Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 15:09, лекция
Қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы халықтың экономикалық өміріне, атап айтқанда, сауданың нысаны мен мазмұнына аз өзгеріс енген жоқ.
Ішкі сауда екі нысанда: айырбас және ақша арқылы жүзеге асырылды. Егер соңғысын көбінесе бүкіл өлкені жайлап орналасқан орыс-украин шаруа тұрғындары және казак станциялары жүогізсе, айырбасты көбінесе көшпелілер жасады.
Географиялық орналасуы себепті бұрынғысынша Орта жүздегі бұрынғы округтік приказдар, Кіші жүздегі бекіністі шептер маңындағы экономикалық ошақтар, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның жаңадан құрылған қалалары, көп адамдар тұратын қыстақтары айырбас саудасының орталықтары болды, оларға қазақ ауылының шаруашылық жағынан оқшаулануынан неғұрлым әлсірете түсу үшін көшпелілер мен отырықшы тұрғындар арасындағы делдалдық рөл берілді. «Қазақ даласының шикізат өнімдерін, Орта Азия өнеркәсібі бұйымдарының бір бөлігін орыс өндірісінің өнімдеріне айырбастау» айырбас саудасының басты объектісі болды. Бұл орайда Орынбор, Троицк, Петропавл, Верный, Семей сияқты айырбас сауда-саттығының дәстүрлі орталықтарының айналымдары50-жылдардың аяғында-ақ елеулі мөлшерге жетіп, бірнеше миллион сомды құрады.