Аудиттің мәні ,мазмұны және даму тенденциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 22:26, курсовая работа

Описание работы

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Файлы: 1 файл

курст жумис аудиттт55.doc

— 131.50 Кб (Скачать файл)

                                                   Кіріспе

            Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми мен білім практикалық қызметін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді .Бұл – аудит .Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ ,ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған .Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді , оның міндеті неде , қай уақытта пайда болған және объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет .

           Аудитор латын сөзінен шыққан ,яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді .шаруашылық – жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап – басқарушы тыңдаушы болған.Сондықтан ерте заманда « аудитор- « тыңдаушы» дегенді білдіреін,яғни қандай да бір нәрсенә тыңдайтын адам .Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

            Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

           Курстық жұмыстың мәні :Орта ғасырдың  соңғы жылдарына дейін барлық  елде еріп танитын және жаза  алатын адамдар өте аө болғандықтан ,аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің  қорытынды есебін тыңдауға тиісті  қызметкерлерді аудитор деп атаған.Бір қызығы сол,    алыс,ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен ,ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған.Өйткені кез-келген жазба құжаты қолдан әр түрлі етіп жазуға,өзгертуге боладыдеп түсінген.Ал, ауызша есеп ,мәлімет  беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген Қазақтың : «бет көрсе- жүз ұялады» ,- деген ұлы сөздің мағынасы осы негзде келетін шығар,2-шіден «тыңдаушы» мен саған «сенемін» -деген, ал өз кезегінде есеп беруші «сенімінді ақтаймын» -деген адамгершілік қасиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.

           Курстық жұмыстың мақсаты: Аудит  бізге осы уақытқа дейін белгісіз  болды деп айтуға болмайды. Шет  елдерде аудит ерте заманда  дамыған .Бухгалтерлік есеп жүргізуде  ,экономикалық талдау жасауда басшылық жүргізуде улкен орын алған .Себебі,кәсіпорында басшалықжргізуде,шаруашылықта бақылау жасауда оынң рөлі орасан зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім Аудиттің  мәні ,мазмұны және даму тенденциясы

 

    1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы

 

  
          Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі ,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында XX ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып,оны жеңудің жодары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлуы және қазақсатнадық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына ,өндіріс көлемі мен өнімдердің ,жұмыс ,қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына , төлемге қабілетсіздік тудыруға , шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды . Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды.Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына , өндірісті әртараптандыруға қамтамасыз етуге ,аса маңызды салаларға инвесорларды тартуға,шешуші бизнес салаларында іскерлігін арттыруға,белсенді өндіріс саясатын енгізуг және акциенттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан микродеңгейдің жылжтуға септігін тигізеді.

             Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтық рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған .Нарықтық экономиканың тиімділігін,оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі,субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын бодырмаушылық ,өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.

         Қазақстандық  экономиканы сәтті функциялау  үшін оны ұйымдастырудың озық  құралдары мен нақты тетіктерін , оның ішінде мақсатты- бағдарламалық  әдісті көптеген факторлар бойынша  талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілегн тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек.Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету,өндіріс тиімділігін арттыру,бәсекелстік ортаны дамыту ,қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан  ,шегі жоқ тұтынушылық ,екінші жағынан , ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырды.Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса,адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім ,қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды.Шешім қабылдаушы ,шаруашылық жоспарын дербес жасайсын әрі осларға сәйкес әрекет етеін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субъектілер деп аталады.

           ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілер туралы» заңда «жеке кәсіпкер» және «ұйым» терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі.Ал,бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңды тұлғаларды, сондай-ақ ел аумағында тіркелегн бейрезидент өкілдіктер мен филиалдарды білдіреді.

           Ұлттық экономиканы реформалау бойынша түбегейлі процестер шаруашылық қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы-талдамалы құрылымның пайда болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған.Халық шаруашылығын басқару жүйесін қайта қрудың алғашқы жылдарында жоспарлы экономиканың дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі,яғни арта түскен қажеттілктерді  қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушылардың объективті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды шешуде өзінің қабілетсіздігін көрсетті. 
         Әміршіл-әкімшілік жүйеде төменгі басқару буынының жоғарыға қатаң бағынуы тек жоспарланбаған тапсырмалардың орындалуын,шаруашылық операциялардың заңдылығын сақтау,яғни оның заңға сәйкес болуын және мемлекет қарауындағы жалпы халықтық ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті ревизиялық қызметтерді ғана талап етті.Ал,нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит берушілермен,меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да пайдаланушылармен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды ақпараттарға қажеттілік бірден артады.Бұл арада тек белгіленген параметрлердің сәйкестіндігін тексеру ғана емес,сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілрдің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсынысын әзірлеуді,оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.

            Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан  айтарлықтай ұзақ процес.Аудиттің қоғамдық рөлін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін,теориялық негізін және мәнін ашу керек. 
          Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдардың бірі қаржылық бақылау болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамуы өндіірс саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды тудырды.  
          Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту, енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде қарқынды дамыту негізінде мына принциптер жатқызылады: . 
1. Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау объектілерін дәл оқшаулау; 
2. Бақылау субъектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық (тәуелсіз), ведмоствалық және іштей деп бөлу; 
3. Бақылау мәселелерін шектеу, оның ішінде бюджеттің кірісі мен шығысын дұрыс қалыптастыру,есеп берулердің анықтығы,өндіріс әлуетін пайдаланудың тиімділігін артыратын резервтерді анықтау және бағалау; 
4. Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ішкі шаруашылық, тәуелсіз аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудиторлардың әрекет ету салдарын анықтау. . 

 
            1.2 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері  
         

              Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «аudio» деген латын сөзінен шыққан ,аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді. 
           Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама –қайшылыққа толы.Бір авторлардың айтуынша,есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау б.д.д.IV мыңжылдығынан басталады.Сонымен бірге,Ніл ,Тигр және Ефрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып,шаруашылық қызмет жүргізілді,үкімет өнім,мүлік ,салық жинау,орындалған жұмыс,қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты.Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды,оның ішінде аудит те бар .Мұндағы мақсат –қателіктерді азайту және шенеуніктер тарпынан алдау әрекеттерінежол бермеу.Бір қатар бақылау түрлері  сол уақытта Библияда да суреттеледі. Онда мүлікте екі жақты күзету , адал қызметкерлерді жалдау,міндеттерді бөлісу мәселелерді баяндалады.

           Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған.Мысалы,ежелгі Мысырда мүлікті үгендеу кезең сайын,ал шаруашылық операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған.Оның біреуі не  нәрсе берілді,соның санын папирусқа белгілеп отырса,екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған,ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен   салыстырып отырған.Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған,тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылған шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.

            Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған.Хаммурапи заңы көпестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға-мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті,,ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.

            Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейінгі 1122-256жж.)есептің мемлекетік жүйесі,оның ішінде барлық үкімет департаменттернің мұқиат әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асрылды.Ал,б.д.д. 700жылы ол жақта негізгі міндеті мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылатын бас аудиторлық қызметі болған.

           Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты.Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған италияндық ұлы математик Лука Пачоли арнайы  бюрода тексеріп және тіркеп отыратын кқпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен болатын.

          Шаруашылық қызметтің дамуы есептің саапсы мен есеп берудің шындыққа жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді.Англияда аудиторлық алғаш рет 1299 жылы пайда болды,ал 1324жылдың 24-інші наурызында король ЭдуардII үш мемлекетік аудиторды тағайындады. Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд,Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға,олардан сұрауға және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді. 
         ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік қызметтің маңызды құрамдық бөлігі болды.Бұл темір жолдарын салу мен сақтандыру компанияларынң,банктердің,акционерлік қоғамдардың өсуімен байланысты.Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқда да инвесторлар Солтүстік Америкаға аттанғанда,яғни бағыт алғанда олармен бірге аса ірі ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуелсіз аудиторлар да барды.

          Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі «ағылшындық» болып табылады және   XX  ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті ағылшындық үлгімен құрылып келді.Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-тегжейлі  зерттеуді ұйғарды.Роберт Х.Монтгомери американдық американдық аудитінің сол кезеңін есепшоттық аудит деп атаған,өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті.Аудит рәсімі жылдам ұлғайған америкалық бизнеске   бейімделе бастаған шектен тыс қаражатты талап ететін мен көшіруді тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық тестілік аудитке өзгеріп,ауысады.Сонымен қатар аудиторлар тестілеу әдісінен басқа опреацияларды тексреу мақсатында бизнес бойынша серіктескен фирманың қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзінде асыруға кірісті.Инвесторлардың  мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсеңділігін бағалауға,сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және есепшоттрада көрініс табатын шаруашылық операцияларынң нәтижелеріне де көп назар аударатын болды .

         ХХ ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық  ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдасу тенденциясы біршама ереңдей түсті.Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша комитет ,Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы,Халықаралық бухгалтерлер федерациясы,БҰҰ-да 1979жылы қүрылған . 
       

 

           1.3Аудиттің мәні және маңызы  
           

             Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істемейтін мамандаған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Информация о работе Аудиттің мәні ,мазмұны және даму тенденциясы