Ақша қаражаттарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:44, курсовая работа

Описание работы

Халық шауашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады.

Содержание работы

Кіріспе.

I-бөлім. Ақша қаржаттары.
1.1. Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары.
1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар.
1.3. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары
1.4. Кассадағы ұлттық және шетелдік валютамен қолға берілетін ақшалар.
1.5. Есеп айырысу шотындағы ақшалар.

II-бөлім. Ақша қаражаттарының есебі.
2.1. Жолдағы аударымның және құнды қағаздардың есебі.
2.2. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі.
2.3. Кассадағы қолға берілетін ақша есебі.
2.4. Есеп айырысу шотындағы ақша есебі.

III-бөлім. Қорытынды.

Файлы: 1 файл

Ақша қаражаттарының есебі.doc

— 174.50 Кб (Скачать файл)

                                                                                                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Жоспар:

 

 

Кіріспе.

 

I-бөлім. Ақша қаржаттары.

1.1. Ақша қаражаттарың  сипаттамасы, есеп айырысу нысандары.

1.2. Жолдағы ақша  және құнды қағаздар.

1.3. Валюталық шоттағы  және банктердегі арнаулы шоттардағы  ақша қаражаттары

1.4. Кассадағы ұлттық  және шетелдік валютамен қолға  берілетін ақшалар.

1.5. Есеп айырысу  шотындағы ақшалар.

 

II-бөлім. Ақша қаражаттарының  есебі.

2.1. Жолдағы аударымның  және құнды қағаздардың есебі.

2.2. Валюталық шоттағы  және банктердегі арнаулы шоттардағы  ақша есебі.

2.3. Кассадағы қолға  берілетін ақша есебі.

2.4. Есеп айырысу шотындағы ақша есебі.

 

III-бөлім. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе.

Халық шауашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті -  халық шауашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп,міндеттердің артып отырғандағы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық оперцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр.Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең  етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъектіге және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.

Еліміздің жағдайын жақсарту, экономиклық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр.Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және орта бизнесті дамыту» - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіперлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білуі қажет.

Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қатысатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өт күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъктілерде бухгалтерлік есептің маңызы өте зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп турылы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтрлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасының Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен режелері, сондай-ақұсыныстары негізінде ұйымдастырылады, қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілермен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге  мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні айрықша.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттар шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.

Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық жүйесінің орындалушы жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелердің несиемен қаржыландырылуын және есеп айырысу қызметін атқарады.

Прогрессивті есеп саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметті несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі      қаржымен қаржыландыру мен несилендіру, сондай-ақ қажетті есеп айырысуларды жүргізу төмендгі акционерлік банктерге жүктелген:

Тұран Әлем Банкі - өндірісті, құрылысты, көлікпен байланысты, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында,сыртқы экономикалық қызметті; «Наурызбанкі» - агроөнеркәсәіп кешенін; «Орталықнесиебанкі» - тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, тұрмыстық қызмет көрсетуді және экономиканың басқа да салаларын; Халықтық банк – елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды қамьтамасыз етеді; «Дамубанкі» - елдің экономикалық дамытудың басымды бағдарламаларына және ұза мерзімге арналған тиімді инвестициялық жобаларын несиелендіруді жүзеге асыруына қызмет көрсетеді.

Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу жүйесіндегі құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіүйлестіреді және ол оларға бағыт береді.

Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылығы байқалады. Нақты ақшамен субъектілердің персоналдар еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданылып жүрген заңға сәйкес ережелері бойынша банк мекемелері арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік еспке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995ж.,№24,171-құжат;Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы,1997ж.,№13-14,205-құжат;1999ж.,№20,727-құжат;2001ж.,№24,338-құжат) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жүргізіледі.

«Бухгалтерлік есепке алу мен қоржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы» .

Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін айқындайды, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамадары мен жалпы ережелерін белгілейді.

 

Ақша қозғалысы осы заңның 3-тарауы «Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау мен есепке алу» 16-бабында жазылған.

16-бап. Қаржылық есеп беру.

1. Қаржылық есеп беру  ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің  нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгеістер туралы ақпарат болып табылады.

2.  Мемлекеттік мекемелердің  есеп беруін қоспағанда, аржылық  есеп беру:

1) бухгалтерлік балансты;

2) кірістер мен шығыстар  туралы есепті;

3) ақша қозғалысы туралы  есепті;

4) өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті;

5) есепке алу саясаты  туралы ақпаратты және түсіндірме  жазбаны қамтиды.

Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкін.

Қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес белгілнеді.

3. Мемлекеттік мекемелердің  қаржылық есеп беруінің көлемін, нысандары мен тәртібін, егер  Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілерінде өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайды.

4. Акцизделетін өнімдерді  өндірумен, сондай-ақ қызметтің акцизделетін түрлерімен айналысатын ұйымдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпкерлер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелерді орындауын салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органның келісімімен уәкілетті орган бекіткен бухгалтерлік есепке алу стандарттары бойынша қаржылық есеп беруді жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдар қаржылық есеп беруді жүргізген кезде осы заңның 2-1 бабында ережелерін басшылыққа алуға құқылы.

5. Қаржылық есеп беруге  ұйымның басшылығы және бас  бухгалтері қол қояды.

Бухгалтерлік есепке алуды мамандандырылған бухгалтерлік ұйым немесе маман бухгалтер жүргізетін ұйымдардың қаржылық есеп беруіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ мамандандырылған бухгалтерлік ұйымның басшылығы немесе маман бухгалтер қол қояды.  

     

 

 

                           I-бөлім. Ақша қаражаттары.

1.1.Ақша  қаражаттарының сипаттамасы, есеп  айырысу нысандары.

 

1. Ақша қаражатының қозғалысы  туралы есеп пайдаланушыларды  операциялық, инвестициялық және  қаржы қызметі бойынша есепті  кезеңдегі ақша қаражатының түсуі  мен жұмсалуы туралы ақпаратпен  қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына мүмкіндік береді.

2. Заңды тұлғалар ақша  қаражатының қозғалысы туралы  есепті осы стандарттың талаптарына  сәйкес жасайды және есепті  кезеңдегі қаржы есептемесінің  құрамында тапсырады.

3. Ақша қаражаты – кассада  және банктердегі шоттарда қолма-қол  бар ақша.

4. Ақша қаражатының қозғалысы  – ақша қаражатының түсуі мен  жұмсалуы.

5. Операциялық қызмет  – ұйымның табыс табу жөніндегі  негізгі қызметі мен инвестициялық  және қаржы қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.

6. Инвестициялық қызмет  – ұзақ мерзімді активтер мен  қаржы инвестицияларын сатып  алу және сату.

7. Қаржы қызметі – меншікті  капитал мен займ қаражатының  мөлшері мен құрамындағы өзгеріс  нәтижесі болып табылатын ұйымның  қызметі.

8.Ақша қаражатының қозғалысы  туралы есепте операциялық, инвестициялық  және қаржы қызметі бойынша  есепті кезеңдегі мәліметтер  болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі  бойынша жіктеу пайдаланушыларды  ұйым қызметі түрлерінің оның  қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мумкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

9. Заңды тұлғаның операциялық  қызметінен түсетін ақша қаражатының  қозғалысы мыналарды пайдалана  отырып ашылады:

а) тікелей әдіс, ол бойынша ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі;

б) жанама әдіс, ол бойынша таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшадан тыс операциялардың өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық және қаржы қызметінің нәтижесі болып табылатын табыстар мен залалдарға орай түзетіледі.

10. Ақша қаражатының қозғалысы, келесі екі парада көрсетілгеніндей, нетто-негізде ашып көрсетіле алатын белгілі бір жағдайлардан басқа кезде, ұйым инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын жалпы ақша түсімдер мен төлемдерінің негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көрсетеді.

11. Ақща қаражатының қозғалысы  ұйымның қызметінен гөрі клиенттердің  қызметін көрсеткен жағдайда  клиенттердің атынан ақша түсімдері  мен төлемдері нетто-негізде ашып  көрсетілуі мүмкін.

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі