Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 20:06, реферат

Описание работы

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Содержание работы

1. Аудитке жалпы түсінік
1.1 Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері
1.2 Аудит функциялары мен объектілері, пәні
1.3 Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
2. Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар.
2.1 Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары.
2.2 Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.
2.3 Аудит түрлері

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 59.86 Кб (Скачать файл)

Мазмұны:

1. Аудитке жалпы түсінік

1.1 Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері

1.2 Аудит функциялары мен объектілері, пәні

1.3 Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.

2. Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті  құру және ұсынуға талаптар.

2.1 Қаржылық  есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары.

2.2 Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.

2.3 Аудит түрлері

 

 

Кіріспе

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1.   Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері.

2.   Өзін — өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі.

3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге және кредиторға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі.

4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін. пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.

6.  Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,  серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда операциялық мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.

Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады [3].

Аудиторлық іс эономикалық талдау, кешенді құжаттық тесеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысынд аталғандардың және есептік, бақылаушы талдаманы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және жамандықты шектеу.

Әкімшілік  құқығы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым — қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру мен бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдығын тесеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсынстарды әзірлеу ісін де қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есептілікті жасау жағдайын тексеретін, кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс — әрекетінің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет [4].

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы, белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар бойынша Бизнесті білу 310 Халықаралық аудит стандартында ашып көрсетілген. Осы арада бизнес аудитін озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржы — несие, материалдық — техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекттік, қаржы, несие, ведомстволық, салық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.

Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамадас бөлігі ретінде қарастыру қажет.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу  [5].

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

— бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен үдерістірінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;

— шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептеудің озық әдістерін анықтау;

— қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;

— бақылаушы-талдамалық жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

— бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;

— бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және экономикалық- математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық  жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

Кәсіби аудиттің даму проблемалары мен осы аспектілердің өзара тығыз байланыстарын мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және  өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен үдерістердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің  әдістемелік негізіне қызмет етеді [7].

Нарықтық экономикада жағдайында тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді [8].

Аудит термині латынның « audio» — « тындап тұр» деген сөзінен шыққан.

1.Аудитке жалпы түсінік

1.1 Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері

Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде информация есеп беруін артық санаған. өйткені кез келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген.

Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.

АҚШ-тағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерртеу қорытындысында: «бұл аудит» қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді – деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ та олар қоғам бухгалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухгалтер-эксперт немесе шоттар комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б. деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.

Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп – атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдасьыру туралы салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол шаруашылық субъектілеріне, өндіріс процесіне байланысты, өнімді сату процесіне, маркетинг проблемаларына қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылдануында. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлық қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор қорытындысы, ақша құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін брокерлере, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуге кепілдік береді. Қорыта келгенде аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, бизнеспен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетінің қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.

Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік есебі тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайда ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан отчет информацияларын зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық информация алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік отчеттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.

Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болып саналады. Қытайлардың көне жазулары бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда  Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, өзінің міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүліктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған.

Кейбір деректерде аудиттің тарихы 17 ғасырда пайда болды делінген. Барлық ақпараттарды қорыта келе, аудиттің көне заманда пайда болғаны байқалады.

1773 жылы Шотландияның  орталығы- Эдинбургке арналған адрестік  кітапшада жеті аудиторлардың  есемі айтылған. Осыған сүйене  отырып, кейбір авторлар кәсіпқой  аудитор батыс елдерінде, Шотландияда 19 ғасырдың ортасында пайда болды  деген ұғымға келеді.

Аудиттің одан әрі дамуына 1862 жылы Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен есептерін ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексеруі қажет делінген.  Америка Құрама Штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 жылы Нью-Йорк штатының заңды орындары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.

Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 жылы Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған, 1887 жылы АҚШ-та дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда- аудиторлар Институты, т.б.

Информация о работе Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар