Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 17:06, реферат
Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу.
Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сыртта қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастардың ырықтандырылуы қазіргі заманның талабы болуда.
1.Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтерін қаржылық реттеу жалпы сипаттамасы
2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптер және тиімділігі
Қолданылғын әдебиеттер тізімі
Мемлекеттік сатып алуда мыналар әдістер болып табылады: ашық конкурс, жабық конкурс,багалы ұсыныстардың, бір дереккөзден, ашық тауар биржалары арқылы сұрау салуын пайдалана отырып жеткізушіні таңдау.
Қаржылық реттеу жүйесінің элементтері - түрлері, нысандары, әдістері қабылданған бағытта экономиканың үйлестірілген тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Рынок жағдайларында реттеудің жанама әдістеріне көп көңіл бөлінеді.
Мемлекет шаруашылық үдерістердің барлық қатысушылары үшін қызметтің ортақ шарттарымен ережелерін, қызметтің басым сфералары үшін олардың преференциалдықтарын (жеңілдіктерін) белгілейді; бұл салықтар, олардың мөлшерлемелері, қаражаттар аударымдарының мөлшерлемелері, субвенциялар, жеңілдіктер, тарифтер, тіркелген бағалар, ақша-кредиттік, валюталық, кедендік және әлеуметтік реттеудің нормативтері. Ықпал жасаудың осы негізгі индикаторларының негізінде сұраным мен ұсыным сәйкестігінің сипатымен ұсынылатын реттеудің қайталама, рыноктық-бағдарланған элементтері қалыптасады: еркін бағалар, кредиттер үшін пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамы, түрлі қорларды қалыптастырудың және шаруашылық жүргізуші субъектілерде оларды пайдаланудың нормативтері.
Алайда реттеудің жанама элементтерінің іс-әрекеті әсіресе дамудың белгіленген курстан едәуір ұнамсыз ауытқулары кезінде мемлекет тарапынан тура, директивалық әдістермен толықтырылуы мүмкін.
Қолданылатын элементтер - реттеуіштер бірыңғай экономикалық механизмде күрделі өзара байланыста іс-әрекет етеді; сондықтан мемлекет қаржылық, ақшалай-кредиттік саясатты белгілей отырып, қоғамның экономикалық жағдайы мен әлеуметтік жай-күйін мұқият ескеруі және экономикалық-әлеуметтік мүдделерге ықпал етудің белгілі бір түрлерін, нысандарын және әдістерін таңдау кезінде қоғамдық дамудың стратегиялық және оперативтік мақсаттарын дұрыс анықтауы тиіс
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2) салық салу;
3) инвестициялау;
4) сыртқы қарыз алу;
5) сырткы берешек;
6) экспортты қаражаттандыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кірістіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортгы лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі нарықты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салымдар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, баска бағалы қағаздар мен төлем каражаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының, ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінін бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар ішін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары ішін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттық тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық, тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлгая түседі; екінші жағдайда импорттық − тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады. Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады, сөйтіп елдің балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта нарығының қызметіне араласады.
Импорт кезінде
шетел валютасы бағамының жергілікті
валютаға салыстырмалы тґмендеуі жергілікті
нарықта мүмкіндіктердің
Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.
Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, ол өз кезегінде, қаржы құралдары -экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары аркылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай - ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді ґндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.
Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидалар бұзылады, әрі бұрмаланады. Бұл тұтыншыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырєан импортты да шектеуге мәжбір етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.
Салықтар
сыртқы экономикалық қатынастардың
маңызды реттегіші болып
Көптеген
мемлекеттерде экспорт пен
Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаларының (яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқылы ұту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын) белгілейді.
Кеден тарифі ішкі нарықтағы шетелдік бәсекені реттейді. Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кеден аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкетілетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кеден төлемдеріні басты түрлерінің бірі кеден баждары - ұлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кеден тарифінде қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет алатын салықтар. Отандық тәжірибеде баж салығының, айрықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адвалорлық - салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен, айрықшалықты - белгіленген мґлшерде салық салынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне, ал құрамдыстырылған мөлшерлемелер - салық салудың екі түрінің ұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер. Әкелім, әкетілім, транзиттік, маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік, протекционистік (қолдампаздық), пұрсаттылықты (преференциалдық) кеден баждары болып ажыратылады. Қазақстанда импорттық (әкелімдік), маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік баждар қолданылады.
Экспорттық кеден баждарының экономикалық мәні - абсолюттік рента. Оны шетелдік сатып алушы төлейді.
Тауардың кедендік құны - кеден шекарасын кесіп өткен мезеттегі нақты төленген баға. Оған фактура-шотқа сәйкес тауардың бағасы, сондай - ақ фактура-шотқа кірмеген нақты шығыстар қосылады.
Импорттық кеден баждарының жүйесі ұлттық өндірісті шетелдік өнім экспансиясынан қорғайды: отандық тауарлармен бәсекелесетін тауарларға жоғары импорттық баждар жоқ немесе ел ішінде жеткіліксіз көлемде өндірілетін тауарларға төмен баждар салынады. Бұл қағида бір мезгілде мемлекеггік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру жөніндегі мемлекеттің фискалдық мүдделерін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және оның кеден заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларда кеден баждарынан басқа кеден төлемдерінің мынадай түрлері төленеді:
1) кеден ресімдеуі үшін кеден алымы;
2) тауарларды сақтау үшін кеден алымы;
3) кедендік ілесіп алып жүру үшін кеден алымы;
Қазқстан Республикасы кеден органдарының лицензия беру алымы; кеден ресімдеуі женіндегі маманның біліктілік аттестатын беру алымы; алдын − ала шешім үшін төлемдер және т.б.
Қаржы министрлігі мен оның Кедендік бақылау комитеті - кеден төлемдерін алудың тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік мағлұматқа сәйкес тауарларды кедендік бақылауға ұсынған кезде төлемдерді төлеуді тексереді.
ТМД мемлекетінде өнім жеткізілімі үшін кеден баждарын төлеу қолданыстағы заңнамаға және осы елдермен жасасқан үкіметаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптер және тиімділігі
Мемлекеттің
экономиканы реттеудегі басты мақсаты
– қоғамды, яғни әлеуметтік – экономикалық
жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу,
макроэкономикалық тұрақтылық пен
тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз
ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы
байланыстарында құрылымды
Бұл орайда мемлекеттік реттеудің аттану нүктесі мен басты бағыттары келесі болады:
1) Елдің экономикалық
саясаты (барлық ресурстарды
2)Әлеуметтік – экономикалық мақсатта
3)халық шаруашылығың басым бағыттары
4) экономиканы реттеу
Мемлекеттік реттеу
нарықтық реттеу
макроэкономика
5) экономика
Елімізде әлеуметтік – экономикалық реформаларды нарықтық экономикалық қатынастарға көшудің басты мақсатын және экономикамен әлеуметтік дамудағы нақты мақсаттарды келесі кестеден көруге болады.
Негізгі мақсат: әр адамға дербес жолын таңдауға және экономикалық өзін – өзі айқындауға, өзінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және саяси мүдделерін іске асыруға тең мүмкіндігін ашатын көп укдадты нарықтық экономикасы бар, демократиялық қоғам құру.
Экономика саласында.
1) меншіктің
негізгі түрлерін үлестіре
2) әр адамның
экономикалық тұрғыдан өзін
3) Қазақстанның
табиғи ресурстарының
4) қазіргі
шетелдік және отандық техника
мен технологияларды қатыстыра
отырып экспорттық және
5) тұтыну нарығын толықтыру
6) шет елдер
инвестицияларын тарту және
Әлеуметтік дамуда.
Негізгі мақсаты: іс жүзінде бәрінің игілігін: балалық, еңбекке қабілетті және қабілетсіз жастағы, сонымен бірге жағдайдағы адамдардың игілігін іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату.
1) кез келген
салада күш жұмсауға ниет
2) экономикалық
өсу мен тұрақтануына және
оның дүниежүзілік шаруашылық
байланыстарына
1) Экономиканы тұрақтандыру
2) шаруашылық жүгізудің тиімді механизмін құру
3) нарықтық
экономика негіздерін
Негізгі мақсаты:
республиканың, халық шаруашылығының
Қазақстанның үлкен табиғи және экономикалық
мүмкіндіктеріне сай келетін
қоғам мүшелерінің жақсы өмір
сүруін қамтамасыз етуге, заттық жағдай
жасауға мүмкіндік беретін
1) нақты мақсаттар
экономиканы тұрақтандыру – экономиканың қаржылық салықтандырылуы және айналымының тұрақтандырылуы
2) тұтыну нарығын жақсарту
3) өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету
4) шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту
Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру:
1) меншік қатынастарын өзгерту