ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» ұйымның жұмысымен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 13:37, курсовая работа

Описание работы

«Бағалау» туралызаң Қазақстан Республикасында 2000 жылы 30 қарашада қабылданды. Осы Заң бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң олардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды. Осы Заң бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң олардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................................3

I. ЖШС«БИЗНЕС ПАРТНЕР КОНСАЛТ» ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1. ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» ұйымның жұмысымен танысу.........4

II.БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

2.1. Бағалаудың мақсаты мен қағидалары
2.2. Бағалау қызметіндегі бағалау стандарттары
2.3. Бағалау әдістері
2.4. Жылжымайтың мүлік туралы түсінік
2.5. Жылжымалы мүлік туралы түсінік
2.6. Жер туралы түсінік

III.ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ БЕКІТУ

3.1. ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» орталығында алған тәжірибем.....18

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................23

Файлы: 1 файл

ПРАКТИКАДАН ОТЧЕТ.docx

— 64.94 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ............................................................................................................3

 

I. ЖШС«БИЗНЕС ПАРТНЕР КОНСАЛТ» ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

1.1. ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» ұйымның жұмысымен танысу.........4

 

II.БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

2.1. Бағалаудың мақсаты мен қағидалары

2.2. Бағалау қызметіндегі бағалау  стандарттары

2.3. Бағалау әдістері

2.4. Жылжымайтың мүлік туралы  түсінік

2.5. Жылжымалы мүлік туралы түсінік

2.6. Жер туралы түсінік

 

III.ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ БЕКІТУ

 

3.1. ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» орталығында алған тәжірибем.....18

 

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................22

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР........................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

«Бағалау» туралызаң Қазақстан  Республикасында 2000 жылы 30 қарашада қабылданды. Осы Заң бағалау объектiлерiнiң  нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу  мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң  олардың құқықтары мен мiндеттерiн  айқындайды. Осы Заң бағалау объектiлерiнiң  нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу  мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң  олардың құқықтары мен мiндеттерiн  айқындайды.

Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: бағалау, бағалау амалы, бағалау әдiсi, бағалау күнi, бағалау қызметi, бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер, бағалау стандарттары, бағалау туралы есеп, бағалаушы, бағалаушылар палатасы, бұрыс бағалау, қайталап бағалау, нарықтық құн, өзге құн, тапсырыс берушi, уәкiлеттi орган, үшiншi тұлғалар.

Бағалаушылар палатасы өзiнiң құрамына бағалаушыларды бiрiктiретiн  коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Бағалаушылар палатасының қызметi Қазақстан  Республикасының заңнамасымен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледi. Тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың аумағында бiр  ғана бағалаушылар палатасы құрылуы  және жұмыс iстеуi мүмкiн.

Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi объективтiлiк және дұрыстық болып табылады. Мiндеттi және бастамашылық бағалау - бағалау түрлерi болыптабылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» туралы жалпы мәліметтер.

 

 

1.1. ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» ұйымның жұмысымен танысу

 

ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» 2006 жылы №78073-1910-ТОО мемлекеттік тіркеу күәлігі бойынша жарыққа шықты.

 

Тәуелсіз  бағалау компаниясы ЖШС «АСКОМ ЛОГИСТИК» 2011 жылдан бастап бұл салада жұмыс  істеуде. Мүліктің кез келген түріне бағалау жасайды. ЖШС «АСКОМ ЛОГИСТИК»  нарықта 2 жылдай жұмыс істеуде. Осы уақыт бойы біз ұдайы алға жылжудамыз, клиенттерге арналған мүмкіндіктерімізді үнемі кеңейтіп, оларға ең сапалы қызмет көрсетудеміз. Компания мінсіз іскер беделмен ие. 1 жылдың ішінде компанияның клиенттері 500-ден асты. Осы уақыттың ішінде компанияның тарихында коптеген табысты жобалар болды. Біздің клиенттер кіші бизнеспен орта бизнес өкілдері, сонымен қатар Актөбе қаласының ірі компаниялары және де мыңдаған жеке клиенттермен жұмыс істеудеміз. Біздің бағалау есебін КАзаөстан Республикасының барлық банктерінде қабылдайды.

Лицензия  № ЮЛ-00941-(17270-1904-ТОО) №0155834, 9 тамыз 2011 ж., Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен берілген. Заңды мекен-жайы: Актөбе қаласы, Кусжанов көшесі, 23-2. Азаматтың  жауапкершілік құқығы бағалау қызметін 30 000 000 тг «Сақтандыру компаниясы Алатауда» сақтандырылған. Бағалаушылар палатасы «Столичная палата оценщиков» Свидетельство № ЮР-066 04.01.2013ж.

Компанияның бас директоры, бағалаушы-сарапшы  Корчевский Игорь Викторвич. Мемлекеттік  лицензия ФЛ-01126 от 21.06.2007ж. білімі жоғары.

Компанияда 4 қызметкер жұмыс істеуде.

Жұмыс сапасына келетін болсақ компанияның бас  директоры орындалған жұмыстардың  сапасын  өзі жеке қадағалауда. Біздің қызметкерлер бағалау есебін білікті, сапалы және дер кезінде орындайды.

 

2. Бағалау туралы түсінік.

 

Бағалау, экономикада  — материалдық игіліктердің құнын  анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалар  күрделі экономикалық процесс. Дамыған  нарықтық экономика жағдайында Бағалар  жер үлестерін сатуда, үй және пәтер  саудасында, өндірістік қуаттарды сатып  алу немесе инвестициялық жобаларды  іске асыруда жиі қолданылады. Бағалар  процесі оның негізгі қағидаларын  айқындауға және жүзеге асыру тетіктері  мен нақты экономикалық есептеулерге негізделеді. Бағалар экономикалық сипатына қарай номиналды, реалды және оптималды болып, ал қолданылатын обьектісіне  қарай жекешелендіруге ұсынылған  объектілерді Бағалар, негізгі қорды  Бағалар, шаруашылық қорларын бағалар, жылжымайтын мүліктерді Бағалар, т.б. түрлерге бөлінеді.

Бағалау түрлері:

Номиналды Бағалау  — инфляцияны есепке алмай бағаланған экономикалық сандық көрсеткіш.

Реальды Бағалау  — инфляцияның болжалды шегін  ескере отырып бағалау.

Оптималды Бағалау  — дамудың оптималды бағдарламасын  жасау құралдары. Ол әкімш. шешімдер қабылдауда басшылыққа алынады. Оптималды  Бағалау белгілі бір ресурс қорының  бастапқы қалпымен салыстырғанда қаншалықты өзгеріп (көбейіп не азайып) отыруының  оптималды өзгерісін көрсетеді. Мұның нәтижесінде қолда бар  ресурстарды (еңбек, өндірістік, табиғи т. с.с.) тиімді пайдалануға болады.

Жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалау  — мүлікті аукционда сату кезінде  бастапқы бағасын белгілеу немесе кәсіпорын  акционерлік қоғам болып қайта  құрылған жағдайда оның жарғылық қор  көлемін анықтау. Кәсіпорынның мүлкі  бухгалтерлік баланс мәліметтеріне, тікелей  түгелдеу негізіне сүйеніп бағаланады. Бағаланғалы отырған мүліктің құрамына негізгі қор мен салымдар, ақшалай  қаражат пен басқа да қаржылық активтер кіреді.

Негізгі қорды  Бағалау — негізгі қордың құнын  анықтауға бағытталған әдістер  жүйесі. Негізгі қор іске қосылу мерзіміне қарай әр түрлі бағаланады. Ол мынандай түрлерді қамтиды:

1) толық алғашқы  құн — жаңа іске қосылған  негізгі қор құны. Оған ғимаратты  жабдықтау, құрылғыларды жеткізу,  орнату және қосуға жұмсалған  шығындар да енеді;

2) тозбасы  шығарылған бастапқы құн —  негізгі қор құнының өндірілген  өнімге ауыспаған бір бөлігі;

3) толық қалпына  келтіру құны — негізгі қорды  қайта бағалау кезіндегі нақты  жағдайларды: көтерме баға, транспортқа  қойылған тарифтер, құрылыстың сметалық  бағасын ескере отырып анықталған  құн;

4) тозбасы  шығарылған қалпына келтіру құны  — негізгі қордың өнімге ауыспаған  нақты құны. Ол негізгі қорды  қайта бағалау кезіндегі мәліметтер негізінде анықталады. Шаруашылық қорын Бағалау — табиғи көрсеткіштерді ақшаға шағып көрсету тәсілдері. Ол бухгалтерлік есеп жүргізуде қолданылады.

Жылжымайтын мүліктерді Бағалау — жылжымайтын  мүліктерді сатып алу, сату процесінде олардың нарықтық құнын анықтау  үшін қолданылатын іс-әрекеттер жиынтығы. Жылжымайтын мүліктерді Бағалауда  мынадай талаптар: тұтынушының көзқарасына  негізделген талаптар, жерге қатысты  немесе оған орналасқан өндірістік қуаттар  мен үй құрылыстарына байланысты талаптар, нарықтық ортаның қалыптасуынан  туындайтын талаптар және мүлікті өте  тиімді пайдалануға негізделген  талаптар басшылыққа алынады.

 

2.1. Бағалаудың мақсаты мен қағидалары.

 

Кәсіпорынды бағалау процесінің теориялық базасы болып, отандық және шетелдік эксперт-бағалаушылардың  көпжылдық тәжірибелері нәтижесінде  қалыптасқан бағалау қағидаларының  жиыны табылады. Кәсіпорынды бағалау қағидаларын төрт категорияға шоғырландыруға болады:

  1. Кәсіпорынды пайдаланушы қағидасы
  2. Жерді, ғимаратты, құрылыс-жайларды және т.б. кәсіпорынның ортақ мүліктік кешенін құрайтын мүліктерді бағалаумен байланысты қағидалар
  3. Сыртқы нарық жағдаймен байланысты қағидалар
  4. Кәсіпорынның мүлік кешенін ең жақсы және ең тиімді пайдалану қағидасы

Бағаның нәтижесін  пайдаланатын қағидалар:

  1. Пайдалылық қағидасы
  2. Ауыстыру қағидасы
  3. Күту қағидасы

Пайдалылық  қағидасы – кәсіпорында тек потенциалды  иеленушіге сол пайдалылығы болса  ғана құн болады. Ол белгілі бір  типті өнімді өндіру, нарыққа шығару және пайда алу қоғамдық пайдалы  қызметтерін жүзеге асыру үшін қажет  болғанда ғана пайдалы бола алады.

Пайдалылық – белгілі бір уақыт ішінде және белгілі бір орында кәсіпорынның пайдаланушы қажеттілігін қанағаттандыруға қабілеттігін көрсетеді. Ол көбінесе ақшалай табыс ағымында есептеледі.

Ауыстыруқағидасы. Бұнда сатып алушы сол кәсіпорын деңгейімен бірдей болып тұрған басқа кәсіпорын ұсынып отырған бағасынан үлкен баға төмендейді. Эксперт-бағалаушы кәсіпорынның максималды бағасын сол секілді басқа кәсіпорын екеуінің табысын салыстыра отырып шығарады.

Күту қағидасы. Көп жағдайларда кәсіпорын пайдалылығы болашақ табыстарды күтумен байланысты. Күту – болашақ пайданы болашақта бағаланып отырған кәсіпорынды пайдаланудан алынатын басқа пайдаларды күту. Ақша табыс пайызын әкелетіндіктен және инфляциялық процесс болғандықтан болашақта алынатын теңге бүгін алынатыннан құны төмен болады. Мұнда уақыттағы ақша құны туралы айтылуда.

Болашақ теңгені  ағымдағы құнға есептеу процесі  дисконттау деп аталады. Кәсіпорынды  пайдаланудан күтілетін болашақ  пайдаларының ағымдағы құнын анықтау  үшін болжанатын пайданы уақыттағы  құнға түзету есебімен түзету маңызды.

Жерді, ғимаратты, құрылыс-жайларды және т.б. кәсіпорынның ортақ мүліктік кешенін құрайтын мүліктерді бағалаумен байланысты қағидалар: қалдық өнімділігі, салым, өспелі және кемімелі қайтарымдылық, тепе-теңдік, меншік құқығы пакетін экономикалық бөлу және қосу.

Жер учаскесінің  пайдалылық қағидасы. Қандай да болмасын кәсіпкерлік әрекет түрі 4 негізгі  өндіріс факторын қажет етеді (2 кесте): еңбек, капитал, басқару, жер.

Жер қозғалмайды, ал еңбек, капитал және басқару соған  «байланған».

Қалдық пайдалылығы  сол үш факторға кеткен шығындарды төлеуден (еңбек, капитал, басқару) кейін  жерге қатысты таза табыс ретінде  анықталады.

 

Өндіріс факторлар  және олардың орнын толтыру

Фактор атауы

Орнын толтыру

Еңбек

Капитал

Басқару

(Кәсіпкерлік әрекет)

Жер

Еңбекақы

Пайыз, дивидендтер

Пайда

Басқарушыларға сыйақы

Рента (салықтар, жалдық төлемдер)


 

Салым қағидасы. Салым – бұл кәсіпорын құнына қосымша. Ол кәсіпорын құнын нақты  шығындардан асатын мөлшерде ұлғайтуды  қамтамасыз етеді. Алайда салым жағымсыз да болады. Мұнда нақты өндірілген шығындар кәсіпорын құнын азайтады.

Өспелі және кемімелі қайтарымдылық қағидасы - өндірістің негізгі факторына қосымша  ресурстарды қосқан сайын таза пайда  өседі, белгілі бір сәтке дейін  үлкен қарқынмен ұлғаяды, одан кейін  жалпы қайтарымдылық өскенімен  ол баяу қарқындармен болады.

Кәсіпорынның  тепе-теңдік (пропорционалдық) қағидасы. Кәсіпорынның барлық өндірістік факторлары тепе-тең болуы қажет: негізгі  және көмекші өндіріс, негізгі және көмекші жұмыскерлер, жұмысшылар мен  басқарушы қызметкерлер арасында және т.б. ара қатынастары. Олардың тиімді ара қатынасы максималды пайда алуды  қамтамасыз етеді.

Тиімді мөлшер (масштаб) қағидасы. Бұл қағида қандай да болсын өндіріс факторына қатысты. Өндірістің барлық факторлары тиімді мөлшерде болу керек.

Меншіктің мүліктік құқықтарын экономикалық бөлу және қосу қағидасы – кәсіпорынның жалпы құнын  өсіретіндей мүлік құқықтарын тиімді бөлу және қосу керек. Бөлу құқығы келесідей  болуы мүмкін:

  • табиғи бөлу: жер учаскесі мен байлықтарын пайдалануды, әуе кеңістігін пайдалануды құқықтарға бөлу;
  • иелену уақыты бойынша бөлу: жалдың әртүрлі түрлері, өмір бойы иелену, болашақ мүліктік құқықтар;
  • кәсіпорынды пайдалану құқықтарын бөлу: лицензия, мүлікті пайдалануды шектеу, кәсіпорын мүлкін пайдалану құқығын шектеу;
  • мүліктік құқық түрлеріне байланысты бөлу: бірлескен жал, серіктестік, траст, корпорация, опцион, сатудың алдын ала келісілген шарттарымен келісім шарттар
  • кәсіпорынды иелену үшін несие берушілермен құқықтары бойынша: кепілдіктер, сот кепілі, капиталға қатысуы.

Информация о работе ЖШС «Бизнес Партнер Консалт» ұйымның жұмысымен танысу