Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік қызметтегі құқық бұзушылықтың түрлері және олардың алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 15:02, реферат

Описание работы

Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі. Сатушы дегеніміз – шарт бойынша сатып алушының иелігіне мүлік немесе жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығын беретін тұлға. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік деп танылады.

Файлы: 1 файл

глоссарий - шагын орта бизнес.doc

— 40.50 Кб (Скачать файл)

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Құқық негіздері мен сот медицина кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий

Тақырыбы: Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік қызметтегі құқық бұзушылықтың

                     түрлері және олардың алдын  алу    

 

Орындаған: Көбейқұлова А

 

Тобы: 102 МПД

 

Қабылдаған: Мұқанова А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана ,2012 жыл

Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі.

Сатушы дегеніміз –  шарт бойынша сатып алушының иелігіне мүлік немесе жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығын беретін тұлға.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік деп танылады.

Жалған кәсiпкерлiк - кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) — белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға.

Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау - негiзгi мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетика ресурстарын үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсi өндiретiн және сататын өнiмдердiң адамдар өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаға қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;

Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлері дегеніміз -  қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ түрлерi.

Жалған банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы.

Коммерциялық құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар.

Лицензиар - лицензиялық келісімге сәйкес лицензия объектісін пайдалану құқығын беретін жақ.

Лицензия (латын. licentia — рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат.

. Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы.

Дара кәсіпкерлік - кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асыру қызметі;

Толық серіктестік (ағыл. full (unlimited) partnership; нем. Kollektivgesellschaft)- мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ, жауапкершілікте болатын серікте Сенім серіктестігі (ағыл. commandite, limited partnership; нем.Kommanditgesellscliaftf (KG); фр. commandite - сенiмде серiктестiк) - Серіктестіктін міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктін (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктін кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік.

стік.

Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші.

Шаруа (фермер) қожалығы - aдамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi деп танылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

 

1 Қ.И Оспанов. Құқық негіздері: Оқу құралы. Алматы: Жеті жарқғы, 2007.

 

2. Айымханов  Н.Қазақстан Республикасы еңбек  құқығы: Оқу құралы. Алматы: Жеті  жарғы, 2002.

 

3. Ағдарбеков Т. Құқық  және мемлекет теориясы. Алматы: Болашақ баспа, 2002.

 

4. Қазақстан Республика  мемлекеті мен құқыңының негіздері: Оқулық құралы. Е.Баянов. Алматы, 2003.

 

5 .Құқық негіздері: Оқу  құралы. Алматы, 2004 С.Д.Баққұлов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік қызметтегі құқық бұзушылықтың түрлері және олардың алдын алу