Мемлекеттік қаржыны реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 17:06, реферат

Описание работы

Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу.
Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сыртта қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастардың ырықтандырылуы қазіргі заманның талабы болуда.

Содержание работы

1.Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтерін қаржылық реттеу жалпы сипаттамасы
2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптер және тиімділігі

Қолданылғын әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

реферат мемл карж реттеу.docx

— 33.28 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

1.Мемлекеттің сыртқы экономикалық  қызметтерін қаржылық реттеу  жалпы сипаттамасы

2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптер және тиімділігі

 

Қолданылғын әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің  бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан  Республикасында нарықтық экономика  жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек  зерттеу.

Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сыртта қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық  даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан  сыртқы экономикалық қатынастардың  ырықтандырылуы қазіргі заманның талабы болуда. Қазақстан өз экономикалық даму бағдары да сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруға, әлемнің  жаңа технологияларын жетістіктерін  кеңінен пайдалануға бағытталған. Мемлекеттің сыртқы ашықтық деңгейі  жоғарлаған сайын сыртқы экономикалық факторлардың даму үрдісіне әсері де күшейе түсіп, сыртқы экономикалық қауіпсіздік  мәселесін өзектендіре түседі [1].

Сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру, ең алдымен елдің сыртқы саудасында шектемелерді жоюмен көрінеді. Біздің ойымызша оның үрдісі жергілікті, отандық өндірушілердің шетел тауарларымен бәсекелестік қабілетін қолдаудың  кең тарамды шаралар жүйесін  қалыптастырумен қатар жүргізілуі тиіс. Өйткені ұлттық капиталдың қорлануының  алғашқы кезеңіндегі Қазақстандық өндірушілер үшін қаржылық қуаттылығы мол, технологиялық озықтығы әйгілі, бизнестік тәжірибиесі қомақты  шетел өндірушілермен тең дәрежелі бәсекелесу мүмкіндігі екі талай  болады. Бұл жағдай елдің сыртқы саудасын ырықтандыру мен сыртқы экономикалық қашықтық дәрежесі арасында тікелей өзара байланыстылығы барын  көрсетеді.

Қазақстан Республикасы сыртқы сауда  саясатын жүзеге асыруда мемлекеттің  орнына айрықша мән беріледі. Оның ұлттық экономикалық мүдделерге сай  келуі мен халықаралық аренада  бәсекелестік қабілетті жоғарлатуға  үлкен ықпал ету мүмкіндігімен  көрінеді. Сондықтан кез - келген елдің  сыртқы сауда саясаты шетел тауарларының келуін реттеу және ел мүдделеріне  сәйкес келетін халықаралық еңбек  бөлінісіндегі орнына әсер ету сияқты мақсаттарды көздейді. Осы мақсаттарды  орындау барысында халықаралық  сауда ағымдарының елдің экономикалық қауіпсіздігіне әсер ету мәселесі ерекше мәнге ие болатындығын Қазақстан  Республикасының қызметкерлері  жақсы біледі.

Біріншіден халықаралық сауда  қатынастарында әрбір ел өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысатындықтан, әлемдік  нарықта мемлекеттер шиеленісті мүдделер қақтығысы негізінде бәсекелеседі. Екіншіден ғаламдану үрдісінін  белен алуы, сыртқы экономикалық катынастардың  ырықтандырылу бағытының басым  болу.

 

Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.Экономиканы  реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі  реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында  жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл  макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір  нақтылы кезеңінде оның үдемелі  дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету  үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының  нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі  ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің  қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта  түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

1. Қоғам дамуының  объективті экономикалық заңдарының  әрекетін есепке алу. Қаржылық  реттеу үдерісі қаржылық саясаттың  субъективті түрде белгіленген  бағыты және оны шаруашылықтық  практикаға асыру механизмі бойынша  өтетіндіктен, экономикалық заңдар  мен оларға сәйкес келетін  экономикалық категорияларда бейнелеп  көрсетілген шаруашылық жүргізуші  субъектілердің мүдделері неғұрлым  толығырақ ескерілсе, бұл саясат  пен механизмнің шаралары соғұрлым  шынайы әрі практика талаптарына  жауап беретін болады. Ал олай  болмаған күнде нақтылы экономикалық  өмірде қаржылық механизмнің  нысандары мен әдістерін күшпен  алу реакциясы пайда бола бастайды.

2. Қоғамның  барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

3. Көзқарастарды  білдіретін демократиялық жүйенің  болуы және халықтың барлық  жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының  мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы. Басқарманың автократиялық нысаны шешімдердің валютаризмін, оларды қоғамның қабылдамауын және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын, мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының төмен тиімділігін: игіліктің сырт көрінісі кезінде қоғам тоқырауға ұшырайды, әлеуметтік-экономикалық мешеулікті және азғындауды тудырады.

4. Шаруашылық  қызметте қылықтың нормасы мен  ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық, жүйенің болуы. Сөздің кең мағынасында заңнамалық жүйе әсері оның заңнамада келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететін нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының жауапкершіліктері үшін қоғамда «өнегелі климатты» қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару саласы, құзырлылық және басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымындағы тәртіп ұйғарылады. Бұл қағиданы 3 тармақтағы тұжырымдалған алғышарттың әрекетінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Аталған алғышарттардың 3,4 тармақтары жалпы азаматтық қоғамның, яғни қоғамның барлық мүшелеріне арналған тіршілік әрекеті үшін тен мүмкіндіктер жасайтын, олардың мүдделері мен әлеуетін ескеретін, бірдей құқықтық қорғалуы мен жауапкершілігін қамтамасыз ететін өркениетті қоғамдық құрылыстың болуын көрсетеді.

Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің  нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

а) технологиялық  қайта бөлістер бойынша өндірістердің мүмкін болатын үлкен жинақталымын біртіндеп дамыта отырып, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің  барлық нысандарында шаруашылық үдерістер  мен құрылымдарды монополиясыздандыру;

б) рыноктық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы  ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту:

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен енбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Қаржылық  реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді  өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Сонымен бірге  қаржылық тұтқалардың көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;

өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;

кәсіпорындардың, ұиымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарттық тәртібін қамтамасыз ету;

кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай  ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік ара қатынасын реттеу;

ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру.

Сөйтіп, өндірісті  қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің  экономикалық дамуының үрдісіне қаржылық тұтқалардың көмегімен ықпал жасалады. Әдетте реттеу үдерісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының әр алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесін ажыратудың, тұрпаттарға, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі  тұрпаты бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

Қаржылық  реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды.

Реттеу нысандары  аталған түрлерде ағатын қаржылық қосалқы  категорияның тиісті түрі үшін сипатты, сондай-ақ барлығы үшін ортақ үдерістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрде - қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта - тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда - сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Мемлекеттік-кредиттік түріндегі нысандар сан алуан.

Ортақ нысан  жоспарлау (болжау) болып табылады.

Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сонымен  бірге мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен аффиландырылған заңи тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.

Мемлекеттік сатып алудың үдерісі мыналарды  кіріктіреді:

сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номеклатурасы мен көлемдерін қалыптастыру;

жеткізушіні таңдау, онымен мемлекеттік сатып  алу туралы келісімшарт жасасу;

мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың атқарылуы.

Мемлекеттік сатып алу үдерісін реттеу мына қағидаттарға негізделеді:

сатып алуға  пайдаланатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;

барлық әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып  алу үдерісіне қатысу үшін тең  мүмкіндіктер беру;

әлеуетті  жеткізушілер арасында әділетті бәсеке;

мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығы.

Сыныптаудың ең көп элементтері реттеу әдістері болып табылады, олар сондай-ақ жекелеген нысандар үшін (мысалы,салықтардағы мөлшерлемелер әдісі қарыздардағы жаңғырту) айрықшалықты сияқты болуы, немесе бірнеше нысандарда (мысалы, бюджеттерде және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларында теңестіру, бұл нысандарда резервтер жасау әдісі, әр түрлі нысандар мен түрлер үшін индекстеу әдісі және т.б.) қолданылуы мүмкін. Әдістер дербес амалдарға, тәсілдерге ажыратылады және реттеу жүйесінің неғұрлым жылжымалы, өзгермелі элементтері болып табылады. Мысалы, салық салуда - салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар; табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванстық төлем және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде - шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану және т.б.

Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану  тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

Валюталық, қаржылық реттеудегі негізгі әдістер  мыналар болып табылады: валюта бағамы, ақшалай капиталға пайыздық мөлшерлемелер, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Реттеудің ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржылық қорларға аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.

Информация о работе Мемлекеттік қаржыны реттеу