Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 20:06, реферат

Описание работы

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Содержание работы

1. Аудитке жалпы түсінік
1.1 Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері
1.2 Аудит функциялары мен объектілері, пәні
1.3 Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
2. Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар.
2.1 Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары.
2.2 Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.
2.3 Аудит түрлері

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 59.86 Кб (Скачать файл)

Аудит Қазақстан республикасында жаңадан пайда бола бастады. 1990 жылы алғашқы аудиторлық фирма ҚР министрлер Кеңесінің 15.02.1990 жылғы №60 қаулысына байланысты ҚР Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан –аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 жылдан бастап ол өз бетінше ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.

Аудиторлық жұмыстың әрі қарай дамуына 18.10.1993 жылы шыққан «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңы әсерін тигізді.

1.2  Аудит функциялары  мен объектілері, пәні

Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым

Аудит дегеніміз – ол, кәсіпорынның табыстылық есебін тексеріп, онда көрсетілген шаруашылық табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап, сонымен қатар бухгалтерлік есебін, қаржысын, салық заңдарын, банк және әлеуметтік есеп процесін келісім-шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп арнайы төлем арқылы қызмет көрсету.

Аудит – ол табыстылық отчетін немесе соған қатысты объектілер туралы информацияларды арнайы қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу

Аудит – ол шаруашылық, табыстылық операцияларының заңдылығын тексеріп, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі мен отчетының дұрытығын анықтап, арнай толем арқылы бақылау тексеру, түсініктеме беру, сараптау қызметін көрсету.

Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексеру немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен оның құрылымын – ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды.

Нақты әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторларды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж «аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылы ақпарат туралы өз пікірін айту» - деп анықтама бернген. Басқа бір Англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп аудит маманы Роджер Адамс «Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет информациялардың дұрыстығын анықтау мен кәсіпорынның табыстылық отчеттарын, ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан мәліметтердің шындығын анықтау» деп анықтама берген.

Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясында «Аудит – ол кәсіпорын ақпартындағы мәліметтердің пайдаланушылар үшін табыстылық отчет көрсеткіштеріндегі информациялық рискіні барынша азайту» деп анықтама береді. Осы аты аталған үш авторлардың ойын қорытындылайтын болсақ, Англиялық есеп және аудит маманы Р.Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтындығын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлі өте жоғары деп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасында даму болады деген сөз.

Аудит дегеніміз – дербес тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкерн ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық табыстылық ақпаратын, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудитолық қорытынды жасау және әр түрлі түсініктеме қызметін көрсету» деп ойлаймын. Себебі аудит жұмысының көлемі, объектісі шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасан оның мәліметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі, тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапына төлем жасап, аудит жасатуды бірден бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кідіргісіз қарым-қатынаста болады.

Аудиттің мазмұнын анықтамалары арқылы қарастырғаннан кейін оның негізі түсінікті болған сияқты.

Аудитор – кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.

Шаруашылық субъектісі кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек. Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді.

Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық ақпаратын тексеріп кәсіпорын қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекеттік салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

Аудит пәні және объектілері олардың алдына  қойылған мақсаттар және міндеттер арқылы анықталады.

           Аудит пәні дегеніміз шарт бойынша  және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. 

Егер аудит объекті шаруашылық субъектінің финанстық қызметі болса, онда оның мақсаты — есеп берушіліктің толықтығын, нақтылығын, бекітілгендігін тиянақты түрде қарайды. Аудиттің мақсаты финанстық есеп бойынша аудиторлық қорытынды жасау, финанстық есептің бухгалтерлік есеп нормаларына және әрекет ететін заңдылықтарға сәйкестігін және нақтылығын тексеру болып табылады.

Егер аудит объекті бухгалтерлік есеп болса, онда аудит мақсаты барлық кәсіпорындарға мемлекетпен бекітілген заңдылықтарға, жалпы нормаларға, стандарттар мен ережелерге сәйкестігін тексеру болып табылады.

Егер аудит объекті барлық шаруашылық қызметі болса онда оның мақсаты осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығындарды азайту мүмкіншіліктерін айқындау, еңбек өнімділігін және өндірістің рентабельділігін арттыру, кәсіпорын қызметін жақсарту үшін рекомендациялар өңдеу болып табылады.

Консалтингтік қызметті жүзеге асырудағы аудит мақсаты аудиторлық фирма клиенттерінің коммерциялық қызметін жақсартуда (үшін) жоғары дәрежеде консультациялық қызмет көрсету және аудиторлардың беделін арттыру болып табылады. Аудит қызметі басқа қызметтер сияқты пайдасы көп болу керек. Осы мақсаттарыды жүзеге асыруда аудитор алдында келесідей негізгі міндеттер тұр:

1.Кәсіпорынның финанстық  есеп берушілігінің нақтылығын  қамтамасыз ету және финанстық  есепті пайдаланушылар үшін ақпараттық  тәуекелділіктің деңгейін төмендету.

2.Компоненттік мәліметтерді  жинау және бағалау.

3.Кәсіпорынның немесе  оның жеке түрлерінің экономикасын  жүйелі және жан-жақты талдау.

4.Кәсіпорын қызметінің  оның уставына, бизнес-жоспарына  сәйкестілігін тексеру.

5.Заңдылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есеп, есеп берушіліктердің  жүргізілуін және мемлекеттік  органдардың шаруашылық субъектінің  финанстық жағдайы туралы нақты  ақпаратпен қамтамасыз етілуін  бақылау.

6.Алғашқы құжаттарды тексеру.

7.Бухгалтерлік есепті  дұрыс ұйымдастыру және жүргізуде  клиенттерге консультациялық қызметтер  көрсету.

8.Клиенттермен қатынасты  нығайту және өсуіне әрекет  жасау.

1.3 Аудит постулаттары  және концепциясы, компоненттері, қағидалары.

Аудиттің  көкейтесті мәселелерінің  бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше,  жоққа  шығарылмайынша  ақиқат  ретінде  қабылданатын аксиомалық  ережелер. Дж.Робертсон "Постулат-бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізі бар аксиомалық бекіту".  Постулаттардың  көмегімен аудиторлық  стандарттардың  мазмұнын  танып  білуге  болады.  Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп  жүйесінің  негізінде  жатады.  Олар кез келген ғылыми  теорияның  дамуы  үшін одан кейінгі логикалық  құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады.   Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Аудит теориясындағы постулаттардың  рөлі аса мањызды болады.   Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді.  1961 жылы Р.К.Маутц  және Х.А.Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды.  Олар өте  әйгілі  болып,  аудит теориясында кеңінен  қолданыла бастады.  1982 жылы америкалық ғылым Т.А.Ли өзінің постулатын қосты. Сондай-ақ Дж.Робертсон,  Р.К.Мауц  пен  Х.А.Шараф постулаттарын "экономикалық тиімділіктің максимасы" деп аталатын тағы бір постулатпен толықтырды. Бірқатар ғалымдар,  атап айтқанда,  А.Белкаоуи,  Р.Адамс,  Я.В.Соколов, К.Ш.Дүйсембаев,  М.С.Ержанов  және басқалары жекелеген постулаттардың мазмұнын нақтылау бойынша және оларды қалыптастыру үшін өз нұсқаларын   ұсынды.

  Әр  түрлі  ғалымдар мен маман - практиктердің  көзқарастарын жан-жақты зерделеу  арқылы ғылыми негізделген постулаттар  болып мыналар саналады:

1. Қаржылық  есеп  берулер мен  қаржы мәліметтері  тексерілуі мүмкін.

2. Мүдделердің  қайшы келіп  қалу  ықтималдығы.

3. Верификацияның (қандай да бір нәрсенің дұрыстығын  тексеру) мүмкіндігі.

4. Есептеме   дұрыс  жасалмаған.

5. Егер қаржылық  ақпаратты  тексеру тәуелсіз пікір  білдіру мақсатында орындалса, онда  аудитордың қызметі оның өкілеттігімен  реттемеленеді.

6. Қате  қорытынды  жіберіп  алудан  ешкім  де тыс  емес.

7. Аудитордың   пікірі оның  мүдделеріне  тәуелді.

8. Есеп беру  мәліметтерінің обьективтілігі  ішкі бақылаудың тиімділігіне  тікелей пропорциональды.

9. Әрбір  тізбекті тексеру өткен шақтағы  тексерулердің  құндылығын кемітуі  және  әрдайым  ақпараттылығы  аз  болады.

10. Аудитордың  әрбір  пайымдауы  белгілі  бір  деңгейде  иландырады.

11. Бұрынғы  (алдыңғы)  ақпараттың  құндылығы.

12. Жалпы  қабылданған бухгалтерлік принциптерді  ұдайы сақтау  (30,34,36, 39,44,47 жєне  т.б.).

  Осылайша,  аудит саласын стандарттау жєне  теориясын дамытудағы постулаттардың  маңызы зор.  Олар аудитордың  тәжірибелік  жұмыстарына міндетті  түрде қажет болады. Оларды күнделікті  іс-тәжірибеде біліп қолдану аудиттің  мақсаттары мен техникасын, аудиторлық  стандарттардың, нормалардың,  мазмұнын  терең түсінуге мүмкіндік береді.  Аудиторлық стандарттарды жобалауда  қолданылуы аудиторлық  қызметтің  тиімділігіне оң  әсер  ететін,  кәсіби  маман  топтар  талқыға  салатын постулаттардың нақты  жүйесі  негізге  алынуы  керек.

Еліміздің  экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді, бұл аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

ТМД мемлекеттерінде шыққан арнайы әдебиеттерде «аудит» жөнінде әр түрлі анықтамалар кездеседі. Біреулері  өте қысқаша түрде анықтама берсе, басқалары керісінше ұзақтау және қиындау түрінде береді,  ал үшіншілері оның да, бұның да анықтамаларының қосындысынан айтылады.

Осыған орай аудит жөніндегі анықтама, Қазақстан Республикасының өз ерекшеліктерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңында «Аудитке» төмендегідей анықтама береді. Аудит – бұл қаржы есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар  мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.

Аудитті шаруашылық жүргізуші субъектілермен (тапсырыс берушілермен) жасалған шарт  негізінде тәуелсіз жеке адамдар, аудиторлық ұйымдар жүзеге асырады.

Аудиторлық тексерулер мемлекеттік органдар тарапынан  Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын  кәсіпорындар шаруашылық  қызметінің  заңлығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.

Егер белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген және аудиторлық қызметпен айналысу құқығы біліктілік комиссиясының аттестациясынан өтпеген болса, бірде-бір заңды ұйым немесе  нақты адам аудитор деп атала алмайды немесе өздерін аудиторлық қызметпен айналысушы  ретінде көрсете алмайды.

Аудиттің маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің  қажеттілігін анықтау қажет. Оларға жататындар :

1.Шаруашылық  жүргізуші субъектілер

2.Ақпараттар

3.Аудиторлардың  кәсіби мамандылығы

4.Материалдарды  жинау және оларды бағалау

5.Стандарттар  мен критериялар(белгілер)

Бірінші компонент – бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік  болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық  жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен  анықталады.

Екінші компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын  талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.

Үшінші компонент – бұл аудиті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті  фактілерді жинай білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу керек.

Информация о работе Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар