Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 15:02, реферат
Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі. Сатушы дегеніміз – шарт бойынша сатып алушының иелігіне мүлік немесе жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығын беретін тұлға. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік деп танылады.