Бюджетная система РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 08:15, дипломная работа

Описание работы

Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз. Экономиканы дамыту саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтар өмірінің сапасын арттыру жөнiндегi алға қойған міндеттерді жемісті шешу үшін бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіріп және барлық деңгейдегі бюджет қаражатын барынша тиімді, шашпай-төкпей пайдалануымыз қажет. Осы міндеттер тұрғысында «Көкшетау қаласы мысалында бюджет дефицитін басқару мәселелері және оны жетілдіру жолдары» диплом жұмысының тақырыбы аса актуальды болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

I-тарау. Қазіргі жағдайда жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және бюджет дефицитін (тапшылығын) толтырудың теориялық негіздемелері.........................7
1.1.ҚР жергілікті бюджетін жоспарлау мен жобалау мәселері..............................7
1.2. Жергілікті бюджеттерді ұйымдастыру.............................................................18
1.3. Бюджетаралық қатынас және бюджет дефициті.............................................23

II-тарау. Көкшетау қаласы бойынша 2003-2005 ж.ж. үшін бюджеттің орындалуын талдау...................................................................................................34
2.1. Жергілікті бюджеттің жалпы орындалуы мен дефициттік
жағдайды талдау........................................................................................................34
2.2. Көкшетау қаласы бойынша бюджет кірістері мен шығындарын талдау......43

III-ТАРАУ. Жергілікті бюджетті жоспарлауды және мен бюджеттің түсім бөлімін ұлғайтуды жетілдіру жолдары..................................................................64
3.1.Бюджетаралық қатынас - бюджет процесін дамытудың бірден-бір
қайнар көзі..................................................................................................................64
3.2. Бюджеттің түсім бөлімін үлкейтетін басты әдістер: салық салуды жобалауды жетілдіру.................................................................................................69

Қорытынды.................................................................................................................76

Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................82

Файлы: 8 файлов

ГЛАВА II.doc

— 357.00 Кб (Скачать файл)

ГЛАВА 1.doc

— 126.00 Кб (Скачать файл)

ГЛАВА III.doc

— 80.00 Кб (Скачать файл)

ЗАКЛЮЧЕНИЕ.doc

— 44.00 Кб (Скачать файл)


Қорытынды

 

Қаржылық байланыстардың сан алуан  түрлерінің ішінен,  бөлек жалпы белгілерімен ерекшеленетін жеке салаларын белгілеуге болады. Осылайша жалпы қогамдық өнімді құндық бөлудің негізгі облысы мемлекетте кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және халықтан жиналған қаржылық қатынастарды құрайды. Бұл қатынастардың жалпылама маңыздысы, олар бөлу процессінде пайда болады, олардың міндетті қатысушысы мемлекет болып табылады және қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Берілген қаржы қатынастардың жиынтығы мемлекеттік бюджет деп аталатын түсініктің экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастар жиынтығы сияқты обьективті сипаттамасы бар. Оның мәні бөлудің дербес саласы ретінде қоғамдеқ өндірістің өзімен обьективті анықталған, оның дамуы өзіне сай орталықтандырылған ресурстарды талап етеді. Ақша құралдардың орталықтандыруы жалпы экономиканың қызметін қамтамасыз ету үшін барлық халықшаруашылық ауқымында үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет.  Құндық бөлудің спецификалық бюджет саласының мәні, сонымен қатар табиғатпен және мемлекет қызметімен шартталған. Мемлекет басымды салаларды қаржыландыру үшін қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдениеттік шараларды өткізу үшін, қорғаныс сипатындағы мәселелерді шешу, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабу үшін орталықтандырылған құралдарды қажет етеді. Мындай түрде, мемлекеттік бюджет мәні адамдардың субьективті қалауларының нәтижесі емес кеңейтілген қайта өндірумен, табиғатпен және мемлекеттің қызметтерімен шартталған обьктивті қажеттілігі болып табылады.

Экономикалық категория ретінде  мемлекеттік бюджет, мемлекеттің ақша құралдарының орталықтандырылған қорын құру және оны кеңейтілген қайта өндіріс мақсатына пайдалану және қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процессінде мемлекет арасында және қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылары арасында пайда болған ақша қатынастарын білдіреді.

Өндірістік емес сала қызметін қаржы  ресурстармен қамтамасыз ете отыра, мемлекер бюджет арқылы тұтыну қорының соңғы көлемін қалыптастыра алады, оны пайдалануда аймақтық пропорцияларға ықпал жасай алады

Салық салу жүйесінің жетілуі қазір  халық шаруашылығының барлық түрлерін инвестициялау процесстерін дүниежүзілік активизациялауға бағытталуы тиіс.

         Бұл реттелетін  типтің нарықтық шаруашылықтың  орталық тізбегі болып келетін құнды қағаз нарығының және қаржылық капиталдың құрылуы мен дамуы үшін өте қажетті.

         Кәсіпорынның  қаржы ресурстарын ұлғайту үшін  және амортизациялық аударымдарды индекстеуге қажет кәсіпорынның негізгі қорларын қайта бағалау қажет. Ол кәсіпорындарға тиімді акцияландыруға және инвестициялауға жақсы баға құруға мүмкіншілік береді. Алда заңды тұлғаларға мүлік бойынша салық мөлшерін жоғарылату толығымен құқылы болады.

          Әзірше  экономикада дағдарыс әрекеттері  өтілмегеннен соң банктік қызмет  көрсету құралы бойынша табыс  салығын «алып тастау» автоматтандырылған  мәжбүрлеу механизмін енгізу қажет туындауы да мүмкін. Салық қызметінің соңғы үш жылда мемлекеттік емес меншік формасының шаруашылық субьектісінің пайда болу процессінің активизация кезінде оның жеткіліксіз тиімділігі мен мобильділігін көрсетті.

          Осы  уақытта салық төлеуден бас тарту жағдайлары жиірек кездесетін болды.

          Ең алдымен  салық жүйесінің нақты құқық  базасын жетілдіріп алу керек, сондықтан жалтарғаны үшін бап енгізу және салық инспекторларының статусы туралы тәртіп қабылдануы керек.

          Мысалы, қосылған құн салығы. Қазақстан Республикасында ол айналымнан және сату салығының орнына келді. Бұл салықты енгізу барысында оны есептеу үшін нақты әдістеме ендірілмеген, яғни қосылған құнды есептеу базасы (қосылған болып құнның қандай бөлігі болады: пайда мен еңбекақы, шикізат құны және тағы басқалар).

          Барлық  дамыған елдерде қосымша құн  түсінігіне өндіріс бағасынан  жоғарының барлығы кіреді, ол  тауардың өзіндік құны қосылған  орташа пайда сияқты шығады.

          Бүгінгі  күнде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардан туындайтын Қазақстан Республикасында салық салу концепциясы ең алдымен келесі негізгі міндеттерді шешу қажет:

          -бюджеттің  тұрақтылығы мен теңгерімділігі;

          -антиинфляциялық  механизмді қалыптастыру және меншіктің, валюталық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

          - жоғары  ауқымды инвестицияларды қамтамасыз  ету; 

          - меншік  пішініне тәуелсіз барлық шаруашелеқ субьектілердің іскерлік белсенділігін ынталандыру.

          Бұл  міндеттердің шешімі Қазақстан Республикасында экономикалық және элеуметтік тұрақтылыққа жетуге мүмкіншілік береді.

          Мемлекетаралық екі жақты экономикалық  байланыстарда ең алдымен табысты  өз елінің территориясымен қатар  шетелде алатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қозғайтын екі реттік салық салу мәселесі жиі туады. Дүниежүзілік тәжірибеде, екі реттік салық салуды жеңілдету үшін салық төлеушіге салықтық ауыртпалықты азайтуға жағдай жасайтын жиі үш мүмкіншілік ұсынады. Әсіресе АҚШ-та салық төлеушіге шетелде төленген салық сомасынан шегерім жасауға рұқсат етілуі мүмкін және оны салық несиесі түрінде есепке енгізеді. Осының қатарында мемлекетаралық келісім шарты бойынша жеке және зңды тұлғалармен АҚШ-тан тыс жердегі табыс, американдық салық салудан босатылуы мүмкін (және керісінше, АҚШ-та алған шетел салық төлеушінің табысы оның елінің салық салуынан).

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы үшін экономиканы қайта қалыптастыру мен жаңғыртуда шетел инвестицияларды  және алғы технологияларды тарту қажеттілігі пайда болды. Бірақ шетел компаньондар екі реттік салық салудан бас тарту (жою) үшін бірсыпыра елдермен келісімдері бар.

Атқарылған жұмыс және талдау нәтижелері бойынша келесідей  тұжырымдар жасауға болады:

1) 2003-2005 ж.ж. түгел зерттегенде Көкшетау қаласы бойынша кірістердің бюджетке түсімдер жоспары 2003 ж. 100,5% дейін ал 2005 ж. 107,7% орындалды. Меншіктік түсімдер жоспары 104,5% жөне 110,3% артық орындалды, ал официалдық трансферттер түсімдері есепті жылы жоспар 99,9% орындалды, жолпы алғанда жыл сайын трансферттер 2005 ж. алғында 873431 мың теңгеге жетті.

2) Қала бойынша жыл сайынғы бюджеттік қаржылар шығыстары өсе түсуде, 2004 ж. жоспарланған көлем 95,7%, және 2005 ж. 97,2% игерілді.

3) Жалпы алғанда бюджетті жоспарлау және түсімдер көлемі процесінде рационалды қолдану жақсаруы байқалады.

Бюджет дефицитін (тапшылығын) қысқартудың ең басты жолы облыс экономикасын жақсарту негізінде меншікті жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту қажет.

Облыстың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерінің шығындарын өз түсімдері мен өтей алмайды, сол себебі біздің аймақ дотациалық болып отыр. Бұл ретте жоғарыдан түсетін ресми трансферттер мен субвенцияларды ұтымды және нәтижелі пайдалану үшін бюджетаралық қатынастарға көңіл аудару керек, және оны реформалау жолдарын қарастырған жөн болады. 

Бюджетаралық қатынастар реформаларынын, негізгі мақсаттары ретінде келесідей  бөлінеді:

-бюджеттік жүйенің қаржылық  ресурстарын пайдалану және басқару  тиімділігін жоғарылату;

-аймақтардың әлеуметтіік-экономикалық тиімділігн арттыру үшін жағдай жасау.

Қызмет ететін жетіспеушіліктерді жою және бюджетаралық қатынастарды реформалау мақсатында мыналарды шешу керек;

-аймақтық бюджеттік жүйелердің  қызмет ету тиімділігін жоғарылату, аймақтық қаржыларды сауықтыру;

-қарсы қаржылық ағындарды төмендету;

-қаржыларды бөлу шарттылығы  және оларды аймақтарда пайдалану  үшін жауапкершілікті және бақылауды  жоғарылату;

-жоғары дотациялық аумақтарға қосымша қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;

-мемлекеттік билік субъектілері  және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өндірістік және аумақтық салық әлеуетін жоғарылатудағы бюджеттердің теңестірілуін қамтамасыз ету шығындарын оң пайдалануға мүдделікті жоғарылату;

-жергілікті және мемлекеттік  бюджеттер арасындағы бюджетаралық  қатынастарды өзара байланыстыруды қамтамасыз ету.

Бюджеттер арасында қаржыларды тарату тетігін жетілдіру қажет, мұндай таратудың объективті нормалары, формулалары  қажет.

Аумақтық бюджеттер мәселелері келесідей жолдармен шешілуі  қажет деп санаймын:

1) меншікті кірістерді ұлғайту есебінен, яғни елдің салық жүйесіне шамасы бойынша елеулі, жиналуына қарай нақты және ыңғайлы аумақтық салықтар енгізу;

2) бюджеттік жүйе үзбелері арасында жалпы мемлекеттік кірістерді тұрақты нормативтік негізде тарату жолымен;

3) әрбір аумақтық бюджеттің кірістерін және шығыстарын жыл сайын реттеу есебінен.

Көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөніндегі жұмыстың жемiстi болуы көп жағдайда салықтық әкiмшiлендiрудi жетiлдiру жөніндегі шаралардың пәрмендiлiгiне байланысты болады. Бұл бағыттағы iс-шараларды iске асыруға арналған шығындар қаржылық жағынан өтелмейтiн болса да, оларды iске асыру қажет. Бұл жағдайда, халықтың жалпы тәртiптiлiгiнiң артуы ұзақ мерзiмдi перспективада көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқартудың ұзақ мерзiмдi және ең тиiмдi тәсiлiне айналады.

Ол үшін мынадай шараларды іске асыру керек:

1) жеке тұлғалардың кiрiстерiн жаппай декларациялауға кезең-кезеңмен көшу;

2) салық төлеушiлермен жұмыс істейтін бiрыңғай орталықтар салу;

3) "Акциз" ақпараттық жүйесiн енгiзу;

4) ақпараттық жүйелер арасында экспорт-импорт операцияларын бақылау жөнiндегi электронды деректермен алмасуды қамтамасыз ету;

5) желiлiк маркетингпен айналысатын тұлғаларды салықтық әкiмшiлендiрудi күшейту;

6) салық есептiлігінiң нысандарын оңтайландыру жөнiндегi жұмысты одан әрi жалғастыру салықтық әкiмшiлендiрудi жетiлдiру саласындағы негiзгi iс-шаралар болып табылады.

 


ВВЕДЕНИЕ.doc

— 36.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

СОДЕРЖАНИЕ.doc

— 25.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

ЛИТЕРАТУРА▌.doc

— 33.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Бюджетная система РК.doc

— 327.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Бюджетная система РК