Қазақ өлкесінің бірте-бірте

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 15:09, лекция

Описание работы

Қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы халықтың экономикалық өміріне, атап айтқанда, сауданың нысаны мен мазмұнына аз өзгеріс енген жоқ.
Ішкі сауда екі нысанда: айырбас және ақша арқылы жүзеге асырылды. Егер соңғысын көбінесе бүкіл өлкені жайлап орналасқан орыс-украин шаруа тұрғындары және казак станциялары жүогізсе, айырбасты көбінесе көшпелілер жасады.
Географиялық орналасуы себепті бұрынғысынша Орта жүздегі бұрынғы округтік приказдар, Кіші жүздегі бекіністі шептер маңындағы экономикалық ошақтар, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның жаңадан құрылған қалалары, көп адамдар тұратын қыстақтары айырбас саудасының орталықтары болды, оларға қазақ ауылының шаруашылық жағынан оқшаулануынан неғұрлым әлсірете түсу үшін көшпелілер мен отырықшы тұрғындар арасындағы делдалдық рөл берілді. «Қазақ даласының шикізат өнімдерін, Орта Азия өнеркәсібі бұйымдарының бір бөлігін орыс өндірісінің өнімдеріне айырбастау» айырбас саудасының басты объектісі болды. Бұл орайда Орынбор, Троицк, Петропавл, Верный, Семей сияқты айырбас сауда-саттығының дәстүрлі орталықтарының айналымдары50-жылдардың аяғында-ақ елеулі мөлшерге жетіп, бірнеше миллион сомды құрады.

Файлы: 1 файл

Курсач печатаю.doc

— 36.50 Кб (Скачать файл)

60-жылдардағы әкімшілік  реформалардың жүргізілуіне, Орталық  және Солтүстік Қазақстанның бай табиғи ресурстарын шаруашылық жағынан игеруді кеңейту жөніндегі үкімет саясатының белсенді жүргізілуіне байланысты экономикалық өмірді жандандыра түскен жаңа орталықтар, атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Қазалы, Жаркент пайда болды. Айырбас саудасы ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін Петропавл, Орынбор, Семей тарихында болғанындай қаланың өзінде емес, қайта аталған шегінен тыс едәуір қашықтықта жүргізілді. Мысалы, Ақмолада мал саудасы қаланың оңтүстік жағында, одан 1-2 шақырым жерде орналасты; малдың көпшілік бөлігі азықтандыру үшін «әдетте» қала шетінен едәуір қашық жерде бағылды.

Мал өнімдерін ұқсату жөніндегі  өнеркәсіптің қалыптасуы, мұндай кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің орын алуы қалаларда  немесе ірі қоныстарға тікелей жақын  жерлерде мал өсіруші жұмыс жағдайын егжей-тегжейлі білетін қазіргі базарлар сияқты базарлардың пайда болуын тездетті. Меселен, нақ сол Ақмолада мал шаруашылығы шикізаты тері базарына шоғырландырылды, онда тауарларды сақтауға арналған қоймалар болды; ал кең ауласына қамбалар орналасты; басқа қалаларда, мысалы, Павлодарда саудагерлер пайда түсіру үшін маусымдар бойынша жақын орналасқан қазақ ауылдарымен тұрақты шаруашылық байланыстар жасап, номадтар арасында қажеттілік жылдан-жылға өсе түскен тауарларды – мәуіті, барқыт, сиса, жүн бұйымдарын, темір, мыс ыдыстар, қант, шай және тағы басқаны жеткізіп отырды. Қарашаның ортасында Ертіс өзенінде мұз қатқан кезде «сауда-саттық жалғастыру үшін даладан түйемен көптеген қазақтар келетін еді»; олар қала тұрғындарынан көбінесе ұн сатып алды, дұрысырақ  айтқанда айырбастап алды. Сауда мәмілелерінің қалған бөлігі қалалық Николаев жәрмеңкесінде одан әрі жүргізілді және оның айналым сомасы ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғында-ақ едәуір мөлшерге – 250 000 сомға жетті. Далалық Қазақстанның жаңа туып келе жатқан экономикалық орталықтарындағы сауда көлемінің біршама аз болуы түсінікті және Петропавл мен Семей сияқты сауда алыптары тарапынан нақты бәсеке болуы себепті әбден заңды.

Шаруашылықтың жандануының жеткіліксіздігі және тұтас алғанда ауыл қауымының неғұрлым бірыңғай өз күнкөрісінің сақталуы себепті оңтүстік аймақтарда жаңа шаруашылық қоныстар ішкі саудада зор табыстарға жетті.

Қазалы қаласы «Орыс Түркістанды» сауда-экономикалық өмірінің орталығына айналып, көрсеткіштері жөнінен Перовскі мен Түркістаннан, Шымкенттен озып кетті. Ол арқылы Ресейге 3 561 300 сомның тауарлары әкетілді. Облыс аумағына әкелінгені – 1 100 000, одан әкетілгені 400 000 сомға жетті. Сауданың қаулап өсуіне Жаркент қаласының дамуы дәлел болды. Оның айналымдары туралы 1898 жылы жергілікті кеден жинаған мәліметтер бойынша пікір айтуға болады; мануфактура өнімдері көтерме сауда сомасы – 26 000 сом, нақ сондай бөлшек сауда – 480 000 сом, тауарлардың түр-түрі бойынша: бакалея – 121 000 сом, галантерея – 55 000, аралас бұйымдар – 220 000, ұсақ-түйек – 6 000, темір бұйымдар – 80 000, бөлшек саудадағы ет – 119 100, мал өнімдері – 23 000 сом; оның үстіне қала базарында, сауда нүктелерінде қазақтардың сатқаны: жылқы – 4 165 бас, құны – 83 360 сом, басқа мал – 3 448 мал, құны – 51 720 сом, есек – 515, құны – 2050, қой мен ешкі – 34 264 бас, құны – 102 792 сомның көлемінде болды.

Торғай облысының уезд орталықтары бойынша да ішкі сауданың көрінеу өскені аңғарылады. 1896 жылы Ақтөбе қаласы бойынша – 300 000 сомға дейін, Ырғыз қаласы мен Қарабұтақ кенті бойынша – 500 000, Торғай қаласы бойынша – 200 000, барлық отырықшылық мекендерде – 1 612 154 сомға дейін жетті.

Егіншілік көп тараған  аудандарда өсірілген астық негізінен  «өз керек-жарақтары» үшін тұтынылса да, алайда кейбір артылып қалғаны, мысала, Өскемен уезі бойынша базарға түсті немесе қазақтар айырбастап алды; бұл орайда олар астықтың әр пұтын 30-40 тиынға сатты; Тарбағатай таулары маңында көшіп жүрген Аягөз және Көкпекті округтерінің жергілікті халқы артылып қалған астық өнімін ақшаға сатып және өздеріне қажетті бұйымдарға айырбастау арқылы орыстарды жабдықтап отырды.

Жетісу облысының құрамындағы  Ыстықкөл уезі саудада елеулі елеулі табыстарға жетті. 1883 жылы Нарын-Қарақол  арқылы 209 керуен өтіп, 471 586 сом тұратын тауар әкелінді. Қазақтардың қала рыноктарында, базарларда мал сатуы үнемі өсіп отырды: оның серпінділігін Сырдария облысында аңғаруға болады.: 1886 жылы нақты малдың саны (мың есебімен) -  2456, 2 бас болып, оның 206,8 басы сатылған; 1893 жылы – 9988,6 бас малдың – 615, 6-сы; 1895 жылы – 5185,2 бас малдың – 1645 басы сатылған.

Ішкі сауда көбінесе ақшалай  нысан алып, алыстағы далалық аудандары қаражат қазынаны едәуір байытты. Мәселен, нақ сол Сырдария облысы бойынша 1891 жылы сауда үшін алынған ақшалай алым мынадай болды: 59 927 сом, 1892 жылы – 59 280, 1894 жылы – 60 482,86, 1895 жылы – 70 607,13, 1896 жылы – 81 903,25 сомды құрады. Ірі қоныстарға ірге тепкен саудагерлер саны да едәуір өсті. Мұны 1898 жылғы деректер айқын көрсетеді: Павлодарда І гильдия көпесі – 1, ІІ гильдия көпесі – 63 адам; Өскеменде І – 1, Семейде І – 4, ІІ – 92; Қарқаралыда жалпы көпестер – 21, Зайсанда - 32, Омбыда І – 5, ІІ – 73, Верныйда І – 6, ІІ – 56 адамға жеткен.

Информация о работе Қазақ өлкесінің бірте-бірте