтарының  қозғалысы 

57 778,2

 

ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ

8 223,0

24 274,7

Қарыздарды өтеу

8 223,0

24 274,7

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛЫТЫН ҚАЛДЫҚТАРЫ

-30 921,5

-108 993,5


 

 

Мемлекеттік бюджеттің  негізгі макэкономикалық көрсеткіштері  мен параметрлері

 

2010жыл*

2011жыл*

2012жыл*

2013жыл*

ІЖӨ көлемі(млрд.теңге)

  21 513,5

23 780,9

23 274

25 486

ІЖӨ нақты өсуі(%)

            7,0

5,0

3,3

3,5

Инфляция(%)

            7,8

6,0-8,0

6,0-8,0

6,0-8,0

Теңгені АҚШ долларына  айырбастау бағамы, орташа бір жылға

        147,4

150

150

150

Түсімдер(млрд.теңге)

    4 388,8

4 971,7

5 159,6

5 623,2

Шығыстар(млрд.теңге)

    4 916,1

5 667,6

5 741,4

6 005,5

Тапшылық(млрд.теңге)

      -527,3

-695,8

-581,9

-382,3


 

14.Жергілікті бюджет кірісі

 

    Жергілікті бюджеттің  кірісіндегі басты үлесті салықтық  емес түсімдер құрайды. Оған  жергілікті билік органдарының  меншігіндегі жерлерді жалға  беруден немесе жерді сатудан,  коммуналдық кәсіпорындардан түсетін  түсімдер немесе айыппұлдар жатады.

     Мемлекеттік  бюджетке қаражаттарждың түсу  көлемі мен құрылымына елдегі  экономикалық ситуация: қаржы –  бюджет саясаты, өндіріс дамуының  аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі  және т.с.с. сан алуан факторлар  әсер етеді. 

 “Қазақстан Республикасының  бюджет кодексіне”, “Қазақстан  Республикасының жергілікті мемлекеттік  басқару туралы” Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды кіріктіреді:

1) салықтардың, алымдардың  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің түсімдері;

2) салықтық емес түсімдер (комуналдық меншіктен түсетін  түсімдер; облыстық бюджеттен, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың,  ауданның (облыстық маңызы бар  қаланың) бюджеттерінен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)  өткізуінен түсетін түсімдер; жергілікті  бюджеттерден қаржыландырылатын,  мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын  мемлекеттік сатып алулар өткізуден  түсетін ақша түсімдері; осы  мемлекеттік мекемелер салатын  айыппұлдар, өсімпұлдар, санциялар,  өндіріп алулар; жергілікті бюджеттерге  түсетін салықтық емес басқа  да түсімдер);

3) жергілікті бюджеттерге  түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерден  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелерге бекітіліп берілген  мемлекеттік мүліктік сатудан  түсетін түсімдер);

4) жергілікті бюджеттерге  түсетін ресми трансферттердің  түсімдері. 

   Дамудың қазіргі  кезеңінде Қазақстан Республикасының  жергілікті бюджеттері кірістерінің  негізін аумақтағы шаруашылық  жүргізуші субъектілермен халықтың  салықтық түсімдері (96,7%) құрап  отыр. Жергілікті бюджеттерден берілген  кредиттерді өтеуден, комуналдық  меншіктегі мемлекеттің қаржы  активтерін сатудан, жергілікті  атқарушы органның қарыздарынан  түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

 

Жергілікті  бюджеттің орындалуы

                                                                                                                                   Өлшем бірлігі млн.теңге

Атауы

Кассалық атқарылуы

 

   1.02.2012

1.03.2012

I.Кірістер

143 427,6

449 915,3

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

66 914,0

182 772,5

Салықтық түсімдер

66 914,0

182 772,5

САЛЫҚТАН ТЫС ТҮСІМДЕР

1 185,7

1 683,1

Салықтық емес түсімдер

1 185,7

1 683,1

НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН  ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР

2 602,0

4 561,8

Негізгі капиталды сатудан  түсетін түсімдер

2 602,0

4 561,8

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ

72 725,9

260 897,9

Трансферттердің түсімдері

72 725,9

260 897,9

II.ШЫҒЫНДАР

106 535,4

366 864,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер

4 272,9

10 256,0

Қорғаныс

937,5

2 290,3

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі

4 746,7

13 634,2

Білім беру

48 994,4

128 582,0

Денсаулық сақтау

18 463,1

78 692,1

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

3 779,9

11 947,7

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық

3 727,6

26 167,6

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

7 441,5

19 152,7

Отын энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

17,3

14 032,5

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы,ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарларды қорғау,жер қатынастары

1 150,3

4 670,2

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі

436,8

1 122,3

Көлік және комуникация

5 220,3

20 665,9

Басқалар 

486,4

2 227,5

Борышқа қызмет көрсету

0,0

83,6

Трансферттер 

6 860,7

33 289,5

III.ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

-1 121,4

-1 353,0

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТІ ӨТЕУ

1 121,4

1 353,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

1 121,4

1 353,0

IV.ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН  БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША  САЛЬДО 

961,3

1 702,5

ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ САТУ

1 009,5

1  758,3

Басқалар

1 009,5

1 758,3

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР

48,2

55,8

Жалпы қаржыландыру

48,2

 

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер

 

55,8

V.БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ(ПРОФИЦИТІ)

37 052,3

82 701,8

VI.БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН  ҚАРЖЫЛАНДЫРУ(ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

-37 052,3

-82 701,8

ҚАРЫЗДАРДЫҢ ТҮСІМІ

 

354,5

Қарыздар түсімі

 

354,5

ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ

 

115,8

Қарыздарды өтеу

 

115,8

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛЫТЫН ҚАЛДЫҚТАРЫ

-37 052,3

-82 940,5


15.Бюджеттік шығын; жоспарлау және қаржыландыру

 

   Бюджеттік шығындардың  ролін анықтау үшін оларды  белгілі бір нысандары бойынша  жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін  жіктеудің бірнеше нысандары  бар. Ең бастысы бюджет шығындар  олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне  ықпал ету дәрежесіне байланысты  бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық  және бюджеттік шығындарды бөліп  көрсетуге болады. Ағымдық шығындарға  заңды тұлғалардың ағымдық қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін бөлінген  бюджеттік қаражаттарды айтамыз.  Бұл шығындарға:

  • мемлекеттік тұтыну шығындары  (экономикалық  және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік салалардың шығындары, азаматтық және әскери сипаттағы тауарларды сатып алу, мемлкеттік мекемелердің ағымдық шығындары);
  • төменгі сатылы билік орагандарына, мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға ағымдық субсидияның бөлінуі;
  • транспорттық төлемдер;
  • мемлекеттік несие бойынша пайыздарды төлеу қаражаттары;

   Капиталдық шығындарға мемлекеттік  запастар мен резервтік қаражаттарды құрумен, негізгі қорлармен, материалдық емес активтерге бюджеттік қаражаттардың бөлінуімен байланысты шығындар жатады.  Оларға жаңа құрылысқа, мемлекеттік меншіктегі субъектлерді дамытуға бөлінетін қаржылар, инвестициялық субсидиялар, ұзақ мерзімді несиелер, инвесторларға мемлекеттік кепілдік шығындары жатады. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы капиталдық шығындар жеке блок ретіндеанықталып, олардың жиынтығы даму бюджетін құрайды. Экономикалық мәні және мазмұны бойынша мемлекеттік шығындар біркелкі емес. Экономикалық мазмұны бойынша олар үш негізгі топтарға бөлінеді:

1) Материалдық өндіріспен тікелей  байлансты және өндірістік аяға  жататын шығындар- мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты құрумен байланысты ;

2) Өндірістік емес аяның шығындары - қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Қаржылар мекемені ұстап тұруға, жалпылай жарықтандыруға, денсаулық сақтау саласына, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын-үй құрылысына, әлеуметтік қамтамасыздандыруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекеттің  қорғаныс саласымен, мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға жұмсайтын шығындары осы топқа кіреді.

3) Мемлекеттік резервтерді құру  шығындары - мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға байлансты. Олар  күтпеген төтенше жағдайларда материалдық және материалдық емес аяның қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты (стихиялық жағдайлар, шығындарды орнына келтіру, үздіксіз қамтамасыз ету).

Мақсаттылығы  бойынша  мемлекеттік шығындар келесі түрлерге бөлінеді:

•    Экономикаға  шығындар

•    Әлеуметтік-мәдени шараларға шығындар

•    Ғылымға шығындар

•    Қорғаныс саласына шығындар

•    Басқару шығындары

        Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың  екі әдісі бар:

1.    Шаруашлық есептегі кәсіпорындарды қаржыландыру. Ол  жеке меншікті ресурстар арқылы, банк несиесі арқылы, сонымен қатар бюджет қаржаттары арқылы жүргізіледі.

2.    Бюджеттік қаржыландыру.  Ол арнайы құжат- смета арқылы жүргізлетін әлеуметтік-мәдени шараларды, мемлекеттік билік органдарын, қорғаныс саласын қаржыландыруда пайдаланылады. Мұндай мекемелер бюджеттік деп аталады.

Сонымен қатар бюджеттің қаржыландырудың  келесідей нысандары бар:

•    Дотация. Ақшалай  қаражаттар қайтарымсыз тұрғыда  бюджет пен бюджеттік емес қорлардан  кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін қолданылады

•    Субвенция. Қаржылық көмектің бұл түрі халықты әлеуметтік қолдау бойынша  бойынша дайындалатын бағдарламалар мен шараларды  қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

•     Субсидия. бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды  нысанда бөлінетін қайтарымсыз  жәрдемақы.

17.Мәдениетке және білім  беруге кеткен шығындар

 

     Қазақстан  Республикасының Мәдениет және  ақпарат министрі Е.Ертісбаев  «Мемлекеттік мәдени және ақпараттық  саясаттың көкейкесті мәселелері»  атты баяндамасында 2007 жылы  Қазақстанда  мәдениетке кеткен шығыс ЖІӨ-нің  0,2%-ын, ақпарат кеңістігін дамытуға  – 0,1%-ын, тіл саясатын жүргізуге  – 0,01%-ын құрайды. Бұл ретте,  ол 2007 жылы министрлік бюджеті  алдыңғы жылмен салыстырғанда  60%-ға – 40,3 млрд. теңгеге өскенін, 2008 жылға 50,6 млдр. теңге бөлінгендігін  атап өтті. Министрдің пікірінше  мәдениетті қаржыландыруды ұлғайту  Қазақстанның  бәсекеге қабілетті  50 елдің қатарына қосылуында маңызды  шарттардың бірі болып табылады.

    Министрлік «Қазақстанның  2009-2011 жылдарға арналған мәдениеті  мен өнері» деген мемлекеттік  бағдарлама әзірледі, оның негізгі  мақсаты мәдениет және бизнес  салаларын тиімді интеграциялау  арқылы Қазақстанның мәдени құндылықтарын  және халқының дәстүрлерін дамытудың  мониторингін қамтамасыз ету  және оларды қолдау, өңірлік мәдени  кластерлерді құру арқылы салаға  инновациялық жүйені енгізу болып  табылады.

     Өткен жыл  ғылым, білім беру саласы үшін  ерекше білім беру жүйесін  дамытудың мемлекеттік жаңа бағдарламасын  жүзеге асыра бастаған алғашқы  жылы болды. 5-ші шақырылымдағы  Парламенттің алғашқы сессиясының  ашылуында сөйлеген Елбасы білім беру саласын «барынша тез модернизиялаушы» деп мінездеме беріп, оның дамуына жоғары баға берді. Бұл жерде қол жеткізген жетістіктеріміз де аз емес. Бюджеттен білім беру саласын қаржыландыру тек осы жылдың өзінде 25 пайызғы өсіп, 1 триллион теңгеден асып жығылды. Мектепке дейінгі мекемелер 25 пайызға өсті, ал 1-6 жастағы мектепке дейінгі тәрбие беру жұмысын қамту 47,5 пайызға жетті. Яғни, реформаға дейінгі 1991 жылғы көрсеткіш қайта қалпына келіп қана қойған жоқ, одан асып кеттік (46,6 пайыз). 3-6 жастағы балаларды қамту 64,5 пайызға жетіп отыр, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 55 пайызды көрсетеді. Бұл – өте тез әрі сенімді өсім көрсеткіші.

Информация о работе Бюджеттік бақылау