Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 21:37, реферат

Описание работы

Аяқталмаған өндірісті бағалау ондағы нақты бөлшектер негізінде әрбір цех бойынша жүргізіледі. Цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығының өзіндік құны жөніндегі көрсеткіштер тұтас ұйым бойынша жинақталады. Олар жалпы ұйымдар бойынша аяқталмаған өндіріс шығындарын және олардың әрбір цехындағы үлестік қатысуын көрсетеді.
Шалафабрикатты вариантта бөлшектерді бағалау цехтар бойынша жүргізіледі.
Аяқталмаған өндіріс қалдығы есепті кезеңнің соңында өндірістік шоттардың кредитінен «Негізгі өндіріс», «Меншікті өндірістің шалафабрикаттары», «Көмекші өндіріс» шоттарының дебетіне апарылады.

Файлы: 1 файл

Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу ерекшеліктері.docx

— 36.39 Кб (Скачать файл)

Осы көрсеткіштерге сәйкес еліміздегі франчайзингтік бизнестің келешекте қарқынды даму бағыттарын айқындауға болады, олар: туристтік кластерді дамыту бағдарламасына сәйкес қоғамдық тамақтандыру, қонақүй шаруашылығы, тұрмыстық қызметтер және бөлшек сауда, сонымен қатар бизнесті ұйымдастыру мен

2-кеапе

Қазақстандағы қызмет көрсету  саласындағы франчайзингтік кәсіпорындарыныц үлесі

(сәйкес салалар бойынша)

Сала

Сәйкес         қызмет        ету салалары   бойынша  фран-айингтік кәсіпорындардың үлесі, %

2007           жылды алдыңғы жылдар-мен салыстырған-дағы  өзгерісі, есе

 

2001 ж

2004 ж.

2007 ж.

2001 ж.

2004 ж.

Жылдам тамақтандыру кэсіпорындары

1,1

2,3

4,3

3,9

1,9

Мейрамханалар

0,31

1,2

2,8

9,0

2,3

Фирмалық бөлшек сауда

0,95

2,7

8,2

8,6

3,0

Азық-түлік өнімдері бөлшек саудасы

-

1,6

3,8

-

2,4

Денсаулық сақтау және фитнес

1,0

1,4

3,3

3,3

2,4

Консалтингтік және аудиторлық компаниялар

0,87

1,8

3,2

3,7

1,8

Телекоммуникациялар және байланыс құралдары

0,35

0,3

1,0

2,9

3,3

Ескертпе- ҚФҚ мәліметтері [5].


 

жүргізуге қатысты кеңес беру, автокөлік және оны жөндеу, құрылыс-жөндеу қызметтері.

Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму жағдайын зерттей келе, нарықтағы бірқатар отандық кәсіпорындар өзін әлеуетті франчайзер ретінде жариялағаны  айқындалды (3-кесте).

3-кестеде көрсетілген қазақстандық әлеуетті франчайзерлер қызметтерінің көрсеткіштерін талдай келе, саудалық франчайзинг саласындағы франчайзерлердің роялти мөлшері жалпы табыстың 3 %-ын, ал қызмет көрсету саласында 3-4%-ды құрайды. Отандық нарықтағы франчайзингтік негізде қызмет атқарушы кәсіпорындардың қызметін жан-жақты сараптау барысында олардың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші тұрақты пайда алу екені анықталды.

Бизнестің франчайзингтік үлгілерін  жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады.

Зерттей келе, франчайзинг механизмі  дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы франчайзингтік кәсіпорындардың  қызметіне маркетингтік талдау барысында  олардың іс әрекетіне кедергі  болатын факторлар анықталып, оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі  айқындалды. Бұл шаралар франчайзингтің Қазақстандағы қалыптасуы мен даму-ының келешегін белгілеуге мүмкіндік береді. Франчайзинг жүйесіне қатысты мемлекеттің саясатын ұйымдастырудың маңызды бағыттары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:

            - Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарық субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР "Инновациялық қызмет туралы заңы", "ҚР патент туралы заңы", "ҚР Инвестиция туралы заңы", "ҚР Лицензиялау туралы заңы". Бірақ бұл заң актілері әлі де болса франчайзингтің мазмұнын толық ашпайды және бірқатар түзетулерді талап етеді. Сонымен қатар "Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Заң нақты "Франчайзинг туралы" Заң ретінде қайта қарастырылып, мазмұны жоғарыда аталған заңдармен сәйкестендіріліп, жаңаланып, бір жүйеге келтірілуі қажет. Франчайзинг саласы мен монополияға қарсы заңнамада мемлекеттің

3- кесте

Отандық нарықта қызмет атқарушы франчайзерлердін сипаттамасы

Компания атауы

Қызметінің сипаты

Франчайзинг түрі

Роялти мөлшері

«Сеймар»

(жалпы табыстан, %)

Құс              шаруашылығы өнімдерін өндіру, сату

өндірістік

5

«Транссистема» (жалпы табыстан, %)

Автокөлік кәсіпорыны

мастер-франчайзи

3

«Ромат»

(жалпы табыстан, %)

Дәріханалар желісі

саудалық

3

«Алма - ТV» (жалпы табыстан, %)

Кабельді телеарна

мастер-франчайзи

3

«Көтерме сауда клубы» (жалпы табыстан, %)

Азық-түлік         дүкендері  желісі

саудалық

3

«Медведь»

(жалпы табыстан, %)

Мейрамхана

сервистік

4

«Мебельдер»

(жалпы табыстан, %)

Жиһаз өндірісі

саудалық

4

«Umex Realty» (таза пайдадан, %)

Жылжымайтын         мүлік компаниясы

мастер-франчайзи

4

«Nails Club (таза пайдадан, %)

Сұлулық салондар желісі

мастер-франчайзи

3

«Ғоlding Spaсе»

Жиһаз саудасы

саудалық

айына 5000 теңге

Ескертпе - ҚФҚ-ң мэліметтері негізінде  автор құрастырған.


шектен тыс реттеуге бағытталған  заңдары мен нормативтік актілерін  өңдеп, толықтыру керек.

-  Франчайзингтік іс-әрекетті  жүзеге асыру барысында әкімшілік  кедергілерді төмендету шаралары  жоғарыда атап өткен нормативтік-құқықтық базаны жетілдірумен тығыз байланысты, өйткені франчайзингтік қызмет заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар басты қиындық франчайзингтік компаниялардың ешбір әкімшілік органдарда тіркелмеуінен туындайды. Аймақтық және қалалық әкімшіліктердің кәсіпкерлікті қолдау департаменттерінде франчайзингті тіркеу және қолдау бөлімдерін құру тиімді болар еді.

-  Франчайзинг субъектілерінің  несиелік және қаржылық ресурстарының  жетіспеушілігі франчайзинг негізінде  бизнесін жүргізуге талпынған  кәсіпкерлер үшін ең негізгі кедергі болып табылады. Өйткені қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған кәсіпкерлерге банктен несие ресурстарын алу қиындығы, тіпті қаржы институттарының бұл салаға деген қызығушылық танытпауы басты мәселе болып тұр. Бұл мәселені шешудің басты жолы франзайзердің кепілдемесімен франчайзиге несие беру, Шағын бизнесті дамыту қорының франчайзингті несиелеу бағдарламасын жергілікті органдардың көмегімен жүзеге асыру.

-  Франчайзиге салық салу  жүйесін жеңілдету мәселесін  қарастыратын болсақ, отандық франчайзерлердің  жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын роялтидің мөлшеріне төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керек.

-  Франчайзинг туралы бірыңғай  мәліметтер базасын әзірлеу қажет.  Осы мәселеге қатысты франчайзингке  қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін франшизалық мәліметтер базасын құру, қызмет етуші жөне әлеуетті франчайзер мен франчайзилердің қатысуымен форумдар ұйымда-стыру. Франчайзингтік бизнестің артықшылықтарын, тәжірибелік франчайзингке қатысты материалдарды баспасөзде жариялау.

-  Халықаралық тәжірибеге негізделе  отырып франчайзингтік жүйені  пайдаланушы отандық кәсіпкерлік  қызметті дамыту мен олардын  тиімділігін қамтамасыз ететін  оңтайлы критерийлерін келесідей  қарастырамыз: а) отандық кәсіпкер  қызмет ету саласын дұрыс тандауы керек, ә) франчайзингтік қатынастардың құқықтық аспектілерін, артықшылықтары мен кемшілігін жете білуі міндетті, б) франчайзингтік жүйені басқару үшін дұрыс бизнес стратегияны

айқындай білуі, в) отандық франчайзер компания франчайзиының оңтайлы  және табысты қызметін қамтамасыз ету мақсатында әдістеме мен бағдарламаларды әзірлеуі қажет, г) франшиза пакетін, оның өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеудің тиімді саясатын бекіту, ғ) франчайзер жүйені кеңейту мақсатында табысты стратегияны өзірлеп, франчайзиді таңдау мен олардың қызметін дұрыс жүргізуін бақылауы қажет.

Қарастырған ой-пікірлерімізді қорытындылай келе, еліміздегі франчайзингтік негізде  қызмет етуші фирмалар, бизнестің  басқа үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен  салыстырғанда белгілі бір ерекшеліктер мен артықшылықтары бар екені  белгілі. Осыған орай, бүгінгі таңдағы  бизнестің осы жүйесіне қатысты мәселелер шешімдерінің жылдам табылуы оның шағын және орта кәсіпкерліктің серпінді дамуын арттырып, еліміздің келесідей жағымды нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп пайымдаймыз:

—  франчайзингтік келісім-шартты заң жүзіңде тіркеу негізінде - жұмыс орындарын арттырады;

— кластерлік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларындағы франчайзингтік кәсіпорындардың үлесін ұлғайтады;

—  бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттік холдингтердің рөлі мен орнын белгілеу арқылы олардың франчайзинг негізінде даму бағыттын айқындайды;

— нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделгіш франчайзингтік компаниялар тұтынушылардың сұранысын инновациялық тауарларды ұсыну арқылы қанағаттандырады;

— Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 Жолдауына сәйкес отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы шегінде жергілікті және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық франчайзерлер санының артуына ықпал етеді.

Әдебиет

1.   ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" Қазақстан халқына Жоддауы // Егеменді Қазақстан.- 2008.   8 ақпан.

2.   Кисиков Б. Франчайзинг  в Казахстане. — Алматы.: ВоокіпЕазІ, 2007. — 256 с.

3.   Рыкова И.В. Франчайзинг:  новые технологии, методология, договоры. — М.: Современная экономика и  право, 2000.     224 с.

4.   ҚР "Кешенді көсіпкерлік  лицензия (франчай-зинг) туралы" Заңы // Егеменді Қазақстан — 04.07.2002.

5.   Қазақстан Франчайзинг  Қауымдастығының меліметтері.


Информация о работе Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу ерекшеліктері