Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:06, курсовая работа
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелерінің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты ұлттық валютада банктік шоттардағы және арнайы шоттардағы ақшаны есепке алуды сипаттап, оның маңызы мен мақсатын ашып көрсету. Сонымен қатар, ақша қаражаттарын халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша есепке алудың ерекшеліктерін көрсету.
Кіріспе………………………………………………………………...….. 3
Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарының қозғаласы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі.... 4
Банктегі шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі........... 6
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының қозғалысын құжаттау.................................11
3.1.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу...........................11
3.2.Чектермен есеп айырысу................................................12
3.3.Төлем-талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу...........16
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі.................19
4.1.Кассадағы теңгемен ақша қаражатының есебі.................19
4.2.Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен
ақша қаражаттарының есебі...........................................24
4.3.Ақша қаржысын, құнды қағаздарды және есеп берудің бланкілерін түгелдеу......................................................27
5.Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда
ақша қаражаттарының есебін жетілдіру...........................29
Қорытынды..........................................................................31
Қолданылған әдебиеттер.......................................................33
Қосымшалар.........................................................................34
Сауда ұйымдары үшін төлем карточканың негізінде сатып алушылармен есептесуді жүзеге асырған кезде 1030 "Жолдағы теңгемен ақша қаражаттары" деген шот пайдаланылады.
1030 шотының дебеті бойынша сауда ұйымдарының түсімдері көрсетіледі, ал кредиті бойынша сауда ұйымдарынан аударылған ақша қаражаттары көрсетіледі.
Түскен қаржыны 1030 шот бойынша есепке алу үшін банкке байланыс бөлімшелерінің квитанциялары, банк инкассаторына түскен қаржыны өткізуге арналған жолдама тізімдемесінің көшірмесі және т.б. негіз болып табылады.
3-Мысал: Шілденің 29-да инкассатор кәсіпорынның кассасынан 142900 теңге сомасын қабылдап алған, бұл түсім есеп айырысу шотына тек тамыздың 1-ші күні қосылды.
Өткізілген түсім шілдеде 1010 шоттың кредиті бойынша және 1030 шоттың дебеті бойынша, тамыз айында 1040 шоттың дебеті бойынша және 1030 шоттың кредиті бойынша өткізіледі. Сондай-ақ, 1030 шотта бас кәсіпорынның еншілес кәсіпорындарына аударған сомалары және керісінше, кері қайтарылған сомасы немесе орталықтандырылған қорлардың қаржылары, бірақ есеп беру айында есеп айырысу немесе басқа шоттарына қосылмаған сомалары есепке алынады. Сонымен қатар, аталған шотта (1030) бас кәсіпорындардан алынған хабарламалар бойынша банк төлеуге қабылдаған, бірақ есеп айырысу шотына қосылмаған сомалар да есепке алынады. 1030 шотын пайдаланудың нәтижесінде кәсіпорынның есеп-айырысу шоттарының жазбаларында тепе-теңдікке қол жеткізіледі. 1030 шоты бойынша жасалған операцияларды есепке алу әрбір есеп-айырысудың төлем құжаттары бойынша жасалады. Бухгалтерия жол үстіндегі аударылған ақша бланкілерін дер кезінде есепке алып және оларды қатаң бақылауға алуы керек.
3.3. Төлем-талап
тапсырмалары арқылы есеп
Төлем-талап тапсырмасы - тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметті көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады (5-қосымша).
Бенефициар төлем-талап тапсырманы банкке ұсынады және төлем-талап тапсырмалары белгіленген бланктердің нысанында тиісті реестрлеріне тіркеледі (6-қосымша).
Төлем-талап тапсырмасы
реестрмен бірге бенефициар-
Егер де бенефициарға қызмет көрсететін де, ақшаны жіберуші де бір банк болса, онда бенефициар банкісін жанай етіп, төлем талап-тапсырмасы реестрсіз бірден жіберушінің банкісіне ұсынылады.
Егер де төлем-талап тапсырманы орындау үшін қажетті ақша қаражаты болмаса, онда төлем-талап тапсырманы сақтау мерзімі және реестрінің мерзімі бөлініп төленуі мүмкін. Сондықтан, алушы-банк тек акцептелген немесе акцепті қажет етпейтін бөлігін ғана сақтауы мүмкін.
Осы туралы төлем-талап тапсырманың бет жағына белгі соғады.
Төлем-талап тапсырмаларына толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту кезде ол туралы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды. Талап тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын және төленбейтін бөлігі туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға (өнім берушіге) қайтарылады.
Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты аудару немесе есептен шығару. Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты есептен шығару тек соттың шешімімен, банктің өкімімен, не мына төмендегі орындау құжаттары негізінде қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайлар бойынша жүргізіледі: банктің ендіріп алу жөніндегі өкімі; несиелерді пайдаланғаны үшін есептелген проценттері және есепке қате алынған сомалары; кепілші шотынан қарыз берешегінің өтелмеген сомалары; соттар берген орындау қағаздары; соттың шаруашылық істері жөніндегі алқаларының бұйрықтары; нотариус жүргізген орындау жазбалары; салық органдарының салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша қосымша салықтары, сондай-ақ заңда көзделген айыппұлдары, өсімдері және өзге де өндіріп алынатын санкциялары туралы өкімдері; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жұмыс берушілерден өндіріліп алынатын айыппұлдардың және өзге де санкциялардың сомасы; кәсіпорынның кінәсінан жұмыспен байланысты жарақаттану немесе денсаулығының өзге де зақымдануының салдарынан жұмысшы мен қызметші, сондай-ақ жұмыспен байланысты және субъект әкімшілігінің кінәсінан жарақаттануы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан жұмысшы немесе қызметші қайтыс болған жағдайда шеккен залалды өтеу сомасын өндіруге берілген сот шешімі; сақтандыру компаниясының сақтандыру куәлігі, Қазақстан Республикасының Кедендік органдарының өкімі.
Салық төлеушілердің берген төлем кепілхаттары мен салық органдарының инкассалық өкімдері негізінде бюджетке төленетін төлемдерді төлем кепілхаттарының берген күнінен бастап, банктер кезек күттірмей-ақ жүзеге асырады. Банктің аталған кепілхаттардың орындалуын кідіртуге кұқығы жоқ.
Төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды өндіріп алу үшін тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, банкке төлем-талап бланкісінде инкассалық өкімді тапсырады.
Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты көрсетіледі және де осы төлемдерді (күні, нөмірі мен тиісті тармағын, яғни пунктісін) төлеушінің келісімінсіз оның шотынан есептен шығару құқығын көздейтін заң актісіне сілтеме жасайды. Өндіріп алудың дұрыстығы төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды есептен шығаруға негіз болатын сілтеме үшін өндіріп алушы жауапты болады. Банктер төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражаттарды есептен шығаруға білдірген қарсылықтарды шын мәнінде қарамайды. Төлеушілердің келісімінсіз шоттарынан қаражаттарды есептен шығарудың негізділігімен байланысты мәселелер наразылық білдіру арқылы сот органдарының көмегімен шешіледі.
Борышкер мойындаған соманы есептен шығаруға берілген инкассалық өкімде борышкердің талаптарды мойындау туралы жауабының нөмірі мен күні, сондай-ақ талаптың сипаты (тауарлы-материалдық кұндылықтар үшін есеп айырысулар, айыппұлдарды өндіріп алу және басқалары) көрсетіледі. Өндіріп алуды тоқтата тұру немесе тоқтату тек мынандай жағдайларда жүзеге асады, атап айтқанда: есептен шығаруға өкім берген өндіріп алушылар мен органдардың мәлімдемесі бойынша; сот органдары ерекше ұйғарым жасаған кезде, қылмыстық іс қозғалуына байланысты өндіріп алуды тоқтата тұру туралы тергеу органдарының өкімі бойынша. Өкімдерде, ұйғарымдарда және мәлімдемелерде өндіріп алуды тоқтата тұру немесе тоқтату жөніндегі құжаттың күні мен нөмірі көрсетілуі тиіс. Өндіріп алуды тоқтату жөніндегі кұжаты өндіріп алушыға қайтарылуы керек.
Кәсіпорын таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қосылған, бөлініп шыққан, біріккен, ұйымдық-құқықтық өзге нысанда қайта құрылған) жағдайда орындау және басқа да есеп айырысу құжаттарының өтем ақысы бастапқы төлеушінің міндеттемелері бойынша заңға сәйкес жауапкершілік жүктелген субъектінің есеп айырысу немесе ағымдағы шотынан жүргізіледі.
4. Ағымдағы банктік және
арнайы шоттарда ақша
4.1. Кассадағы теңгемен ақша қаражатының есебі.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 1000 - "Ақша қаражаты" бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010- "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты" және 1020 -"Кассадағы валютамен ақша қаражаты" шоттарында жүргізіледі.
"Кассадағы теңгемен ақша
қаражаты" есебі Қазақстан
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды (7-қосымша). Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол койған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) беріледі (8-қосымша).
Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін" басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен (9-қосымша) немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьке (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның бас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды. Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртаңба соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)" деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін кұжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іс-сапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімделген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып "Алынды" немесе "Төленді" деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ү. №КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан ("Басталған күніне дейінгі қалдығы" деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парағы қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінде сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. "Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 — "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты" шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және ХҚЕС-тағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Информация о работе Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу